Негізгі құралдардың жөндеу есебі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Абенов Мейрамбек

Бағалау 18. 529

Негізгі құралдардың жөндеу есебі
Қ. К. Кеулімжаевтың «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері атты кітабында ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндік болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта табыс әкелуіне көзделеді.

Ал ағымдағы жөндеуге жұмсаалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан щығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.

Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.

Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осяндай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұймдарға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізі мерзімі жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі және тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.

Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қаьылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі негізгі құралдар-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланыста тиісті деректер өзгертулер мен толықтыулар жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгі түрі негізгі құралдар-2 Жөнделген қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдап-тапсыру актісі екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарда жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, ондла ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:

  • Аяқталмаған өндіріс
  • Тауарларды сату жөніндегі шығындар
  • Жалпы және әкімшілік шығындар
  • Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитінде, ал мына төмендегі:
  • Материалдар
  • Бюджетпен есеп айырысу
  • Еншілес серіктестіктердің несиелік борышы
  • Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
  • Жабдықтаушылыр және мердігерлермен есеп айырысу
  • Басқадай несиелік борышпен есептеулер

деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.

Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жөндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелінеді.

Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындаржы өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Бұл жағдайда қордың сомасы ай сайын:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж-нің негізгі құралдар есебі
Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі
Қазақстан Республикасының ұлттық банкі және оның операциялары
Негізгі құралдардың шығысының есебі
НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ТУРАЛЫ
Негізгі құралдардың есебі жайлы
Негізгі құралдар бухгалтерлік есебі
Негізгі құралдар есебін инвентаризациялау
Қазіргі кезде Қайнар құс
Бухгалтерлік есептегі негізгі куралдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz