«Мектеп» ақпараттық жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1. Жалпы бөлім
1. 1 Бағдарламалық қамсыздандыруды сипаттау
1. 2 Ақпараттық жүйенің негізгі ұғымдары
1. 3 Жүйе жобалау құрылымын таңдау және негіздеу
1. 4 Бағдарламалау тілінің сипаттамасы
1. 4. 1 Меншіктеу, циклдық және тармақталған операторлар
1. 5 Delphi объектілі-бағытталған бағдарламалау ортасы
2. «Мектеп» ақпараттық жүйесі
2. 1 «Мектеп» ақпараттық жүйесінің мәліметтер базасы
2. 2 «Мектеп» ақпараттық жүйесі
3. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
3. 1 Жұмыс орнына қойылатын талаптар. Қолданушының жұмыс орнын
ұйымдастыру
3. 2 Өндірістік санитария және жұмыстық гигиена
3. 3 Жарылыс және өрт қауіпсіздігі
Қорытынды
қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Компьютердің даму кезеңі өткен ғасырдың ортасында басталған. 1943 жылы АҚШ-та Джон Мочли және Преспер Экерт бастаған мамандар тобы электрондық шамдар негізіндегі ENIAC компьютерін құрастыра бастаған еді. Бұл компьютер қарапайым механикалық құрылғылармен салыстырғанда мың есе жылдам жұмыс істейтін, бірақ өте сенімсіз жұмыс істеді және бағдар-ламаны енгізуге өте көп уақыт қажет ететін болды. 1940 - 1950 ж. ж. компью-терлер электронды шамдар негізінде құрастырылған. Бірақ 1948 ж. транзис-торлар ойлап табылды - электронды шамдардың орнын басқан кішкентай құрылғылар. Бұл компьютерлердің көлемі жүздеген есе рет кішіреюіне және бұрынғыға қарағанда сенімділігінің артуына себепкер болды.
Бүгінгі таңда электронды ақпарат дамып бара жатқандықтан, мәлі-меттің бәрін цифрлық түрде енгізіп, оны цифрлық түрде сақтап және оқуы-мызға тура келеді. Себебі, біздің күнделікті ақпарат алмасуымызды жеңілдетеді. Сонымен қоса, біздің күнделікті ақпаратты қағазға қаламмен бірнеше сағат жазуымызды және өңдеуімізді жеңілдетеді және шығынды азайтады. Егер электронды ақпарат шығыс және батыс елдерінде бірнеше жыл бұрын дамыса да, біздің елде бұл енді-енді жарық көріп келеді. Осы тұрғыдан алғанда қандай да бір кәіпорынның немесе білім беретін мекеменің жұмысын автоматтандыратын бағдарламалық құралдарды құру қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Сондықтан да дипломдық жобамда мен мектеп директорының жұмысын деректер базасы негізінде автоматтандыру процесін қарастырдым.
Жоғарыда айтылғандарға орай дипломдық жұмыстың мақсаты деректер қорын жобалау теориясы туралы әдістемелік құрал жасау және Microsoft Access деректер қорының басқару жүйесі және Delphi программалау ортасының көмегімен «Мектеп» ақпараттық жүйесін құру. Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттері төмендегідей:
- Деректер қоры теориясымен танысу және ДҚБЖ түрлерін қарастырып, олардың ішінен жүйе құру үшін ең тиімді болып табылатынын таңдап алу;
- Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесінде кадрлар бөлімінің жұмысы жайлы мәліметтерді қарастыру;
- «Компьютерлік бөлшектер қоймасы» деректер қорын қамтитын жұмыстарын зерттеу ;
- Microsoft Access және Delphi программалау ортасының мүкіншіліктерін пайдалана отырып ақпараттық жүйе құру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады: мазмұны, кіріспе бөлім, жалпы бөлім, арнайы бөлім, өндірісті ұйымдастыру, экономикалық бөлім, еңбекті қорғау, қорытынды бөлім, қосымшалар және қолданылған әдебиеттер тізімі.
