Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы экономикалық реформалар. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы экономикалық реформалар. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалардың аяқталмауы.
Бұл шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп, экономикадағы хал-ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар калыптастырды. Мұндай қажеттілік 60-жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты экономикалық және ғылыми әлеуетке ие болған кезде пісіп-жетілді. Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі болды. Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның жетістіктеріне сүйенген ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың кажеттігін көрсетті.Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас Сүлейменов Адамға табын, Жер, енді! атты поэмасын жазды.Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы емлекеттік ғылыми-техникалық Комитет республиканың Мемлекеттік Жоспарлау комитетімен (Госплан) бірге өнеркәсіп салаларында жаңа техниканы енгізу жоспарын жасады. Жаңа техниканы еңгізу жоспарлары әрбір кәсіпорында да түзілді.Асығыс түрде техникалық прогреске жәрдем- десу жөніндегі арнайы комиссиялар құрыла бастады. Олар өндірістік процестерді механикаландыру мен автоматтандыру жоспарларының орындалуын бақылауға тиіс еді. Осы мақсаттар үшін ғылыми-техникалық коғамдар, конструкторлық бюролар, өндірістік кеңестер құрыла бастады. Өнертапқыштар мен жаңашылдар жұмысы серпінділік алды. Олардың қызметін жаңдандыру үшін сыйақы қоры құрылды.Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бірі - өндірісті электрлендіру деп танылды. Жұмыс істей бастаған Қарағандының 2-ГРЭС-і мен Бұқтырма СЭС-тері жоғарғы техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленді. Ұзындығы 45 мың км-ден астам электр тасымалдаудын, жоғары қуатты желілері республиканы барлық бағыттар бойынша көктей қиып өтті. Салаларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру көмір өнеркөсібінде де енгізілді. Көмір өндірудің барлық процестері негізінен механикаландырылды. Қондырғыларды автоматтандыру Қарағандыкөмір комбинатында 2700 адамды босату мен комбинат бойынша еңбек өнімділігін 6% арттыруға мүмкіндік берді. Екібастұз көмір кесіндісі ірі кен өндіретін кәсіпорынға айналды. Мұнда көмір әндіру ашық әдіспен жүзеге асырылып, жұмысқа қуатты экскаваторлар пайдаланылды.
М.И.Калинин атындағы Шымкент ұсталық-сығымдау (пресс) қондырғылары зауытының, жұмыс технологиясы жақсартылды. Озық технологиялық процестерді дайындау мен оны өндіріске еңгізу үшін 1965 жылы Ащысай полиметалл комбинаты жұмысшылары мен республика ғалымдарының үлкен бір тобына Лениндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Мұнай өндіру, мұнай өңдеу, іздестіру-барлау жұмыстарының технологиясы тұтастай өзгерді. Техникалық прогресс өнеркәсіптің басқа салаларын да қамтыды.
1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді. 1966 ж. басталған экономикалық реформа бастапқы кезде экономикалық дамуға белгілі дәрежеде серпін берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басына дейін жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесі бойынша Қазақстандық 1578 кәсіпорын немесе олардың жалпы санының 84 проц.жұмыс істеді. Жоспар сегізінші бесжылдыңтың негізгі көрсеткіштері бойынша орындалды: өнеркәсіптің жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 56, ауыл шаруашылығың жалпы өнімі 52 проц.артты. Өнеркәсіптің барлық саласы тиімді жұмыс істеді. Бірақ белгілі жәрежедегі радикализмге қарамай, экономикалық реформаның бірінші қаламынан бастап-ақ оның жүйесіздігі, жартыкештігі көрініп тұрды. Тоталитарлық жүйе оның өмір сүріп отырған экономикалық құрылымының шеңберінен шығуына жол бермеді, бұл құрылым өз дамуында тауарсыз социализмнің үстемдік құрып отырған лепірмесінің құрсауында болатын. Реформаның сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі саяси саладағы демократияландыру процесінің тежелуі болды. Ол тек экономикалық ұйымдық-техникалық саласымен ғана шектеліп, қоғамның саяси құрылымына, меншік қатынасына соқпады, бюрократияның тірегі - мемлекеттік меншіктің монополиясын сақтады, нарықтық қатынастарды теріске шығарды. Брежнев пен оның төңірегіндегілер реформа негізінде экономиканы терең қайта құруға қарсы болды, олар экономиканың қызметіндегі әкімшілік жүйелеріне қол сұғуға болмайтындығын сақтауға тырысты.70-ж басында реформаны жүргізу тоқтатылды. Сол жылдары әлі де шаруашылықты жүргізу, жоспарлау мен ынталандыру механизмдерін жақсартуға әлденеше рет талпыныс жасалғанымен мұның өзі тиісті нәтиже бермеді. Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыру қолдан келмеді. Теріс құбылыстар көбейе берді, қор қайтымы төмендеді, жаңа өндірістік қуаттар шабан игерілді, экономикалық қызметтің ысырапшылық сипаты күшейді, бұрынғыша экономиканың дамуын экстенсивті факторлар белгіледі.

70-жылдардың екінші жартысы - XX ғасырдың 80-жылдардың бірінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қайшылықтары мен қиындықтары.
70жылдардың басында бұрынғыдай социализмнен коммунизмге өту туралы территориялық идея басым болды.Бұл жайлы 1967 жылы қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған сөзінде Л.И.Брежнев мәлімдеді.1977 жылы 7 қазанда КСРО Конституциясы қабылданды.Конституцияда қияли болжамдар көп болды. Коммунизмге өтер жол мәселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.1978 жылы 20 сәуірде Қазақ КСР-інің конституциясы қабылданды. Бұл Кеңестік жүйедегі Қазақстанның соңғы Конституциясы болды. Бұл Конституциясында да демократияны шектеу, адам құқығын елемеу т.с. қоғамға жат құбылыстар орын алды. Ұлтаралық қатынастарда да келеңсіз жағдайлар көбейді. Республикада орыс тілі ұлы тіл ретінде дәріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.1979 жылы КОК ПК - ы Қазақстан жерінде неміс автономиялық облысын құру туралы шешім қабылдады. Автономиялық облыстың құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Кокшетау облыстарының бірнеше аудандары кіруге тиіс болды. Жоспар бойынша автономиялық облыс орталығы Ерейментау қаласында орналасатын болды.Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылын, оған КОКП ОК-ының хатшысы А.Коркин торағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі болды.1979 жылы 16 маусымда Ақмола қаласындағы Ленин алаңына қазақ жерінде неміс автономиясын құруға наразы болған жастар жиналды. Неміс автономиясына жол жоқ! Қазақстан бөлінбейді! деген жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрымайтынына жастарды сендірді.70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартасында партияның жоғары орындарында сөз бен істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу еді. Өйткені , оны басшы органдарында отырғандардың өздерінің орындауы міндетті болмады, талап тек қана төменгі буындағыларға бағытталды. Ішкі партиялық жұмыстарды жақсарту мен жетілдіру жөніндегі көптеген қаулылар көзбояушылық сипат алды. Партия басшыларының қатып қалған жаттандылық және дүмшелік пен цифрлардан, алуан түрлі есеп құрастырудан басқа ешнәрсе талап етілмеді.Партия беделі барған сайын құлдырай бастады.Сонымен Қазақстан президенті Н.А.Назарбаев айтқандай, тоқырау өмірдің барлық салаларында: идеология да, адамдар арасындағы қарым-қатынаста да, орын алды. Брежневтің жеке басына табыну етек алған жағдайда, әсіресе, жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың бас кезінде ол барған сайын күшейе түсті.1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. Женіл өнеркәсіптер қатары өсті: Теміртау, Жамбыл қалаларында азық-түлік өнеркәсібі, Алматыда мақта-мата өнеркәсібі, Семейде трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда170ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды.Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы - 97, ал 1985 жылы - 610 дейін өсті.Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:
- КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді.
- Мемлекетттік - монополистік меншік ҒТП - ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді.
- Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді.
Өндіріс саласындағы кемшіліктер :
- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.
- Республика өндірісінде -көмірдің 50-60%-ы;
мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген.
- Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды.
- Кәсіпорындар құқы шектелді.
- Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.
- Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.

XX ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ жастарының ұлттық сана - сезімін көтерудегі бейресми студенттік үйірмелердің рөлі (Жас Тұлпар).
Жас тұлпар ұйымы бұқара халықпен тығыз байланыс жасауының арқасында ел сеніміне ие болды. Жастұлпарлықтар ары үшін арпалысатын, елі үшін жан қия алатын қазақтың балаларының әлі де бар екенін дәлелдеді. Әрине, олар социалистік идеямен уланған қалың ұйқыдағы, күнкөрістің күйбеңімен көлеңкеге айналған көпшіліктің есін жинатқызу оңайға түспейтінін білді. Әлемді қаптап тұншықтырып тұрған социалистік идеядағы мемлекеттік жүйені бірден қирата алмады. Бұл мүмкін де емес еді. Бірақ өз елі, өз жерінде тұрып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптің даму қарқыны
60-жылдардың екінші жартысында қазақстан дамуында болған өзгерістер
Жогарғы партиялық басқару жүйесіндегі өзгерістер
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Қазақ әдебиеті. Хрущевтың реформасы және оның Қазақстанға әсері. 1965 жылғы экономикалық реформа және оның аяқталмауы
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Инженер - техникалық интеллигенцияның өнертапқыштық
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Соғыстан кейінгі КСРО ның әлеуметтік-экономикасының дамуы
Пәндер