Қазақстан жастарының саяси белсенділігін арттыру жолдары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті «Халықаралық қатынастар»

Кафедрасы «Дипломатиялық аударма»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан жастарының саяси белсенділігін арттыру жолдары

Орындаған:Берикова. А. К.

Тексерген:Мұсатаев. С. Ш.

Алматы, 2021ж

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Қазақстан жастарының саяси белсенділігінің ағымдағы жағдайы

2. 2. Қазақстан жастарының саяси белсенділігін арттыру жолдары

3. Қорытынды

4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Саяси белсенділік теориясының классикалық моделі ретінде С. Вербой мен Н. Наемның құрған моделі қарастырылады. Д. В. Ольшанскийдің айтуы бойынша саяси белсенділік дегеніміз-әлеуметтік топтардың немесе индивидтердің ағымдағы саяси жағдайды немесе әлеуметтік-экономикалық реттілікті өзгертуге арналған іс-әрекеті. Саяси психология тұрғысынан қарастырғанда жастардың саяси белсенділігінің артуы жастардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады. Бұл ішкі психологиялық шиеліністердің саяси құлдырауымен анықталады. О. М. Карпенко мен И. А. Ломанов саяси белсенділікті құраушы бес компонентті атаған болатын. Оларға саяси белсенділіктің психикалық, электоралды, құрылымдық, стихиялық-бұқаралық және кәсіби сияқты түрлері кіреді.

Заманауи саяси белсенділікке жастардың қатысуын «саяси қатысу» категориясы арқылы сипаттайды. Осы кезекте О. Г. Щенинаның айтуы бойынша жастардың саяси белсенділігіне кез келген әлеуметтік топтар мен индивидтардың саясаттағы белсенділігін жатқызуға болады.

Негізгі бөлім

2. 1. Қазақстан жастарының саяси белсенділігінің ағымдағы жағдайы

Қазіргі таңдағы соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі күні елімізде 180-ге жуық жастар ұйымы жұмыс атқарады. Олардың ірілеріне мысал келтіретін болсақ, «Жас Отан», «Жастар қанаты», «Студенттер альянсы» және т. б. Дәл осы ұйымдар он мыңнан астам жастарды өз қанатының астына біріктіріп отыр. Елімізде жастар мүше бола алатын ұйымдар саны мен түрі жеткілікті болғанымен, жастардың саяси белсенділігі әлі де төмен деңгейде. Жастар әлі күнге дейін еліміздің саясатының толыққанды мүшесі ретінде қарастырылмайды. Бұл мәселенің өзіндік себептері бар екені анық. Осы себептерге көз жүгіртіп кетсек.

Бірінші басты мәселелердің бірі-жастардың саяси белсенділігі мен саяси ықпалының төмен деңгейде болуы. Осыған мысал, жастардың саяси ұйымдарының ықпалының тек ғана белгілі бір жоғарғы оқу орындарының төңірегінде ғана болуы. Ал қалалық, облыстық, республикалық деңгейде ықпалдары мен белсенділіктері әлі де төмен деңгейде екені аңғарылады.

Екінші мәселе-жастардың саяси ұйымдарының дамуы. Жоғарыда атап өткендей елімізде 180-ге жуық жастар мүше бола алатын саяси ұйымдар бар. Дегенмен, олардың кейбіреуіне мүше жастардың саны мүлдем аз. Әлеуметтік сұрақ-жауаптан өткен қарапайым қазақстандықтардың сөзіне сүйенетін болсақ, кейбір жастардың саяси ұйымдарына 3-4 адам ғана мүше болып табылады. Осы орайда мұндай ұйымдар өз істеріне немқұрайлық танытып, барынша белсенділігі төмен болып табылады.

Үшінші мәселе-саяси ұйымдардың басшыларының өздері толыққанды саяси белсенді бола алмауы. Осыған дейін атап өткендей көптеген ұсақ ұйымдар тек ғана жоғарғы оқу орындарының шеңберінде ғана белсенділік танытады. Бұл мәселенің басты себебі ұйым басшыларының жеткілікті дәрежеде саяси белсенді болмауы және сол себепті ұйым мүшелерінің вертикальды және горизонтальды дамуына септігін тигізе алмауы.

Дегенмен, атап өтуіміз қажет жайт қазіргі таңда жастардың саяси белсенділігінің артуына өз септігін тигізетін көптеген оң іс-шаралар жүзеге асуда. Мысалы, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» жобасында салыстырмалы негізде жас ғылым болып табылатын саясаттануға және өзге де гуманитарлық ғылымдарға ерекше көңіл бөлінген. Осы жобаның нәтижесінде әлемнің үздік оқулықтары қазақ тіліне аударылып, соның көмегімен еліміздің жастары өз гуманитарлық білімдерін, соның ішінде саяси білімдерін арттырып, дамудың жаңа деңгейіне көше алады.

2. 2. Қазақстан жастарының саяси белсенділігін арттыру жолдары

Жоғарыда атап өткендей қазіргі таңда еліміздің жастарының саяси белсенділігі әлі де төмен. Бұл мәселе бүгінгі күні өзекті және міндетті түрде шешуді талап ететін мәселе болып табылады. Осы кезекте Қазақстан жастарының саяси белсенділігін арттыру жолдары жайлы айта кетсек.

Ең алдымен, менің көзқарасым бойынша жастардың саяси белсенділігінің төмен болуы саяси мәдениет деңгейінің төмендігінен.

Саяси мәдениет дегеніміз-белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы.

Неліктен елімізде саяси мәдениеттің төмендігі байқалады? Себебі жас ұрпаққа жеткілікті деңгейде жалпы саясат жайлы және еліміздің саяси жағдайы жайлы мағұлмат берілмейді. Мектепте саясаттану пәні мүлдем оқытылмайды, сондықтан кейбір жастар саясаттың негізгі ұғымдарымен тек ғана жоғарғы оқу орындарына түскенде ғана танысады. Бұл өз кезегінде жас ерекшеліктеріне байланысты көбісінің бойында саясатқа деген ешқандай қызығушылықты тудырмайды. Сондықтан да саясаттануды тоғызыншы мен он бірінші сынып аралығында мектеп бағдарламасына енгізу жөн деп санаймын. Бұл өз кезегінде ерте жастан балалардың бойында саясат жайлы түсінік қалыптастырып, үлкен өмірде олардың саяси белсенді болуына септігін тигізеді деген о йдамын.

Келесі бір мәселе осыған дейін аталып өткен көптеген саяси ұйымдардың тек ғана жоғарғы оқу орындарының төңірегінде әрекет етіп, ықпал ете алуы. Бұл өз кезегінде мұндай ұйымдарға мүше жастарды демотивацияға ұшыратады. Олар белгілі бір алдыға қарай дамуды және еліміздің саясатына шын мәнінде қатысы бар екендерін сезіне алмағандықтан өз істеріне немқұрайлы қарай бастайды. Сондықтан мемлекет органдары мен жастар ұйымдарының арасындағы өзара байланысты күшейткен жөн болар. Мұндай байланысты күшейту екі жаққа да тиімді болып табылады. Жастар үшін бұл-қайталанбас тәжірибе. Жастарды мемлекеттік органдар жұмыстарына қатыстыру, қоғамдық қадағалау мен саяси процесстерге көмек беруге рұқсат ету жастардың бойында саясатқа деген қызығушылықты оятатыны сөзсіз. Осы тұрғыда көптеген жастар өз болашақтарын мемлекетке адал қызмет етумен байланыстыруды мақсат етеді. Өз кезегінде жастарға қайталанбас тәжірибе сыйлаған мемлекеттік органдар өздеріне осы уақытқа дейін таныс болған, жұмыс барысымен жіті таныс белсенді жастарды жаңа кадрлар ретінде немесе қызметкерлер резерві ретінде ала алады.

Жастардың саяси белсенділігін құптау мен оларға дұрыс жол сілтей алу басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл кезекте оқытушылар мен студенттер арасында әрдайым кері байланыс болып тұруы қажет. Оқытушылар студенттерді мазалайтын түрлі саяси мәселелерге көңіл аударып, студенттердің саяси ойлау мен саяси шешімдер қабылдай алу қабілетін дамытулары қажет. Сонымен қатар, мемлекет тарапанынан жастардың түрлі жаңа, инновацияық ойларына, жобаларына жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп, қолдау көрсетілуі керек. Себебі қазіргі таңда кез келген бағытта жаңашыл көзқарас артық болмасы анық. Ал мұндай жаңашыл көзқарастың қайнар көзі-жастар. Жастарға олардың бастамаларында қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беру арқылы ғана олардың бойында кез келген мәселеге байланысты қызығушылығын тудыруға болады.

Француз әлеуметтанушысы Огюст Конт баланың білім алуын екі сатыға бөліп қарастырған және оның маңызды бірінші сатысында бала өзінің алғашқы білімі мен өмірге деген көзқарастарын отбасыдан алады және қалыптастырады делінген. Осы кезекте біздің алғашқы дүниетанымымызды қалыптастырушы өзіміздің отбасымыз екені белгілі болғанда отбасының да біздің болашақ саяси белсенділігімізге жауапты екені анықталады. Егер де бала жастайынан саясат жайлы біліп өссе, саяси жаңалықтардан хабардар болса, ата-анасының сайлауға қалмай баратындығын және өзге де саяси белсенділіктерін көрсе бала ата-анасынан үлгі алады және жастайынан өзі де саяси өмірге қызығушылық танытады. Сәйкесінше ата-анасының саяси белсенділігі төмен отбасыда саясатқа немқұрайлы қарайтын бала өсіп-жетіледі және уақыт өте келе өзгелердің оның көзқарастары мен түсініктеріне ықпал ете алуы қиындай түседі. Сондықтан, ең алдымен отбасыдағы саясатқа деген көзқарасты реттеу қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар құқығын қорғауға бағытталған жастар саясаты
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы
Жастардың саяси білімін арттыру
Жастар мен жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету
Кеңес дәуірінде жастардың саяси қатысу дәстүрі
Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
ЖАСТАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ЗЕРТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz