Қожа Ахмет Иассауй әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл, сопылық әдебиеттің ірі өкілі ғана емес, түркі әдебиетінің негізін салушылардың бірі
Қожа Ахмет Иассауй әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл, сопылық әдебиеттің ірі өкілі ғана емес, түркі әдебиетінің негізін салушылардың бірі, тіл мен ұлт жанашыры, поэзия тілімен жазылған хикметтерімен келер ұрпағына өшпес қазына қалдырып кеткен, ақиқат пен екі дүние бақытының кілтін сарқылмас сый еткен - ұлы бабамыз. Бабамыздың Диуани Хикметін жазып қалдыруының мақсаты да түркі тілдес халықтарға өздеріне түркі тілі басқа тілдерден кем түспейтіндігін дәлелдеп, құран мен хадис қағидаларынан ілім сарқи отырып өзінің даналық ойларын жазу, қоғам санасын ашу, әрбір түркі баласына дін мен ділін тең ұстап жан дүниесін тәрбиелеуді үйрету. Ахмет Иассауй бабамыздың өмір сүрген уақыты Қарақытайлықтардың басып кіріп, Қарахан мемлекетінің құлаған уақытына тұспа-тұс келген. Осы кезде мұсылман діні әлсірсеп, адамдар азғындап бара жатқанын мына хикмет жолдарынан білуге болады:
28-хикмет
Ел-жұрттан мейір, шапағат кетті, достар.
Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті,
Қыз, келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.
"Ұят барда иман бар" деп Расул айтты,
Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар.
Мұсылман мұсылманға болды қатал,
Нақақ істеп хақ жұмысын бұзды батыл.
Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын,
Ғажап сұмдық замана болды, достар.
Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,
Патша менен уәзірлерде әділет жоқ.
Дәруіштердің дүғасында қасиет жок,
Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар.
Ақырзаман ғалымы залым болды,
Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды.
Алланы айтқан дәруіштің жолы болды,
Ғажап сұмдық замана болды, достар.
Жоғарыда келтірілген жолдарды оқи отырып, Иассауй хикметтерінің мазмұны осы күнде де өзекті, осы заманда да келелі мәселе екенін анық байқаймыз. Иассауй бабамыздың шығармасындағы әрбір бәйіті рухани, адами кемелдікке шақырады. Аллаға ғашық болған, хақ пайғамбарға ынтызар болып, үлгі тұтқан ол, әрбір хикметін Алланы ұлықтауға, пайғамбар өмірінен өнеге көрсетіп, адамгершілікке баулуға арнаған. Мысалы:
Жетімді көрсеңіз жәбірлемеңіз,
Ғарыпты көрсеңіз әмірлемеңіз.
Жетімдер бұл жаһанда қор екен дүр,
Ғарыптердің ісі сол екен дүр.
Ғарыптердің ісі дәйім ибалы дүр,
Тірі жетім тірі өлік дүр.
Бар ғұмырын Алланың ақ жолына арнаған құдіретті жан өзі жазған даналық ойларының қадір-қасиетін барынша түсіндіруге, ұғындыруға көп еңбек еткен:
3-хикмет
Мұсылман емес хикмет айтып жыламаса,
Жарандардың айтқан сөзін тыңдамаса.
Аят, хадис мазмұнын аңдамаса,
Кереметті ғарыш үстінде көрдім, міне.
Кереметті көріп Хақпен тілдестім мен,
Жүз мың түрлі періштемен жүздестім мен.
Сол себептен хақты айтып іздедім мен
Жан-тəнімді оған пида еттім, міне.
Құл Қожа Ахмет, жасың жетті жиырма бірге.
Не қылғайсың күнəларың таудан да ауыр.
Қиямет күн азап берсе раббым қадыр,
Ей, достарым, не деп жауап айтам, міне.
Йассауидің пайғамбар жасынан аса өмір сүруім дұрыс болмас деп, 63 жасында жер астына қылуетке кіруі үлкен әулиелігі мен берік имандылығының белігісі. Жер астына кіргендігі туралы мына жолдардан қарайық:
Қан жұтып Алла дедім, рахым етті.
Дозақ ішінде қалмасын деп қамым жеді,
Шаттықпенен жер астына кірдім міне.
Жасым алпыс үшке жетті, ойым тұнық,
Уа, дариға, хақты таппай көңілім сынық.
Жер үсті де сұлтанмын деп болдым ұлық,
Ризалықпен жер астына кірдім, міне.
Шайыхпын деп уағыз айтып жолда қалдым,
Сəлдемді соқыр тиынға сатып келдім.
Нəпсім мені алдап кетті, жолда қалдым,
Алаңсыз жер астына кірдім, міне.
... жалғасы
28-хикмет
Ел-жұрттан мейір, шапағат кетті, достар.
Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті,
Қыз, келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.
"Ұят барда иман бар" деп Расул айтты,
Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар.
Мұсылман мұсылманға болды қатал,
Нақақ істеп хақ жұмысын бұзды батыл.
Мүрит пірге жылы жүзбен болмай жақын,
Ғажап сұмдық замана болды, достар.
Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,
Патша менен уәзірлерде әділет жоқ.
Дәруіштердің дүғасында қасиет жок,
Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар.
Ақырзаман ғалымы залым болды,
Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды.
Алланы айтқан дәруіштің жолы болды,
Ғажап сұмдық замана болды, достар.
Жоғарыда келтірілген жолдарды оқи отырып, Иассауй хикметтерінің мазмұны осы күнде де өзекті, осы заманда да келелі мәселе екенін анық байқаймыз. Иассауй бабамыздың шығармасындағы әрбір бәйіті рухани, адами кемелдікке шақырады. Аллаға ғашық болған, хақ пайғамбарға ынтызар болып, үлгі тұтқан ол, әрбір хикметін Алланы ұлықтауға, пайғамбар өмірінен өнеге көрсетіп, адамгершілікке баулуға арнаған. Мысалы:
Жетімді көрсеңіз жәбірлемеңіз,
Ғарыпты көрсеңіз әмірлемеңіз.
Жетімдер бұл жаһанда қор екен дүр,
Ғарыптердің ісі сол екен дүр.
Ғарыптердің ісі дәйім ибалы дүр,
Тірі жетім тірі өлік дүр.
Бар ғұмырын Алланың ақ жолына арнаған құдіретті жан өзі жазған даналық ойларының қадір-қасиетін барынша түсіндіруге, ұғындыруға көп еңбек еткен:
3-хикмет
Мұсылман емес хикмет айтып жыламаса,
Жарандардың айтқан сөзін тыңдамаса.
Аят, хадис мазмұнын аңдамаса,
Кереметті ғарыш үстінде көрдім, міне.
Кереметті көріп Хақпен тілдестім мен,
Жүз мың түрлі періштемен жүздестім мен.
Сол себептен хақты айтып іздедім мен
Жан-тəнімді оған пида еттім, міне.
Құл Қожа Ахмет, жасың жетті жиырма бірге.
Не қылғайсың күнəларың таудан да ауыр.
Қиямет күн азап берсе раббым қадыр,
Ей, достарым, не деп жауап айтам, міне.
Йассауидің пайғамбар жасынан аса өмір сүруім дұрыс болмас деп, 63 жасында жер астына қылуетке кіруі үлкен әулиелігі мен берік имандылығының белігісі. Жер астына кіргендігі туралы мына жолдардан қарайық:
Қан жұтып Алла дедім, рахым етті.
Дозақ ішінде қалмасын деп қамым жеді,
Шаттықпенен жер астына кірдім міне.
Жасым алпыс үшке жетті, ойым тұнық,
Уа, дариға, хақты таппай көңілім сынық.
Жер үсті де сұлтанмын деп болдым ұлық,
Ризалықпен жер астына кірдім, міне.
Шайыхпын деп уағыз айтып жолда қалдым,
Сəлдемді соқыр тиынға сатып келдім.
Нəпсім мені алдап кетті, жолда қалдым,
Алаңсыз жер астына кірдім, міне.
... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz