Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік педагогикалық маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Сұрақтар: 1.Отбасы жайлы әртүрлі анықтамаларды теңестіріп көр. Осы анықтамалардың ішінде отбасының негізін маңызын толығырақ толықтай аша алады.
2.Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік педагогикалық маңызы неде?
Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен отбасы мүшелерінің тарапынан жасалатын ықпал үрдісінің жалпы атамасы. Қоғам, отбасы және мектеп тәжірибесі ажырамас бірлікте орындалатын істер ауқымын қорғайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасы туралы алғашқы педагогикалық түсініктер мен идеялар халық педагогикасында пайда болған. К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, П.ФЛесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күші және психологиялық дамуы деңгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын жасаған. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасындағы қарым-қатынас әректін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру мектеп пен отбасы арақатынасы т.б мәселелері қамтылған.

Тапсырмалар:
Курстың негізгі ұғымдарына анықтама беріңіз.
- "Отбасы - семья, үй деген сөздің синонимі" яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп
жатқан қандастар.
- "Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым - қатынастық ортақ белгісі"
- "Үйелмен - ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы"
- "Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам
тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы".
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз - адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан
кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің
онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер
етеді. Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас
болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс.
2. Осы пәннің басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз.
Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология,
педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына
байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені,
барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Олай болса,
отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық. Жоғарыда айтқандай, отбасы-жанұя-
семья-үйелмен-бәрі бір ұғымды білдіреді. Сондықтан кейбір жерде отбасы, кейбір жерде
жанұя деп ала береміз (Ә.Р.)
Философиялық тұрғыда отбасы - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар
кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғылымында отбасы - некеде және қандас туыстар
негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық,
моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік
құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей
дербестікте болады деп көрсетеді.
Ал, педагогикалық - психологиялық тұрғыда отбасы - ата-ана мен балалар
арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының
тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Отбасы - өзіне, неке мен қандас туысқа
негізделген шағын топ деп анықтама берілген. Оның ерекшелігі - тұрмыстың ортақтығы,
өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық
қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге
қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-
биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса,
рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
3. Пәннің негізгі әдіснамалық қағидаларын сипаттаңыз.
4. Қоғам тәрбиенің және отбасы тәрбиенің айырмашылығы мен ұқсастылығы кестесін толтыру.
Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге
туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың
қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен
анықталады. Қоғамдық тәрбие -өзін-өзі жүзеге асыра алатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Оқушы тұлғасының қалыптасу процесінде отбасы тәрбиесінің ролі
Отбасылық тәрбие
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Мектеп, жанұя, қоғамдық ұйымдардың тәрбие жағдайындағы интеграциясы
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Отбасындағы қарым-қатынас психологиясы
Пәндер