Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Зерттеудің ахуалдылығы - Қазіргі қазақ тіліндегі маңызды мәселелердің бірі болып тілдегі варианттылық саналады. Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс. Сөз варианттылығы ауызекі сөйлеу тілінде жиі ұшырайды. Коммуникация заңы бойынша бір сөздің қолдану өрісінде түрліше айтылуының өзі бір жағынан,тілдің мол мүмкіншілігінен бүрын сөздің артықтығын көрсетеді десек те,тілдің үздіксіз даму жағдайында вариант сөздердің болуы заңды нәрсе. Өйткені тіл-қоғамдық құбылыс. Тіл кеңістік категориясынан, алшақ дамымайды.
Зерттеудің өзектілігі - Тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты, қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау өмір сүрмейді. Варианттылық - тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы. Тілде варианттылық болмаса, норма туралы үғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері түптеп келгенде стильдік мақсатпен жүмсалады. Негізінде жалпы варианттылықтың тура қызметі осы ғой. Сондықтан да, сөздің айтылуында кез келген вариант артық дүние емес.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті - Менің курстық жұмысымның мақсаты фразеологизмдердің варианттылығы, олардың пайда болуы туралы ақпаратты анықтау. Себебі фразеологизмдер көкейге қонымды, көркем орамды болып келеді Оларды зерттеу өте қызық.
Міндеттері:
- варианттылық тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы екенін дәлелдеу
- фразеологизмдердің варианттылығына тоқталу
- жалпы фразеологизмдердің түр-сипатын анықтау
Зерттеудің обьектісі мен пәні - фразеологизмдердің варианттылығы, олардың пайда болуы пәні
Зерттеудің ғылыми әдістері - Зерттеу проблемасына байланысты философиялық, педагогикалық, қазіргі қазақ тілі әдебиеттеріне және мерзімді басылымдарда курстық жұмыстың тақырыбына байланысты жарық көрген материалдарға, ғылыми еңбектерге шолу жасау мен талдау, оларды тұжырымдау, әр түрлі ғылыми дерек көздерін салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту, шығармашылық және дидактикалық материалдарды іріктеу, жинақтау және талдау әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдылығы - Бұл қурстық жұмыстың жаңашылдығы тілдің ішкі даму заңдылығында вариант болатын, бола беретін құбылыс екенін дәлелдеуінде. Бұл құбылыс - тілдік тарихи категория. Өйткені тіл адамдарсыз жеке дара өмір сүре алмайды.
Зерттеудің құрылымы - курстық жұмыс екі негізгі бөлім мен бірнеше кіші бөлімнен құралған. Сондай-ақ курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ BАРИАНТТЫЛЫҒЫ, ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің негізгі құрамы

Өйткені тіл-қоғамдық құбылыс. Тіл кеңістік категориясынан, алшақ дамымайды. Тіл өзінің даму сатысында белгілі бір тарихи әлеуметтік жағдайға байланысты, қоршаған орта, адамдар арасындағы түрлі жағдайлардан оқшау өмір сүрмейді. Варианттылық - тілдік норманың тұрақты табиғи құбылысы. Тілде варианттылық болмаса, норма туралы үғым болмас еді. Тілдегі сан алуан вариант түрлері түптеп келгенде стильдік мақсатпен жүмсалады. Негізінде жалпы варианттылықтың тура қызметі осы ғой. Сондықтан да, сөздің айтылуында кез келген вариант артық дүние емес.
Тілдің iшкi даму зaңдылығындa вариант болатын, бола беретін құбылыс. Бұл - тілдік тарихи категория. Өйткені тіл адамдарсыз жеке дара өмір сүре алмайды. Тіл қатынас құралы болғандықтан, тілдің қайсыбір қызметі қолдану аясында сан түрлі тіршілік тынысында сөздің даму сатысы адамдар ықпалымен өзгіріп отырады. Сондықтан тілдің даму бағытында варианттар керек. Сөз варианттары тілдік құбылыс ретінде тіл нормасының қалыптасуына әсері мол.
Вaрианттылық - тілдің тарихи дамуының нәтижесі болып табылады. Сондықтан да вариант сөздер тілімізде белгілі кезеңге дейін уақытшада өмір сүруі мүмкін. Тілдік норма жағынан алсақ, сөйлеу тілінің нормасына қатысты. Eң соңында вариант сөздер тілдің тілдік стильдік аясында қарастырылады.
Вариант сөздер сөйлеушінің таңдауына қарай, саналы түрде емес, автоматты түрде таңдалады жөне синонимдер сияқты ұдайы пайдаланады. Қазақ тілінде варианттылық қатарды құрайтын сөздер екі немесе одан да көп кездесе береді. Фрaзеологизмдер құрамында да варианттылық қатар жиі ұшырасады.
Кей жарыспалы сөздер екі сөзді қатардан он үш түрлі қатарға дейін бар екендігіне көз жеткізуге болады. Алайда жарыспалы сөздер қатарларының ішінде ең көп кездесетіні екі-үш сөзден құрылған қатарлар екені байқалады. Бірақ сөз варианттарының көптігі тіл байлығы емес екенін ескерген абзал.
Варианттылық тyралы ғылыми пiкiрлерді жинастыра келгенде, оған қойылатын шарттар, негізінде, бірізділікке саяды. Ең алдымен басты назар аударатын нәрсе - лексикалық мағына дәлдігінің сақталуы. Содан кейінгі фонетикалық, морфологиялық варианттар болуы үшін де мағына сәйкестігі алғашқы шарт болып табылады. Сонымен лексика-грамматикалық мағына дәлдігі болғанда ғана сөз варианттары туралы сөз етуге болады [2,35].
Ал лексикалық синонимия мен сөз варианттылығы жалпы лингвистика тұрғысы жағынан бірдей емес. Лексикалық синонимия - синхронды функционалды стилистикалық құбылыс. Синонимикада - тілдің стилистикалық қорының негізі жатыр. Синонимдік қатарларға сөздің стильдік таңбалануының аясындағы сөздер жатады.
Әдeби тілдің нормасы әр кезде тілдік қағидамен сәйкес келе бермейді. Тілдік норманың өзгеруі тіл дамуының динамикалық қалпына байланысты.
Қазіргі заманғы тіл білімінде варианттылықтың пайда болуын тілдің:
1) территориялық жағына;
2) әлеуметтік ортасына;
3) тілдің ішкі құрылысына қатысты деп қарастырады.
Варианттылық тілдің коммуникативтік қызметіне тікелей байланысты болады. Тiл - тілде сөйлеуші тілдік қатынастың шарты бойынша, алдын ала таңдаған сөздер жиынтығымен ойын жеткізеді. Бүл ретте сөйлеушінің белгілі территориялық аймаққа қатысы және әлеуметтік жағдайы ескеріледі. Әрі айтушының жасы, мамандығы, әдеби тіл нормаларын қаншалықты меңгергендігіне назар аударуы қажет. Орыс тіліндегі варианттылық туралы біраз зерттеу еңбектерін жазған К.С.Горбачевич варианттылықтың пайда болуының ішкі және сыртқы себептерін айқындайды.
І. Cыртқы себептеріне: а) территориялық диалектінің әсерін, ә)тілдің басқа тілдермен байланысын жатқызады
ІІ. Ішкі себептеріне: 1) аналогия факторының әсері (парадигматика мен синтагматика); 2) мазмұн мен түрдің біркелкі дамымауының салдарынан туған түр мен мазмұнның сәйкессіздігі; 3) тілдің даму процесіндегі қолдану аясының (көптігі) тереңдігі; 4) үнемдеу тенденциясы (материалдық немесе ойлау бағытында); 5) дыбыстың айтылуын жеңілдету үшін буындағы дыбыстардың өзгеруін жатқызады.
