Жаңа музыкалық бағыттар мен стильдер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ МУЗЫКА

ХХ ғасыр музыкасы өзінің жаңа бағыты, ерекше стилімен дараланады. Оның мәні бұрынғы стиль қалдығының микроқұрылымдық өзгерісінде еді. Еуропа мәдениетінің өзгеруі жаңа музыка стильдерінің тууына себеп болды. Мұның өзі музыка өнеріне деген көзқарасты өзгертті.

Жаңа музыкалық бағыттар мен стильдер

Бұл кезеңде танымал музыкалық жанрлардың ықпалы күшейіп, олар еуропалық классикалық музыка мен кәсіби композиторлардың академиялық шығармашылығынан алыстай түсті. 1950-1960 жылдары рок-музыка негізгі роль атқаратын «контрмәдениет» ағымы пайда болды. Музыка өнерінің көркемдеу құралдарының ауысуы көптеген озық музыкалық стильдердің артта қалуына алып келді.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Франция музыкасында өмір шындығынан алшақ, импрессионизмді қолдамайтын эксцентрика, буффон үлгісіндегі стиль пайда болды. Алдыңғы стильді қолдамайтын Эрик Сати өзінің жаңа, пьесасымен тыңдаушыларын таңғалдырды. Ол өз шығармаларына жазба машинкасы мен гудок, пропеллер даусын енгізді. Осы кездері композиторлар түрлі шығармашылық бағыттағы бірлестіктерге топтасты. Солардың арасынан «француздық алтау» тобын атап айту керек. Оның құрамына Артур Оннегер, Франсис Пуленк т. б. кірді.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы неміс және австрия композиторларына (Р. Вагнер, И. Брамс, А. Брукнер, Г. Малер, Р. Штраус, Г. Вольф, М. Регер) тән әуендік-гармониялық тіл күрделене түсті. Романтизм өкілдері өз шығармаларымен экспрессонизмді дайындап, тіпті жақындата түсті. Суреткердің тұлғалық ролі күшейіп, жеке тәжірибесі мен көзқарасының мәні арта түсті. Ендігі жерде «композитор өмірдің ішкі ағымын тауып, ақылмен түсініп болмайтын даналықты әспеттеді», - дейді А. Шпенгауер. Музыкалық жаһандану идеялары жаңа сипаттағы түйсіну арқылы қабылдана бастады.

ХХ ғасырдың басындығы Германия мен Австрияның мәдени өмірі жақындып келе жатқан дүниежүзілік соғыстың қайғылы көңіл күйіне толы еді. Бұл аймақтарда өткен дәуір мәдениеті өзгеріске түсіп, романтиктердің музыкалық тілі өзгерді. Шығарманың ладтық арқауы өзгеріп, негізгі тоннан басқа тондарға еліктеу орын ала бастады. Тоникалық тұрақ ладтың музыкалық-психологиялық тірегі болудан қалып, тұрақсыз дыбыстардың үздіксіз қозғалысынан психологиялық қарбалас арта түсті. Бір тұрақсыз дыбысты басқа тональдіктерге ауыстыратын қосымша тондар ықпалы күшейді.

Бұл техника Вагнерге және постормантизм өкілдері-Р. Штраус, А. Брукнер шығармашылықтарына өте жақын. Ол австриялық композитор А. Шенберг негізін қалаған додекафония (он ек дыбыстық) жүйесінің қалыптасуына әкелді. Додекафониялық бағытты дамытушы А. Шенберг, А. Берг және А. Веберн жаңа сападағы Вена мектебін құрды. Бұл стильдің хроматикалық гаммасындығы он екі тон өзара тең дәрежеде болды. Музыкалық әуен үшін бұрынғы гомофондық-гармониялық бірліктің қажеті болмай, музыкалық дыбыс немесе дыбыстар үйлесімділігі музыкалық тақырып қызметін атқара бастады. Олар жеке музыкалық тондардың қайталанбауымен ерекшеленді.

Экспрессионизм бағытындағы музыка үрей мен қорқыныш сезімдерін нақыштай түсті. Мұндай суреткердің өмірлік ұстанымын А. Шенберг: «Өнер - тағдырмен күресушілердің жан айғағы» деп анықтады.

ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропада авангардтық сипаттағы жаңа ағымдар пайда бола бастады. Композиторлар ырғақ пен бояуға өзгеше көңіл аударып, (фольклор, джаз, экзотикалық шығыс аспаптары т. б. ) музыка әуенінің ауқымын кеңейте түсті. Жаңару ең алдымен музыкалық ырғақ құрылымынан сезілді. Ол қатал, агрессивті-экзотикалық ырғақ үлгілерімен толықтырылды. Би, пластика, сахналық-ораториялық жанрларға қызығушылық арта түсті. Аңыз, ертегі, фольклор жаңа туындылардың өзегіне айналды. Осындай жаңа фольклорлық бағытқа Игорь Стравинский, Бела Барток, Крал Орфтар негізгі орын берді.

Көптеген композиторлар әртүрлі стильді қатар игеруді мақсат тұтты. Мысалы, Игорь Стравинский «орыс фольклорынан» неоклассицизмге келді. Әртүрлі стильдер бір шығармада полистилистикалық әдіс арқылы біріктірілді. Бұл бағыттың бастаушысы Америка композиторы Чарльз Айвз болды. Ол псалма, рэгтайм, джаз, патриоттық, жұмысшы әндері мен әскери марш жанрларын бір композицияға біріктірді. Полистилистиканың цитата, аллюзия, коллаж секілді түрлері қолданысқа түсті.

Француз композиторы Оливье Мессиана шығармашылығының стилі де ерекше құбылыс. Композитор үнді мәдениетінің зерттеу арқылы өзінің музыкалық туындыларына ырғақ және тембр деңгейіндегі жаңашыл элементтерді енгізген.

ХХ ғасырдың екінші жартысы еуропалық музыкалық мәдениетінің жаңа стильдерді қабылдауымен ерекшеленеді. Оны екі тондық сериялық техника композиторлар үшін негізгі сала болып қалды. Бұл кезеңдегі композиторлық техника неоромантизм, сонористика, сериализм, алеаторика, электорондық конструктизм және минимализм секілді ағымдармен танылады. Кшиштоф Пендерецкийдің оркестр мен виолончелге арналған екінші симфониясы мен екінші концертінен неоромантизм стилі айқын көрініс тапты. Зигмунд Краузенің оркестр мен фортепьяноға арналған концертін де осы бағытқа қосуға болады (1985) . Ендігі жерде бұрынғы романтикалық сарында шығарма жазу ХХ ғасыр музыкасына тән эксперимент пен конструктивизмнен бас тарту болып саналды.

ХХ ғасырдың ортасында Батыс Еуропаның музыкалық мәдениетінде авангардизм бағыты пайда болды. Италияда композитор әрі суретші Луиджи Руссоло: «Музыкадағы жаңа бағытты ауыздықтап ұстай алмаймыз. Бізскрипка, рояль, контрабас, органдардан бас тартамыз. Оларды қиратып тастайық!», - дейді.

Руссоло түсінігіндегі музыкалық жаңа болмыс - табиғи дыбыс пен механикалық шу болды. Бұл идея өз жалғасын американдық композитор Эдгар Варез шығармашылығынан тапты. 1920 жылы жазылған музыкалық туындыларында ол интегралды, гиперпризмалы шу мен дыбысты жақындастырды. Бірақ музыка өнеріндегі бұл жаңа үрдіс эксперименттік сипатта болды.

Бұл кезеңдегі музыка өнерінің негізгі мақсаты - жаңа көркемдік құралдарын іздестіру болды. Композиторлар дыбыс, тембр, амплитуда, дыбыс жилігіне басты назар аударды. Ең бастасы - шу мен үзіліс болды. Кей композиторларды (Дж. Кейдж) осындай музыкалық құрылымның этникалық немесе ұлттық болып бөлінбейтіні қызықтырды. Енді біреулері (Штокхаунез) музыка тілі сарқылып болғандықтан, бәрін жаңадан бастау керек деп, музыканың негізі дискурсивтік ойлау деп ұғынды. Бұл жағдайды игеріп әкеткен микроқұрылым мен музыкалық технология өз басымдылығын танытты.

Музыкадағы жаңа роционалдық бағыт математика, физикағылымдарымен айналысатын адамдарды біріктірді (Бульез, Мильтон Бэббит, Пьер Шеффер, Янис Ксенакис) . Олар электрондық композиция жазуға арналған компьютер жасап шығаруды, шығарманың негізгі математикалық формула мен физикалық заңдылықтарға құрылу керектігін дәлелдеп бақты.

Будда философиясын зерттеген американдық композитор Джон Кейдж «музыкадағы тыныштық» эстетикасын ұсынды. Оның пікірінше музыка қағаз бетіне жазылмайды, бос кеңістік пен тыныштықта туады. Ол не үнсіздік, не музыка болып шығады. Неміс композиторы Маурицио Кагель мен итальян композиторы Лючано Берио да осы бағытты ұсынды. «Үнсіздік музыкасы» жаңа музыкалық жанрдың тууына себепші болды. Осындай жаңа нақыштар композиторлардың фольклор мұрасына деген қызығушылықтарын арттырды. Олар өз шығармаларында басқа елдердің этникалық және діни музыкасын да қолдана бастады (американдық этномузыка) .

Батыс еуропалық жаңа бағыт басында тұрған Карлхайнц Штокхаунез өзінің музыкалық шығармалары мен кітаптарында композитордың атқаратын ерекше ролін айқындап берді. Оның пайымдауынша «қазіргі заман суреткері - радиоқабылдағыш, олардың түйсінуі ұғынып болмайтын деңгейде» болып шығады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка өнері
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Радионың бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде алатын орны
Жақсы киіне білуде өнер
Музыкалық өнер туралы
Әдеби үрдіс, көркемдік тәжірибелер
Әдебиеттің түрлері мен тектері
Дәстүрлі өнер түрлері
Мәдениет теориясындағы субмәдениет ұғымы өзектілігі
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz