Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыт әншілік дауыстарының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім жіне Ғылым министрлігі
Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі МКҚК

Музыка кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Бастауыш сыныптардағы оқушыларға арналған ән үйретудің әдіс тәсілдері

Мамандық атауы: 0108000 - Музыкалық білім беру
Пән: Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі

Орындаған: Ипова Диана
Ғылыми жетекшісі: Ұ.Н.Жүніс
Курстық жұмысты қорғаған бағасы:_____________

Кафедра меңгерушісі: _______________ А.Г.Шайрахметова
Хаттама №_________________20__ж

Кокшетау - 2022

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I-Бөлім
0.1 Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыту, әншілік дауыстарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Бастауыш сыныптарда музыка тыңдау репертуары және оны талдау ... ..7
0.3 Балалардың дауыстарын қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .9
0.4 Вокалдық музыкалық жаттығулардың түрлері, мақсаты мен міндеті. Оларды ұйымдастыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
II-Бөлім
0.1 Ән үйретудің әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
0.2 Екі дауысты әндермен жүмыс жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Практикалық іс-тәжірибеден сабақ жоспарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..25
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі.
Жас ұрпақты музыка өнеріне тәрбиелеуде музыкалық тәрбие әдістемесі маңызды роль атқарады. Өсіп келе жатқан жас буын жас ұрпақтың рухани байлығының іргетасы қалай қаланса, мемлекеттің болашағы, өмірге деген ынта-жігері сондай болмақ. Қоғамның даму үрдісі қандай болса, мектептің сана деңгейіде сондай болатыны бесенеден белгілі! Өркениеттілік мектеп балаға, бала-мектеп деген көзқараспен өлшенеді.
Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан - жақты әдіс - тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйрететін ән мен тыңдалатын музыкалық шығарманың ерекше құндылығын ескеруі керек. Егер балалар сабаққа қызықса олардың белсенділігі артады. Белгілі бір сабақта қолданылатын іс-әрекет түрлері оның мақсатына, тақырыбына қарай анықталады. Музыка сабағының басқа айырмашылығына, ерекшелігіне келер болсақ, ең негізгісі - оның өнер сабағы екендігі. Музыканы оқыту барысында ақыл - ой мен эмоция, түйсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Екінші ерекшелігі - музыканы тыңдай, қабылдау барасында адамның психологиясына әсер етеді. Музыка сабағы эмоция мен саналықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементі оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыруы тиіс.
Зерттеудің мақсаты.
Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, сол алатын білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Сабақ қызықты өту үшін мұғалім оның жан - жақты әдіс - тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап, үйрететін ән мен тыңдалатын музыкалық шығарманың ерекше құндылығын ескеруі керек. Егер балалар сабаққа қызықса олардың белсенділігі артады. Белгілі бір сабақта қолданылатын іс-әрекет түрлері оның мақсатына, тақырыбына қарай анықталады. Музыка сабағының басқа айырмашылығына, ерекшелігіне келер болсақ, ең негізгісі - оның өнер сабағы екендігі. Музыканы оқыту барысында ақыл - ой мен эмоция, түйсіну мен сезіну қатар жүзеге асырылады. Екінші ерекшелігі - музыканы тыңдай, қабылдау барасында адамның психологиясына әсер етеді. Музыка сабағы эмоция мен саналықтың бірлігін қамтамасыз етіп, сабақтың әрбір элементі оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыруы тиіс.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
Мұғалімнің күнделікті сабақта пайдаланып жүрген әдістері музыкалық анықтамаларда түсіндіруге, оқушылар шығармашылығын, қызығушылығын арттыруына, жеке тұлғаның рухани дамуын тәрбиелеуге көмектеседі.
Музыка сабақтары оқушылардың музыкалық танымын кеңейтіп, олардың қабілетін дамытуға, талғамын қалыптастыруға және үлкен сахналарға жол ашуға көмектеседі. Жалпы хормен ән айту жауапкершілікке, жинақылыққа, достыққа, әсемдікті сезінуге тәрбиелейді.

І БӨЛІМ
1.1 Оқушылардың музыкалық қабілетін дамыт әншілік дауыстарының ерекшеліктері.
Бүгінгі білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеудегі басты мақсат- жеткіншек ұрпаққа мәдени, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбие бере отырып, олардың әсемдік сезімін дамыту, көркемдік талғамын тәрбиелеу, өнер шығармаларын сүйіп, туған табиғатын, оның байлығын қастерлеп,бағалай білуге қабілеттерін қалыптастыру.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және өзінің көркемдігі,нәзіктігімен адам жанын баурап,олардың жақсы мінез-құлықтарының қалыптасуына септігін тигізеді. Жас өспірімдерді музыка әлемін түсініп қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, эмоциялық сезімталдығына қалыптастыруда білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде музыка сабағының алатын орны ерекше.
Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен-саз,өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып,есте сақтап қалу қабілеті де жинақталады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.
Музыканы қабылдау - музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте-бірте музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырған жөн. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аударған жөн.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.
Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибелердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушыларының музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып жетіледі. Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Ән үйрену кезеңінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты есте сақтай отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл елестетуді қадағалау қажет. 4,5,6, сынып оқушылырының мінез-құлқы психология, педагогика әдебиетінде қиын, өзгерісті деп қарастырылады.
Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жағдайларды қамтиды:
1. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне
үнемі бағыт беріп отыру.
2. Әнді еркін,қиналмай айту,сонымен қатар әншілік өнердің
ережелерін қатаң сақтау.
3. Жәймен,асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
4. Көмейдің тұрақты қалпы,оның маңызды қасиеті.
5. Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды
қысқа, нақты келтіру.
6. Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
7. Сабақ барысында үйлесімді сезімге бой алдырушылыққа бағыттау,
ал сабақтың шарықтау бөлімінде бірыңғай немесе жеке көркемдік
нәтиже қажет.
8. Балалардың жеке басының өзгешеліктерін есептей отырып,
музыкалық материалдарды таңдай білу. Жеке қадағалау формалары:
1.Фонитарлық бақылау (тексеру)
2.Ән айтуын жеке тексеру
3.Күйді не әнді тыңдау
4.Әрбір топпен қосымша сабақтар өткізу
Оқушылардың сабақ кезеңінде дамытылған музыкалық қабілеттері сабақтан тыс музыкалық-танымдық Өнер әлемі үйірмесінде ұштастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ән айту дағдылары қалыптастырылады.(2.13)

1.2 Бастауыш сыныптарда музыка тыңдау репертуары және оны талдау.
Оқушыларға тыңдататын әр музыканың мазмұны музыкалық тәрбиенің мақсат мүддесіне сай болу керек.Музыкалық шығарма әр сыныптың оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай іріктелуі керек. 1-2-сынып оқушыларына тыңдатылатын музыкалық шығарма шағын, жеңіл ойналуы ұзақтылығы 1-1.5минуттен аспайтын, 3-4-сынып оқушыларына тыңдатылатын музыканың ұзақтығы 3 минуттай болуы керек.
Оқушылардың көңіл қойып тыңдау мүмкіндігі кеңейген сайын тыңдалатын музыка ұзақтығы да кеңейе түсетінін ескеруіміз керек.
Тыңдалатын музыкаларды жеңіл және күрделі (байсалды) деп топтауға болады. Жеңіл музыканы көңіл көтеруге, демалу кезінде тыңдауға болады, ондай музыкалар жеңіл қабылданады, сондықтан да жеңіл музыка деп аталады. Оған эстрадалық, джаздық, оперетталық музыкаларды жатқызуға болады. Мұндай музыкалар өте әдемі, көркем әуенді болғандықтан адамдарға көтеріңкі көңіл, қанағат береді. Тек мұндай музыкаларды тыңдаумен шектелу дұрыс емес. Күрделі, маңызды музыкаларға қарағанда жеңіл музыканың мазмұны жұтаң, терең сезімге бойлай алмайды. Жеңіл музыкалардың ішінде бос, бас ауыртатын ешқандай мәні, мағынасы жоқ музыкалар да болады. Әсіресе соңғы кездерде сондай әуендер өте көбейіп кетті, мәнсіз мағынасы, құр дүңкілдеген барабанның соғыс ырғағымен адамды еріксіз қозғалтатын музыкалар тыңдаушының жүйкесін балғаман ұрғандай әсер етуі арқылы нәзік сезімдер мен түйсіктерді жойып, мидың жүйке жүйелерінің жұмысын әлсіретеді. Сондықтан бастауыш сыныптардың оқушыларының 1-сыныбынан бастап мағыналы күрделі музыкаларды тыңдауға баулып, музыка тыңдау репертуарына вокалдық, аспаптық шығармаларды, халық шығармашылығын, классикалық (орыс,шетел) және қазіргі заман музыкаларын енгізген дұрыс.
Бағдарламаға енген халақ әндері мен күйлері оқушылардың ұлттық музыка өнерімен кеңінен танысып меңгерулеріне мол мүмкіндік берді. Халқымыздың ғасырлар бойы туындап ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа, төрт-түлік малға, тарихына шыққан ән,жыр, терме - толғау, айтыс, эпостық жырлар, күй өнерімен танысу жүйелері жоспарланып сыныптан сыныпқа дейін күрделеніп жүргізіледі.
Қазіргі бағдарламаға сәйкес репертуарға енген музыкалық шығармалар әр сынып тақырыптарына байланысты оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп іріктелген. Мысалы: Сырлы да сазды әуен тақырыбының тыңдауға ұсынылған шығармалары - бесік жырлары, тұсау кесу, төрт-түлік малға арналған әндер мен күйлер, табиғат туралы Қазақстан сазгерлері туралы шығармалары 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты олардың қабылдауына жеңіл, қарапайым да қысқа мазмұнды болып келеді.
Ал, 2-сыныпқа таңдауға ұсынылған шығармалар мазмұны жағынан, құрлысы жағынан сәл күрделене түседі. Мылалы: Жыл басы кім болады атты Ш.Құлманова мен Р.Наурызбаеваның І бөлімдік операсы, Жетім бала аңыз күйі, Ақсақ құлан, Құрманғазының Аман бол, шешем, аман бол ойландыратын мазмұнды шығармалар боп келеді.
3-сыныпта оқушылар ақыл-ойы, санасының дамуы мүмкіндігіне орай халық шығармашылығындағы ән мен саз өнерінің ұштаса отырып туындаған жыр,терме, айтыс, толғау ,күй, тартыс сияқты шығармалармен, жыршы - термеші күйшілермен танысады, бұл оқушылардың өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мүмкіндіктеріне жол ашылады.
4-сыныпта Қазақстан және шетел композиторларының шығармашылығымен танысып, музыканың жаңа формаларын меңгеріп, күрделі түрлерімен танысады.
Әрине әр баланың ән айту, яғни дыбыс шығару мүмкіндігі әр түрлі. Кейбір балалардың (6-7 жастағы) дауыс диапазондары кең, кіші октаваның ля дыбысынан ре - 2-ші октаваға дейін немесе до1-до2 -ге дейін болуы да мүмкін. Бірақ әр жасқа ортақ ғылыми зерттеу арқылы қойылған "дыбыстау шегі" болады.
1- сынып. Мұнда ре1 - си2(до2) аралықтарындағы дыбысталуды қатаң сақтаған жөн.
Баланың өсіп жетілу барысында, сонымен қатар музыка сабағындағы ән айтуды дұрыс ұйымдастырудың барысында дыбыс шығару мүшелерінің бұлшықеттері дамып, шынығып, бірте-бірте бір қалыпты дем алуға қабілеттері де қалыптасады. Бастауыш сынып оқушыларының дауыс аппараттары қыздар мен ер балаларда бірдей дамиды. Соны ескере отырып төмендегідей дауыс диапазондары кестесі ұсынылады:
Балалардың жасы
Диапазондары
1 сынып 6-7 жас
Ре1-си1 (до2)
2 сынып 7-8 жас
До1 - до2
3 сынып 8-9 жас
До1 - ре2
4 сынып 9-10 жас
Си (кіші окт) - ре2 (ми2)

Ән айту диапазоны дегеніміз - адамның ең төменгі дыбысы мен ең жоғарғы дыбыстарының аралығы. [1,91-94]

1.3 Балалардың дауыстарын қорғау
Дауыс дегеніміз-адамның дыбыстау мүшелері арқылы шығаратын үні, дыбысы.Дауыс мүшелеріне өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.
Артикуляция мүшелеріне ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады
Адам дауыс арқылы өз ойын,көңіл-күйін,сезімін білдіріп,сөйлеу арқылы еркін қарым-қатынасқа түсе алады. (15)
Бастауыш сынып оқушыларының дауыс шығару аппараттары нәзік болып келетіндіктен үйретілетін әндерді, жаттығуларды таңдап алу негізінде олардың жас ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қатаң сақталуы керек. Оқушылардың дыбыс шығару алпараттарын бірте-бірте шынықтыру, дамыту, әуенді таза меңгере алмайтын, есту қабілеті нашар балаларды мұғалімге жақын алдыңғы қатарда отырғызу, дауысқа күш түсірмейтін жеңіл жаттығулар, әндер үйрету, т.б. арқылы балалардың әншілік дауыстарын кездейсоқ қиындықтардан, дауыстарының бұзылуынан сақтаймыз.
Ән сабағы өткізілетін бөлме жарық, ауасы таза, жылы болуы керек. Ән айтқан кездегі отыру ережесі де оқушылардың дауыстарының дұрыс қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Оқыс айқай-шудан сақтандыру керек, ән айту ұзақтығы 10-15 минуттан аспау керектігін мұғалім қадағалауы керек. [7,4-7]

