Педагогика әдіснамасының бір аспектісі ретіндегі - ғылыми-зерттеу әдістері

Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Карипов Асхат 19-01 ПО
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы:Педагогика әдіснамасының бір аспектісі ретіндегі -ғылыми-зерттеу әдістері

Жасалатын жұмыстар
Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістерін білу қажеттілігін тұжырымдау;
Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері жүйесін сипаттау
1-жаттығу
1- мәтін
Педагогикалық зерттеу әдістері тек ғылыми зерттеу жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар білім беру жүйесіндегі жүретін практикалық іс-әрекеттерде де жиі қолданылады. Бұның басты себебі, білім беру практикасын жаңартып отыру, білім алушыларды дамыта отырып оқыту сияқты мәселелер педагогикалық ғылыми зерттеу әдістерін қолдануды қажет етеді. Мұндай жағдайда оқушылар мен студенттердің танымдық үдерісін ғылыми ізденіс логикасына сәйкес жүргізу қажеттілігі бар. Міне осыған байланысты педагогикалық зерттеу әдістерін тек ғылыми зерттеулерде ғана емес кез келген ғылым саласына сәйкес пәндерді оқып-үйренуде де қолдану тиімді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жауап беріңіздер:

Мәтінге қандай атау берер едіңіз?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жауап: Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістерін қолдану не үшін қажет?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жауап: білім беру практикасын жаңартып отыру, білім алушыларды дамыта отырып оқыту сияқты мәселелер педагогикалық ғылыми зерттеу әдістерін қолдануды қажет етеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістерін қолданудың екі бағытын атап беріңіз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жауап: Педагогикалық зерттеу әдістері тек ғылыми зерттеу жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар білім беру жүйесіндегі жүретін практикалық іс-әрекеттерде де жиі қолданылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2-жаттығу
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2-мәтін

Нақты зерттеу міндеттерін шешу үшін педагогикалық ғылыми зерттеу әдістерін таңдау принциптерін білген жөн. Мұндай принциптер екеу. Біріншісі: зерттеу әдістері жиынтығы принципі. Мәні бойынша бұл принцип кез келген ғылыми мәселені шешу үшін бір емес бірнеше әдістер қолдану қажеттілігін негіздейді. Және ол әдістер зерттелетін құбылыс табиғатына сәйкестендіріле қолданылуы қажет. Екіншісі: әдістердің зерттелетін құбылыс мағынасы мен оның алынуы тиіс нақты нәтижесіне сәйкес болуы принципі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жауап беріңіздер:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.Педагогикалық ғылыми зерттеу әдістерін таңдаудың принциптерін білу маңызы неде?
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жауап: Мәні бойынша бұл принцип кез келген ғылыми мәселені шешу үшін бір емес бірнеше әдістер қолдану қажеттілігін негіздейді. Және ол әдістер зерттелетін құбылыс табиғатына сәйкестендіріле қолданылуы қажет.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3-жаттығу
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3-мәтін

Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері үш топқа бөлінеді: педагогикалық тәжірибені зерттеу (эмпирикалық) әдістері, теориялық зерттеу әдістері және математикалық әдістер.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Эмпирикалық әдістер күнделікті практикадан ғылыми фактілер жайлы мағлұматтарды жинау, алу және тіркеу мүмкіндігін береді. Мұндай әдістерге кіретіндер: бақылау, іс-әрекет нәтижесін, құжаттарды зерттеу, сұрау әдістері (анкета, әңгімелесу, интервью), социометрия, референтометрия, тәуелсіз сипаттамалар әдістері және т.с.с. Ал нәтижелерді кешенді түрде алу үшін эксперимент әдісі қолданылады. Бұл арнайы ұйымдастырылған қандай да бір оқыту әдістерінің, құралдарының тиімділігін анықтау мақсатында тексеру әдісі болып табылады. Экспериментте қандай да бір жаңалықтың мүмкін болатын тиімділігі жайлы ғылыми, алдын ала негізделген болжам тексеріледі. Эксперимент барысында әдістер кешенді түрде қолданылады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Теориялық әдістер мәселені анықтау, болжамды тұжырымдау және жинақталған фактілерді бағалау үшін қажетті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Теориялық әдістер адамтану мен педагогика мәселелері бойынша классиктер еңбегін зерттеу; педагогикалық жалпы және арнайы жұмыстарды зерттеу; педагогикалық баспасөз материалдарын зерттеу; мектеп, тәрбие, мұғалімдер жайында көркем әдебиеттерді оқып-үйрену; педагогикалық және басқа ғылымдар саласына қатысты анықтамалық әдебиеттерді, оқулықтар мен әдістемелік құралдарды зерттеумен байланысты. Бұл әдебиеттерді зерттеу көтеріліп отырған мәселенің қай жақтары жақсы қарастырылған, қандай жақтары бойынша ғылыми пікірталастар бар, қандай аспектілері шешілмегенін анықтау мүмкіндігін береді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әдебиеттермен жұмыс әдістері:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Библиография құру;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Рефераттау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Конспектілеу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Аннотациялау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Цитаталау.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Педагогикада қолданылатын математикалық әдістер сұрау және эксперимент әдістері көмегімен алынған мәліметтерді өңдеу үшін, сол сияқты зерттелетін құбылыстар арасындағы сандық байланыстарды анықтау үшін қолданылады. Бұл әдістерді қолдану эксперимент нәтижелерін бағалау, жасалған тұжырымдар сенімділігін арттыру мүмкіндігін бере отырып, теориялық жалпылаулар жасауға негіз бола алады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Педагогикада сандық әдістерді қолданудың екі бағыты бар. Бірі -бақылаулар мен эксперимент нәтижесін өңдеу үшін, екіншісі - оқу-тәрбие үдерісін модельдеу, диагностикалау, алдын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика ғылымының әдістері
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Педагогикалық ғылымның құрылымдық элементтері
Гносеология ғылыми зерттеудің жалпы ғылымдық әдіснамалық негізі
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Мұражай педагогикасы
Педагогика ғылымының ерекшелігі
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Әдіснамалық білім деңгейлері
Тарихи-педагогикалық білім беруді жетілдіру
Пәндер