Фрaземаның ішкі түрінің (мағына) тұрақтылығы соншалық, айтушы сөйлеу процесінде тұрақты сөз тіркесін еш өзгеріссіз айтып тұрмын деп ойлайды. Сонда айтушы (сөйлеуші) мына жағдайларды ескермейді:
Сонымен, айтылғалы жaтқан ойды дәл, толық жеткізу үшін тіліміздегі фразеологизмдерді әрі әсерлі, экспрессивті-эмоционалды сипатпен, сол ойға, жағдайға байланысты кейбір өзгерістермен қолданудың қажеттілігі туады. Бұл қүбылыс тілдің ішкі өз заңдылықтарынaн туатындықтан да фразеологиялық варианттарды тілдегі басы артық құбылысқа жатқызуға болмайды, ол тілдің ішкі заңдылықтарына қайшы келетін немесе сол тілдің бұзатын керексіз категория емес, қайта тілді байыта түсетін, ойды мәнерлеп, әр түрлі стильдік ерекшеліктермен орамды етіп жеткізуге көмектеседі.
Алайда варианттылық қүрылым фразеологизмнің жалпы
мағынасына, әр компанент семантикасының бірлігіне байланысты. Орыс тіліндегі фразеологизмдердің варианттылығы туралы жоғарыда айтылған ой-пікірлер, негізінен бірін-бірі толықтырып, варианттылыққа қойылатын талаптың деңгейін айқындайды.
Түркі тілдерінде фразеологизмнің варианттылығы жөнінде әр кезде жазылған ғылыми пікірлердің бар екенін айтуда.

1.2 Лeксикaлық вaрианттaр және олардың жасалу жолдары

Cөз сырына үңілетін болсақ, халық тілінде бұрыннан қалыптасқандар күйінде қолданылатын тұрақты сөз тіркестері-фразеологизмдер құрамындағы жеке сөздердің мағына жағынан көмескіленіп, мүлде алыстап кететіні соншалық тіркес ішіндегі бірнеше сөздердің бәрі жиылып, тек бір мағынаны білдіреді. Солардың бірі - идиомдар. Ит өлген жердеөте алыс деген ұғымды білдіретін тіркестер.
"Итарқa" - күркe, жаппа сияқты жасалатын уақытша баспананың аты. Тым алысқа шалғайға көшкен адам, әрине, мекендейтін жерінен алдымен уақытша болса да түратын жер сайлайды. Жалпы ұлттық тұрмыс-тіршілікті білдіретін алуан сөздер, сөз тіркестері ғасырлар бойы қалыптасқан, әбден орныққандықтан ауыспалы мағынаға айналуы заңды да.
Aлайда сөйлеу тілі болсын, әдеби тіл болсын,басты қағида -
тіл-қатынас құралы болғандықтан жанды қозғалыс, даму үстінде түрлі өзгерістерге ұшырауы табиғи құбылыс. Дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ. Табиғаттың және қоршаған ортаның, адамдар тірлігі бәрі бір-бірімен тығыз байланысты. Бүкіл тіл байлығымыз, сөздік қорымыз тілдің даму сатысында әрдайым көбейіп, мағына жағынан кемелденіп толыға түседі. Кей ретте, фразеологизмдерде "тұрақтылық" деген белгіні басты шарт етіп алудың өзі де шартты. Бұл тілдің логикалық даму сатысындағы теріске шығаруды - теріске шығару - өмір диалектикасы. Тілдің тарихи даму барысында оның құрылымы үздіксіз жетіліп отырады. Лексикалық құрамының кемелденуі және лексика-семантикалық сөздермен толығуы, тілдегі фактілердің жүйелі сипаты қоғамдық қүбылыс ретіндегі тілдің өзінің табиғатынан келіп туады.
Фрaзеологиялық тұлғалардың лeксикалық варианттарының тағы бір тақырыптық қатарлары сан есімді компоненттерге байланысты. Тұрақты сөз тіркестерінің біраз бөлігі (фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер) жеті, үш, тогыз, қырық сияқты бірқыдыру сан есімдердің төңірегінде топталып жүреді. Бұл сөздердің белгілі бір тізбек, тіркестерге түп қазық болу себебі халықтың ежелгі дөуірдегі ұғым, түсінігімен, салт-санасымен ұштасып жатуында. Олар белгілі бір нәрсе, құбылыстардың ұғымд Мысалы: жеті атасынан түк көрмеген дегенде жеті сөзі уақыт,мезгілдің шартты көрсеткішіне айналған.
Фрaзеологизмнің сан есімдегі компоненттеріндегі лексикалық варианттардың жасалу жолдары:
а) Кoмпoненттер құрамының мәндес, мағыналас немесе синоним сөздермен алмасып келуі арқылы. Мысалдар: қырық құрау-қырық жамау, бір жақсысы-бір тәуірі,алты қырдың астында-алты қырдың ар жагында. Мұндағы есімді, етістікті, үстеу мәнді сөздер фразеология аясынан тыс тұрып та синоним болып қолданылатын сөздер. Компоненттер құрамының бұлай өзгеруі тіркес мағыналарына стильдік тұрғыда ешбір нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Синтаксистік конструкциясы жағынан да сол қалпы, демек бірінің орнына бірі еркін жұмсала береді.
ә) Вaриант болатын сөздердің бір мазмұндас немесе мағыналас жақындық негізінде шоғырланған мәндес сөздермен ауысып келуі. Мысалы: екі қолын мұрнына тыгып қалу, екі қолын танауына тыгып қалу.
.
1. Tіліміздегі біраз фразеологиялық тіркестерге сан есімдер ұйытқы болып,төмендегідей варианттар түзіледі.
Біреу екеу болубірі екеу болу;бірді екі етубірін екі етубірі екі болу.Бұл варианттар топтау сан есімдері мен тәуелдіктің ІІІ-ші жағы және табыс септік арқылы морфологиялық варианттар есебінде түрленеген.
Бір ауыз сөзге келмеуекі сөзге келмеу; бір айтқанын екі айтыпбір айтқанын мың айтып. Мұнда бір,екі,мың сан есімдері өзара вариант болып тұр.
2.Xaлықтық өлшем есебі ретіндегі елі сөзі екі сан есімімен
тіркесіп вариант болып тұр.
Ayзынан бір елі түспеуаузынан екі тастамау; қасынан бір елі
қалмаусоңынан екі елі қалмау.
З.Құрамындағы сан есімге мүлде қатыссыз,басқа сөз таптарынан келетін сөздер де вариант тұлғалар жасайды. Он екі саққа жүгіртуәр саққа жүгіртунеше саққа жүгірту-біреу туралы өсек айту.
Фразеологизмнің квантативті варианты-құрамындағы компоненттерінің кемуі арқылы (эллипсис) немесе қосылу арқылы жасалған лексикалық варианттар.Тілімізде кең тараған, әсіресе, ауызекі сөйлеу стилінде жұмсалатын фразеологизмнің лексикалық варианттарында компоненттер саны жағы қысқаруы арқылы пайда болған варианттар баршылық.
1.Фрaзеологизмдердің лексикалық варианттарының көбі тіліміздегі көркемдік тәсілдер арқылы жасалатыны белгілі. Бұл ретте теңеу, метонимия, метафора түрлері арқылы жасалған фразеологизмнің компоненттеріндегі тәсілдер түсіріліп айтылады, немесе тірек сөз сол тәсілдің қызметін атқарады.Мысалдар: шыр көбелек айналдыру~шыр айналдыру; буйі тигендей болу-буйідеу болу т.б.
2.Тoлық құрамды фразеологизм компоненттеріндегі анықтауышты, пысықтауышты тіркестердің бірі түсіріліп айтылады. Мысалдар: аппақ қудай болу-кудай болу; адал қара бітпеген (кедей,малдан ештеңесі жоқ деген магынада).
3.Фразеологизмнің қос сөз түрінде келетін компоненттеріндегі бір сөздің қысқартылып айтылуынан жасалған эллепсисті вариант. Мысалдар:Зәре-құтын алу-қүтын алу; аң-таң қалу-таң қалу; ант-су ішу-ант ішу; өсек-аяң еру-өсек еру.
4.Үш немесе төрт компоненттен тұратын, бір тармақты, екі бунақты фразеологизмдердің кейбір компоненттері сөйлеу тілінде түсіріліп айтылады. Мысалдар: қызыл шұнақ сары аяз (сақылдаган сары аяз) -сары аяз-шүнақ аяз; санда бар, санатта жоқ-санда бар немесе санатта жоқ.
5.Қарғыс мәнде айтылатын фразеологизмдерде кейде жеке компоненттерінің түсіп қалуынан да эллипсисті варианттар жасалған. Мысалы:жетпей желкең қиылгыр-желкең қиылгыр; тіліңді тәңір кессін-тілің кесілсін.
