Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның рөлі
САБАҚТА РЕФЛЕКСИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Орындаған:Кадибаева А.С
Тобы:402
Мамандығы:0111000 Негізгі орта білім
Біліктілігі:0111083 Шетел тілі пәнінің
мұғалімі
Ғылыми жетекшісі:Сарсекова Г.К
Педагогика пәнінің оқытушысы
Семей,2021
Мазмұны
КIРICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І OҚУ TAHЫМДЫҚ БEЛCEHДIЛIКTI ҚAЛЫПTACTЫPУДAҒЫ PEФЛEКCИЯHЫҢ TEOPИЯЛЫҚ HEГIЗДEPI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Оқушылaрдың бiлiм сaпacын жaқcaртудaғы peфлeкcияның pөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Шeт eл және пeдaгoгикa психoлoгиялық әдeбиeттepдeгi peфлeкcия туpaлы зepттeулep ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
ІІ CAБAҚTA PEФЛEКCИЯHЫ ҚOЛДAHУ АРҚЫЛЫ OҚУШЫЛAPДЫҢ БIЛIМ CAПACЫН ЖAҚСAPTУДЫҢ ЖOЛДAPЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Peфлeкcияны қoлдану apқылы oқушылapдың oқу-тaнымдық бeлсeндiлiгiн қaлыптacтыpудың epeкшeлiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2Oқушылapдың oқу сaпaсын қaлыптacтыpудығы peфлeкcияның тиiмдiлiгi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қоғамның өркендеп дамуы кезінде болып жатқан өзгерістерге қатысты еліміздің білім беру стратегиясының мақсаты - жүйеленіп, беріген білімді, дағдыны меңгертіп, қайталап, өзекті мәселені көре отырып, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан, білім біліктерін өмірдің түрлі жағдайына қарай дұрыс пайдалана білетін, өзін өзі басқаратын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу екендігі айқындалған.Яғни бұл дегеніміз өз кезегінде инновациялық технологияларды саралап пайдалану негізінде оқытушы жаңартылған білім беру бағдарламалардың талаптарына сәйкес рефлексия мәселесінің маңыздылығын арттыру. Өйткені оқытушы сабақ соңында жүргізетін рефлексиялық әдістер оқушылардың тақырыпты терең түсінуіне, мазмұны туралы нақты пікір айтуға, өз әрекетіне баға беруіне, одан қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Яғни мұғалім осындай күрделі мәселені шешуге мақсатты түрде әзірленуі керек.
Мұғалімдер оқушылардың рефлексиясын дамытуда олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, өзін өзі ұйымдастыру, өзін өзі жүзеге асыру, өзін өзі бағалау сынды дағдыларын қалыптастырып, олармен нәтижелі қарым-қатынас орната алатын іскерлік қажет.
Кәсіби білім беру барысында мұғалімдер философиялық, психологиялық - категория болып табылатын рефлексия ұғымының мәнін түсініп, оқушылардың рефлексиясының мағынасы мен маңыздылығына, жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнын бағыттай алуға жағдай жасалуы қажет. Оқушы санасының рефлексия феноменінсіз ешқандай мәні болмайды. Өйткені кез- келген күрделі жүйе дамып, ерте ме, кеш пе туындайтындай жағдайға жетеді, демек, адам өз әрекетін ойында қорытады, оның барысын бақылап, резделеп, нәтижесіне баға бере отырып,қорытынды шығарады, алдағы іс- әрекетіне жоспар құрады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік деңгейге жеткізу үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану, терең білімді, ізденімпаздықты, жауапкершіліті, барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстана алатын тұлғаны қалыптастырудағы оқу-танымдық белсенділігіндегі рефлексияіа ерекше мән берілуде.
Елімізде әлемдік білім кеңістітіне ену мен білім беру стандарт талабына сай жоғары оқу орындағы білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын рефлексия арқылы оқытушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастырудағы проблемасы әліде зерттеуді қажет етеді.
Оқу-әдістемелік және психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі танымдық белсенділікті қалыптастырудағы рефлексия төңірегіндегі тұжырымдамалар мен пайымдаулар сондай-ақ зерттеу жұмыстарының мәліметтері рефлексия арқылыоқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру деген қажеттіліктің интеллектуалды еріктілік, төзімділік сияқты бір-бірімен өзара байланысты бөліктерінің бірлігі өзін-өзі тануға, ізденімпаздығын қалыптастырып, болашақ мамандар бағытын анықтаушы фактор ретінде қарастыруға болатынын анықтап берді.
Рефлексия арқылы оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру теориялық және әдістемелік зерттеу қажеттілітіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, танымдық белсенділігін қалыптастырудағы рефлексияның қалыптасу деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын: Сабақта рефлексияны қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын жақсарту деп алдым.
Зерттеу жұмысының болжамы: Егер оқушылардың оқу үдерістерінде рефлексия және инновация ұғымдарының мәні айқындалып, өз әрекеттерін өздерінің бағалауы, оқушының инновациялық технологияларды саралап пайдаланумен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың оқу әрекеттерін табысты дамытудың тиімділігі артады.
Зерттеудің мақсаты: оқушылардың оқу-танымдық үрдісіндегі рефлексияның алатын орнын негіздеп,анықтау
Зерттеудің міндеттері:
* Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның теориялық негіздерін қарастыру
* Оқушылардың оқу-танымдық белсенділіктерін артырудағы рефлексияның ерекшелігін анықтау
* Білім алушылардың оқу-танымдық қабілетін арттырудың рефлексиялық әдіс-тәсілдерін қарастыру
Зерттеу объектісі: мектеп жасындағы оқушылар
Зерттеу пәні: Педагогика
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі:
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық талдау, педагогикалық- психологиялық әдебиеттерге шолу, зерттеу мәселесі бойынша алынған материалдарды салыстыру, жобалау, жүйелеу.
Зерттеу жұмысының базасы: Үржар аудыны, Қарабұлақ ауылы, Қарабұлақ орта мектеп бақшасы КММ
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ОҚУ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РЕФЛЕКСИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.2 Оқушылардың білім сапасын жақсартудағы рефлексияның рөлі
Рефлексия сөзі латын тіліндегі reflexio - артқа қарау деген ұғымынан туындайды. Әртүрлі философиялық жүйеде рефлексияның мазмұны бірдей емес. Рефлексия-оқушының өзін тану жолы мен формасы.Рефлексия көмегімен оқушы біте-бірте жекелене түседі және өзіндік дамуына септігін тигізеді.Сонымен қатар рефлексия арқылы оқушы өзі туралы басөаның не ойлайтынын,өзін тереңрек тануға итермелейтін жол деуге болады. Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету қажет.Себебі бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, өз әрекеттерін түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмайтын болса, өзінің дамуындағы сабақтың маңызын түсінбейтіндігі анық. Басқаша сөзбен айтқанда, рефлексия жасай алмайтын оқушы өзінің өзгерістерін де байқай алмайды. Негізі рефлексия сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде меңгерггендігін білуге бағытталатын қарапайым бекіту мен қорытындылау. Рефлексия жасау арқылы оқушы өзінің қалай үйренгендігін талдап, оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің жасаған әрекеттерін зерделеп, оның нәтижелерін нақтылайды, оларды қалай жақсартуға болатындығы туралы ойланады. Мұндай зерттеу жұмысы білім алушының жасаған іс-әрекеттерін талдап, оларды бағалауға мүмкіндік беріп, сонымен қоса өз білгендерін арттыруға ынталандырады.Рефлексияның оқу процесінде алатын орны ерекше. Себебі үйрену деңгейі оқушының өз әрекеттерін ұйымдастыру мен өзгертулерді қалай ойластыра білетіндігіне байланысты. Былайша айтқанда, рефлексия - оқушы миындағы метанымдық (метакогнитивтік, танымды тану) процестермен байланысты.
Рефлексияда оқушы өзінің ойлау, танымдық әрекеттерін түсінеді және түсіндіреді,оларға мақсат қояды, жоспарлайды, шешім қабылдайды, әрі қарай не болатындығын болжайды. Бұл әрекеттер арқылы оқушы өз білгенін сынайды,білімін сыни тұрғыдан талдайды. Осы жерде ұлы данышпан Абайдың қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз. [1]
Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Бұл жерде мұғалімнің басты міндеті:
- оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасауы. Әсiресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдеріне қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді. [2]
Peфлeксияны әp түpлi жүзeгe aсыpуғa бoлaды, caбaқтың coңындa әp тaқыpыптың coңындa, caбaқ этaптаpының apaсындa, тapay coңындa. Oл aқыpындaп oқушының iшкi peфлeкcияcынa ұлacyы кepeк.
Peфлeкcияның төмeндeгiдей түpлерi бap:
1. Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы;
2. Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
3.Іс -әрекет рефлексиясы.
Оқу материалының мазмұнының рефлексиясы-оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс - әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі.
Көңіл-күйдің рефлексиясы - сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалды байланыс орнату үшін қолдану тиімді болып табылады. Адамның көңіл-күйі бейнеленген карточкалар, көңіл - күйдің түскен бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады.[2]
Іс-әрекет рефлексиясы. Іс-әрекет рефлексиясы - іс-әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау.
Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс - тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді. Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығapмашылық ic-әрeкетке, iздeмпaздық жұмыcтapға тaлдay жacaй білyге үйретеді. Жeке iс-әрeкетiн ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс - әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.
Рефлексияның бұл түрлерін:жеке,топтық,жұптық түрде өткізуге болады.
Coнымен, peфлексия - көп қыpлы, кірiккен әрeкет.Рефлексияның тиімділігін атап өтсем, рефлексия оқушы үшін:
- Өзіне есеп беруге үйретеді.
- Оқушының қажеттілігін көруге аламыз.
- Оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады.
- Білім беру барысының сапасын да жақсартуға болады
Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады.
-Өз-өзіне баға бере алатын болады.Білім алуға деген қызығушылығы жоғарылайды.[3]
Ғалым Әл-Фараби Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез - құлыққа байланысты деп ой түйген. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен мұғалімге тікелей қатысты десек артық емес. Шынымен де, мұғалімнің жақсы мінез құлқы оқушыға тікелей әсер етеді.Сонымен рефлексия - көп қырлы, кіріккен әрекет.Психологиялық тұрғыда оқушының психикалық қызметінің өзгеруіне ықпал етеді.[7]
Сонымен, рефлексия оқу мен оқытудың үйрену мен үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Рефлексия арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Рефлексияда дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосылады.
Қорыта айтар болсам, рефлексия - көп қырлы, кіріккен әрекет. Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Шығармашылық рефлексия - мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады. Сонымен қатар, шығармашылық рефлексия - жеке тұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесінің ресурстары арқылы ой қорытуға мүмкіндік береді.
1.2 Шет ел және педагогика психологиялық әдебиеттердегі рефлексия туралы зерттеулер
Шет тіл сөздігінде рефлексия - ой елегінен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру деген мағынаны береді. Ал педагогикада рефлексия іс-әрекетке өзіндік талдау жасау және оның нәтижесі. Қазіргі таңда рефлексия психологияның түрлі салаларында зерттеу жұмысына айналды. Рефлексияның психологиялық мазмұнын сананы (Л.С.Выготский, Н.И.Гуткина, А.Н.Леонтьев, В.Н.Пушкин, И.Н.Семенов, Е.В.Смирнова, А.П.Сопиков, С.Ю.Степанов т.б.), ойды (Н.Г.Алексеев, А.В.Брушлинский, В.В.Давыдов, А.З.Зак, В.К.Зарецкий, Ю.Н.Кулюткин, С.Л.Рубинштейн, И.Н.Семенов, С.Ю.Степанов т.б.), шығармашылықты (Я.А.Пономарев, Ч.М.Гаджиев, С.Ю.Степанов, И.Н.Семенов т.б.), қарым-қатынасты (Г.М.Андреева, А.А.Бодалев, С.В. Кондратьева т.б.), тұлғаны(К.А.Абульханова-Славская, Л.И.Анцыферова, Л.С.Выготский, Б.В.Зейгарник, А.Б.Холмогорова т.б.) зерттеу тұрғысында қарастырылады.[1]
Педагогтің кәсіби рефлексиясы - педагогтің өзін-өзі кәсіби маман ретінде бағалап, өзінің қызметіне өз шығармашылық көзқарасын білдіру және оқушылармен қарым-қатынас орнату нысаны ретінде ой елегінен өткізуін қамтитын кәсіби тұрғыдан аса маңызды дағды. [1]
С.Ю.Степановтің берген анықтамасына сәйкес рефлексиялық қабілет - рефлексиялық үдерістерді тиімді жүзеге асыруға, өзіндік дамуына, кәсіби әрекетке шығармашылықпен қарауға мүмкіндік беретін, оның барынша тиімді және нәтижелі болуына әкелетін тұлғаның кәсіби сапасы деп көрсетілген.
И.Слепцова өз еңбектерінде педагогтің кәсіби қызметінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде кәсіби-рефлексивті қаділетті атап айтады, бұл педагогтің кәсіби дамуға ұмтылуы, оның дербестігі дамуының жоғары деңгейі, педагогикалық міндеттерді, проблемаларды шешуді негіздей алу қабілеттері, өзінің және оқушылардың іс-әрекеттерін шынайы бағалай алуға мүмкіндік беретін дамыған рефлексивті дағдылары деп түсіндіреді
А.А.Бизяева педагогикалық рефлексияны мұғалімнің өз қызметіне және өзіне оның субъектісі ретінде сыни талдау, мәнін ұғыну және оқушы тұлғасын дамытудағы оқыту тиімділігін бағалау мақсатында белсенді зерттеушілік көзқарас ұстану қабілетін байқататын күрделі психологиялық феномен деп түсіндіреді .
С.Ю.Степанов пен И.Н.Семенов рефлексияны жеке даму қасиеттерінің ламу механизмдері ретінде қарастырылады. Сонымен бірге рефлексияны өзіндік ұйымдастырушы мен өзіндік даму механизіміне жатқызады. [7]
Рефлексия іс-әрекеттің бағытында, оның мәні оны іс-әрекет құрылымының компоненті ретінде қарастырудан тұрады. Осы бағыттағы өкілдерге Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев жатады.
Практикалық қатынаста Л.С.Выготский психикалық дамуда рефлексияның теориялық рөлін ескерген. Ол байланыстың жаңа типтері мен функцияның бірлестігі санадағы өзіндік процестің бейнесі ретінде болжамды деп есептейді. Мұның негізінде сыртқы әлемдегі жағдайларды өзінен кез-келген кайғыруды өткеру деп түсініледі.[1]
Сонымен қатар Л.С.Выготский онтогенез процесінде адамның рефлексивті мүмкіндіктерінің игеруімен жеке психикалық актіде тұлғаның қатысуы байкалады деген ойы да маңызды. Бұл тұжырым ішкі тұлғалық белсенділіктің психикалық актісі арқылы байқалу мүмкіндігін меңгереді. Выготский рефсивтіліктің эмпирикалық зерттелу мүмкіндігін ескереді. Сонымен қатар жас ерекшеліктер, соның ішінде адамдағы рефлексияның пайда болуы мен сананың құрылу кезеңі ретіндегі жас өспірімдік кезең айтылады.[6]
А.Н.Леонтьев рефлексияны психикалық бейненің формасы ретінде, сыртқы іс-әрекеттің ішкіге механикалық түрде өтуі деп қарастырады. Рефлексия адамда өзінің сыртқы іс-әрекет шындығында, өзінде сананың пайда болуы ретінде карастырылады. Мұнда рефлексия енді сананың критериясы ретінде көрінеді.
Б.Г.Ананьев тәрбие мен өзін ақылды тәрбиелеу жайлы сұрақ қойып, оқушылардың өзіндік жұмыс процесінде оны бақылап, рефлексияның даму проблемасын ажыратты.
Қазіргі уақытта рефлексия мәселесін қарастыру жаңа болып табылмайды. Оның рөлі нақты және гуманитарлық ғылымдардың әртүрлі теориялық бағыттарында, соның ішінде жалпы, әлеуметті, педагогикалық психологияның т.б. әртүрлі бағыттарында зерттелген. Психологияда рефлексия мәселесі сананың мәселесімен үздіксіз байланысты, осындай сапада рефлексия шет елдердегі сияқты отандық психотерапияда да кең тараған.
А.А.Бизяева педагогикалық рефлексияны мұғалімнің өз қызметіне және өзіне оның субъектісі ретінде сыни талдау, мәнін ұғыну ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz