Биология пәні бойынша іс-тәжірибе


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ТӘЖІРИБЕНІҢ КАЛЕНДАРЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Рет.

Тапсырма мазмұны
Орындалу мерзімі
Жетекші белгісі
Рет.№: 1
Тапсырма мазмұны: Тәжірибелік жұмыстың басталуы.
Орындалу мерзімі: 08. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 2
Тапсырма мазмұны: Оқу бағдарламасының жоспарымен танысу.
Орындалу мерзімі: 10. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 3
Тапсырма мазмұны: Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. «Клондау» ұғымы.
Орындалу мерзімі: 11. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 4
Тапсырма мазмұны: «Микроклонды көбею» ұғымы. Өсімдіктерді микроклонды көбейтудің кезеңдері мен әдістері. Маңызы.
Орындалу мерзімі: 15. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 5
Тапсырма мазмұны: Ферменттер. Ферменттердің медицинада, химияда, өнеркәсіпте қолданылуы.
Орындалу мерзімі: 17. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 6
Тапсырма мазмұны: Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам организміне әсер ету ерекшеліктері.
Орындалу мерзімі: 18. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 7
Тапсырма мазмұны: «Эпигенетика» ұғымы. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер.
Орындалу мерзімі: 22. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 8
Тапсырма мазмұны: Жетекші мұғаліммен жұмыс, кеңестер.
Орындалу мерзімі: 24. 02. 21
Жетекші белгісі:
Рет.№: 9
Тапсырма мазмұны: Тәжірибелік жұмыстарды қорытындылау.
Орындалу мерзімі: 25. 02. 21
Жетекші белгісі:

Университет тарапынан тәжірибе жетекшісі Екібаева Г. Н

(қол және күнделік берілген күн)

Ш. Есенов атындағы КМТИУ

«Ғылым және технология» факультетінің

Био 19-1 тобының

студенті Қайырбаева Алтынайдың

педагогикалық тәжірибе

жұмыстары бойынша

Есебі

Мен, Қайырбаева Алтынай Теіңізбайқызы 08. 02. - 27. 02. 2021ж. аралығында Ақтау қаласы, С. Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясында педагогикалық тәжірибеден өттім.

08. 02. 21

Тәжірибелік жұмыстың басталуы

Біз Есенов университетінің Био 19-1 тобының, 2-курс студенттері болып, тәжірибелік жұмыс барысымен Ақтау қаласы, С. Қондыбай атындағы №22 мектеп -гимназиясына бардық. Қазіргі таңда пандемияға байланысты мектептің өзіндік санитарлық ережелерін біле отырып, сақтық шараларын қолдандық, яғни, антисептик пен маска ала бардық. Содан соң, мектеп директорына біздің университет тарапынан берілген жолдаманы ұсындық. Мектептегі жетекшіміз Галия Мырзабаевнамен таныстық. Оқу барысының қалай жүзеге асатынын сұрастырып, сонымен қатар, жалпы мектеп өміріндегі жаңалықтармен таныса отырып, оқушылармен жасау керек ортақ жұмыстарды талқыладық.

10. 02. 21

Оқу бағдарламасының жоспарымен танысу

Тәжірибелік жұмыстың екінші күні. Біз жетекшіміз Галия Мырзабаевнамен ақылдасып, күнтізбелік жоспармен таныстық. Мұғаліммен жақынырақ танысып, алдағы уақытта сабақтардың орындалу барысын анығырақ сұрадық. Мұғаліммен ақылдаса келе, оның күнтізбелік жоспарындағы тақырыптарды өз арамызда бөліп алуды жөн көрдік. Және де, сол бойынша өзіміздің тәжірибелік жұмыстарымызды жүзеге асыруды бастадық. Топтағы қыздармен кеңесіп, тақырыптарды жұп₋жұппен бөліп алдық. Осылайша, біз өзіміздің тәжірибелік жұмысымызды бастап кеттік.

11. 02. 21

Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. «Клондау» ұғымы.

Мұғаліммен келісіп алғанымыздай, 11. 02. 21 күні ең алдымен мұғалімнің сабақ өту барысын, бағалау әдісін бақыладық. Жаңа тақырып: «Плазмиданың қасиеттері және олардың генетикалық клондауда қолданылуы. Клондау ұғымы» болды. Осылайша, біз жаңа тақырып барысында, плазмиданың қасиеттері мен олардың генетикалық клондауда қалай қолданылатынын және клондау ұғымы туралы, оның қалай жүзеге асатыны жайлы өзімізге көптеген қажетті, маңызды ақпараттар ала алдық. Мұғалімнің өзіндік сабақ ерекшелігін бақылай отырып, болашақта өзімізге қажет болар мәліметтерді алдық. Оқушылар да өздерінің осал емес екендіктерін байқатып, сабаққа қызығушылықпен қарап, қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырды.

15. 02. 21

«Микроклонды көбею» ұғымы. Өсімдіктерді микроклонды көбейтудің кезеңдері мен әдістері. Маңызы.

Бұл күні мен және группаласым Оңғалиева Жұлдызбен бірге микроклондау жайлы тақырыпты түсіндіруді қолға алдық. Ең алдымен оқушылармен амандасып, өзімізді таныстыра отырып, сергіту сәтін өткіздік. Содан кейін, алдыңғы сабақта өткен тақырыпты еске түсіру үшін, оқушыларға бірнеше сұрақ қойдық. Олар өте белсенді түрде жауап берді, және өз ойларынша түсінгендерін бізге жеткізе алды. Жаңа сабақты слайд түрінде, кезектесе отыра түсіндіріп өткіздік. Сабақты бекіту мақсатында, кері байланыс ретінде оқушыларға «3 сөз» әдісін қолдандық. Яғни, олар бүгінгі сабақ бойынша естерінде қалған 3 термин сөзді айтулары қажет. Сабақ соңында, бүгінгі өткен тақырып бойынша толықтай бір шолу жасап, қорытындылап, бекіттік. Мектептегі жетекшіміз біз түсіндірген сабақты одан әрі толықтыра өтті. Сонымен қатар, ол бізге өзінің ақыл-кеңестерін айтты. Осылайша сабақ өз мәресіне жетті. Осы орайда, оқушыларға сабақ түсіндіру - бұл, өз алдына бір қиындық, және үлкен жауапкершілікті талап ететінін түсіндім. Термин сөздерді барынша жеңіл жолмен түсіндіру қажет екенін ұқтым. Жалпы өзіме оқушыларға сабақ түсіндіріп, олармен бірге жұмыс жасау ұнады.

17. 02. 21

Ферменттер. Ферменттердің медицинада, химияда, өнеркәсіпте қолданылуы

Ферменттер тақырыбына топ студенттерінен Мұхадінова Еркемай, Оразбекқызы Гүлдана, және Жұбатырова Назерке дайындалды. Олар оқушыларға өздерін таныстыра өтіп, сабақты бастады. Сабақ басталар сәтінде өздерінің қызықты видеоларымен бөлісті. Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлай білді. Қызықты сергіту сәтін жүргізді. Сабақты жақсылап түсіндіріп, оқушылармен кері байланыс жасап отырды. Сондай-ақ, жетекшінің толықтырулары қосылып, тақырып өте қызықты өтті. Жетекші студенттерге сабақты толықтай қамтығанын айтып, оларға өзінің мақтау сөздерін жеткізді. Бізге олар қолданған әдіс-тәсілдер ұнап, өздерімізге алдағы уақытта керек болар мәліметтерді түртіп алдық.

18. 02. 21

Электромагниттік және дыбыс толқындарының адам организміне әсер ету ерекшеліктері

Тәжірибелік жұмыстың алтыншы күні. Группаластарым Хожагулова Гаухар мен Досанова Айтеңге өздері алған тақырып бойынша, өз жұмыстарын ұсынды. Оқушылармен амандасып, жақынырақ танысып, әр түрлі сергіту жаттығуларымен сабақты бастады. Олар өткен тақырыпты қорытындылау мақсатында, кішкентай доп арқылы оқушыларға «Сұраққа толы доп» ойынын ойнатты. Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты, бір-біріне әр түрлі сұрақтар қойды. Осылайша, оқушылардың арасында көңілді атмосфера пайда болды. Содан соң, тақырыпқа сай, электромагниттік және дыбыс толқындары туралы видеороликті көрсетіп, сол арқылы олардың адам өміріне қалай әсер ететінін жеткізе білді. Оның қауіпті, қауіпсіз тұстарын мысалдар келтіру арқылы көрсетті. Сонымен қатар, өздерінің жасаған слайдтары арқылы сабақты толыққанды түрде аша түсті. Осылайша, сабақ соңында тақырыпты қорытындылап, оқушыларға кері байланыс ретінде «БББ» әдісін қолданды.

22. 02. 21

«Эпигенетика» ұғымы. Эпигенетика туралы жалпы түсініктер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Жалпы биология курсынан сыныптан тыс оқу
Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі
Биологияны оқыту әдістемесі түсінігі
Дүниетану және жаратылыстану пәндеріндегі бөлімшелердің мазмұндық ерекшелігі
Биологиядан сабақтан тыс жұмыстар
Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеті
Биология сабағында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz