БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫИНВЕСТОРЛАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
  1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДАҒЫ КӘСІБИ ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ ИНВЕСТОРЛАРБағалы кағаздардың ұғымы мен мәні

Бағалы қағаздар - бұл мүліктік құқықты жүзеге асыру немесе беру тек оны көрсеткен кезде мүмкін болатын, белгіленген нысандары мен міндетті деректемелерін сақтау арқылы куәландырылатын құжат. Тиісінше, бағалы қағаз тек оны көрсеткен кезде іске асыруды талап ету мүмкін болатын, нақты құқықтарды бекітетін құжат болып табылады. Бағалы қағаздармен байланысты құқықтың екі түрін ажыратады.

Бағалы қағаздардың негізгі функциялары: ақша капиталын қайта бөлу; оның иесіне басқару және ақпарат саласындағы қосымша құқықтарды беру; капиталға кіріс алу және капиталды қайтару құқығы болып табылады.

Бағалы қағаздардың мынадай айрықша белгілері болады: бұл құжат; бұл құжат анықталған нысандар мен міндетті деректемелерді сақтау арқылы жасалады; ол мүліктік құқықты куәландырады; мүліктік құқықтарды жүзеге асыру немесе беру тек осы құжатты көрсеткен кезде мүмкін болады.

Бағалы қағаздардың экономикалық мәні келесі сипаттамалардың көмегімен ашылады:

  • бағалы қағаздар меншік иесінің титулы (акциялар) нысанындағы мүліктік құқықтарды немесе құжат иесінің қарыздарының оны (облигация) шығарған адамға қатынасы түріндегі мүліктік құқықтарды көрсететін, ақшалай құжаттардан тұрады.
  • бағалы қағаздар қаражатты инвестициялау туралы мәлімдейтін құжаттар қызметін атқарады. Олардың инвестициялық процестегі рөлі үлкен. Олардың көмегімен жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттары шынайы материалдық объектілерге айналады.
  • бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге қойылатын талаптарды көрсететін құжаттар.
  • бағалы қағаздар - кіріс әкеледі, олардың иесі үшін капитал болады [1, 201 б. ] .

Бағалы қағаздар оның иесіне екі түрлі құқық береді: оның номиналын қайтару және осы номиналдан кіріс алу құқығы және айналым жасау, яғни осы бағалы қағазды басқа иесіне беру құқығы. Сонымен, бағалы қағаз дегеніміз бұл

- капиталдың, оның тауарлық, өндірістік, ақшалай нысандарынан ерекшеленетін және соның орнына берілуі, нарықта тауар ретінде айналымда болуы және кіріс әкелуі мүмкін болатын, әрекетінің нысаны. Оның мәні мынада: капитал иесінде капиталдың өзі болмайды, бірақ оған бағалы қағаз нысанында құжатпен бекітілген барлық құқық болады.

Бағалы қағаздардың негізгі қасиеттері (сапасы) :

Өтімділік - бұл бағалы қағаздың сату жолымен ақшалай қаражатқа айналу қабілеті.

Бағалы қағаздардың айналымдылығы - бұл оның сатып алу-сату пәні (акциялар, облигациялар) немесе төлем құралы (чектер, вексельдер) ретінде болу қабілеті.

Нарықтық сипаты - бұл бағалы қағаздардың еркін сатылу және нарықта сатып алыну құқығы. Бағалы қағаздардың негізгі түрлері нарықтық болып табылады. Бірақ кейде бағалы қағаздар айналымы шектеулі болуы мүмкін, мұндай бағалы қағаздарды оны шығарғаннан басқа ешкімге сатуға болмайды. Мұндай бағалы қағаздар нарықтық емес болып табылады.

Бағалы қағаздардың сериялылығы бағалы қағаздарды олар барлық жерде мүлдем ұқсас болатын сериялармен, біркелкі топтармен көп мөлшерде шығаруды білдіреді.

Бағалы қағаздардың кірістілігі - бұл оның иесінің кіріс алуға құқығын жүзеге асыру дәрежесі.

Бағалы қағаздардың экономикалық деректемелеріне: тіршілік ету нысаны, тіршілік ету мерзімі, тиістілігі, номинал, міндетті тұлға, беретін тұлға жатады. Техникалыққа: бағалы қағаз иелерінің құқығын жүзеге асыруға қызмет көрсететін ұйымның реттік нөмірлері, мекенжайы, қолтаңбалары, мөрлері, атаулары жатады. Деректемелердің кейбіреулерінің болмауы құжатты бағалы қағаз мәртебесінен айырады [2, 154 б. ] .

Заманауи әлемдік тәжірибеде бағалы қағаздардың барлық көптүрлілігі екі үлкен класқа бөлінеді: негізгі және бағалы қағаздар туындылары.

Негізгі бағалы қағаздар - бұл негізінде қандай да бір нақты активке (ақша, капитал, тауар, мүлік) мүліктік құқық жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздар өз кезегінде біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік бағалы қағаздар ішіне бағалы қағаздардың өздері кірмейтін, нақты активтерге негізделеді. Бұлар, мысалы, акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілге салынатындар және басқалары. Екіншілік бағалы қағаздар - бұлар біріншіліктің негізінде шығарылатын бағалы қағаздар. Бұл бағалы қағаздардың өздеріне арналған бағалы қағаздар: бағалы қағаздарға арналған варранттар, жазылу құқықтары, депозитарлық қолхаттар, стриптер, эмитенттің опционы және басқалары.

Сурет 1 - Бағалы қағаздардың қызмет ету түрлері

Ескерту - дерек көзі [3, 281 б]

Туынды бағалы қағаздар - бұл аталған бағалы қағаздың негізінде жатқан, биржалық актив бағасының өзгеруімен байланысты туындайтын мүліктік құқықты (міндеттемені) білдірудің құжаттамалық нысаны. Туынды бағалы қағаздар және құрал-саймандары нақты капиталға емес, нарықтық болжамдардың негізінде болашақтағы капиталға құқық береді. Туынды құрал- саймандарға: депозитарлық қолхаттар, опциондар; фьючерстер; форвардтар; варранттар; конвертацияланатын акциялар мен облигациялар жатады [3, 255 б. ] . Мемлекеттік облигация мемлекеттік қарыз шартын куәландыратын заңдық нысан болып табылады. Ол облигация иесінің (қарыз берушінің) қарыз алушыдан (осы жағдайда мемлекеттен) оған қарызға берілген ақша қаражатын немесе өзге мүлікті (қарыз шартына байланысты) белгіленген пайызды (немесе өзге мүліктік құқықтарды) қарызды айналымға шығару жағдайларымен

көзделген мерзімде алуға құқығын куәландырады.

Облигация - оның иесінің облигацияны шығарған адамнан көзделген мерзімде облигацияның номиналдық құнын немесе өзге мүліктік баламасын алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Сондай-ақ, егер ол купондық облигация болса, номиналдық құнынан онда белгіленген пайызды алуға құқығы (немесе басқа да мүліктік құқығы) .

Вексель - бұл вексель берушінің вексельмен көзделген мерзім басталғанда қарызға алынған ақшалай соманы төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаз. Чек - бұл чек берушінің банкке онда көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеуіне ештеңемен шарттастырылмаған өкімінен тұратын бағалы қағаз.

Жинақ (депозиттік) сертификаты - бұл банкке енгізілген салым сомасын және белгіленген мерзім өткенде сертификатты ұстаушының салым сомасын және сертификатта уағдаласқан пайызды алу құқығын куәландыратын, бағалы қағаз.

Коносамент - бұл тасымалданатын жүктерге иелік ету құқығын куәландыратын, халықаралық практикада қабылданған стандартты нысандағы құжат, бағалы қағаз. Акция - оның иесінің (акционердің) акционерлік қоғамның дивидендтер түріндегі таза пайдасын алуға, акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға және оны таратқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігін, акционерлердің алуға құқығын бекітетін эмиссиялық бағалы қағаз [4, 133 б. ] .

Кепілге салынатын - ипотека туралы шартқа (жылжымайтын мүлікті кепілге салу) сәйкес, оның иесінің ақшалай міндеттемені немесе онда көрсетілген мүлікті алуға құқығын куәландыратын атаулы бағалы қағаз.

Эмитент опционы - бұл онда көзделген мерзімде және (немесе) онда көрсетілген мән-жайлар басталған кезде, оның иесінің осындай опцион эмитентінен акциялардың белгілі бір мөлшерін эмитенттің опционында анықталған баға бойынша сатып алуға құқығын бекітетін эмиссиялық бағалы қағаз. Опцион атаулы бағалы қағаз болып табылады. Инвестициялық пай - бұл инвестор ұсынатын пайлардың мөлшеріне тепе-тең қор мүлкінің құнының мөлшерінде ақшалай қаражат алуға инвестордың құқығын куәландыратын, атаулы бағалы қағаз.

Бағалы қағаздар түрлі белгілердің жиынтығынан тұрады, әрі олар соған сәйкес жіктеледі.

  1. Қызмет ету мерзіміне байланысты мерзімді және мерзімсіз бағалы қағаздар деп ажыратылады. Мерзімді - бұл оларды шығару кезінде қызмет ету мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Мерзімсіз - бұл айналымда болу мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар «мәңгі» немесе шығару кезінде күні анықталмаған өтеу кезі өткенге дейін қызмет етеді (мысалы, акциялар) .
  2. Қызмет ету нысанына байланысты құжаттық және құжатсыз бағалы қағаздар деп ажыратады. Құжаттық немесе қағаздық - бұл бланкі түрінде қолма-қол құжаттық нысанда шығарылатын бағалы қағаздар. Құжатсыз немесе қағазсыз бағалы қағаздар - бұл қолма-қолсыз нысанда шығарылатындар.
  3. Иелік ету тәртібіне байланысты атаулы, ұсынушылық және ордерлік бағалы қағаздар деп ажыратады. Атаулы бағалы қағаз - бұл иесінің аты бланкіде және эмитенттер тіркелімінде тіркелген бағалы қағаздар. Ұсынушылық бағалы қағаздар - бұл иесінің аты тіркелмейтін бағалы қағаздар. Аталған бағалы қағазды ұсыну оған бекітілген құқықты жүзеге асыру үшін жеткілікті. Ордерлік бағалы қағаз - бұл оған табыстау жазбасын - индоссамент жасау жолымен басқа адамға берілетін атаулы бағалы қағаз. Ордерлік бағалы қағаздардың мысалы вексель мен чек болып табылады.
  4. Пайдалану типіне байланысты инвестициялық және инвестициялық емес бағалы қағаздар деп ажыратады. Инвестициялық - бұл капитал ретінде, яғни кіріс алу мақсатында ақша салу үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар. Инвестициялық емес - бұл тауарлық немесе басқа нарықтарда есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар. Оған вексельдер, коносаменттер, қоймалық куәліктер жатады.
  5. Шығару тәсіліне және нысанына байланысты эмиссиялық және эмиссиялық емес бағалы қағаздар деп ажыратады. Эмиссиялық бағалы қағаздарды әдетте, ірі топтамалармен, көп мөлшерде шығарады, дербес орналастырады, құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері әртүрлі болады. Әдетте бұлар - акциялар, облигациялар. Эмиссиялық емес бағалы қағаздарды даналап, дербес немесе шағын топтамалармен шығарады (вексель, чек, коносамент) .
  6. Эмитент түріне, яғни бағалы қағаздарды шығаратындарға - мемлекет, корпорация немесе жеке тұлғаларға байланысты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар деп ажыратады. Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл әдетте, мемлекет шығаратын облигациялардың әртүрлі түрлері. Мемлекеттік емес бағалы қағаздар - бұл компаниялар, банктер, ұйымдар және кейде жеке тұлғалар айналымға шығаратын бағалы қағаздар.
  7. Айналымдылық дәрежесіне байланысты нарықтық немесе еркін айналымдағы, нарықтық емес және шектеулі нарықтық, яғни айналым мүмкіндігі шектеулі бағалы қағаздар деп ажыратады. Бағалы кағаздар нарығының кәсіби катысушылары

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу тетігі - бұл әртүрлі нарық субъектілерінің қор операцияларын жүзеге асырумен байланысты өзара әрекет етуі. Бұл тетік қолданыстағы заңнамамен реттеледі. Ол ұлттық экономикадағы, мемлекеттің қаржы саясатындағы қор нарығының даму тұжырымдамасына байланысты болады. Оның жұмысының тиімділігі көбіне бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының даму деңгейімен айқындалады.

Бағалы қағаздарға құқықтың өтуіне байланысты экономикалық қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар бағалы қағаздар нарығының қатысушылары болады [5, 366 б. ] .

Бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары - заңды тұлғалар, оның ішінде қызметтердің келесі түрлерін іске асыратын кредиттік ұйымдар:

  • брокерлік қызмет;
  • дилерлік қызмет;
  • бағалы қағаздарды басқару бойынша қызмет;
  • өзара міндеттемелерді анықтау бойынша қызмет (клиринг) ;
  • депозитарлық қызмет;
  • бағалы қағаздар иелерінің тізілімін жүргізу бойынша қызмет;
  • бағалы қағаздар нарығындағы сауданы ұйымдастыру бойынша қызмет.

Сурет 2 - Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары

Ескерту - дерек көзі [5, 401 б. ]

Бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бес негізгі топқа топтастыруға болады:

  • эмитенттер - бағалы қағаздардың айналымға біріншілік шығуын жүзеге асырады;
  • инвесторлар - бұлар қашан да бағалы қағаздарды сатып алушылар;
  • қор делдалдары - бұлар эмитенттер мен инвесторлардың арасында байланыс қамтамасыз ететін және тиісті делдалдық қызмет түрлеріне (брокерлік және дилерлік қызметтер) мемлекеттік лицензиялары бар саудагерлер;
  • брокерлер - бұл операцияларды клиенттің қаражатының есебінен жүзеге асыратын, бағалы қағаз нарығының қатысушылары (тек заңды тұлға брокер бола алады) ;
  • дилерлер - бұл бағалы қағаздармен операцияларды өз қаражатының есебінен жүзеге асыратын, бағалы қағаз нарығының қатысушылары (тек коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға дилер бола алады) ;
  • инфрақұрылымды ұйымдастырушылар;
  • реттеу және бақылау ұйымдары.

Эмитенттер - айналымға бағалы қағаздар шығаратын және оның иелерінің алдында міндеттеме көтеретін бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары. Әдетте эмитенттер заңды тұлғалар болады.

Іс жүзінде эмитенттер - бұл жалпы алғанда оны шығару сату-сатып алу мәмілесімен міндетті түрде ілесе жүруі қажет болмаса да, бағалы қағаздардың алғашқы сатушылары. «Эмитент» ұғымында тек бағалы қағаздарды шығаруға емес, эмитенттің ол бойынша міндеттемелер қабылдауына да, ендеше бағалы қағазбен, оның иесімен, сатып алушымен байланысты белгілі бір құқықтарды алуға ерекше көңіл аударылады. Әдетте эмитенттер заңды тұлғалар болады, алайда бағалы қағаздардың кейбір түрлерін азаматтар да (жеке тұлғалар) айналымға шығара алады [6, 547 б. ] .

Инвесторлар - өздерінің бос капиталдарын немесе жинаған ақшаларын бағалы қағаздарға салатын бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, заңды және жеке тұлғалар. Инвестор, егер ол бағалы қағаздарды өзі шығаратын болса, әрі эмитент те бола алады.

Инвестор қашанда бағалы қағаздарды иеленуші (сатып алушы) бола алады, алайда оны сатып алушының барлығы инвестор бола алмайды. Инвестор, егер ол бағалы қағаздарды өзі шығаратын болса, әрі эмитент те бола алады және эмитент егер өз капиталын басқа эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестициялайтын болса, әрі инвестор да бола алады. Егер эмитентті белгілі бір үлестегі шарттылықпен оның бағалы қағаздарын алғашқы сатып алушы деп атауға болса (іс жүзінде көбіне оны эмитенттің өзі емес, оған уәкілетті тұлға сатады), ал инвестор, әдетте, ешқашанда бағалы қағаздардың «соңғы» сатып алушысы бола алмайды. Ол нарықтағы жағдайға, түрлі бағалы қағаздардың бағасы мен табыстылығына байланысты үнемі біресе сатушының, біресе сатып алушының рөлін атқарады. Сондықтанда эмитенттерді тек бағалы қағаздарды сатушылармен, ал инвесторларды - тек оларды сатып алушылармен теңестірген дұрыс емес.

Эмитенттер де, инвесторлар да бір мезгілде бағалы қағаздар нарығындағы сатушылар да және сатып алушылар да болады. Нарық қатысушыларын эмитенттер мен инвесторларға бөлу бағалы қағаздарды сату-сатып алуға

қатысты олардың жағдайы бойынша емес, әрбір бағалы қағаздар бойынша мүліктік құқықтар мен міндеттемелерге қатынасы бойынша жүргізіледі.

Қор делдалдары - бұлар эмитенттер мен инвесторлардың арасында байланыс қамтамасыз ететін және тиісті делдалдық қызмет түрлеріне (брокерлік және дилерлік қызметтер) мемлекеттік лицензиялары бар бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушылары;

Брокерлер - бұл бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды тапсырыс немесе комиссия шарттарына сәйкес клиенттің қаражатының есебінен жүзеге асыратын қор делдалдары. Брокер табысты комиссиялық сыйақы түрінде алады.

Брокер бағалы қағаздарды орналастыру қызметін көрсеткен жағдайда брокер шартпен көзделген мерзімде орналастырылмаған бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алуға құқылы.

Дилерлер - бұл бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды өз қаражатының есебінен жүзеге асыратын қор делдалдары. Олардың табысы бағалы қағаздарды сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырманы құрайды.

Басқарушы компаниялар - бұл тапсырыс бойынша және өз клиенттерінің мүдделері үшін бағалы қағаздарды және/немесе бағалы қағаздарды сатудан түскен немесе оларды сатып алуға арналған ақшалай қаражатты сенімгерлікпен басқару қызметтерін жүзеге асыратын қор делдалдары.

Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын ұйымдастыруды екі топқа бөлуге болады: тек сол нарыққа қызмет көрсететін ұйымдар - олар есеп айырысу орталықтары, депозитарийлар, тіркеушілер; және осыны қоса алғанда, көптеген нарыққа бірден қызмет көрсететін ұйымдар - олар ақпараттардың электрондық жүйелері, газеттер, журналдар, заң қызметі және т. б.

Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырушылар - бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелерін жасауға ықпал ететін ұйымдар [7, 198 б. ] .

Бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырушыларға қор биржалары мен биржадан тыс нарық ұйымдастырушылары жатады. Дамыған елдердің бағалы қағаздар нарығындағы орталық буын қор биржалары болып табылады. Қор биржаларын ұйымдастыру нысандары әртүрлі, бірақ олардың барлығы эмитенттер, олардың қаржылық жағдайлары, бағалы қағаздар рейтингі туралы ақпараттарды шоғырландырады, бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың арасында делдал қызметін атқарады, саудаға қажетті жағдайлар, оның қатысушыларына белгілі бір кепілдік жасайды, бұл тұтас бағалы қағаздар нарығының өтімділігін арттырады.

Есеп айырысу орталықтары - Есеп айырысу-клирингтік ұйымдары, шығындарды, тәуекелдер деңгейін азайтып, есеп айырысу уақытын қысқарта отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына есеп айырысу қызметін көрсетеді. Фьючерстік келісім-шарттармен және биржалық опциондармен сауда жасау кезінде есеп айырысу-клирингтік ұйымдарының қатысуы міндетті. Есеп айырысу-клирингтік ұйымдарының мүшелері әдетте банктер, қаржы компаниялары, қор және фьючерстік биржалар болады.

Бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының осы тобына эмитентпен келісім бойынша нақты күнге атаулы бағалы қағаз иелерінің тізілімін жүргізетін тіркеуші-ұйымдар да жатады. Тіркеушінің міндеті - тізілімді дәл және уақтылы жасау және шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемені орындау үшін оны эмитентке беру. Осы тізімге сәйкес акционерлік қоғам, мысалы, дивидендтер төлейді және акционерлердің жалпы жиналысына шақыртулар жібереді. Бағалы қағаздар нарығында бұл функцияны бағалы қағаздардың сертификаттарын сақтау және оларға меншік құқығын есепке алу, сондай-ақ табыстармен есеп айырысу және оларды бағалы қағаздар ескерілетін

«депо» шоты бойынша есептеу қызметтерін көрсететін ұйымдар болып табылатын депозитарийлар да орындай алады.

Депозитарий бағалы қағаздарды сақтау және бағалы қағаздарға меншік құқығының бір меншік иесінен екіншісіне өтуін және есепке алу қызметтерін көрсетеді.

  1. Бағалы кағаздар нарығының институционалды инвесторлары және катысушылары.

Бағалы қағаздар нарығының да, кез келген басқа нарық сияқты ерекше тауарлардан - бағалы қағаздар және операцияны жүргізудің белгілі бір технологияларынан тұратын күрделі ұйымдастыру-құқықтық құрылымы бар. Сондықтанда, бағалы қағаздар нарығын анағұрлым толық сипаттау үшін оның қатысушыларының құрамы мен олардың арасындағы өзара байланысты көрсететін, оның ұйымдастыру құрылымын қарастыру қажет.

Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары немесе субъектілері - бұл бағалы қағаздарды сататын және сатып алатын, олардың айналымы үшін жағдай тудыратын немесе мәмілелер бойынша есеп айырысу жүргізетін, бағалы қағаздармен мәміле жасауды және орындауды қамтамасыз ететін және осылайша бағалы қағаздарды шығаруға және олардың айналымына қатысты белгілі бір экономикалық қатынастарға түсетін, жеке және заңды тұлғалар [8, 241 б. ] .

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымын қатысушылардың келесі тобымен көрсетуге болады:

  • эмитенттер (капиталды тұтынушы), яғни бағалы қағаздар шығару (эмиссия) жолымен ақша қаражатын тартуға мүдделі тұлғалар;
  • инвесторлар (капиталды жеткізушілер), яғни бағалы қағаздарды белгілі бір мақсатта сатып алушы адамдар;
  • бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымы, яғни эмитенттер мен инвесторлардың бағалы қағаздар нарығында өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін, мамандандырылған институттар;
  • осы нарықты реттейтін және бақылайтын жүйе.

Қаржы құралдарын сатушылар (эмитент, инвестор)

Реттеу және бақылау жүйесі

Нарықтың инфрақұрылымы

Қаржы құралдарын сатып алушыла (эмитент, инвестор)

Сурет 3 - Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымы

Ескерту - дерек көзі [9, 201 б. ]

Қор нарығындағы эмитенттердің арасында бос капитал үшін үнемі күрес жүреді. Эмитенттердің бағалы қағаздарының сапасын нарық бағалайды, әрі эмитент неғұрлым сенімді болса, оның қағаздары солғұрлым тартымды болады, эмитенттер үшін оларды нарықта орналастыру солғұрлым жеңіл және арзан болады.

Инвесторлар - уақытша бос ақша қаражаттары бар және оларды бағалы қағаздар сатып алуға салатын жеке тұлғалар мен ұйымдар.

Бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін:

  • бағалы қағазға салынған капиталдан табыс табу;
  • салынған капиталды құнсызданудан сақтау;
  • бизнесті бақылауды қамтамасыз ету;
  • тәуекелдерді сақтандыру және т. б.

Бағалы қағаздар нарығында іс жүзінде нарық субъектілерінің жеке тұлғалардан бастап мемлекетке дейінгі барлық санаттары инвесторлар қызметін атқара алады, яғни жеке түлғалар да (азаматтар), сондай-ақ резидент және резидент емес заңды тұлғалар да инвесторлар бола алады.

Жеке тұлғаларды - дербес инвесторлар, ал заңды тұлғаларды - институционалдық деп атайды.

Мамандандырылған институционалдық инвесторлардың немесе келісім- шарттық жинақтау институттарының инвестициялау үшін артық ақша қаражаты болады, өйткені олардың қызметі өз клиенттерінің ақшалай қаражатын тарту, сақтау және көбейтуден тұрады. Негізгі және инвестициялық қызметті қоса атқаратын мамандандырылған институционалдық инвесторлардың құрамы, келесі 4 суреттен көруге болады [10, 281 б. ] .

Банктердің қаражатты бағалы қағаздарға инвестициялау мақсаты банк операцияларының өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Коммерциялық банктер мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады, сол арқылы бағалы қағаздардың өтімді және сенімді портфелін қалыптастырады. Табыс алу мақсатында тек қаржылық салымдармен айналысатын институтқа инвестициялық қор жатады.

ИНВЕСТОРЛАР

Дербес

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаз нарығы инфрақұрылымы
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Қаржылық қадағалау
Қазақстан Республикасындағы қорлар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздары
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының дамуын мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz