Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Мектептегі музыка сабағы және оның ерекшеліктері.
Жоспар:
1.Музыка өнері халық тарихының шежіресі.
2.Музыка сабағының бастауыш сынып үшін маңызы.

Өнер-халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнер де адам өмірінің сан ғасырлық тарихынан алуан түрлі сыр шертеді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы ұлттық өнер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасты. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
Бабаларымыз көшпелі өмір салты кезінің өзінде-ақ балалардың музыкалық және эстетикалық тәрбиесіне зор көңіл бөлген. Кешқұрын киіз үйге жиналып, қосылып ән айтып, күй тарту үрдісін өнер мектебі деуге болады. Музыкалық тәрбиені ақын-жыршы, сал-сері, күйшілер жүргізген. Өнерпаз тұлғалардың ел алдында өнер көрсетуі балалардың музыкаға деген қызығушылығын оятып отырған.
Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский Өнер - өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал -деп тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығаруда музыка пәнінің маңызы зор. Өйткені Музыка ырғағы кез келген оқушының сана түйсігі арқылы ойлау, қиялдау, елестету сынды психологиялық үдерістерді дамытуына өз септігін тигізері хақ.
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Осы мәселелерді қайта жандандыру мақсатында оқушыларды қабілетіне қарай - жыраулық өнерге, терме айтуға, шешендікке тапқырлыққа, айтыс өнеріне үйретуде - ән-саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады.
Бастауыш мектеп оқушыларының білім алуында ерекше орын алатын пән музыка өнері болып табылады. Өйткені, әдемілік пен көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады. Адамның қоршаған ортасы неғұрлым көркем болса, соның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен өмір шабытын тудырады. Осы аталған әдемілік пен әсемдік әлемінен сыр шертетін әуезді ән өнері, кез-келген оқушының пәнге, сабаққа, өнерге деген қызығушылығын арттырып, көркемдік ой-өрісін дамытып, сұлулық әлемінен тәлім-тәрбие алуына септігін тигізетін ғылым саласының бірі. Сонымен қатар, ән-саз өнері оқушылардың рухани дүниетанымын молайтып, өнер құндылықтарын бағалай білуге де септігін тигізері хақ. Ән-саз өнеріне ден қойған оқушының бойында қатыгездік, тәртіпсіздік, бұзақылық сияқты келеңсіз қасиеттер кездесе бермейді. Өйткені оқушыны сезімталдыққа баулиды. Осы негізде ән-саз өнерінің салаларын жеке-жеке зерттеп, оқыту мәселелерін қарастыруымыз қажет. Зерттеу жұмысымыз өнердің соның ішінде ән-саз өнерінің жекелеген түрлерін зерттеп, олардың бір-бірімен байланысын, ерекшеліктерін, заңдылықтарын егжей тегжейлі даралап, салаларға бөліп ажыратып оны оқушылардың бойына сіңіру қажет деп тұжырымдауға негіз болды.
Музыка пәні сабақтарының негізгі мақсаттары мынадай:
Оқушыларға әндер үйретіп, оларды дұрыс айта білуге үйрету;
Музыка әуенін өзінше талдап, тыңдай білуге үйрету;
Ноталық жазудың бастапқы қағидаларын үйретіп, нотамен ән айтуға баулу;
Белгілі бір музыкалық аспапты меңгеру, жаттықтыру.
Балаларға музыканы оқытудың тағы да атап өтерлік тиімді жақтары баланың көркемдік әлемге деген ынтасын ояту, қызықтыру, оқушыда әуен-сазынан көркем бейне таба білу сияқты мақсаттардан көрінеді.
Ұстаздың белгілі бір ән-күй, шығармаға деген өзіндік көзқарасының болуы және оны бейнелі сөзбен, іс-әрекет, көркем қимылмен көрсете білуі сезімге әсер ету әдістемесі деп аталып, ол оқушы қабілетінің артуына игі әсерін тигізеді. Үлгі көрсету, жаттығулар көрсету ән-күй сабағына деген қызығушылықты оятады.
Мектепте үйренетін ән-күйлерге қойылатын талаптар:
Әндердің жоғары көркемдігі, еркін орындалу мүмкіндігі қаралады;
Әндердің орындалу мүмкіндігін алдын ала тексеріп алу, қиындық туғызатын тұстарын меңгеру әдісін анықтап алу;
Үйренетін әнге қызығушылық тудыратын әңгіме айту, оқушы қиялын ұштау;
Ән-күйді тыңдау және айтып беру немесе ойнап көрсету;
Ән-күймен танысқаннан кейін өткізілетін әңгіме-кеңес. Онда шығарманың мінезін анықтау:
Көркемдік және техникалық қағидаларды сақтай отырып, әнді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық сауат
Музыканы оқытудың әдістері
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Музыка сабағы - өнер сабағы
Музыка сабағының ерекшелігі, Музыка сабағын ұйымдастыру, оның құрылымы, мазмұны, Басқа пәндерден айырмашылығы неде
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Бастауыш және орта сынып оқушыларының психология - педагогикалық сипаттары
Пәндер