ҒЫЛЫМИ ЖОБА. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАРАПАЙЫМ ЕСЕПТЕУЛЕРДІ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
Байет жалпы орта білім беретін мектеп КММ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАРАПАЙЫМ ЕСЕПТЕУЛЕРДІ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУ

Бағыты: жаратылыстану
Секция: Қолданбалы математика

Жоба авторы: 8 сынып оқушысы Жолбарыс Дариға
Жетекшісі: математика пәні мұғалімі Журдикан Алмагул

Екібастұз- 2020 жыл

ПІКІР

Жоба мақсаты мен міндеті айқындалған кіріспе бөлімнен, қаржы сауаттылықты арттыру мақсатында жинақталған алты тараудан тұратын теориялық бөлімнен, оқушының өзіне ыңғайлы етіп таңдап алған бизнес саласын зерттеуін көрсеткен тәжірибелік бөлімнен тұрады. Аталған ғылыми жобада оқушы тақырыптың өзектілігін, жұмыс жазу барысында алға қойған мақсаты мен міндеттерін атап өтеді. Оқушы математикалық есептерге қатысты жазылған ғылыми теориялық әдебиеттермен танысып шыққан. Оқушы алдымен математиканы пайдалана отырып, бизнес жүргізгенде қандай маңыздылығы бар екеніне түсінік бере кетеді. Жұмыстың тарауында әрбір тақырыптан соң бизнеске қатысты математикалық есептерге сілтеме жасалады.
Теориялық бөлімінде біріншіден бизнес ұғымына талдау жасалған. Қаржылық математика, капитал, кіріс, пайыз, несие, депозит туралы түсінік беріліп математикалық есептермен дәлелдеу жасап отырылған.
Тәжірибелік бөлімде өзі ұнататын бизнес саласын таңдап, айлық кіріс шығысына зерттеу жүргізіп бизнестің бұл саласына математикалық есептеулер жүргізіп, математиканың рөлін айқындаған.
Қорытынды бөлімінде жалпы зерттеу барысында айтқысы келген ойларын жинақтап айқын көрсете білген. Адамның өміріндегі математиканың алар орнын, дұрыс жүргізілген математикалық есептеулер нәтижесінде бизнестің даму нәтижесін көрсете білген.
Дариға тақырыпты толық ашуға әрекет еткен. Тұжырым, дәлелдемелері ғылыми негізде тиянақталған. Зерттеу жұмысы талабына сай жазылған және өзіндік пікірі бар.

Ғылыми жетекшісі,
математика пәні мұғалімі Журдикан А.

Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты: тәжірибеде қаржылық математиканың негізгі ұғымдар мен әдістерін қолдануды енгізу және ғылыми тұрғысынан математикалық есептеулерді қолдана отырып бизнесті дамыту жолдарын қарастыру.
Гипотезасы: бизнес және математика қарым-қатынасын зерттеу, талдау жасау, деректер жинау
Зерттеу кезеңдері:
Ғылыми жоба - кіріспеден, негізгі бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Ғылыми жобаның орындалу әдісі:
Ғылыми - әдеби оқулықтарды пайдалана отырып ізденіс жасау, зерттеулер жүргізу, мамандардан кеңес алу.
Зерттеудің жаңалығы және дербестік дәрежесі: Бизнес саласында математикалық есептеулердің қолданылуын көрсету
Жұмыстың нәтижесі және қортындысы: Дұрыс жүргізілген есептеулер мен зерттеулер нәтижесінде шағын бизнестің дамуы оң нәтижесін берді
Нәтижелерді практикада қолдану салалары: Бизнес салалар

Аннотации
Цель исследования: внедрение в практику основных понятий и методов финансовой математики и способов развития бизнеса с помощью математических расчетов с научной точки зрения
Гипотеза: изучение, анализ, сбор данных о взаимосвязи бизнеса и математики.
Этапы исследования:
Исследовательский проект состоит из введения, основной части, заключения, списка использованной литературы.
Метод реализации проекта:
Исследования, проведение исследований с использованием научных и литературных учебников, консультации экспертов.
Новизна и степень независимости исследования: демонстрация использования математических расчетов в бизнесе.
Результаты и выводы: В результате правильных расчетов и исследований развитие малого бизнеса дало положительные результаты.
Области применения результатов на практике: Направление бизнеса

Annotation
The purpose of the research: the introduction of the basic concepts and methods of financial mathematics in practice and ways to develop business using mathematical calculations from a scientific point of view
Hypothesis: study, analysis, data collection of the relationship between business and mathematics
Stages of research:
The research project consists of an introduction, main part, conclusion, list of references.
Method of project implementation:
Research, conducting research using scientific and literary textbooks, consulting experts.
Novelty and degree of independence of the study: Demonstration of the use of mathematical calculations in business
Results and conclusions: As a result of proper calculations and research, the development of small business has yielded positive results
Areas of application of the results in practice: Areas of business

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-10
I тарау. Математика - бизнестің маңызды бөлігі
0.1 Қаржылық математика кімге қажет болып табылады? ... ... ... 11
0.2 Бизнес жүрегіндегі кілт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
0.3 Зерттеу деңгейлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12-13
II тарау. Капитал
2.1. Капитал туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Қайтарым деңгейі мен табыс ағынды бағалау есебі ... ... ... ... ... ... 13-14
III тарау. Пайыз
3.1. Пайыз туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
3.2 Қарапайым пайыздар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-15
3.3 Күрделі пайыздар сипаты және пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... 15-16
IV тарау. Инфляция , номиналды және нақты пайыздық мөлшерлемелер
4.1Инфлияция ұғымына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4.2 Номиналды және нақты пайыздық мөлшерлемелер ... ... ... ... ... .. ... 16-17
4.3 Кім инфляция кезінде кім жеңіледі және кім оны пайдаланады...17
V тарау. Кіріс
5.1 Кіріс түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17-18
5.2 Тиімді пайыздық мөлшерлемелер тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. 18
VI тарау. Несие
6.1 Қандай несие таңдау керек? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
6.2 Кіріс пен тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19-22
Тәжірибе бөлімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолдауында шағын және орта бизнес - XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы, деп атап көрсетіп, ел экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түсетіндігіне және оған мол мүмкіндіктердің бар екендігін атап өткен жолдауларын теледидардан естіп, әлеуметтік желілерден оқып танысқан соң, мектеп қабырғасында бизнес саласын зерттеп, болашақта еліміздегі осы салаға өз үлесімді қосып, зерттеуге қызығушылық таныттым. Сонымен қатар айналысқан ісің алға басу үшін дұрыс есептеулер мен тәуекелдер, алға қоятын мақсаттар айқын болу керек дегенді ұстанып, табысқа жету үшін жобама қойылатын мақсат міндеттерді айқындадым.
Жобаны зерттеу барысында тәжірибеде қаржылық математиканың негізгі ұғымдар мен әдістерін қолдануды енгізу және ғылыми тұрғысынан математикалық есептеулерді қолдана отырып бизнесті дамыту жолдарын қарастыруды мақсат етіп қоя отырып, келесі міндеттерді орындадым:
Шағын бизнес және математика қарым-қатынасын терең зерттеу.
Зерттеу нәтижесін талдау.
Жоба жазу
Тәжірибеде қолдану.
Жұмыстың жүру тәртібі:
1. Жұмысты бастамас бұрын бизнес-жоспарларды қалай құрайтындары,
қандай түрде жазылатынын ескерілді. Маркетинг, менеджмент т.б. бизнеске қатысты ұғымдармен таныстық.
2. Зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті әдістемелермен танысу үшін
қажетті мағлұматтар жинақталды.
3. Әдістемелерді пайдалана отырып бизнеске қатысты математиқалық
есептерді іздестіріп, математика бизнеске қалай көмектесетінін зерттеді.
Кіріспе бөлімінде Қазақстан Республикасынын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің шағын және орта бизнесті қолдау жайлы нұсқаулығы қарастырылды.
Негізгі бөлімінде сарапшыларға, маркетологтарға, менеджерлерге, инвесторларға математика заңдары бизнес өмірінде маңызды роль атқаратыны жайлы зерттеу жұмыстары жазылған.
Жұмысты қортындылай келе оңай өзекті мәселелерді шешуге немесе табыстың жолында қиын кедергілерді еңсеруге болатынын математиканың қарапайым теориясын білу жеткілікті екендігіне көз жеткізілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ. МАТЕМАТИКА - БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛІГІ
3.1. Қаржылық математика кімге қажет болып табылады?
Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтін түрі. Бизнес сөзінің мағынасы Америка Құрама Штатынан шыққан сөз - іс деген мағынаны білдіреді. Ал ағылшын тілінен аударғандағы мағынасы - жұмыс.
Біріншіден қаржылық математика үғымына тоқталайық.
Қаржылық математика - бизнестің кішігірім бір бөлігі болып табылады , бірақ өте ауқымды және қолданысты.
Қаржылық математика - коммерциялық және қаржылық операциялардың параметрлерін зерттейді.
Қаржылық математика кімге қажет болып табылады? деген сұраққа: өздерінің бизнестерін өткені мен болашағын талдайтын менеджерларға, білікті жұмысшыларды жалдау мүмкіндігі жоқ, шағын және орта кәсіпкерлерге, бухгалтерлерге және экономистерге. Сонымен қатар кез келген тұлғаның қаржылық сауаттылығы болуы керек.
Мысалы: Жылына 1000 % қанша есе артық?. Шешімі: 100% +1000% = 1100%, 1100% 100% = 11. Сонда салынған капитал 11 есе өседі дегеніміз.
Инфляция 140% құраса, онда бағалар қанша есе өседі?. Жауабы - 2,4 есе өседі (140% +100%)100% = 2.4) [1].
3.2. Бизнес жүрегіндегі кілт
Қаржылық математика - сондай-ақ бизнестегі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі ол бизнестің мәнін түсіну кілті болып табылады.
Сіз қаржылық математиканы меңгеру үшін - геометриялық прогрессияны шешу жолын, дәрежелік функцияны, пропорцияны, пайыздық және сирек жағдайларда логарифмдік есептеулерді, теңдеулер жүйесін шешу жолдарын білу керексіз.
Қаржылық математика төлем схемаларды және сыйақыны есептеу ережелерін зерттейді. Ол Қандай ықтимал қаржылық операцияларға неғұрлым тиімді? деген сұраққа объективті жауап береді.
Мысалы: Салымшы банктен бір жылдан кейін, өзінің жинақ пайыздық ақшасын 15000 тг алды. Соған 85000 тг қосып, ақшаларын тағы бір жылға қалдырды. Сонда екінші жылдың аяғында салымы 420000 болды. Бастапқыда теңгемен қанша сома негізделген және банктің сомасы неше пайызбен берілген?
(Шешімі: бастапқы сомасы - 300000 тг, банк пайызы - 5%)
Егер несие схемасы немесе басқа мәмілі қарапайым болып табылса, жақсы. Бірақ шығындар мен кірістер ағындары тұрақты емес кезде , неғұрлым күрделі жағдайларда, кірістілікті өлшеу қалай болады?
Менің міндетім табыстылығын есептеу жолын көрсету үшін ғана емес, сондай-ақ тәжірибелік ұсыныстар, экономикалық мағынасына талдау жасауға және алынған нәтижелерге нұсқаулар беру.
3.3. Зерттеу деңгейлері
Қаржылық математиканы зерттеудің 3 деңгейі бар.
1. Сипаттама деңгейі
2. Аналитикалық деңгей
3. Ғылыми-зерттеу деңгейі
1. Сипаттама деңгейі - осы деңгейде формулалар мен алгоритмдеріге
дәлелдеусіз беріледі. Есептеулер шамамен формула бойынша барынша жеңілдетіледі. Капиталдың басты ерекшелігі - пайыздық мөлшерлемелерді әкелуге қабілетті болып табылады.
2. Аналитикалық деңгей - осы деңгейде формулалар дәлелденеді.
Сипаттамасы дерексіз және жалпы түрде құрылады. Есептер тұжырымдамалап беріледі.
3. Ғылыми-зерттеу деңгейі - осы деңгейде жаңа қаржы құралдарын
талдайды және кеңес проблемаларын талқылайды. Бұл деңгей инфляция әсерін ғана талқыламай, сонымен қатар қорытындысын береді.
II ТАРАУ. КАПИТАЛ
2.1. Капитал туралы жалпы түсінік
Капитал - қанша ақша бизнеске салғаның емес, канша ақша пайда алғаның. Осының бәрін бағалау үшін математикалық сауаттылық және экономикалық ойлау қабілетің болу керек.
2.2 Қайтарым деңгейі мен табыс ағынды бағалау есебі
Пайда әкелетін зат капитал болса, онда құрылыс жабдықтармен ғимараттар, табиғат ресурстар, қаржы капиталдар да (құнды қағаздар, банктегі ақшалар т.б) капитал болып саналады.
Капиталдың басты ерекшелігі - пайыздық табыс әкелуге қабілетті болып табылады.
Мысал: Жылдың қорытындысы бойынша компания 16 млн $ пайда көрді. Компанияның басқармасы шешім қабылдады : акционерлерге дивидентер төлеу үшін көрген пайданың 25% бөліп беруге шешті. Әрбір акциялар 1000 $ - ға бағаланатын 8000 акция акционерлерге тиесілі екендігі белгілі. Компанияның акционерлеріне әрбір акциясына қанша сома дивидент түседі?.
Шешімі: 16 млн *25 : 100 = 4млн - әрбір акционер алады; әрбір акциясынан 4 млн : 8000 = 500$ түседі.
III ТАРАУ. ПАЙЫЗ
3.1. Пайыз туралы түсінік
Пайыз - толық санның жүзден бір бөлігі. Пайыздың біздің қоғамдық ортада және математика әлемінде кеңірек қолданылатыны белгілі. Себебі есептердің көп бөлігі пайыз есебінде шығарылады. Пайыз- экономикада математикалық әдістер көмегі арқылы жүзеге асады: көбінесе инфляцияны есептегенде, акция бағасының өсімімен сұраныстың көрсеткішін есептегенде қолданылады. Бизнес басқаруда да, күнделікті өмірде де пайыздың атқаратын рөлдері өте көп.
Пайыз - экономикалық теорияда капиталға кіріс немесе қаржылық есептеу капиталының құны болып табылады. Кез келген формада ақшалай қарыз ұсыну табыс сомасында беріледі. Мысалы: суда беру, жинақ шотына ақша салу, депозиттік сертификатты, акцияларды, облигацияларды сатып алу, несиеге сатып алу және т.б.
3.2 Қарапайым пайыздар
Математикалық тілінде қарапайым пайыздар шын мәнінде күрделі емес. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес және математика
Отанымыздағы инвестициялық жобаларды басқарудағы көрсеткіштердің деңгейін анықтау
Корпорацияның қаржылық стратегиясы мен тактикасы
Компьютерлік графиканың маңызы
Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігі
Мектепке дейінгі жастағы мектеп математика курсындағы арифметикалық амалдар
Экономикалық талдау әдістері
Қазақстан Республикасында лизингтің дамуын талдау
Инвестициялық жобаның қаржылық нәтижелерін талдау
Қазіргі заманғы автоматтандырылған жобалау жүйесінде машина жасау
Пәндер