ЗЕМСТВО ЖӘНЕ АЛАШ-ОРДА



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Г.Т. Каженова, т.ғ.к.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

УДК 961959 (5каз) ЗЕМСТВО ЖӘНЕ АЛАШ-ОРДА

Түйіндеме. 1917 - 1918 жылдары Қазақстан территориясында жер реформасы жүзеге асырылды. Мақалада Ақмола облысындағы қазақ болыстарындағы земство мекемелерінің қалыптасу үрдісі қарастырылады. Алаш партиясының өкілдері земствоны өзін өзі басқару жолындағы алғашқы қадам және территориялық ұлттық автономияға өту жолы ретінде қарастырды. 1917 жылы жазда басалған земствоны енгізу бойынша жұмыстар кеңес өкіметінің орнығуымен орта жолдан үзілді. Кеңестер билігі Алаш-Орда үкіметі земстволармен тығыз байланыста болды деп есептеді. Уездерде құрылған Алаш-Орда кеңестері земствоның басқару құзіретіне араласпауға ұмтылғанымен, іс жүзінде оның көптеген қызметтерін атқарды.

Кілт сөздер: Ақмола облысы, қазақ халқы, Алаш-Орда, жергілікті басқару органдары, болыстық земстволар, азамат соғысы.

Мазмұны
Кіріспе. Қазақстан территориясында өзін-өзі басқару негіздері көшпелі өмір сүру қалыптасқанда, рулық және тайпалық қауымдардың пайда болу дәуірінде туындады. Ру старшындары мен тайпа көсемдері көшпелілердің құрылтайында және басқосуларында сайланды. Олар дау-жанжалдарды шешу, әскер бөлімшелерін құру және оларды басқару өкілеттілігіне үміттенді. Рулық қауымдардың өзіндік рөлі жоғары болды. Дала демократиясының дәстүрлері ХVII ғасырда, яғни Жеті Жарғы заңдар жинағында заңдық тұрғыдан бекітілген еді. Академик С. Зимановтың айтуынша: в имманентном его понимании, формировалось и достигло развития в Кипчакской степи в условиях большой свободы кочевников и самоопределения кочевых сообществ [1, 156 б.].
1718 жылы Қазақ хандығы үш жүзге бөлінген соң және қазақ жерлерінің кезең-кезеңмен Ресей империясы құрамына кіруі салдарынан халықтың өмір сүруін қамтамасыз етуде ақсүйек өкілдері аға сұлтандарды, округтік приказдар мен облысты басқарушыларды, ауыл старшындарын, сонымен қатар билер сотын (заңдық тұрғыдан шектеулі) сайлау түрінде өзін-өзі басқарудың элементтерін сақтауды талап еткен күрделі проблемалар бас көтерді. Кейбір жергілікті мәселелерді шешу мақсатында ауыл және болыс жиындарына рұқсат етілді.
Одан әрі, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы 1917 ж. Уақытша Үкіметтің әкімшілік реформаларымен байланысты болды. Ресейдің алғашқы жергілікті өзін-өзі басқару органдары - земства 1864 ж. 1 қаңтардағы Губерниялық және уездік земство мекемелері туралы Ережемен енгізілді. Алайда, Сібірде, Дала және Түркістан өлкесінде, Ресей империясының кейбір губерниялары мен облыстарында земство мекемелері тек қана 1917 жылы енгізілді.
Қазақстан территориясында земствоны енгізу мәселесін қазақ зиялылары 1905-1907 жж. революциялық оқиғалар уақытында көтерген еді. Дала өлкесі облыстарында жер мекемелерінің құрылуы туралы (Семей, Ақмола) 1916 жылы Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Дума отырыстарында жазғы сессия уақытында да айтылған еді [2, 240-241 б.].
Земство үкімет үшін зиянсыз жергілікті істермен айналысып, басқарушы тәртіпке ешқандай қауіп төндірмеді. Сондықтан, қазақтың либеральды зиялылары патша үкіметі тарапынан бақыланып, саяси өмірдің өзге салаларында мүмкіншіліктері шектеулі болғандықтан, қазақ халқы арасында земство ашу ісіне ерекше көңіл қойды. Зиялылар земствоның қажетілігі мен пайдасын теориялық тұрғыдан негіздеуге ұмтылып, земствоны өзін өзі басқару жолындағы алғашқы қадам және территориялық ұлттық автономияға өту ретінде қарастырды.
Қазақ газеті беттеріндегі Земство не нәрсе? деген атаумен жарияланған мақалалар қатары земствоның мәнін түсіндірді. Мемлекет тарапынан өз қызметінің бір бөлігін бұқара қолына өз еркімен беру мазмұнын халыққа жеткізді. Газет шығарушылар бұны жеке бостандық деп атады. Мақала авторларының пікірінше (көпшілігінің авторы М. Дулатов болды) тарихи даму ағымы мынадай, ерте немесе кеш болсын халық елдегі жағдайдың қожайыны болуы тиіс. Билік халықтың мүддесіне қызмет етуі қажет. Газет Еуропа елдеріндегі, Петербургтегі буржуазиялық демократияны жаңа тәртіп ретінде келтірді [3]. Алаш партиясының болашақ көсемі Ә. Бөкейхан земствоны енгізу қоғамдық істерді сауатты жүргізу көмектесетіндігін де жазды [4, 10-13 б.]. Бұл мәселеде қазақ зиялылары Мемлекеттік Думаға үміт артты. Мемлекеттік Дума арқылы қазақ жерінде земство ашуға қол жеткізуді мақсат етті. Газет беттерінде земство қызметінің түрлі қырлары суреттеліп, қазақтарға земствоның пайдалы екендігі дәлелденді. Қазақ газеті земствоға қызығушылықты оятуға ұмтылып, қаржының, мектеп пен медресе ашу, денсаулықты сақтауды жақсарту және өзге де игі жұмыстарға жұмсалатындығы туралы жазды.
Өлкеде земствоны енгізу мәселесі 1917 ж. бұрынғы империя халықтарының саяси белсенділігіне алып келген ақпан оқиғасынан кейін аса күрделі болды. Қазақ қоғамының түрлі қабаттары қоғамдық өмірге тартыла бастады. Уақытша Үкімет билігіне келгендер Кеңестерге қарсы болып, земство өзін-өзі басқару органдарын құра бастайды. Алғаш рет болыстық земствоны енгізіп, земстволық өзін-өзі басқару жүйесін барлық елге таратуды көздейді. Басқарудың жаңа жүйесінің теоретиктері үкімет реформаны жүргізе отырып, тек қана село мен ауылдарда - болыстық; уездерде - уездік, ал губернияларда - губерниялық земствоға сүйенетіндігін дәлелдеді [5, 76-89 б.]. Уақытша Үкімет земстволық өзін-өзі басқаруды енгізе отырып,жергілікті халық тарапынан қаржылай қамтамасыз етілетін кең тармақты, саны көп басқару аппаратын жасауға ұмтылды [5, 325 б.].
17 маусымда Уақытша Үкімет Архангельск губерниясында, Сібір мен Далалық өлкеде земствоны енгізу туралы Ережені бекітті. Осы заңдық актіге орай губерниялық атқарушы комитеттер мен уездік халық жиналыстары салық жинау және земство жиналыстарын ұйымдастыру бойынша өкілеттілікке ие уақытша земстволық басқару болып қайта құрылды [6, 383 - 408; 415 - 436 бб.]. 1917 жылы 1 шілдеден бастап Наказ по выборам земств в Сибири и Степном краеқаулысы жарияланды [7].
Материалдар мен әдістер. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты, Омбы облысының мемлекеттік тарихи мұрағаты қойнауларындағы деректер негізінде Ақмола облысындағы земство мекемелерінің тағдыры туралы мақала әзірленді. Қазақ қоғамының әр түрлі қабаттарының сайлау мен земство мекемелерінің өкілдігіне қатысуы үлкен жетістік болғандығы, болыстық земство халыққа неғұрлым жақын билік органы болып табылғандығы деректер негізінде зерделенді.
Талқылау. 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынбар қаласында өткен бірінші жалпы қазақ сиезінде земствоны енгізу туралы талқыланды. Сиезде келесідей пункттерден тұратын қаулы қабылданды: 1)...шұғыл арада земствоны көшпелі және отырықшы халық арасында құру қажет; 2)болыс және уездік сайлаулар ашық түрде бір мезгілде өтуі тиіс; 3) болыстық земстволық басқаруда 5 мүшеден артық болмауы тиіс; 4) орыс және қазақ сиездеріне уездік, облыстық комитеттерден арнайы нұсқаушылар жіберулері тиіс [8, 11-п.]. Қазақ халқының земствоға деген қызығушылығына Орынбор қаласында 1917 жылдың 2-13 желтоқсанында Екінші Жалпы Қазақ сиезінің ашылуында оқылған: Қырғыздар (қазақтар, бұдан әрі- қазақтар-авт.) земство сайлауы мен Құрылтай жиналысына үлкен қызығушылық танытуда деген мазмұндағы телеграмма куә болады [9, 2-4-п.].
1917 жылдың жазында Ақмола мен Семей облыстарында, барлық Сібірде өңірдегі билік жергілікті ұйымдар мен мекемелер құрамынан тұрған, демократиялық деп танылған қоғамдық атқару комитеттерінің қолына шоғырланды. Уездік атқару комитеттері жанынан земствоны енгізу бойынша комиссиялар құрылды. 1917 жылы 12 қыркүйекте Көкшетау уездік атқару комитетінде земствоны енгізу бойынша комиссияның 16 отырысы өткен. 20 қыркүйекте болыстық земствоға сайланушылар тізімін ауылдық сайлау комиссиялары мен қалалық басқару ғимараттары қабырғаларына ілуге шешім шығарылды. Комиссия уезді 9 орыс және 3 қазақ, яғни барлығы 12 сайлау округтеріне бөліп, 4200 жаннан тұратын бір уездік земстволықтан сайлауға қаулы қабылдады. Сайлау округтері халықты сайлауға тарту және бюллетендерді қабылдау үшін ұсақ бөліктерге бөлінді. Орыс округтері болыстық земство сайлауы бойынша округ шекараларындағы телімдерге бөлінді. Қазақ округтері болыстар шекарасындағы телімдерге бөлінді. Қазақ тұрғындары бар әрбір телімде бюллетендерді қабылдайтын 4 пункт болды. Орыс болыстарындағы сайлауды басқару ауылдық сайлау комиссияларына, қазақтардыкі округтік және болыстық сайлау комиссияларына міндеттелді [10, 40-41-п].
Сонымен қатар, Сібір облыстары мен губернияларында, Ақмола облысында земство болыстық деңгейден, төменнен құрыла бастады. Уездік земство жиналысына сайлау болыстық земство жұмысын ұйымдастырып, бастағаннан соң қана жүзеге асырылды. Халықтың өз еркімен жаңа болыстарды құрып алуы нәтижесінде болыстық земство басқармасына сайлау күрделенді.
Уездік земство басқармасын құру және уездік земство жиналыстарын өткізу 1917 ж. қарашасы мен 1918 ж. қаңтарында басталды. 1917 ж. 27 қарашасы мен 3 желтоқсан аралығында Омбы уездік земство жиналысының бірінші сессиясы өтті. Оған 45 адам жария түрде қатысты, оның 14 - і қазақ тұрғындары еді [11, 143-145 б.]. 1917 жылы 13 желтоқсанда Атбасар уездік земство басқармасы өз жұмысын бастады. 1918 ж. 19-26 қаңтар аралығында Атбасар уездік земство жиналысының екінші сессиясы өтіп, онда құпия дауыс беру арқылы земство жиналысының төрағасы мен оның орынбасары бір жыл мерзімге сайланды.
Жиналыста Атбасар уездік милиция бастығы мен оның көмекшісі (қазақтардан) сайланды. Уездік милиция бастығына милиция штатын жабдықтау, соынмен қатар участке бастықтары мен милиционерлерді тағайындау уездік земство басқармасымен бекітілетіндігі тапсырылды. Басталған земство реформасы негізінен орыс тұрғындары өмір сүрген аудандарды қамтыды. Қазақ болыстары земство ұйымдастыруды бастауға үлгермеді. Земство реформасы Кеңес өкіметінің орнауымен тоқтатылды. Қалыптасқан земство өзін-өзі басқару органдары қуғындалды. Земство басқарма аппараты Кеңестердің атқарушы комитеттерінің бөлімшелеріне берілді. Мәселен, Көкшетау уезінде болыстық және уездік земство басқармалары 1918 ж. қаңтары мен наурыз айларында өмір сүрген. Уездік басқарма хабарламасында: Наурызда большевиктер земствоны совнархозға айналдырды, барлық земство қағидаттарын бұзып, земство шаруашылығын күйретті. Осындай жағдайда олар 7 маусымға дейін өмір сүрді [12, 5-18-п.],-деп жазады.
Ақмола уезінде 1917 ж. 21 және 25 мамыр, 17 маусымдағы земство мекемелерін құру туралы заңдар жүзеге аспады. 1917 ж. 16 шілдесінде барлық облыстардағы секілді земтвоны енгізу бойынша комитет құрылып, болыстық және уездік земстволарды сайлау бойынша жұмыстарға шұғыл кірісті. Алайда, жылдың аяғына дейін сайлаулар большевиктік үгіт- насихат қысымымен соңына дейін жүргізілмеді. 1918 ж. 20 қаңтарында ашық дауыспен бірінші уездік земство шақыру белгіленгенімен, большевиктер қуғындауымен жиналыс өткізілмеді. Большевиктер билікті өз қолдарына алып, жаңадан құрылған болыстық земство жиналыстары мен болыстық земство басқармаларын қысқартып, оларды совдеп және кеңестік атқару комитеттерімен ауыстырды [13, 19-п.]. Осылайша, Ақмола унезінде земство құру бойынша жұмыстардың бірінші кезеңі аяқталды. Земство құруға деген талпыныстар нәтижесіз аяқталды.
Ақмола уездік земство басқармасы мәлімдемесінен деректер келтірсек: Дальше среди населения, как русского, так и киргизского, началась экономическая и политическая разруха и народная жизнь, выбывшись из обычных колей, пошла хаотичным путем. Все нормальные основы человеческого общежития были нарушены, никакой власти население не признавало, налогов не платило, началось царство произвола и всезможных насилий над личностью и имуществом тех граждан, которые имели гражданское мужество и смелость возвышать свой голос в пользу правопорядка и законности. В таком положении находилось дело вплоть до падения большевистской власти [13, 19-п.].
Сол кезең туралы Э. Карр: Қазан революциясымен байланысты сыртқы оқиғалар, шет аймақтарға сұмдық жағдайды орнатты. Ресейдің орталық аудандарындағы большевиктер қабылдаған қозғалыс, тәртіп шет аймақтарға таныс болмады. Большевиктер билігі зорлық-зомбылықпен, күштеумен тонаумен, өзіндік диктаторлық билікті қолданумен орнады. Қысқартып айтқанда, шет аймақтардағы қозғалыс революцияны көрсетпеді, керісінше толық анархияны бейнеледі [4, 768 б.].
Қазақ либеральды зиялылары Алаш партиясын құрып, қазан төңкерісін демократияға төнген қауіп, автономияға қатер ретінде қабылдады. 1917 ж. 5-13 (18-26) желтоқсандағы Орынборда өткен Екінші Жалпы Қазақ сиезінде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясы жарияланды. Алаш автономиясының Үкіметі өз билігін Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу және өзге де облыстар территориясында таратты. Уездік кеңестер мен комитетер құрылды.
Алаш Орданың Халық Кеңесінің төрағасы Ә. Бөкейхан болып сайланды. Кеңес ұлттық құрылтай жиналысын шақырып, Алаш автономиясын жариялауды даярлауға тиіс еді [15, 50-53, 56 б.]. Сиез Кеңес өкіметін мойындамауға шешім қабылдады. Қызыл Армияға тойтарыс беру үшін Қазақстан жерінде ұлттық армия құру туралы шешім қабылданды. Алаш автономиясы халықты қорғауды басты орынға қойды.
Кеңес өкіметі орнаған соң Алаш Орда Кеңестер билігімен байланыс орнатуға мәжбүр болды. Басты мақсат РСФСР ХКК - нен 1917 ж. 2 қарашадағы Ресей халықтары құқығының Декларациясына сәйкес Алаш автономиясын мойындауды талап ету еді. Алайда, бұл әрекеттен ешнарсе шықпағасын, Алашорда үкіметі кеңестерге қарсы күресуге мәжбүр болады.
Мамырдың соңы мен маусымның басында Сібір мен Қазақстанның бірқатар қалаларында кеңестерге қарсы бүлік болады. 31 мамырда Петропавл, 2 маусымда - Кокшетау, 3 - Акмола алынып, 1918 ж. 4 шілдесінде Уақытша Сібір үкіметі барлық кеңестік мекмелерді, кеңестік декреттерді заңсыз деп таниды [16, 4 б.]. Нәтижесінде, земство мекемелері қайтадан жандана бастайды.
1918 ж. 1 маусымындағы халыққа арналған Декларацияда Батыс Сібір комиссариаты жергілікті өкілдердің басты міндеті жоғарғы мемлекеттік биліктің жергілікті жерлердегі өкілдері болып табылатын өзін-өзі басқару органдарын қалпына келтіру екендігін айтты. Уақытша Сібір үкіметі осы сипаттағы губерниялық және уездік комиссарлар мен өзін-өзі басқару органдары арасындағы қатынастарды жоққа шығармады [17, 125 - 158 б.].
1918 жылы 3 маусымда Ақмола қаласында қала мен станцияларды басқару және уездердегі билікті ұйымдастыру бойынша міндетті өз қолына алған Уақытша комитет құрылады. Ең бірінші кезекте Қалалық Дума және бұрынболған мекемелер қалпына келтірілді. 4 маусымда комитет барлық болыстарға хабар таратып, болыстық земство басқармасын қайта сайлау туралы және уездік сиезге қатысу үшін орыстардан 2 өкіл, қазақ болыстарынан 1 өкіл сайлау жөнінде ақпапараттандырады.
Уезд халқынан өкілдер қатысатын сиез 6 маусымға белгіленіп, Ақмола қаласынан барлық орыс болыстарынан, сонымен қатар жақын арадағы қазақ болыстарынан да өкілдер жиналады. Уездік сиезде қала мен станица өкілдерінен 105 делегат қатысады. Облыстық земство жиналысына 12 өкіл сайланады. 1917 жылғы Ақмола уезіндегі уездік земство сайлауының большевиктер насихаты салдарынан толық өтпегендігін ескере отырып, 1918ж. 7 маусымдағы сиез жиналысында Происходившие в 1917 году выбора уездных земских гласных признать анулированными и в текущем 1918 году произвести новые выборы. Настоящий же съезд представителей от русских и киргизского населения, избранных на основе равного и всеобщего голосования, считать заменяющим уездные земские собрания, присвоившему все права и функции таковой-деген қаулы қабылданды.
Уездік биліктің атқарушы органы туралы мәселе бойынша сиез Ақмола уездік уақытша земство басқармасын құру туралы шешім қабылдайды. Оның құрамына орыс болыстарынан 4 өкіл; қазақтардан 4 өкіл; қаладан 4; станицадан 1; Спасск зауытынан 17 адам енеді. Уездік земство басқармасына земство бойынша және Ақмола уезі тұрғындары арасында земствоны жандандыру щараларын жүргізу тапсырылады [13, 19-п.]. 1919ж. 3 қаңтарда Ақмола уездік земство басқармасы 11 адамнан тұрды: 7 - орыс тұрғындарынан - мал дәрігері, 2 шаруа, 2 мещан, 2 казак, 4 қазақ халқының өкілі [13, 21-п].
Болыстық земстволар қызметіне атқарушы комитеттер кедергі болды. Болыстық земствоға ашық сайлау барлық болыстарда өтпеді. Қазақ болыстарында 1917-1918жж. болыс жиналыстарында сайланған болыстық комитеттер өз қызметін жалғастыра берді. 1919 ж.қаңтар мен ақпан айларында өтетін уездік және болыстық земство сайлауларында өзін-өзі басқарудың жергілікті органдарын болыстық земство басқармасымен ауыстыру көзделді [13, 19-п].
Көкшетау уезінде большевиктер қудаланған соң Кеңестер билігіне дейін сайланған болыстық земство басқармалары қалпына келтіріле бастады. Уақытша басқарудың жаңа құрамында бұрынғы мүшелері енді. Большевизмге қатысы бар екі мүшесі құрамнан шығарылып, 3 адам қайта сайланды. Жаңа басқарма земство жұмысын қайта қалпына келтірді. Болыстық, уездік ашық сайлау жұмыстарын жүргізді [13, 65-п].
Негізгі халқы казактардан тұрған Атбасар қаласында большевиктер билігі құлатылған соң Уақыша атқару комитеті құрылып, сиез ұйымдастырды. Сиез 1918 ж. 5-9 маусым аралығында өткізіліп, земство жиналысы ретінде тарихта қалды (1919 ж. соңына дейін қызмет еткен). Сиезге уездер мен станицалардан 84 делегат қатысты. Сиез 3000 адамнан жария түрде бір уездікті сайлау есебінен жаңа уездік земство сайлауын өткізуді ұйғарды. Сиезге қатысушылар казактардың ортақ земство жұмысына шұғыл түрде қосылуы және казак, шуаруа, қырғызға бөлінбеулері туралы тілектерін білдірді [12, 19-24-п].
1918 ж. 18 қыркүйектегі мәліметтер бойынша Атбасар уездік земство басқармасы тек қана орыс тұрғындарын ұсынатын 8 адамнан тұрған. 1918 ж. желтоқсанында земство жиналысына қазақ қоғамдық ұйымдары өкілдері қатысып, уездік басқарманы қазақ өкілдерінмен толықтыруды сұрады. Сонда Атбасар уездік басқармасына орыс тұрғындарынан 1918 ж. маусымда шаруалар сиезінде сайланған 5 адам, қазақ халқынан сол жылдың желтоқсанында болған жиналыста сайланған 3 адам кіреді [13, 25-27-п.].
Нәтижелер. Земство өзін-өзі басқару органдарын қалпына келтіруде Алашорда өкілдері үлкен қызмет атқарды. Кеңес билігі құлатылған соң Алашорда көсемдері автономияны сақтау мақсатында Ресейдің большевиктерге қарсы күштерімен одақтық қатынаста болады. Уақытша Сібір үкіметімен мемлекеттік ұйымдардың өзара қарым-қатынасын анықтайтын әскери-саяси шарттарға қол қойылады.
1918 ж. 24 маусымында Алаш Орда кеңестер билігінің барлық декреттерінің Алаш жерінде күші жойылғандығы туралы қаулы қабылдады. 1917 ж. Уақытша Үкіметтің ар-ұждан бстандығы, баспасөз, жиналыс, одақтар мен жеке басқа қол сұқпау туралы заңдары мен декларациялары күшке енді. Бәрінен бұрын земство мекемелері қалпына келтірілді. Алаш Орда автономия халқынан барлық мемлекеттік салықтарды жинауды өз құқығында қалдырды. Автономияны басқару қағидаттары жасалды. Алашорданың 3-5 адамнан тұратын (олар Алашорда тарапынан уақытша сайланды) облыстық және уездік кеңестері құрылды. Қаулыда көрсетілгендей, егер де қазақ емес тұрғындар автономияда қалғысы келсе, онда кеңестер барлығы қатысқан жиналыспен сайланады [15, 91-92 б.].
Осылайша, Алаш Орда автономияда басқару қағидаттарын жасауда ақпаннан кейін құрылған құрамы бойынша көп ұлт өкілдеріннен тұратын жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сақтауға әрі сол уақытта өзіне бағынатын биліктің ұлттық органдарын құруға ұмтылды.
1918 ж. 27 маусымда Петоропавлде 34 мүшесі (оның 15-і қазақ халқының өкілдері) қатысқан Екінші төтенше уездік земство жиналысы өтті. Жиналыста Уақытша Сібір үкіметінің өкілі Кузнецов сөз сөйлеп, мәселелерді Сібір Құрылтай жиналысына жеткізуді айтып өтті. Кузнецов сөзін М. Жұмабаев қазақ тіліне аударды. Ағымдағы жағдай туралы мәселені талқылай келе, М.Жұмабаев қазақ халқының төңкеріске деген қатынасын былайша түсіндірді: Во время Советской власти был образован Всесибирский киргизский народный комитет, который, работая рука об руку Сибирским Временным правительством, также и теперь будет всеми силами поддерживать его. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Съезді облыстық Қазақ комитетінің төрағасы
ХХ ғасырдағы Қазақстанның Конституциялық дамуының негізгі кезеңдері
Алаш партиясының бағдарламасы мен тактикасы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Алаш орда туралы ақпарат
‘‘Алаш’’ партиясы, оның бағдарламасы.
Алаш Орда құрылтайы
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы
Алаш қозғалысы және Бүкіл қазақтық съездің шешімі
Пәндер