1.4 Вокалдық музыкалық жаттығулардың түрлері, мақсаты мен міндеті. Оларды ұйымдастыру әдістері.
Ән айтуға үйрету кезінде вокалдық жаттығулардың алатын орны ерекше. Оны жүргізудің мақсаты - әншілік дауыстың негізгі дағдыларын қалыптастыру. Вокалдық жаттығулар дыбыс шығару аппараттарын шынықтырып, төзімділігін арттырады, әншілік дағдыны меңгеруге тәрбиелейді.
Жаттығулардың ең бастысы - оны құра білу. Әрине ең басты негізгі қарапайым дем алу, артикуляция, дикция, т.б. дағдыларды меңгерту. Одан әрі бірте-бірте өте нәзік бағытта өзгерте отырып дағдыландыру керек. Жаттығуларды ән айтудың алдында жүргізу дауысты ән айтуға дайындап шыңдау болып табылады.
Вокалдық жаттығуларды екі категорияда жүргізуге болады. Біріншісі тиянақты бір музыкалық шығармаға байланыстырып қолдану. Мұнда вокалдық дағдының меңгерілген қорына байланысты жүргізілсе, екінші түрі үйретілетін шығарма (ән) репертуарына байланысты белгілі бір қиындықтарды меңгеру бағытында жүргізіледі. Ол үйретілетін әннің әуеніндегі қиындыққа негізделіп құрылған болуы мүмкін. [8,12-13]
Осы екі түрлі жаттығулардың қайсысы болмасын оқушылардың саналы түрде орындауына көңіл аударылуы керек. Вокалдық жаттығуларды мұғалім өз шеберлігіне қарай түрлендіріп таңдап алуларына болады.
Мыс: 1. Ми- мэ- ма- мо- му-у -у- у бір дыбыста айтылады.
2. Я-по-ю хо-ро-шо-по-ю ... .

II-БӨЛІМ
2.1 Ән үйретудің әдіс-тәсілдері.
Əн айту - бұл музыкалық белсенділіктің бір түрі, оның негізгі мазмұны вокал жұмысын атқарады. Соло, ансамбль, хор əні бар. Оқушыларға арналған музыкалық белсенділіктің ең көп таралған түрлерінің бірі - вокалдық-хорлық белсенділік.
Вокалды-хорлық іс-шара оқушылардың вокалдық-хорлық мəдениетін қалыптастыруға, вокалды-хор іс-шараларына қызығушылықты дамытуға, дауысты, музыкалық құлақты, музыкалық естеліктерді қалыптастыруғаықпал етеді. Музыкалық сабақтарда олар өз халқының жəне басқа елдердің тарихы, салт-дəстүрлері мен мəдениетін құрметтеуге, əн айту дағдыларына, театрландыру жəне интерпретациялау тəжірибесіне, музыкалық есту қабілетін дамытады.
Оқушылардың вокалдық-хорлық əрекеттерінің мазмұны мен ұйымдастырылуы туралы ойлану керек, ол төрт жұмыс түрін қамтиды:
- əн айту жəне əн айтуды баптау;
- жұмысты үйрену;
- жұмыстарды орындау;
- жұмыстың сөз сөйлеуі.
Негізгі вокалдық міндеттер балалардың музыкалық тыңдауын дамытумен тығыз байланысты. Дұрыс тыңдау, дыбысты қабылдау жəне дұрыс ойнату. Қате əн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
OҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ВОКАЛ ЖӘНЕ ХОР ӨНЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ
Балалардың дауыстарын қорғау
Мектеп оқушысын вокалды хор өнеріне баулудың әдістемелік технологиясы
Балалар дауыстарының теориялық негіздері
Музыка сабағындағы әртүрлі іс-әрекеттердің түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Бала дауысын тәрбиелеудің кейбір ерекшеліктері
Жасөспірімдердің музыкалық қабілеттерін дамыту
Қазақ әндерінің бала тәрбиесіндегі ролі
Пәндер