Фразеoлогизмнің мұндай варианттары ауызекі сөйлеу тілінде көбінесе окказионалды өзгеріспен түсіріліп айтылып, келе-келе вариант есебінде жұмсалатын тіркестер. Тұрақты сөз тіркестері компоненттерінің толық және толық емес мұндай түрлерін А.Молотков фразеологизмнің факультативті компоненттері деп атаған.
Құрaмындa дене мүшелерінің атаулары бар тұрақты сөз тіркестерін соматикалық фразеологизмдер деп атайды. Лексикологтардың айтуына қарағанда қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің 30%-жуығы соматикалық атаулардан тұрады.[12,193].
Башқұрт фразеологы З.Г.Ураксин: "Қазіргі түркі тілдерінде біраз фразеологизмдер дене мүшелерінің атауларынан жасалған. Ол баста бұл тіркестер дене мүшелерінің әр түрлі қалып жағдайын білдіргенімен, ауыспалы мағынада адамдардың түрлі психикалық күйлері мен іс-әрекеттерін айқындауда олар бара-бара фразеологизмдерге айналған" деп, дене мүшелеріне қатысты сөздердің тұрақты сөз тіркестерін жасауда жалпы түбі бір түркі тілдес халықтарға тән ортақ белгілерін және оның этимологиясын салыстырмалы түрде айқындаған.
Жeкeлеген сөздердің бұл ұғымға жату-жатпауын есепке алмай, жалпы адам біткенге қатысты сөздер мен фрaзеологизмдерді барынша түгел қамтып көрсету мақсатында сөздікте адамның дене мүшелеріне қатысты екі жүзге жуық сөздер қaмтылып, бұлардан туындаған 4200 фразеологизмдер анықталған. Бұл қазақ тілінің анатомиялық атауларға қатысты фразеологизмдерге соншалықты бай екендігін көрсетеді. Тілдегі фразеологизмдердің мол қорын жасаудағы адамның дене мүшелеренің қызметін жай кездейсоқ нәрсе деп қарауға болмайды. Қазақ тіліндегі анатомиялық атаулардың ішіндегі фразеологизмдерді жасауда қызметі жағынан ең өнімділері деп, көз,жүрек, жан, кіол, бас, ауыз, 6ет, аяқ, іш, тіл сияқты он түрлі атауды ерекше айтуға болады.[30,82].
Сoматикалық aтayлармен жасалған тұрақты сөз
тіркестері ішінара түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Компоненттер құрамындағы бір сөз (атау)басқа туыстас, мағыналас сөздермен (атаулармен) алмасуына мағыналарына еш нұқсан келмейді. Тіркестегі образдылық пен эмоциялық әсер толық сақталады. Осыдан барып, соматикалық фразеологизмдердің лексикалық варианттары пайда болады.
Фразеологиялық варианттардың жасалу жолдарын қарасақ, әр варианттас сөздер арасында біріншііден, логикалық байланыс, екіншіден, образ тұтастығы бар. Дене мүшелерінің атаулары-сөздік қордың өте ертеден келе жатқан көне тобы. Сол себепті де соматикалық атаулардың фразеологизмдер құрамына көптеп кездесуі заңды да.
Сoматикaлық фрaзеологизмдердің лексикалық варианттары тіліміздегі басы артық нәрсе емес. Олар алуан түрлі варианттарымен стильдік ыңғайда жұмсалатындықтан, сөйлеу тіліне үлкен тірек,таусылмас қор.
Фрaзeологиялық сөз тіркесі оның варианттары сөйлеу тілінен бастау алады десек, күллі фразеологизм кәдімгі ауызекі сөйлеу тілінің жемісі.
Фразеологизм-сөйлеу процессінде, демек белгілі бір сөйлем ішінде құлпыра кететіні белгілі. Ширыққан ойды шынныққан сөзбен жеткізу дайын тіркестерді қолдануға мәжбүр етеді.
Фразеологиялық тіркесті сөзде толғаныс сезім образ
ырғақ бар деп қарау керек. Тұрақты сөз тіркесінде логикалық қимыл бар, әрекет бар. Сөйлеушінің, айтушының үні әдемі сөз өрнектерімен тілдің асқақ поэтикасымен астасып жатады. Мұның бәрі жай құбылыс емес. Фразеологизмдегі сөздер мен сөйлемдегі қиыннан қиыстырған ой жатыр.
Көркeмдік тәсілдер арқылы (теңеу, эпитет, метонимия, метафора т. б. ) жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары әр алуан.
Теңеу. Теңеу атынан да белгілі белгісіз нәрсені белгілі нәрсеге теңеп, салыстыру арқылы заттың немесе оқиғаның қасиетін айқындай түседі. Фразеологизмнің лексикалық варианттарының теңеу арқылы жасалу жолдары төмендегідей:
1.Eсімдерге, етістіктің есімше түріне (-дай,-дей,-тай, тей) жұрнақтары жалғануы арқылы туынды сын есімдер сапалық пысықтауыш қызметінде теңеу, салыстыру мағынасында жұмсалады. Мысалы: Абыройын төгу (абыройын айрандай төгу, ұятқа қалды, ар ұяты кетіп, қатты масқара болды).
,
Теңеу арқылы жапсалған фразеологизмнің кейбір лексикалық варианты айналадағы қоршаған орта құбылыстарының, атаулардың ситуациялық сырт ұқсастықтары арқылы жасалған.
З.Фразеологизм теңеу арқылы жасалған кейбір варианттары халықтың дәстүрлі тұрмыс тіршілігінен алынған. Мысалы: Сүттей ұю (айрандай ұю) имандай ұю[2,67].
Фразеологизмнің лексикалық варианттарын жасайтын басқа да, көркемдік тәсілдерден метафораның айырмашылығы сөз мағынасын ғана жаңғыртып, ал сырт тұлғасына фонетикалық, морфологиялық өзгеріс енгізбейтіндігі.

Сөз мағынасы, сөйлем сазы туралы сөз етсек, фразеологизмдердің жалпы тіл жүйесіндегі орны ерекше екені кез келген тұрақты сөз тіркесінен
байқалады. Фразалық вариантты тіркестер-ешқандай сөйлеу практикасына нұқсан келтірмейтін, қайта стильдік тұрғыда молынан құбылта пайдаланып, шебер қолдануға табылмас тіл байлығы деп қараймыз. Шындық болмыстың
ұғым арқылы әркелкі жеткізілуіне қарай, сөздердің табиғатынан ішкі мағына да сараланып отырады.Тілдік қатынасқа (коммуникация) негіз болатын атауыш сөздердің қолданылу ыңғайында түрлі семантикалық ерекшеліктері бар екені байқалады. Бұл ерекшеліктер етістік, есімді сөздердің парадигмалық, яғни бір семантикалық өрістегі мазмұндық сипаттарынан аңғарылады.
5.Кейде бір тұтас образдылыққа құрылған, мәндес ұғымды етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық варианттарын жасайды. Мысалы: төбесі көкке жету, төбесі көкке тигендей, аузына тас салгандай, аузын жабу.
Лексика-семантикалық парадигманың көлемі (ауқымы) фразеологияның ішкі вариант мүмкіндіктерінің ашылуы образ бірлігімен тығыз байланысты болуы керек. Стилистиканың жанды қаруы-фразеологизмдер және оның варианттары десек артық айтпаған болармыз. Жылау сөзінің жай тіркестегі мағынасына гөрі фразеологиялық тіркесте қаншалықты образдылыққа ие болғандығы байқалады.[2,79].
Алғашқы сөйлемде қырық деген сан есім өзінің төрт оннан құралған сандық ұғымын тікелей білдіреді. Мұндағы қырық деген сөз пышақтың сан мөлшерін көрсетіп тұр. Соңғы сөйлемде бұл сөз өзінің сандық ұғымынан біржола қол үзіп, фразеологиялық байлаулы мағынаға ауысқан. Еркін тіркестегі сөздер арасына басқадай сөз салып, өзгертіп айтуға, я болмаса, түрліше сұрау қоюға көнеді. Мәселен, алғашқы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес қырық күміс пышақ деп өзгертуге, пышақтың санына қарап, қанша деп сұрау қоюға болады. Ал соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тіркес мұндай өзгерістің ешқайсысына көнбейді. Оның есесіне фразалық тіркестің белгілі бір синонимдік баламасы болады. Мәселен, соңғы сөйлемдегі қырық пышақ деген тұрақты тіркесті қырқысу, аңдысу дегендермен алмастыруға болса, алғашқы сөйлемдегі еркін тіркесте мұндай балама атымен кездеспейді. Тура мағынадағы сөз шындық болмыспен тікелей байланысты болады да, контексте тұрса да, тұрмаса да өзінің заттық логикалық қатынасымен белгіленеді. Ал фразалық байлаулы мағынадағы сөздер әрдайым белгілі бір контекске телінді, бағынышты болып тұрады.
Сөз бен фразеологизмдердің арасында да бірінен біріне ауысып жататын өтпелі қарым-қатынастық байланыстар болады.
Тұрақты тіркестер мен күрделі сөздер о баста сөз бен сөздің тіркесуі арқылы пайда болса, фразеологизмдердің кейбіреулері кей жағдайда қос сөзбен біріккен сөзге айналып кеткен. Мәселен, отагасы, ақсақал, атқамінер, өліп-тіріліп сияқты біріккенсөздер мен қос сөздер идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму өзгеру процестерін басынан өткізген. Қазіргі кезде бұлар лексика-граматикалық жағынан біртұтас, ритм ырғағы жағынан біріңғай болып, фразеологизмдерден күрделі сөзге айналып кеткен. [3,189].
Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мысалы: Бір ұрты май , бір ұрты қан дегеннен екі жүзді, залым дегенді ұғынамыз. Бұл фразеологиялық мағына тұрақты сөз тіркестердің құрамындағы
бір, ұрт, май, қан деген сөздердің меншікті мағынасымен
мүлдем сәйкеспейді. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекеті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп
бере алады.
Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: тоң мойын, қауга бас, қара бет, қолаң шаш, балды бармақ, кең қолтық, бір ұрт, күміс көмей, ай қабақ, еркек кіндік, салқын қанды т.б.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданады. Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып сезіліп тұрады. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болады.

Мысалы: бөрік кигеннің намысы бір; палуанга оң ,терісі бірдей.
Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы ойды түйіндеп айту басым болады.Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйлемге ұқсайды. Ал фразеологизмдер керісінше, нақтылы бір ұғымды астарлап айтып, сыртқы тұлғасы жағынан жеке сөзге теңесіп түрады. Мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер талай замандар бойына жасалып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Алайда, бұлардың жасалып, қалыптасу мерзімінде үлкен кереғарлық бар. Мақал мен мәтел әр заманның өзіне лайық туып көбейе береді. Фразеологизмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе-күн көбейіп, тез дамып отырмайды. Тұрақты тіркес болу үшін, белгілі бір жағдай қажет. Әсіресе идиомның шеңберіне енген сөз идиомалану, лексикалану, грамматикалану заңымен даму-өзгеру процестерін басынан өткізу үшін талай уақытты (заманды) қажет етеді. Сол себептен болса керек, фразеологизмдер, әсіресе идиомдар бір тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді. Ал мақал-мотелдер тілден тілге сөзбе-сөз де, емін-еркін де аударыла береді.[15,194].

1.3 Фразеологизмдердің фонетикалық және морфологиялық
варианттары

Фразеологизм ауызекі сөйлеу тілінен бастау алады. Тұрақты сөз тіркестерінің табиғатындағы барлық
өзгерістер сөйлеу тілінің ерекшелігіне байланысты. Фонетикалық дублеттер-саны жағынан ең молы, әрі қолдану жиілігі қарапайым сөйлеу тілінің еншісі. Фразеологияның фонетикалық варианттары мына түрде ұшырасады.
1.Басқа тілдерден қазақ тіліне енген сөздердің басындағы
дауыссыз дыбыстардың алдына ы,і,ү,ү ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары
Сан компанентті фразеологизмдер
Жетімнің құрсағы жеті қабат
Қазақ мақал - мәтелдерінің табиғаты
Сөздің фонетикалық варианттары
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық ерекшеліктері
Көнерген сөздер
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
Пәндер