Дипломдық жұмыстың жалпы бөлімінде (бірінші тарау) автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жайлы толық мәліметтер келтіріледі. Деректер қоры және оның мүмкіндіктері, ақпараттық жүйе жобалау сатылары рет-ретімен мысалдар арқылы түсіндіріледі. Сонымен қатар таңдалынған деректер қорын басқару жүйесінің ерекшеліктері, программалау орталарының ерекшеліктері қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың арнайы бөлімінде (екінші тарау) «Мектеп» ақпараттық жүйесінің зерттеу аймағы, ақпараттық жүйе құруға қажетті кестелердің құрылымы сипатталады. Соңынан аталған ақпараттық жүйенің құрылу сценарийі келтіріліп, аталған ақпараттық жүйенің жұмыс істеу принциптері түсіндіріледі.
Дипломдық жұмыстың жобасы бөлімінде жобаның негізгі мақсаты, жобаны қолданушылардың құжаттары, бағдарламаны қолдану құжаттарына сипаттама беріледі.
Экономикалық бөлімде жобаны құрудың барлық кезеңінде жұмсалған қаржы-қаражатты, есептеу бойынша жүргізілген жұмыстар келтіріледі.
Дипломдық жұмыстың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімінде, программаның жұмыс істеу шарттары, жүйенің басқа жүйелермен жұмыс істеу мүмкіндіктері, техника қауіпсіздігінің негізгі мәселелері қарастырылды.
Қорытынды бөлімде дипломдық жұмыс бойынша жасалған жұмыстар мен құрылған программалардың нәтижелілігін және осындай программалардың стандартталу келешегі туралы қорытынды ой келтіріледі.
Жоба Microsoft Access және Delphi программалау ортасының мүмкіншіліктерін пайдалана отырып деректер базасы ретінде құрылды.
1. Жалпы бөлім
1. 1 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды сипаттау
Бағдарламалық қамтамасыздандыру жүйелік және көмекші болып бөлінеді. Жүйелік бағдарламаға бағдарламашыға жаңа бағдарлама құру үшін қажет болатын бағдарламаларды жатқызады, яғни операциялық жүйе, жабдықтарды бақылау және реттеу құралдары.
Қосымша бағдарламаға белгілі бір аймақта мәліметтерді өңдейтін бағдарлама немесе бағдарламалар тобы жатады. Қосымша бағдарламалар өте үлкен әр түрлі пакеттер тобын құрайды: ортақ қолдану, тәсілдік бағытталған және проблемалық бағытталған. Осылардың арасында өте аз орын алатын қосымша бағдарламалар - қолданушы өзінің көздеген мақсатына жету үшін жазатын ерекше бағдарламалар.
Сондай-ақ, бағдарламалық қамтамасыздандыруға бағдарламалау жүйесі жатады, яғни жаңа бағдарлама құру жүйесі. Бұл жүйеге машиналық кодта бағдарламаны бағдарламалау тілінде өңдейтін компиляторды, бағдарламаның жоғарғы бағдарламалау тілінде орындалуын қамтамасыз ететін интерпретаторды, бағдарлама текстінің редакторын, қосымша бағдарламалар кітапханасын, бағдарлама реттегішін, немесе тағы қосымша бағдарламаларды жатқызады.
Кең тараған бағдарламалау тілдері бағдарлама құруға көмектесетін көптеген бағдарламалау жүйесі бар. Олар DOS, Windows3. 1/3. 11, Windows9x, Windows NT және тағы басқа орталарда жұмыс істейді. Соңғы кездері Java тілінде бағдарламалау жүйесі пайда болды. Олар әлемдік Internet желісінде Web-парақтарды қарау кезінде шақырылатын бағдарламаларды жазуға мүмкіндік береді.
Бағдарламалау жүйесінің ерекше класы - клиент-сервер типіндегі бағдарламалар құру жүйесі болып табылады. Бұл жүйелер бөлімдерге және үлкен кәсіпорындарға мәліметтер жүйесін құруға көмектеседі. Оның ішінде қолданушыға арнап интерфейс құру, мәліметтерді өңдеу процедурасын сипаттау және т. б.
Операциялық жүйе - бұл компьютердің аппараттық бөлігін басқаратын бағдарламалар тобы және қолданушы мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету ісін ұйымдастыру. Операциялық жүйе компьютердің ерекше бөлігі болып табылады және ол компьютердің аппараттық бөлігімен бірге жеткізіледі. Операциялық жүйенің айналасын оның мүмкіндіктерін кеңейтетін қосымша бағдарламалар құрайды. Операциялық жүйенің негізгі сипаттамасын Windows XP операциялық жүйесінің мысалында қарастырайық.
Windows XP-те қолданушы тапсырмалармен және бағдарламалармен өзінің жұмыс үстеліндегі құжаттармен жұмыс істеген сияқты жұмыс атқарады. Windows XP-тің Windows 3х операциялық жүйесінен (және де басқа да көптеген операциялық жүйелерден) басты айырмашылығы - негізгі назар құжаттарға қойылады, ал бағдарлама, тапсырма немесе бағдарламалық код осы құжатпен жұмыс істеу үшін арналған құрал ретінде қарастырылады. Windows XP Plug & Play (аудармасы «қос -және- жұмыс істе», көбіне «плаг-эн-плэй» деп айтылады) стандартымен жұмыс істейді. Бұл компьютерге жаңа перифериялық құрылғыларды қосып, олармен жұмыс істеууді максималды жеңілдетеді. Plug & Play стандарты - бұл Intel мен Microsoft фирмаларының бірігіп жасаған істері. Оның негізгі идеясы - осы стандартқа сай әр құрылғы өзі жайлы белгілі бір мәлімет таратады. Осының арқасында операциялық жүйе перифериялық құрылғылардың сипатын автоматты түрде анықтап, аппараттық түсінбеушілік мәселесін оңай шешеді. Plug & Play стандарты біріншіден аналық платаның BIOS-ын және перифериялық құрылғыларды қолдауы керек. Сөйтіп, операциялық жүйе Plug & Play стандартын қолдайтын перифериялық құрылғылырдың компьютерге жалғанған кезде автоматты түрде танылуын және онымен жұмыс істеудің жеңіл болуын қамтамасыз етеді. Ескірген құрылғыларды қолдауды қамтамасыз етеді және мобильды компоненттерді қосу және өшіру үшін динамикалық орта құрайды.
Windows XP 32-разрядты операциялық жүйе болып табылады. Ол процессордың қорғалған режимінде жұмыс істейді. Жады мен процестерді басқаратын ядро 32 разрядты кодпен жұмыс істейді. Бұл компьютердің жұмысын тездетеді. Windows XP 32-разрядты кодты барлық мүмкін болған жерлерде қолданады, бұл компьютердің сенімді жұмыс істеуі мен жылдам қызмет атқаруына көмектеседі.
Бұрынғы нұсқаларға қарағанда, Windows XP көптапсырмалылықты (preemptive multitasking) және параллель процестерді (multithreading) қолдайды. Бұнда процессордың уақытын жіктеуді ядро атқарады. Бұл фондық тапсырмалардың жақсы жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
1. 2 Ақпараттық жүйенің негізгі ұғымдары
Автоматтандырылған ақпараттық жүйе - бұл тек құрал, оның табысты қолданылуы кәсіпорынды басқаруға тікелей тәуелді болады. Ол басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді, бірақ оны ауыстыра алмайды. Ендірудің пәндік мәні дәл осы болып табылады. Ұқыпты меншік иесі жобаны тек іске асырып қана қоймай, сонымен қатар өз кәсіпорнының мақсаттарының нәтижелі шешімін алудан бастау керек. Сондықтан, жобаның табысы ең алдымен ақпараттық жүйені және бағдарламалық өнімді таңдаудан емес, ендірудің бастапқы кезеңі - менеджерлер мен компанияның бизнес-мақсатын (стратегиясын) таңдауға тәуелді болады.
Бизнес-процестер . Стратегияларды құрып және анықтағаннан кейін, автоматтандырудың келесі қадамы - басқару қызметінің барлық фазаларын баптау (олардың қайсысы автоматтандыруға жататындығын түсіну үшін), реттеу және бизнес-процестерді орындау.
Процесс - бұл тұтынушы, клиент немесе тапсырыс беруші үшін құнды болып табылатын нәтижені құруға бағытталған функциялардың (жұмыстардың, операциялардың), орындалу тізбегі.
Жалпы түрде бизнес-процесс - бұл қызметтің әртүрлерінің жиынтығы, солардың барлығы бірге тұтынушы, клиент немесе тапсырыс беруші үшін құнды болып табылатын нәтижені құрайды.
Тәжірибеде кәсіпорында бизнес-процестердің бес түрін атап өтуге болады:
- негізгі бизнес-процестер, соның негізінде өнім өндіретін немесе қызмет көрсету кәсіпорындарының ағымдағы қызметі функцияларының орындалуын жүзеге асырады;
- негізгілер үшін бизнес-процестерді қамтамасыз ету;
- кәсіпорын дамуының бизнес-процестері;
- кәсіпорын қызметін басқарудың бизнес-процестері;
- басқаруды қамтамасыз етуші бизнес-процестер.
Маман-тәжірибешілер процестерді - негізгі және қосалқы деп екі түрге бөледі. Негізгі процестердің нәтижесінде компанияның қосымша құны (жаңа сапа) құрылады, солардың аралығында өзара әрекеттестік болады. Қосалқы процестер - басқару процестері (жоспарлау, ұйымдық құрылым, есепке алу, талдау және т. с. с. ), бизнестің және басқарудың инфрақұрылымын құру (ақпараттық қамтамасыз етудің, сапа жүйелері, өндіріс жүйелердің) және жаңа өнімдер мен қызмет көрсетуді құру процестері.
Жоғарыда келтірілген тұжырым процесстің маңызды құраушыларын атап өтуге мүмкіндік береді:
- «Функциялардың атқарудың жүйелілігі . . . »- қызметтерді олардың орындалу уақытын бекіте отырып реттеу керек екендігіне біздің назарымызды аударады. Сіздердің кәсіпорындарыңызда процесстер қалай орналасқанын - жүйелі немесе стихиялы түрде ме - соған назар аударыңыздар.
- « . . . нәтиже құруға бағытталған . . . »- мұнымен процесстің не үшін керек екендігі түсініксіз болады. Өз процесстеріңізге назар аударыңыздар - әрқашан олар фирмаға қажет нәтиже әкеле ме ?
- « . . . тұтынушы үшін құнды нәтиже . . . »- қызметкерлер және бүкіл фирмадағы клиентке бағыттауды қалыптастырады. Бұл істелген жұмыстың, көрсетілген қызметтердің құндылығын орындаушы емес тұтынушы «процесстің клиенті» бағалайды дегенді білдіреді. Бұл жерде сыртқы (сатып алушы) немесе ішкі (көршілес бөлім, цех) екендігі маңызды емес. Жеке ішкі бөлімшенің қызметкерлерін олардың жұмысын қалай бағалайтындығы қызықтырмайды.
Бастапқыда бизнесс-процесстердің моделі - диаграмма түрінде көрсетілетін қағаздағы немесе электронды сақтаушылардағы сипаттама түрінде құрылады. Қызметкерлерге беру үшін бұл сипаттамалар нақты жұмыс орнында орындалатын жұмыстардың ретін орнататын нұсқаулардың жиынтығына түрлендіреді, себебі диаграммаларды әрбіреуі түсіне бермейді.
Бизнес-процесстерді жүйе түрінде басқару үшін жоғарғы буын басшылары не істеу керек? Ең алдымен барлық бизнес-процесстерді тексеру керек және процесстік құрылым құру керек, яғни оларды белгілі бір ретпен орналастыру «жазып беру» керек. Тексерудің негізгі нәтижесі - осы мақсатқа арналған және стандартты құралдар мен терминдерде сипатталған бизнес-процесстер тиісті болу керек. Бұл ақпарат мамандар үшін әлсіз жерлерін көріп, жұмыс ережелеріне түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын барлық бизнесс-процесстердің кешенінің өзекті нұсқасын тұрақты сүйемелдеу үшін кез келген өзгертулер міндетті түрде модельдерде көрсетілуі керек. Сол сияқты болашақ процестерді жоспарлауға болады және оларды талданатын, тексерілетін және бақыланатын нұсқа түрінде сақтауға болады. Бұдан шығатыны, процестердің басқара отырып, басшы компанияның ішкі өзара әрекеттестікті (қызметкерлер мен ішкі бөлімшелердің өздерінің арасында) ұйымдастырып қана қоймай қоршаған ортамен де (кәсіпорынның сатып алушылармен, жабдықтаушылармен және т. с. с. ) өзара әрекеттесуін ұйымдастырады. Бұл басшының өзіне меншікті мақсаттарын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. Тек осыдан кейін ғана автоматтандыру мақсаттарын анықтауға және соған жету үшін қажетті есептерді шешуге өтуге болады. Осы талаптарды дәл орындау құралдардың жиынтығын және жоба бойынша барлық келесі қадамдарды көрсетіп береді.
Нені автоматтандыру керек? Жүйелі деңгейде қызмет сфераларында тиімді жұмысты тәртіпке келтірмейінше жеке қызметтерде нәтижелі жұмысты қалыптастыру мүмкін емес екендігін ақылды бастық түсіну керек.
Кез келген объектіні басқару жүйесі келесі циклдармен көрсетіледі:
Басқару циклының барлық фазасы автоматтандыруға келмейді. Өйткені түзетулер кәсіпорын стратегияларын құру, түзетуге, оның глобальды жоспарларына арналған, оны адам қолмен орындайды. Жоспар өзгерту процесі де алгоритмдеуге жатпайды. Бастыққа мұндай кезде басқа адам, мысалы кеңес беру қызметінің кеңесшісі көмек бере алады. Басқару ықпалын құру - ерік-жігерді қажет етеді, сондықтан мұнда программа жасау еш көмек бере алмайды. Сондықтан, жоспарлау, атқарулар, орындау, бақылауды және талдау фазаларын автоматтандыру керек.
1. 3 Жүйе жобалау құрылымын таңдау және негіздеу
Автоматтандыру мақсаттары - кәсіпорындағы басқаруды жақсартуға бағытталған. Мақсатты және есептің қойылымын анықтау - автоматтандыру үшін жобаны ендірудің бастапқы кезеңі болып табылады.
Келесі кезеңде осының барлығы қалай автоматтандыру және «құжаттау» керек деген сауалға жауап беру керек. Бұл жағдайдағы негізгі құжаттар техникалық тапсырма және күтізбелік жоспар. Техникалық тапсырманы - «бизнес-процесстердің меншік иелері» кәсіпорынды автоматтандыратын компания мамандарының қатысуымен IT-менеджерлер және бөлім басшылары құрады.
Онда ақпараттық жүйенің барлық объектілері, олардың тәртібі және т. с. с. сипатталады. Техникалық тапсырманың жазылуы нақтылы келісім-шартпен жасалған жұмыстың күнтізбелік жоспарында көрсетіледі. Онда барлық автоматтандырылатын процесстер дәл көрсетіледі. Сондай-ақ жеке құжат - автоматтандырылатын бизнес-процесстердің схемасы құрылуы да мүмкін. Бұл мәселелердің барлығын нақтылы жағдайда кәсіпорын басшысымен келісе отырып жобаны автоматтандыру бойынша басшы маман шешеді. Кез келген жағдайда бұл құжаттарсыз автоматтандыру мүмкін емес. Жұмыста қарастырылып отырған мектепке қатысты негізгі ұғымдар, ондағы оқушылар, оқытушылар, пәндер және т. б. ақпараттарды қамтиды. Бұдан мектеп директорының жұмысын автоматтандыру үшін мәліметтер қорын құру керек екендігі шығады. Мәліметтер қоры - ақпараттарды сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорымен мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымы тығыз байланысты. Мәліметтер қорын басқару жүйелері дегеніміз - жаңа қордың құрылымын құру, оның мазмұнын толтыру, түзетуге берілген шарт бойынша мәліметтерді шығару, оларды реттеу, баспаға шығаруға арналған программалық құралдардың жиынтығы
Мәліметтер қоры әртүрлі объектілерден тұруы мүмкін. Мен қолданған объект - кесте. Кестенің өрістерінің негізгі қасиеттеріне жататындар: өріс атауы, өріс типі, өріс өлшемі, өріс форматы, енгізу маскасы, жазу, келісім бойынша берілетін мәндер, мәндерге қойылатын шарттар, қате туралы хабар, міндетті өріс, бос жолдар, индекстелген өріс.
«Мектеп» ақпараттық жүйесі мектеп директорының жұмысын автоматтандыруға арналған.
1. 4 Бағдарламалау тілінің сипаттамасы
Компьютерге арналған техника және технологияның дамуымен қатар, соған арналған бағдарламалау тілдері дамып жатыр. Егер бұған дейін компьютер технологиялары аз дамыған және бағдарламалау тілдері жетіспей, онымен қоса оларды меңгеру қиын болған болса, қазіргі таңда бұл проблема шешілді. Қазіргі бағдарламлау тілдері соншылықты көп, оларды санаудың өзі біраз уақытты алады. Бұған дейінгі кезде бағдарламалау тілін үйрену үшін міндетті түрде Assembler машина тіліне жақын бағдарламалау тілін білу керек болған болса, қазіргі бағдарламалау тілдерін оңай үйренуге болады. Бұндай тілдердің қатарына, мысалы, Microsoft корпорациясының Qbasic және Borland корпорациясының Turbo Pascal, бағдарламалау тілдерін, Delphi программалау ортасын жатқызуға болады. Төменде Delphi программалау ортасынның негізгі программалық тілі ретінде қолданылатын Object Pascal тіліне қысқаша сипаттама беріледі.
1. 4. 1 Меншіктеу, циклдық және тармақталған операторлар
Операторлар, бағдарлама бұйрықтарын машина тіліне аудару деген мағынаны білдіреді. Яғни, алдымызға қойылған есепті шешу мақсатында орындалатын іс-әрекеттердің машинаға түсінікті түрде жазылуы. Сонда, бағдарлама денесі бірінен кейін бірі жазылған операторлар тізбегінентұрады.
Операторлар арасына нүктелі үтір (; ) белгісі қойылады. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама) операторлар болып екі топқа бөлінеді. Егер оператор құрамында басқа операторлар болмаса, онда ол қарапайым оператор деп аталады. Бұл топқа мысалы, меншіктеу операторын жатқызуға болады. Күрделі (құрама) оператор бірнеше қарапайым операторлардан тұрады. Object Pascal тіліндегі ең басты операторлар мыналар: меншіктеу операторы, циклдық операторы және тармақталған операторы.
Меншіктеу операторы. Бұл оператор қарапайым операторлар тобына жатады. Меншіктеу операторының жалпы жазылуы келесідегідей:
айнымалы атауы:=өрнек;
Мысалы:
Y:=5*A+S*N;
Q:=F*(Z*E+G*K) ;
Мұндағы := меншіктеу белгісінің оң жағындағы өрнек есептелініп, сандық мәні оң жақтағы айнымалыға меншіктелінеді.
Тармақталған операторы (шартты көшу операторы) . Алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екі немесе екіден де көп тармақтары бар алгоритм - тармақталған алгоритм деп аталады. Осындай тармақталған алгоритмді бағдарламалауға шартты көшу операторы қолданылады. Шартты көшу операторының жалпы жазылуы:
if <шарт> then <1-оператор> else <2-оператор>;
Мұндағы: if (егер) қызметші сөзінен кейінгі жазылған шарт ақиқат болса then (онда) сөзінен кейінгі жазылған 1-оператор орындалады, шарт сақталмаса else (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор орындалады. Шартты көшу операторы алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді. Шартты көшу операторының жалпы блок схемалары (а - толық түрі, ә - қысқаша түрі) :
А ә
Циклдік операторларлар. Берілген есепті шешуде алгоритмнің кейбір бөліктері бірнеше рет қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай құрылымды алгоритмді қайталанушы алгоритм немесе циклдік құрылымды алгоритм деп атаймыз. Object Pascal-да циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:
- Алдын-ала шартты тексеру арқылы.
- Келесі шарт бойынша.
- Параметрдің мәніне тәуелді.
Үш түрлі жолмен ұйымдастырылатын циклға арнайы операторлар қолданылады. Олар: while…do, repeat…until, for…to…do.
While операторы. Алдын-ала берілген шартты тексеру арқылы циклді ұйымдастыруға while операторын циклдің қайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанады да, шарт жалған болса циклдан шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.
Жалпы жазылуы:
While <шарт> do
<циклдің денесі>;
Мұндағы, қызметші сөздердің қазақша мағынасы: While - «әзір», do - «орында». Ал, шарт - логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды - циклдің денесі деп атаймыз.
Repeat…until операторы. Циклдік процесстерді ұйымдастыруда Repeat операторы циклдің қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Repeat операторының жалпы жазылуы:
Repeat
<циклдің денесі>;
Until <шарт>;
Мұндағы, қызметші сөздер rеpeat - қайтала, until - соған дейін деген мағынада қолданылады. Циклдің денесі - қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесін құрайтын операторлар санына шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.
For…to…do операторы. Циклдік құрылымды алгоритмді бағдарламалауда, қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, For операторын қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып, циклді басқарады. Бұл айнымалы циклдің параметрі делінсе, For операторы параметрлі қайталану операторы деп аталады.
For операторы екі түрлі жазылады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz