ТІЛ БІЛІМІНДЕ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ТІЛ БІЛІМІНДЕ НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Бекмаганбетова О. К.
Көкшетау қ., Ш. Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті oralsyn90@mail. ru

Соңғы онжылдықтардағы неология мәселесі бойынша жүргізілген көптеген зерттеулерге қарамастан, зерттеу объектісін нақты анықтау мәселесі маңызды міндеттердің қатарында. Кез келген типтегі инновацияны білдіру үшін көбінесе неологизм термині қолданылады. «Неологизм» сөзі алғаш рет 1735 жылы француз тілінде пайда болған. Кейін француз тілінен ағылшын тіліне «жаңа сөздерді, тілдегі инновацияларды қолдану немесе қолдану әдеті, сонымен бірге жаңа сөз немесе сөйлемше» деген мағынада енген. Әр түрлі энциклопедиялық сөздіктерде «неологизм» терминіне түрлі анықтамалар беріледі. БЭС және орыс тілінің энциклопедиясында «неологизм» дефинициясы кез келген тілде белгілі бір кезеңде пайда болған немесе кез келген мәтінде немесе сөйленімде бір рет қолданылған сөз, сөздің мағынасы немесе сөз тіркестері ретінде түсіндіріледі. Лингвистикалық терминдер сөздігінде ғалым Д. Э. Розенталь: «неологизм» термині жаңа зат белгісін немесе жаңа ұғымды атау үшін пайда болған сөз және сөз айналымы», - деп анықтама береді [1] . «Неологизм» ұғымына анықтаманы ағылшын тілінің энциклопедиясынан және «Ағылшын сөздері» атты оқу құралынан көруге болады. Энциклопедияда «неологизм» ұғымы жаңа сөз немесе көне сөздердің жаңғырған мағыналары ретінде беріледі. Кейбір лингвист ғалымдар неологизмді денотативті белгісі бойынша анықтап, бұл категорияға мәдениеттің, ғылымның, техниканың және т. б дамуымен байланысты тілде пайда болатын жаңа реалийлерді білдіретін сөздерді жатқызады. Ал Р. Ю. Намитокова, И. Б. Голуб, Н. М. Шанский неологизмге анықтама бергенде оның жаңашылдық белгісін (новизна) негізге алу керектігін айтады. Мысалы, И. Голубтың жұмыстарында «неологизм− жаңашылдық реңкі сақталған сөздер», − деп айтса [2], Н. М. Шанский: «Неологизмдер - тілімізде тілдік бірліктер ретінде пайда болған, бірақ актив сөздік қорға ене қоймаған сөздер. Тілде өз орнын таппайынша, лексиканың белсенді қорына енбейінше, жаңашылдық реңкі бар сөз ретінде қабылдануына қарай олар тек неологизм болып қала береді», − дейді [3] . Алайда, көптеген жаңа сөздер тілімізге бірден еніп, оның жаңашылдығы жоғалса, ал енді бірі тілден шыққандай болады.
Кейбір лингвистер неологизмнің сөздікке енбеуін неологизмнің жаңашылдығының критерииі ретінде ұсынады. Бірақ бұл сенімді критерий емес. Бұл критериді негізге алған жағдайда, сөздікке абайсызда енбей қалған сөздерді де, авторлар қандай да бір себептерден саналы енгізбеген сөздерді де жатқызатын болады.
Ғалым В. В. Виноградов, Г. М. Степанов жаңа сөз бірліктері деп тілде белгілі бір уақыт шегінен кейін пайда болған сөздерді атайды. Сөздің пайда болу кезеңі дәл көрсетіледі. Сонымен қатар әрбір жаңа сөздің өмір сүру деңгейі өзгеріп отыруы мүмкін: кейбір ұғымдардың атауы болып табылатын сөздер сол ұғым қолданыстан шығып қалғанда, онда олар уақыт өте келе белсенді сөздік қордан шығады. Нақты бір уақытта жаңа сөз болып саналатын сөз кейін барып пассив қорға ауысады. Сөйтіп, тіл тасымалдаушылары жаңа сөзді қанша уақыт жаңа ретінде қабылдайтындығы неологияның тағы бір мәселесі болып қала бермек.
В. И. Заботкина кез келген жаңа сөздің тілдік сана сол сөзді жаңа сөз ретінде қабылдауын тоқтатқанға дейін жаңашылдық сипаты, жаңашылдықтың уақытша коннотациясы болатынын айтады. Бірақ бұл пікірді ғылыми критерий ретінде қабылдай алмаймыз, өйткені бұл субъективті пікір. Кейбір ғалымдар пайда болған жаңа сөздің немесе сөз тіркесін неологизм екендігін анықтаудың нақты мерзімін көрсетеді. Осылайша Г. Д. Маслова жаңа сөздің пайда болу шегін ғарышты игерумен яғни, 1957 жылғы алғашқы жер серігінің іске қосылуымен байланыстырады.
К. Барнхарт сөзді жаңа лексика категориясына жатқызудың критерииі болып табылатын уақыт шегі ретінде 1963 жылды алады. Дж. Эйто «Ағылшын тілінің жаңа сөздер сөздігінде» ағылшын тілді баспасөздерде жаңа лексиканы анықтауда өткен ғасырдың 80 жылдарымен шектеледі. В. И. Заботкина «Қазіргі ағылшын тілінің жаңа лексикасы (прагматикалық аспект) » еңбегінде Барнхарт пен Берчфилдтің сөздігіне енген көптеген сөздер жаңа сөз ретінде қабылданбайтындығын айтады. Себебі ол сөздерді тіл тасымалдаушылары екі онжылдықтың шамасында қолданып келе жатқандықтан, олар жаңашылдықтың уақыт коннотациясын жоғалтқан. Нео - грек тіліндегі neos - жаңа деген сөзден шыққан күрделі сөздің бөлігі [4] . Сондықтан да неологизм - жаңа сөз не жаңа айтылым, болмаса ескі сөздің жаңа мағынасы дегенді білдіретін терминде де, неология - жаңа сөздер туралы ілім деген мағынаны білдіретін терминде де құрамдас бөлік сапасында кездеседі.
Қазақ тіл білімінде де неологизм мәселесі біршама қаралған. Ғалым Ә. Болғанбаев: «Қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен шаруашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері неологизмдер деп аталады» деген анықтама береді [5] .
Тіл білімі сөздігінде жаңа сөзге мынадай анықтама беріледі: «Неологизм (грек. neos - жаңа+iogos - сөз) - жаңа бір затты атау үшін немесе жаңа ұғымды білдіру үшін белгілі бір кезеңде пайда болған сөздер немесе сөз тіркестері. Жаңа сөз кең ауқымда қолданыла бастағаннан кейін ол неологизм болудан қалады. Байырғы сөзге жаңа мағына беру, жаңа сөздер мен кірмелер неологизмнің қайнар көзі бола алады» [6] .
Ал Ф. Оразбаева, Б. Қасым, Қ. Есенова, Г. Сағидолда, А. Қобыланова,
Ұ. Исабекова, Қ. Қасабек, Ж. Балтабаева, Қ. Мұхаммади, Р. Рахметова, Ж. Көпбаева: «Неологизмдер - бүгінгі қазақ қоғамының рухани және заттық әлеміне енген жаңалықтарды бейнелейтін, қазақ тілінің лекикалық қазынасын толықтыратын жаңа тілдік бірліктер», −деп анықтама береді [беті 7] . Сонымен қатар жаңа қолданыстарды зерттеуші ғалымдардың бірі - Қ. Қадырқұлов неологизмдерді жаңа сөз және жаңа сөз қолданыстар деп екі топқа бөледі. Бұндағы «жаңа сөздер дегеніміз - жаңа мазмұн мен жаңа формада тілімізге басқа тілден өзгеріссіз не дыбыстық өзгерістерге ұшырап енген сөздер. Жаңа сөз қолданыстар дегеніміз - жаңа мазмұны мен ескі формада немесе ескі мазмұн мен жаңа формада, басқа тілден енген сөздердің жаңаша қолданысқа түсуі» - десе, ал жеке автордың қолданысында пайда болатын сөздерге «…жаңалық сипат беру шамалы, өйткені ол сөз контекстен тыс ешқашан қолданылмауы мүмкін», - дейді [8] . Р. Сыздықтың айтуынша: «Тілдік жаңа бірліктердің ең үлкен тобы - жаңа сөздер. Олардың әдетте неологизмдер деп аталатыны белгілі. Неологизмдер жеке тұлғалар болып келеді. Олардың бір типі (түрі) «қолдан жасалған» жаңа тұлғалар, мұндай жасанды сөздер тілде бар сөзге жұрнақ, жалғау арқылы (өтіл стаж, салым вклад, салымшы вкладчик, бітімгерлер миротворцы, баспагер издатель; ауысым смена; ғаламдану, жаһандану), екі сөзді біріктіру арқылы (тұсаукесер, орамжапырақ, ақуыз, оттамыздық, орынтақ), екі үш сөзді тіркестіру арқылы (атаулы көмек, жабық есік жағдайында, тұтыну қоржыны) ; тілде бар сөздің мағынасын ауыстыру арқылы (желі интернет желісуі, қол жинау (сайлауда) ; қарымта кездесулер (спортта), сыбайлас жемқорлық, еншілес кәсіпорын, қаракөздер; сөз тұлғасын сәл өзгертіп, ықшамдап біріктіру арқылы (елтаңба, әнұран, орамжапыравқ, орама, орамдалған жапырақтар капуста) ; түпдерек (түпкі дерек) пайда болған жеке сөздер.
Неологизм - жаңа дәуірде жаңадан пайда болған сөздер болса [9], біздің әрбір жаңа кезеңдерімізде пайда болған жаңа сөздердің бәрі - орыс тілінен не сол арқылы басқа шет тілдерден енген сөздер. Октябрь революциясынан кейінгі кезде шығыс халықтары тілдерінен сөз ауысу процесі байқалмайды, яғни тоқыраған [10] . Неологизмдердің бір тармағы - жаңа сөздердің бұрын лексикалық қорымызда болмағандығын ескерсек, олардың қай тілден енгендігі жөніндегі ұғым қатар жүреді. Тілдің байырғы сөздік қорына сол тілде жаңа сөз жасап қосу - ұзақ жылдарды қамтитын құбылыс. Абай мен Мұхтардың тілінен қазақ тілінде бұрын болмаған сөздер табу қиын. Ал сөздердің мағынасын құбылта түрлендіріп, жаңа қолданысқа түсіру - тіл шеберлерінің басты ерекшілігі. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің бәрі - орыс тілді негізде енген сөздер. Олардың бір тобы үндестік заңының ықпалымен дыбыстық өзгерістерге ұшырап енсе (тарелке, бәтеңке, самаурын, сот), екінші бір тобы орыс тіліндегі түр-тұлғасын ешбір өзгеріссіз сақтап енді (колхоз, совхоз, завод, фабрика, театр) . Қазақ тілі лексикасына орыс тілінен енген сөздерді кейбір зерттеушілер 4 кезеңге бөліп қарайды. 1-кезең - ХVІІІ ғасырға дейін; 2-кезең - ХVІІІ ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін; 3-кезең - ХІХ ғасырдың екінші жартысынан Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін; 4-кезең - Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейінгі дәуірді қамтиды. Бұған қосарымыз - Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі орыс тілі арқылы жаңа сөз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілінің семантикасы
Тілдің аумақтық өзгешеліктері (диалектілер, шет тілдің нұсқалары) туралы
Қазақ бөлiмiнде оқитын студенттердiң тiлдiк санасындағы неологизмдердiң идентификациясы (психолингвистикалық талдау).
Ағылшын тіліндегі неологизмдердің аудармада берілуі (техникалық лексиканың негізінде)
Жарнама мәтінінің тілдік сипаты
Сөз жасамдық элементтері түбір сөздер
Табу мен эвфемизмдер- кез келген халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнографиялық лексика
Табу мен эвфемизмдердің әлемдік деңгейдегі зерттелу тарихына шолу
Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары
Қазіргі ағылшын тілі терминологиялық жүйесін толықтырудағы неологизимдердің рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz