Мектептегі гимнастиканың теориялық және әдістемелік негіздері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті
«Білім беру мектебі» факультеті
5В010800-«Дене шынықтыру және спорт»
мамандығы
БОӨЖ 1
Пән: Мектептегі гимнастиканың теориялық және әдістемелік негіздері
Орындаған: ФКС-19-3 тобының студенті Қияш Бейбарыс
Тексерген: «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы Қ. Т. Қыстаубаева
Ақтау, 2021
Жалпы дене шынықтырудың адам өмірінде алатын орны ерекше. Дене шынықтыру жалпы адамның рухани қажеттіліктерін толықтыруы керек. Гимнастиканы мен дене тәрбиесі жүйесінің негізі деп білемін. Өз сөзіммен айтатын болсам, гимнастика деген белгілі бір жаттығулардан тұратын, және де адамзат баласының денсаулығын нығайту үшін және дене сымбаты жақсы дамуы үшін қолданылатын жаттығулар жиынтығы болып табылады. Гимнастика әлемдегі ең танымал спорт түрлерінің бірі болып табылады.
Жалпы гимнастика XVIII-XIX ғасырларда пайда болған екен. Гимнастикалық жаттығуларды орындайтын жабдықтар болады, олар:турник, кольцоның яғни шығыршықтың көмегімен орындалатын жаттығулар, брусья. Гимнастикалық жаттығуларды «дене шынықтыру құралы» - деп ең алғаш түсінген ол- швециялық дрігер П. Линга деген кісі. Ол кісі гигиеналық гимнастиканың жаттығуларына арналған, ол қазірдің өзінде бізге таныс «шведтік қабырға» - деген құралды ойлап тапқан екен, және де оны кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Халықаралық гимнастика федерациясы осыдан жүз жыл бұрын ұйымдасқан, және оның құамында қазір 111-ден астам мүшелері бар.
Гимнастика бұл тек қана спортшылардың үлесі ғана емес гимнастика ол адам өмірінің жалғасы бола білген жаттығу түрі болып табылады. «Гимнастика менің өмірімді сақтады» деген кітабында Н. А. Морозов «Мен өз өмірімде гимнастикаға борыштармын, себебі, ол маған қимыл-қозғалысты сыйлады, жаттығуы арқылы өмірді сүюді үйретті» - дейді. Жалпы гимнастиканың бірнеше түрі белгілі: спорттық гимнастика, көркем гимнастика, эстетикалық гимнастика, командалық гимнастика, цирк гимнастикасы бар, акробатикалық гимнастика және де воркаут бар. Воркаутты мен кәсіби емес гимнастика деп түсінемін.
18 ғасырда гимнастиканың екі бағыты пада болған екен. 18-19 ғасырларда гигиеналық және педагогикалық гимнастиканың дамуы үшін белгілі ағартушылар Жан-Жак Руссо және И. Песталоцци сол жолда аянбай еңбек етті. Жан-Жак Руссо тәнді нығату және шынықтыру - адам күш-қуаты мен мүмкіндіктерін аттырудың ең маңызды шарттары деп есептеген. Мен Жан-Жак Руссоның пікіріне толық келісемін. Ал Песталоццидың пікірінше, тәрбиелеудің басты мақсаты - бала бойындағы күш пен мүмкіндіктерді дамыту болып табылады, бірақ бұл мүмкіндіктерді жаттықтыру қажет, өйткені олар бала бойында тек бастама күйінде қалып қояды деп түсіндірген екен.
Және де Филантропиндердегі дене тәрбиесінің ең танымал жетекшілері Фит және де Гутс-мутс болды. Фит гимнастиканың белгілі-белгілі барлық дене жаттығуларын пайдаланып көрді. Бірақ Фит гимнастиканың аяқталған жүйесін құрған жоқ. Фиттің еңбектерінің ішіндегі ең бағалы тұстары болып гимнастика жаттығуларының техникасы және әдістемелік нұсқаулықтары болды.
Гутс-мутс Фит сияқты, көптеген гимнастикалық жаттығулардың, оларды атап айтқанда, жабдықтардың көмегімен орындалатын жаттығулардың техникасын жасақтады. Гутс-Мутс жаттығуларда қозғалыс формасына өте көп назар аударды. Мысалы ол, екі тізенің арасына қыстырылған тасты түсіріп алмау үшін аяқтарды қабыстыра секіруді ұсынған болатын.
Гимнастиканың 19 ғасырдың алғашқы жартысында үш негізгі ұлттық жүйесі пайда болған болатын. Олар: неміс, швед және француз жүйелері. Ал басқа елдер осы жүйелерді пайдаланды әрине немесе осы жүйелердің негізінде құрылды.
Қорытындылай кетсем, жалпы гимнастиканың адам денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Гимнастикамен айналысуымыз қажет. Гинастика ең көп тараған спорт түрі. Адам баласына берер пайдасы өте зор. Қазақстанда гимнастика қарқынды дамыса ғой деймін әрине, ол үшін бәріміз ат салысыуымыз қажет!!!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz