Тұтықпасы бар балаларда тұтығудың теориялық аспектілер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1.1 Тұтықпасы бар балалардың тұтығудың теориялық аспектілері

Тұтығу - сөйлеу аппаратының дірілдік жағдайымен шартталған сөйлеудің темптік-ырғақтық бұзылуы.
Тұтығу мәселесін сөйлеу бұзылыстары туралы ғылымның даму тарихындағы ең ертедегісі деп санауға болады.
Орта ғасырларда тұтығуды бас миында судың көп болымен (Гиппокрит) немесе артикуляиялық аппараттың бөліктерінің дұрыс емес болуымен (Аристотель) байланысты ауру ретінде қарастырған. Сөйлеу аппаратының орталық немесе перифериялық аймақтарындағы бұзылыстан болуы мүмкін екендігін Гален, Цельс мойындаған.
Шет елдерде ХVІІ - XVІІІ ғғ. Тұтығуды сөйлеу аппаратының перифериялық аймағының жетілмеуінің салдары қарастырылған. Мысалы, Санторини тұтығу қаты таңдайдың майысып, сілекей дұрыс өтпеуінен сөйлеу қиындайды да тұтығу пайда болады деп есептеген. Басқа зерттеушілер тұтығуды сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылуымен байланыстырған: дыбыс қуысының дірілдеп жабылып қалуы (Арнат, Шультесс); аса жылдам дем шығару (Беккерель); ойлау мен сөйлеудің сәйкессіздігі (Блюмс); және т.б.
Ресейде көптеген зерттеушілер тұтығуды сөйлеу аймағындағы функционалды бұзылыс дірілдік невроз ретінде (И.А. Сикорскийдің 1889; И.К.Хмелевский 1897 ж. Және т.б.) немесе сөйлеу аппаратында дірілдік әрекеттермен байқалатын таза психикалық ауытқу реінде (Хр. Лагузен 1838 , Г.Д. Петкачев 1909 , 1913 ) қарастырған.
ХХ ғасыр басындағы тұтығу механизмдерінің түсіндірудің әр түрлілігін 3 үрлі теоретикалық бағыттарға бөлуге болады
1.Тұтығу сөйлеу орталықтарының қоздырғыштық әлсіздігінен болатын координацияның спастикалық неврозы ретінде. Бұл Г.Гутуманның , И.А Кссмаульдың, И.А. Сикорскийдің еңбектерінде нақты көрсетеді.
2.Тұтығу психологиялық сипаттағы зақымдар нәтижесінде, қоршаған ортадағы алуан түрлі жанжалдардан туындайтын саналы көрініс ретінде А.Адлер, Шнейдер теорияларын жақтаушылар.
3.Тұтығу психикалық сипаттағы ассоциативті бұзылыс ретінде А.Либманн, Г.Д. Неткачев , Ю.А. Флоринскаяның жақтастары.
Осылайша ХІХ ғ. Аяғы мен ХХ ғ.басында тұтығ-күрделі психофизикалық бұзылыс деген пікір қалыптаса бастады. ХХ ғ. 50-60 жж. Қарай тұтығу механизмін И.П. Павловтың адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметі туралы,атап айтқанда невроз механизмі туралы зерттеулеріне сүйене оырып қарастыра бастайды.
Тұтығу басқа невроздар сияқты көзу мен тежеу процестерінің күшеюін туғызатын әр үрлі себептерінің нәтижесінде пайда болады. Тұтығу - симптом да синдром да емес, ол орталық жүйке жүйесінің ауруы. Үлкен жарты шарлар қабығындағы жүйке күйзелісі бір жағынан жүйке жүйесінің жағдайына, оның қалыпты кезінен ауытқуға дайын болымен шартталған болуы мүмкін. Екінші жағынан күйзеліс жағымсыз экзогенді факторлардан туындауы мүмкін. Бас миы қабағы қызметінің бұзылуы бірінші аытқу болады да, қатынастық тежелуіне әкеледі және қабықасты бөлшектерінің қызметтерін реттейтін шартты-рефлекторлы механизмдерінің бұзылына әкеп соғады. Осындай жағдайда, яғни қабықтың қалыпты реттелуі бұрмаланған кезде стриопаллидарлы жүйе қызметінде жағымсыз , кері қозғалыстар орын алады. Тұтығу механизмінде оның алатын рөлі өте маңызды, өйткені қалыпты жағдайда бұл жүйе дем алудың темпі мен ритміне және артикуляторлы бұлшықеттердің тонусына жауапты. Тұтығу стриопаллидумның органикалық өзгерістері кезінде емес, оның қызметінің динамикалық тұрғыда ауытқуынан туындайды.
Қазіргі уақытта пайда болу себептерден 2 топқа бөліп қарастыруға болады. Сонымен бірге, кейбір этилогиялық факторлар тұтығудың пайда болуына жол беріп , оны тікелей туындатуы мүмкін. Ата-аналардың невротикалық орталық жүйке жүйесінің қызметін әлсірететін жүйкелік, жұқпалы және соматикалық аурулар.
Тұтығудың баланың өзінің невротикалық ерекшеліктері: түңгі қорқыныш, энурез, аса қатты қозғыштық, эмоционалды жағынан сезімталдық.
Тұқым қуалайтын тұтықпа рецессивті белгі белгі ретінде тұқым қуалау арқылы беріліп, сөйлеу аппаратының туылғаннан әлсіз болуының әсерінен дамиды. Сонымен қатар, қоршаған ортаның жағымсыз әсерінен тұтығуда туындайтын экзогенді факторлардың рөлін де ескеру қажет.
Бас миының көптеген жағымсыз факторлардың ісерінен даму кезеңінің әр түрлі уақытында заымдалуы: құрсақ ішіндегі және туу кезіндегі зақымданулар , асфиксия, әр алуан балалар ауруы кезінде туындаған постнатальды жұқпалы зақымдалған немесе жарақаттанған ауыспалы - трофикалық бұзылыстар.
Жағымсыз , кері жағдайдар: балалардың физикалық әлсіздігі. Басмиы қызметінің жатық ерекшеліктері, бас миының үлкен жарты шарлары 5 жас шамасына қарай қалыптасады, осы жақта бас миы қызметіндефункционалды ассиметрия пайда бола бастайды. Сөйлеу қызметі онтогенетикалық жағынан дифференцияланған және кеш дамиды.
Моториканың, ритмнің , мимика-артикуляторлы қимылдардың дамуының азаюы.
Жағымсыз,кері жағдайлар тобынан бөліп қарастырамыз.
Ағзалық- физиологиялық себептер : энцеалопатиялық салдары бар физикалық аурулар.
a) Жарақаттар, зақымданулар (құрсақ ішілік, туу кезіндегі асфиксия, бас миының шайқалуы;
b) Қимыл-қозғалысты реттейтін қабақасты механизмдерінің зақымдалуы болатын бас миының органикалық бұзылуы;
c) Сөйлеудің орталық аппаратын әлсіздендіретін интоксикация және т.б. аурулар нәтижесінде туындайтын жүйке жүйесінің қажуы немесе шаршауы.
Психикалық және әлеуметтік себептер:
a) Қысқа мерзімді - бір сәттік психикалық зақым (қорқыныш,үреу)
b) Ұзақ уақыт әсер ететін психикалық зақым,яғни отбасындағы дұрыс емес тәрбие: тым еркелету, дұрыс емес тәрбие, үнемі жанжалдық жағдайда болатын психикалық қоздырғыш түрінде болатын жағымсыз эмоция.
c) Балалық шақтағы сөйлеудің дұрыс болмауы, дем алғанда сөйлеу жылдам, тез сөйлеу, дыбыс айтудың бұзылуы, ата-аналардың жылдам ашуланып сөйлеуі.
d) Кіші жастағы балалардың сөйлеу материалын шамадан тыс қолдануы, сөйлеу материалдары мен ойлауға байланысты тапсырмалардың өз жасына сәйкес болмауы (абстрактылы ұғымдар, тіркестердің күрделі құрылымды болуы);
e) Тұтығатын адамға еліктеу (мұндай адамның сөйлеу индукиясының 2 түрін бөліп қарастырады, енжар бала тұтығатын адамның сөйлеуін естіп , еріксіз тұтыға бастайды; белсеңді - ол тұтығатын адамның сөйлеуін айна қатесіз қайталайды);
f) Солақайлықты жоюға тырысу;
Физиологиялық (биологиялық) симптомдар: сөздік дірілдер. Баланың физикалық денсаулығының және орталық жүйке жүйесінің бұзылуы.
Тұтығудың негізгі сыртқы белгісі сөйлеу кезіндегі дірілдеу. Оның ұзақтығы әр түрлі: 0,2 секундтан 90 секундқа дейін (күрделі жағдайларда)
Дірілдер түрі бойынша ( тоникалық, клоникалық және аралас), локализациясы бойынша (демдік, дауыстық, артикуляционды және аралас) және жиілігі бойынша бөлінеді.
Тоникалық діріл кезінде қысқа немесе бұлшықеттерінің спазматикалық қысқаруы байқалады: т-ақта (әріптен кейіңгі сызық сәйкес дыбысты дірілдеп ұзақ айтуды білдіреді).
Клоникалық діріл кезінде бір дірілдік қимылды бірнеше рет бірден қайталау байқалады: та-та-тақта
Осылайша барлық демдік - дауыстық - артикуляционды аппарат зақымдалады.
Сөйлеу мүшелерінің бір немесе бірнеше жерінде дірілдің болуына байланысты діріл демдік , дыбыстық, артикуляционды деп бөлінеді.
Түрі
бойынша
Жиілігі бойынша

Сөйлеудің ұстамалары

Орнында
Клоникалық
Қиын
дыбыстарда

Артикуляциялық
Та-та- тарақ
Жағдайға байланысты
Сөйлеу тілі түріне байланысты
Аралас
Тыныс алу
Дауыстық
Ть...та-тарррақ
Аралас
Т ... ..арақ
Тоникалық
сурет

Сурет 1. Тұтықпаның симптомдары .
Тұтығу кезіндегі демалу бұзылысының 3 түрін ажыратады:
Эксперименталды (дірілдік дем шығару) , икспираторлы (дірілдік дем алу) респираторлы (дірілдік дем шығару, дем алу , кейде сөз үзіліп қалады).
Артикуляциялық аппаратта болатын дірілдер- еріндік, тілдік және жұмсақ таңдайлық. Олар көбінесе дауыссыз, қатаң дыбыстарды (к, г, п, б, т, д) айтқанда; сирек және аз күшпен-қуыстық дыбыстарды айту кезінде байқалады.
Экспрессивті сөйлеу кезінде тұтығатын балаларда фонетика-фонематикалық және лексико-грамматикалық бұзылыстар байқалады. Соңғы мәліметтер бойынша мектепке дейінгі жастағы балалар арасындағы фонетика-фонематикалық бұзылыстың таралуы 66,7 %, кіші мектеп жасындағылар арасында - 43,1%, орта жастағылар - 14,95% және үлкен мектеп жасында арасындағы - 13,1% құрады.
Тұтығудың байқалуына әр түрлі сөздік және жалпы моторикалық бұзылуы тән.
Амал - айлаға тұтығатын бала өзінің сөйлеуін жасыру үшін немесе жеңілдеті үшін қолданылатын қосымша қимылдар жатады.
Жалпы моторлы күйзеліс , қозғалыстың шектеулілігі, тежелгіштік, еріншектік немесе дискординация жиі кездеседі.
Әлеуметтік симптомдар- жүйке бұзылысының туындауының негізгі себептерінің бірі өз кемістігінен қысылу, өзін толық жетілмеген болып сезінуі. Кемістігінен неғұрлым көп көңіл бөлсе, соғұрлым ол тұрақты бола береді.
1.Фиксацияның нөлдік деңгейі.
Балалар кемістігін мойындамаудан еш қысылмайды немесе оны мүлде байқамайды. Ұялу, қысылу элементтері, өзінің дұрыс емес сөйлегенін айтқан адамға өкпелемейді, өз кемістігін жоюға ешқандай талпынбайды.
2.Ауру фиксациясының орташа деңгейі.
Үлкен жастағы жоғары сыныптағы жасөспірімдер мен оқушылар өз кемістігінен ұялады , жасырады әр түрлі амалдарды қолданады, қарым-қатынасқа өзі түседі. Олар өздерінің тұтығатындығын біледі, адам ыңғайсызданады, өз кемістігін жасырып қалуға тырысады.
3.Фиксацияның анық,байқалатын деңгейі.
Өз кемістігіне байланысты уайымдары өзін үнемі кеміс сезіну жағдайымен бірігеді. Бұл көбінесе жасөспірімдерде болады, олар сөйлеу сәйкестіктеріне көп көңіл бөледі, оны қатты уайымдайды, сөйлер алдында, адамдар қасында, кездескен жағдайлардан қорқады.
Тұтығудың 3 деңгейін ажыратады:
1.Жеңіл түрі - тек ашуланған жағдайда және тез сөйлеуге тырысу кезінде ғана тұтығады. мұндай жағдайда оны оңай жеңеді, тұтығатын бала сөйлей береді,олар өз кемістігінен ұялмайды;
2.Орташа түрі - қалыпты жағдайда және өзі үйренген орташа оңай сөйлейді және аз тұтығады. Эмоционалды жағдайда қатты тұтығады.
3.Ауыр түру - үнемі, сөйлеген сайын тұтығады, қосымша қимылдар байқалады.
Тұтықпаның болуының мынадай типтері бар:
-үнемі болатын (тұтықпа пайда болғаннан бастап сөйлеудің кез-келген түріне, әр түрлі жағдайда бола береді);
-толқын тәріздес (тұтығу біресе күшейеді, бірес басылады, бірақ аяғына дейін жоқ болып кетпейді);
-рецидивті (тұтығу жоғалып кетеді де қайта пайда болады, яғни рецидив пайда болады);
Авторлардың көбісі тұтығудың патогенезін зерттегендер тұтығатын адамдарда әр түрлі вегетативті бұзылыстардың болатынын айтады. М. Зесманның ойынша тұтығатындардың 87% вегетативті дисфония болады. Тұтығатындардың 100% - ының 20%-ында қан қысымы жоғары болады және экстрапирамидальды бұзылыстар кездеседі. 100% жағдайда оларда мидроз (көз қарашығының үлкеюі) байқалады, қалыпты сөйлейтін адамдардың көз қарашықтары сөйлеу кезінде өзгермейді немесе керісінше кішірейеді.
Тұтығудың таралуы
Тұтығудың таралуы жас ерекшелікке, жынысқа , қызмет түріне, мекен ететін жеріне байланысты және басқа да факторлар мен шартталған. Тұтығу көбінесе 2 жастан 4 жасқа дейінгі аралықта пайда болады, бұл кезде баланың сөйлеу қызметі жүйесі қарқынды дамиды және жеке тұлғалық қасиеттері қалыптаса бастайды. Сосын тұтығуға деген бейімдік төмендейді, кейінгі 10 жылда (4-14) тұтығудың болуы 1 жастан 3 жасқа дейінгі аралықтағыдай. Сосын мектепке баратын кезде тұтығатындар саны көбейеді. Тұтығудың көбейіп, күшеюінің себебі жетекші әрекетін өзгертуі (ойынның орнына оқу),балаға деген талаптың күшеюі. Тұтығу жыныстық жетілу кезінде асқынуы мүмкін.
Ауылды жерлерде тұратын балаларда қалалық балаларға қарағанда тұтығу сирек кездеседі.
Кейбір ғалымдар климаттық жағдайдың тұтығудың күшеюіне әкелетінін айтады. Мысалы; күз, көктем мезгілдері. (М. Зееман).
Тұтығу дамыған елдерде көп кездеседі. Англияда , АҚШ-та және Ресейде тұтығатын адамдар саны бірдей деуге болады. Статистика бойынша СССР-да 250 млн. Адам тұрса , соның 6 млн тұтығатындар. Африка елдерінде мұндай аурумен ауыратында саны өте аз. Қытайдаоданда басқа сирек (бірақ бұл жерде дамуға емес, тілдің басқа жүйесіне байланысты).
Тұтығу интеллектісі жоғары адамдарда кездеседі. Тұтығуды жеңу көп жағдайларда тәуелді ол ең алдымен тұтығу механизміне, кешенді түрде емдеп оны қолдануды астау кезеңіне, жасына байланысты.
Тәжірибе көрсеткендей жасы аз болған сайын, жалпы жағдайы, көңіл - күйің белсенді болған сайын, діріл әлсіз болған сайын, психикалық қозу сирек болған сайын, емдеу жағымды жағдайда болады.
Демдік діріл дыбыстық дірілге қарағанда жеңіл жойылады. Клоникалық тұтығу, тоникалыққа қарағанда оңай кетеді, өйткені клоникалық дірілдер бас миы қабығын қоздырады. Сондықтан оларға 2 сигналды жүйе арқылы әсер ету оңай,өйткені оған қабақасты қлздырғыштары тән.
2-4 жас аралықтары сәтті кезең болып табылады (жағымды жағдай жасау оңай және тұтығу уақыты аз). Сәтсіз кезең 10-16 жас аралықтары, пубертантты кезең. Жоғалып кеткен тұтығу сақталып қалады да, кез - келген жағымсыз жағдайда қайта туындауға дайын тұрады.
Н.А. Власованың ойынша инфекцияның , психикалық зақымданудың немесе еліктеудің нәтижесінде туындаған тұтығу жеңіл жойылады. Өйткені инфекция көп жағдайда тек функционалды ауытқу туғызады да0орталық жүйке жүйесіне органикалық жағынан өзгертпейді. Психожарақат нәтижесінде туындаған тұтығу тек бір кездерде ғана байқалады (паравоздың дауысы, иттің үруі және т.б.).
Көбінесе сөйлеудің кеш дамуы ата-анасына еліктеу салдарынан туындаған тұтығу оңай жойылады. Сол автордың мәліметтеріне сүйенсек мектепке дейінгі жастағы балалардың 70% толық кемістігінен арылды, ал 30% қалдық кемістіктер сақталып қалады.
Е.Ф. Раудың мәліметтері бойынша: 60% - кемістік толық жойылады, 19% - айтарлықтай жақсару көрінеді, 13% - жақсару болмайды, 8%- рецидивті.
Г.А. Волкованың мәліметтері бойынша: 4-7 жас аралығындағы тұтығатын балаларда сабақтары аяқталған соң тұтықпай сөйлемейтіндер - 70,2% құраса , айтарлықтай жақсару 26,93% байқалса, 3,5% сәтті көрсеткіш көрсеткен.
В.И.Селиверстовтың мәліметтері бойынша: 6 жас 17 жас аралығындағы тұтығатын балаларда арнайы шипажайларда болса да келген соң тұтықпай 39,7% бала сөйлеген, 47,8% балада айтарлықтай жақсы көрсеткіш болған, 12,5% балалардың көрсеткіші сәтсіз болған.
С.С. Ляпидевскийдің және В.И.Селиверстовтың бақылауларынша рецедив болған жағдайда тұтықпаны түзету басталған кезінен аяғына дейін жетпейді.
Тұтығудың органикалық түрінде функционалды түріне қарағанда нәтиже сәтсіз болады.
Тұтығуды жеңудің нітижелі болуына оның күрделілігі науқастың өз кемістігіне қарай көңіл бөлетіндігі әсер етеді. Логопедиялық жұмыстың нәтижесі тұтығудың жеңіл түрінде едәуір көрінеді;( фиксациясы нөлдік деңгейі).
Тұтығуды жеңудің әдістері
Логопедиялық сабақтар - тұтығатын балаға кешенді, емдік - педагогикалық әсер етудің тек құрамдас бөлігі ғана. Мынадай шараларды жасау керек: медикаментозды ем, физиотерапия, спихотерапия, микроәлеуметтік ортаны қалыптастыру. Сонымен қатар, таңдалып алынған әдістің адекваттылығы мен дифференциалдылығы өте маңызды.
Әдісті таңдағанда ол міндетті түрде жеке болуы тиіс. Ата - аналар тұтығуды емдеу белгілі бір жүйеде болуы керек екенін тек бір рет қана ем алу бұл жағдайда дұрыс емес екендігін естерінде ұстағаны жөн.
Балаға уақытында көмек көрсету үшін тұтығудың алғашқы белгілерін жіберіп алмау өте маңызды , егер бала бірден үндемей қалса,сөйлеуден бас тартса (бұл 2 сағаттан 1 күнге дейін жалғасуы мүмкін, бірақ кейін бала қайта сөйлеу бастайды, алайда енді тұтығады). Егер тұтығу пайда болғанша маманға қаралса, онда оның алдын алуға болады; бір сөзді айтар алдында жеке дыбыстарды айту (а,и), сөйлер алдында бір буынды немесе толық бір сөзді қайталау; сөздің, тіркестің ортасындағы әдейі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҰТЫҚПАСЫ БАР МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДА ҚАРЫМ
Мектепке дейінгі тұтығатын балаларда коммуникативті сөйлеу тілін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамуының ғылыми - теориялық негізі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Мектепке дейінгі тұтықпасы бар балалардың сөйлеу тілі дамуының ғылыми - теориялық негізі
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
Тіл кемістігін топтастыру
Кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілінің бұзылуы
Алалия түрлері
Мектепке дейінгі ақыл ойы кем балалармен жүргізілетін ерте түзету жұмыстары
Пәндер