Пландық геодезиялық торларды құру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институты
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
Шүкірбай Мұхамед-Әли Әділбекұлы
Алматы облысы Жамбыл ауданында талшықты оптикалық кабельді жүргізуді геодезиялық қамтамасыз ету
5В071100 - «Геодезия және картография» мамандығы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Сәтбаев университеті
Геология, мұнай және тау-кен ісі институты
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы
Шүкірбай Мұхамед-Әли Әділбекұлы
Тақырыбы Алматы облысы Жамбыл ауданында талшықты оптикалық кабельді жүргізуді геодезиялық қамтамасыз ету
ТҮСІНДІРМЕЛІК ЖАЗБАДипломдық жобаға
5В071100 - «Геодезия және картография» мамандығы
Алматы 2021
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОРҒАУҒА РҰҚСАТСәтбаев университеті
Геология, мұнай және тау-кен ісі институты Кафедра «Маркшейдерлік іс және геодезия»
Кафедра меңгерушісі,
Доктор PhD.
Э. О. Орынбасарова
« 01 » 06 2021ж.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫДипломдық жобаның
Алматы облысы Жамбыл ауданында талшықты оптикалық кабельді жүргізуді геодезиялық қамтамасыз ету
Орындаған: Шүкірбай М. Ә (аты, жөні тегі)
Жетекші доктор PhD
(ғылыми дәрежесі, атағы)
Қожаев Ж. Т.
«_27 » 05 2021ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
БЕКІТЕМІНСәтбаев университеті
Геология, мұнай және тау-кен ісі институты
«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасы 5В071100- Геодезия және картография
Кафедра меңгерушісі,
Доктор PhD
ТАПСЫРМАЭ. О. Орынбасарова
«_01 » 06 2021 ж.
Дипломдық жобаны орындауға
Білім алушы: Шүкірбай Мұхамед-Әли Әділбекұлы
Тақырыбы: «Алматы облысы Жамбыл ауданында талшықты оптикалық кабельді жүргізуді геодезиялық қамтамасыз ету »
Университет Ректорының №1113-б «08» қазан 2020 бұйрығымен бекітілген
Орындалған жобаның өткізу мерзімі: «_27_» 05 2021жыл Дипломдық жұмыстың бастапқы мәліметтері: практика уақытында
алған тәжірибе және дәріс мәліметтері
Есеп-түсініктеме жазбаның талқылауға берілген сұрақтарының тізімі топографиялық түсіріс, талшықты оптикалық кабельді жүргізудегі жұмыстарды геодезиялық қамтамасыз ету, алынған мәліметтерді камеральдық өңдеу
Графикалық материалдардың тізімі: топографиялық түсірістің планы, бас план, көлденең және бойлық профиль, координаттарға отырғызылған сұлба.
Ұсынылған негізгі әдебиеттер: 1. Пеллинен Л. П. Высшая геодезия. Москва, издательство «Недра», 1978. 2. Брыкин П. А. Экономика, организация и планирование топографо-геодезических работ. Москва, издательство
«Недра», 1979. 3. Прокофьев Ф. И. Охрана труда в геодезии. Москва, издательство «Недра», 1981. 4. Беспалов. К. В. Экономика топографо- геодезического производства. Москва, издательство «Недра», 1982. 5. Утепов Е. Б., Утепов Т. Е., Кораблев В. П. Охрана труда и окружающей среды в вопросах и ответах. Алматы, 2001. 6. Видуев Н. Г., Ракитов Д. И. Гедезические разбивочные работы. Киев, 1952.
Дипломдық жобаны (жұмысты) даярлау КЕСТЕСІ
Бөлім атаулары, дайындалатын сұрақтардың тізімі
Ғылыми жетекшіге, кеңесшілерге өткізу
мерзімі
Ескерту
Геодезиялық бөлім
19. 04. 2021
Ескерту жоқ
Арнайы бөлім
15. 05. 2021
Ескерту жоқ
Аяқталған дипломдық жобаның және оларға қатысты диплом жобасының бөлімдерінің кеңесшілерінің және қалып бақылаушының
Қолтаңбалары
Бөлімдер атауы
Ғылыми жетекші, кеңесшілер (аты- жөні, тегі, ғылыми дәрежесі,
атағы)
Қолтаңба қойылған мерзімі
Қолы
Геодезиялық
бөлім
Қожаев Ж. Т.
доктор PhD
22. 02. 2021
Арнайы бөлім
Қожаев Ж. Т.
доктор PhD
21. 04. 2021
Қалып
бақылаушы
Нукарбекова Ж.
т. ғ. м., ассистент
20. 05. 2021
АҢДАТПА
Тапсырма берілген мерзімі 16. 01. 2021 ж
Кафедра меңгерушісі Орынбасарова Э. О. (аты, жөні тегі, қолы)
Ғылыми жетекшісі
Қожаев Ж. Т.
(аты, жөні, тегі)
Тапсырманы орындаған студент
Шүкірбай МӘ. . (аты, жөні, тегі, қолы)
Бұл дипломдық жұмыста Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы талшықты оптикалық кабельді салу кезіндегі геодезиялық жұмыстармен қамтамасыз ету болды.
Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 бөлім және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы геодезиялық топографиялық түсіріс туралы түсінік.
Негізгі бөлімде геодезиялық топографиялық түсірістерде қолданылған аспаптар туралы баяндалған.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде жалпы тақырыпты қорыта, түсіндірме жұмыстары.
АННОТАЦИЯВ данной дипломной работе отражено обеспечение геодезическими работами при прокладке волоконно-оптического кабеля в Жамбылском районе Алматинской области.
Дипломная работа состоит из введения, 3 разделов и заключения.
Понятие общей геодезической топографической съемки в первой части дипломной работы.
Основная часть содержат использование специальных геодезических приборов в геодезической топографической съемке.
В третьей части дипломной работы обобщение общей темы, пояснительная работа.
ANNOTATIONIn this thesis, the main task was to provide geodesic work on the construction of a fiber-optic cable in Zhambyl district, Almaty region.
The thesis consists of an introduction, 3 parts and a conclusion.
The concept of general geodesic topographic survey in the first part of the thesis.
In the main part, a reference to the instruments used in geodesic topographic surveys.
In the third part of the thesis, explanatory work is carried out, summarizing the general topic.
МАЗМҰНЫКіріспе
- Геодезия 10Геодезиялық тірек торлар жайлы түсінік 11Тірек пункттерінің жіктелуі және оларды құру әдістері 12МГТ пункттері 131-2 разрядты полигонометрия 16Геодезиялық жиілендіру тораптары 22Топографиялық түсіріс обьектісінің физико-географиялық орналасу жағдайы 25Топографиялық түсіріс барысында пайдаланылған аспаптар, түсіріс методикасы және нәтижелерді өңдеу 27Жер учаскесіндегі геодезиялық бөлу жұмыстары 46Жер учаскелерін бөлу әдістері 47Жобаны жер бетіне көшіру үшін мәліметтерді геодезиялық дайындау 47Жобалық бұрышы, қашықтығы, биіктіктігі және ылдилығы белгілі жазықтықты жер бетіне көшіру 47
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕГеодезиялық жұмыстардың бастамасынсыз ешқандай құрылыс жұмыстарды бастау мүмкін емес.
Менің дипломдық жұмысым Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы талшықты оптикалық кабельді салу кезіндегі геодезиялық жұмыстармен қамтамасыз ету қарастырылған. Ең алдымен, Алматы облысының бас сәулетшісінің тапсырысы бойынша 1:2000 масштабта топографиялық түсіріс жасау қажет болды, яғни кабельді тартатын жерлерді өзара келісу және ауыл ішін 1-500 масштабта жасау тапсырылды. Топографо - геодезиялық түсірісті бастамастан бұрын, бізге реперлер қажет болды. Яғни, трасса бойынша бұрын геодезиялық жұмыстар атқарылмағандықтан, біздің ең бірінші жұмыс 2 разрядты тірек пункттерін орнату болып табылды. Одан кейін, орнатылған пункттерге еркін түрде координаталар берілді. Әр пунктке П1, П2, П3, П4 деген атау беріліп, темір қадалармен тану белгілері қағылды. Осы пункттерден 1:2000 масштабтағы топотүсіріс басталды. Бұл біздің бірінші атқаратын жұмысымыз еді. Ал одан кейін, ауылдың ішінде Мектептерге жүргізу детапсырманың ішінде болғандықтан, түсіріс жағынан 4-5 категорияға жататын застроенный аумақтарды да топографиялық - геодезиялық жұмыстары қажет болды.
Геодезия Геодезиялық тірек торлар жайлы түсінікГеодезиялық түсірістің қай түрі болмасын, олар алдын ала жер бетінде бекітілген және өте жоғары дәлдікпен пландық координаталары (X, Y) және биіктік координатасы (Н) анықталған нүктелерге сүйенеді. Мұндай пункттерді тірек пункттер дейді. Координаталары геодезиялық тәсілмен біртұтас координаталар жүйесінде анықталған тірек жүйелерін геодезиялық тірек жүйелері деп атайды.
Жалпыдан жалқыға көшу принципіне қарай мемлекетіміздегі барлық тірек жүйелері бірнеше кластарға бөлінеді.
Оларды құру ең жоғарғы кластан төменгі, күрделі және дәл геометриялық құрылымдардан ұсақ, дәлдігі төмендеу кластарға көшеді. Жоғарғы класты пункттер бір-бірінен (бірнеше ондаған километр) әжептәуір үлкен арақашықықта орналасады. Одан кейін олардың аралары, төменгі кластарда жиілетіледі. Геодезиялық жұмыстарды осындай принциппен жүргізу қысқа мерзім ішінде үлкен территорияны біртұтас координаталық жүйемен қамтамасыз ете алады. Геодезиялық жұмыстың ең негізгісі болып, осы негізгі геодезиялық тірек торларын құру болып табылады. Оларды құру кезінде жоғарғы дәлдікті астрономиялық, гравиметриялық және бұрыштық, сызықтық өлшеулер жүргізіледі. Геодезиялық тірек торларын құру екі кезеңнен тұрады: далалық және камералдық. Далалық кезең кезінде, атрономо-геодезиялық өлшеулер арнайы геодезиялық аспаптар көмегімен жүргізілсе, камералдық кезеңде алынған өлшеулерді математикалық өңдеп, бір жүйеге келтіріп, графикалық безендіру және құжаттық очет дайындалады. Геодезиялық тірек торлар пландық және биіктік жүйелер болып бөлінеді. Пландық жүйеде тірек пункттерінің тік бұрышты жазық координаталары (X пен Y) анықталады, ал нүктелердің биіктіктері (Н) Балтық теңізінің биіктік жүйесімен есептеледі. Келесі жұмыс жергілікті жерде пункттерді бекіту келесі жерде - белгілерді орнату, центрін беру. Геодезиялық пункт белгісі екі мағынада қолданылады: біріншісі, белгіге аспап орнатылып өлшеулер жүргізіледі. Екіншісі, басқа пункттерден бақылау үшін. Бұл жұмыстың қиындығы белгілі центр мен аспаптың визерлік центрі бір сызықтың бойында орналасу керек.
Қала, ірі өндіріс жерлерде, энергетикалық және т. б. объектілер территориясында құрылған геодезиялық тірек торлары өндірістегі болу жұмыстары мен ғимаратты эксплуатациялауда қолданылады.
Инженерлік-геодезиялық торап-ізденістермен, құрылыспен, жер қойнауын пайдаланумен, жерге орналастырумен, басқа да толып жатқан халық-шаруашылық және ғылыми міндеттер мен байланысты инженерлік- геодезиялық есептерді шешу үшін құрылады. 1:500, 1:1000 масштабтағы геодезиялық торап дәлдігіне жоғары талап қойылады. Инженерлік- геодезиялық торап дәлдігін есептегенде геодезиялық жұмыс дәлдігіне
қойылатын талаптардан басқа тұрақты қолданудағы екі негізігі нұсқауды білу керек.
Біріншіден, бөлу негізінің дәлдәгіне қойылатын талаптар, түсіріс негізінің дәлдігімен бірдей тәртіпте болуы мүмкін. Бұл жағдайда геодезиялық тірек торы жалпыдан жекеге қарай принцибінде жүреді, яғни жоғары класс торлары мен разрядтарын бастапқы негізі ретінде қолданады.
Екішіден, бөлу жұмыстарының дәлдігіне қойылатын талаптар топорафиялық жұмыстардың дәлдігінен жоғары мүмкін. Бұл жағдайда арнайы геодезиялық тірек торлары құрылады [2] .
Арнайы геодезиялық тірек торларының дәлдігі мен тығыздығы құрылыс жұмыстарындағы бір этаптан келесісіне өтуде өзгеруіне болады. Бірақ, геодезиялық өлшеулердің дәлдігіне қойылатын талап этаптан этапқа жоғарлайды. Карта мен пландарды құруда, геодезиялық есептерді шығаруда, сонымен қатар құрылысты геодезиялық қамтасыз етуде жергілікті жер бетінде бір координат жүйесімен байланысқан нүктелер орналасқан. Бұл нүктелер жер бетінде, құрылыс орындарында арнайы белгілермен көрсетіледі. Бір координат жүйесінде орналасқан нүктелер геодезиялық торап деп аталады.
Қазіргі кезде мемлекеттік геодезиялық тор жүйесін құруда спутниктік өлшеулер қолданылады.
Осы мақсатта мемлекеттік геодезиялық спутниктік жүйенің үш деңгейін құру концепциясы қабылданды:
- фундаментальді астраномиялық - геодезиялық торап;
- жоғарғы дәлдікті астраномияық - геодезиялық торап;
- I классты спутникті геодезиялық торап;
Жиілету торын мемлекеттік торапты одан әрі жиілету үшін құрады.
Планды жиілету торы 1, 2 разрядқа бөлінеді.
Түсіру торабы - бұл жиілету торының бір түрі, бірақ, үлкен тығыздықта. Түсіру торабының нүктелерінен әр түрлі масштабтағы карта мен пландар құру үшін жергілікті жер мен бедер түсіріледі.
Арнайы геодезиялық тораптар құрылысты геодезиялық қамтамасыз ету үшін құрылады. Пункттердің тығыздығы, құру кестесі мен осы торлардың дәлдігі құрылыс түріне байланысты.
Планды инженерлік-геодезиялық торап, қалалар мен ауылдарда, ірі өндіріс объектілерінің құрылыс алаңдарында, тау-кен өндіріс територияларында атқарылатын ірі масштабтағы түйірулерді, сондай-ақ инженерлік және геодезиялық жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді. Пландық инженерлік-геодезиялық торап триангуляция түрінде және геодезиялық құрылыс торлары түрінде құрылады.
Планды инженерлік-геодезиялық торап дәлдігі мен тығыздығына қойылатын талап әртүрлі. Бұл инженерлік ғимарттардың жүргізілген ізденістердің, проетілеудің құрылысы мен эксплуатациялаудағы есептердің әртүрлілігіне байланысты. Инженерлік-геодезиялық тораптар ары қарай жиілету мүмкіндігі, негізгі бөлу жұмыстары мен 1:500 масштабтағы
топографиялық түсірісті ескере отырып құрады. Бірақ құрылыс ауданының физио-географиялық жағдайы мен ғимараттың көлеміне байланысты үлкеюі мүмкін. Инженерлік геодезиялық тораптарды құғанда мемлекеттік тірек торлары қолданылады.
Планды мемлекеттік торлардың дәлдігі ірі масштабтағы түсіріс жұмыстарының координаталарын бір жүйеге келтіруге есептелген.
Геодезиялық жүйе мемлекеттік жиілету және түсіріс жүйелері болып бөлінеді, ал олардың өз дәлдігіне қарай өзара кластарға бөлінеді.
Тірек пункттердің жер бетіндегі мәні астрономиялық және геодезиялық әдістермен анықталады.
Астрономиялық әдіспен берілген пункттің годезиялық координаталары (геодезиялық ендік В және геодезиялық бойлық L) аспан шырақтарын бағдарлау арқылы анықталады. Астрономиялық бағдарлаудың нәтижесінде пункттерге бағытталған сызықтардың геодезиялық азимуттарында А анықтауға болады. Азимуттар, сонымен қатар, гирокомпастың не гиротеодолиттің көмегімен анықталады. Бұдан әрі қарай геодезиялық координаталардан (В, L) және геодезиялық азимуттан (А) тікбұрышты координаталарға (Х, Ү) және дирекциондық бұрышқа (α) өтуге болады.
Пункттердің координаталарын тәуелсіз анықталуы бұл әдістің құндылығына жатады. Бірақ та нүктелердің геодезиялық координаталарын анықтауда пайда болатын аз қателер тіктеуіш сызығының эллипсоид бетіндегі нормальдан ауытқу қатесімен есептегенде, тікбұрышты координаталарда шамасы 60-100 м-ге дейін үлкен қателердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан, астрономиялық әдістің басты кемшілігі жер бетіндегі нүктелердің тікбұрышты координаталарын біршама аз дәлдікпен анықталынады.
Геодезиялық әдісті қолданғанда тек кей нүктелердің (негізгі нүктелер) тікбұрышты координаталары астрономиялық бағдарлаумен анықталады. Тірек торларының қалған пункттері жердің бетінде төбелері тірек пункттері болатын геометриялық фигуралардың қабырғаларымен бұрыштары өлшеу арқылы негізгі нүктелермен байланыстырылады. Тірек нүктелерін осылай құру схемасы қателердің жиналуына шек қояды, өлшеуге сенімді бақылауды қамтамасыз етеді және әртүрлі жердің бөліктерінде геодезиялық жұмысты тәуелсіз істеуге мүмкіншілік береді.
Пункттердің координаталары бірыңғай координаталар жүйесінде геодезиялық әдіспен анықталатын тірек торларын геодезиялық тірек торлар деп атайды [3] .
- Тірек пункттерінің классификациясы және оларды құру әдістері Бүкіл тірек торлары жалпыдан жекеге өту принципі бойынша топтарға
бөлінеді және олар бірнеше сатымен жасалынады, жоғарғы топтардың торларынан төменгі топтарға, ірі және дәл геометриялық құрылудан ұсақ және аз дәлдікті геометриялық құрылуға өтеді. Жоғарғы топтың пункттері
бір-бірінен өте алшақ (ондаған километр) орналасады, кейін олар кіші топтардың торларымен толықтырылып дамытылады. Бұндай тәсіл өте қысқа мерзімде үлкен дәлдікпен бүкіл территорияға бірыңғай координаталар жүйесін таратуға мүмкіншілік жасайды. Жалпы геодезиялық торлар пландық және биіктік торлар болып бөлінеді. Пландық геодезиялық торлар әр пункттің жалпы мемлекеттік жүйесіндегі тікбұрышты координаталары (Х, Ү) анықталады, ал биіктік геодезиялық торларда әр пункттің Балтық биіктік жүйесі бойынша (Н) анықталады. Геодезиялық торлар мемлекеттік геодезиялық торларына, геодезиялық толықтыру торларына бөлінеді. Пландық геодезиялық торларды құру. Геодезиялық торлар, егер өлшеу кезінде нүктенің тек координаталары алынса пландық, ал нүктенің тек биіктік айырымы алынса биіктік торлар болып бөлінетіні бізге белгілі. Ал егерде, екі өлшемі де алынған болса, онда пландық-биіктік торлар деп аталады. Қазіргі геодезиялық өлшеулерде осы тор түрі жиі кездеседі. Пландық-биіктік торларды құрудың негізгі әдістеріне болып триангуляция, трилатерация және полигонометрия болып табылады. 1:1 масштабтан ұсақ масштабтарды құру үшін, әсіресе қолайсыз аудандарда (Арктика, антарктида және т. б) бұл әдістер ыңғайлы болып келеді [1], [4] .
- Мемлекеттік геодезиялық торлар
Мемлекеттік геодезиялық торлар жиілету және түсіріс торларын одан әрі дамытудың, сонымен қатар ізденіс, құрылыс, жер қойнауын пайдалану, жерге орналастыру, т. б көптеген есептерді шешудің негізі болып табылады. Сондықтан, геодезиялық тораптарды құрудың дәлдігін қамтамасыз ету үшін оның бұрыштық және ұзындық өлшеулері тиісті аспаптар мен тәсілдер арқылы жүргізілуге тиісті. Мемлекеттік геодезиялық торларға мыналар жатады:
1, 2, 3, 4 класты пландық жүйелер, олар өзара бұрыштық және ұзындыұ өлшеулер дәлдігімен, жүйе қабырғаларының ұзындықтарымен ерекшеленеді. Пландық жүйелер триангуляция, трилатерация, полигонометрия әдістерімен құрылады.
І, ІІ, ІІІ және ІV класты биіктік нивелирлік тораптар. Олар геометриялық нивелирлеу әдісімен құрылады.
Геодезиялық жүйелер жалпыдан жекеге көшу принципімен: жоғары жүйеден, яғни І-кластан төменге қарай неғұрлым дәл құрылғаннан, соғұрлым ұсақтау және дәлдігі кемдеу класқа қарай құрылады. І-класты жүйе мейілінше жоғары дәлдікке ие болады және ол төменгі кластарға геодезиялық жүйелердің дамуы мен орлардың пункттерінің координаталарын біртұтас жүйеде есептеу үшін, негіз қызметін атқарады. Өндірісте берілген учаскеде алаңдық жұмыс геодезиялық тордың техникалық проектісін құру болады. Жобаланатын жұмыстың ұйымдастыру және техникалық принципі, оның мазмұны, көлемі, әдісі, орналасуы және уақыты техникалық проекті құжатында көрсетіледі. Жобалаудың негізгі міндетінде берілген учаскіге
геодезиялық тор құруда қолайлы техникалық жағдайды іздеу. Геодезиялық тор сапасы және бағасы техникалық жобаның сапасына тура тәуелді [2] .
МГТ құрудың негізгі этапының құрылымдық сұлбасы төмендегі 1- суретте көрсетілген:
1-сурет. МГТ құрудың негізгі этапының құрылымдық сұлбасы Триангуляция - әдісі жергілікті жерде үшбұрыштар жүйесін құрудан
тұрады, оларда барлық бұрыштар және кейбір базис қабырғаларының ұзындығы өлшенеді. Базистік торапта қысқа диагональ, базис және барлық бұрыштар өлшенеді.
І класс триангуляцияның тұтас жүйесін орасан зор территорияда құру едәуір уақыт пен материалдық қаражатты жұмсауды керек етеді. Сондықтан І класты геодезиялық жүйені, мүмкіндігінше меридиан және параллель бағытында бір-бірінен 200 километрге дейінгі алыс қашықтықтарда орналасқан үшбұрыштар қатары түрінде құрады. І класты триангуляция қатарының периметрі 800 километрге дейінгі тұйық полигоды құрастырады. ІІ класты триангуляция бірінші класты полигонның бүкіл ауданын толтыратын және І класты пункттерімен сенімді байланыстағы
үшбұрыштардың жаппай жүйелі түрінде дамиды.
ІІІ және ІV кластытриангуляциялар мемлекеттік геодезиялық жүйелердің одан арғы жиілендіруі болып табылады.
Буынның (звено) бастапқы пункт координаттары мен қабырға азимутын астраномиялық бақылаулар арқылы анықтайды. Басқа қабырғалардың ұзындықтары мен азимуттарын, сонымен қатар қабылданған элипсоид үстіндегі немесе Гаусс проекциясының жазықтығындағы биіктік координаттарын өлшеулер арқылы алады.
Триагуляцияның байланыстырылмаған торын құруда бастапқы берілгендер ретінде бір пунктің бастапқы координаттары, бір қабырғаның ұзындығы және осы қабырғаның азимуты немесе бастапқы координаттары белгілі екі пункт қолданылады.
2-сурет. ІV класты триангуляция
Триангуляция әдісінің негізі - үшбұрыштар есебін қабырғалар және екі бұрыш арқылы, яғни синустар теоремасы арқылы шешу.
Бұл теореманы триангуляцияның үшбұрыштар тізбесіне қолдану, кезекті ( i+1 ) үшбұрышты кезекті i - қабырғамен байланысқан, яғни:
sin A 1 sin A 2 . . . sin An
a ⋅ sin Cn
an = b
sin B 1
sin B 2 . . . sin Bn ;
cn =
n −1
sin Bn
(1)
І класс торы ең жоғары дәлдікпен сипатталады және еліміздің барлық территориясын қамтаған. Қалған класс торы жоғарғы класс торларының негізінде құрылады. ІІ класс торын бірінші класс торына сүйене отырып, ІІІ класс торын жоғарыға екеуін негізге ала отырып құрады. Бұл құрылу кесте түрін триянгуляция әдісі деп атайды.
1-4 класты триянгуляция жүйесінің техникалық мінездемесі 1- кестеде көрсетілген. Пландық негіздеудің мемлекеттік жүйесі полигонометрия мен 1, 2 разрядты триянгуляция торабымен толықтырылады.
Трилатерация әдісі барлық қабырғалар ұзындықтары ретінде құрылады. Үшбұрыштарды шешу арқылы горизонталь бұрыштарын, алудан қабырғаларының деррикциондық бұрыштарын анықтайды.
Пункттердің координаталарын есептеу жүргізіледі. Байланыстырылмаған трилатерация торын құруда бастапқы деррикциондық бұрыштары белгілі болу керек.
Трилатерация жүйесінде қабырғаларының ұзындығы әдеттегідей радио және жарық қашықтық өлшеуіштермен өлшенеді. Бұл жағдайда қабырғаларды өлшеудің салыстырмалы қателігі мынадан аспауы керек: ІІІ класс үшін - 1:1, ІV класс үшін - 1:4 [3] .
... жалғасы1 - кесте. 1 - 4 класс триангуляция торабының техникалық мінездемесі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz