1946-1960 жылдардағы жазылған шығармалардағы ұқсастықты табу. Абай Жолы роман-эпопеясы туралы ой толғау жазу. Ғ. Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына шығармашылық талдау жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Абдуалиева Камила
Кя181
Практикалық сабақ 3 .

Тапсырмасы:

1946-1960 жылдардағы жазылған шығармалардағы ұқсастықты табу.
Баллада жанрының туып, жандана бастауы тақырыбын талдау
Абай Жолы роман-эпопеясы туралы ой толғау жазу.
Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" романына шығармашылық талдау жасау
1.
Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі.Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің Абай романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың Сырдария, Ғ. Мұстафиннің Миллионер, 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің Қазақ солдаты романдары жарық көрді. 1949 жылы Абай романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді

2.

Қазақ әдебиетіне баллада жанрын С.Ерубаев (Үш шахтер туралы баллада, Меруерт алқа, т.б.) окелсе, Қ.Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды (Бидай туралы баллада, Мұғалима, Күзетші, Кекті бала, т.б.). Жармағамбетовтың балладалары Адам туралы аңыз (1951), Мұғалима туралы баллада (1957), Балладалар (1962), т.б. жинақ болып жарық көрді. Сондай-ақ, қазақ ақындары Ә.Тәжібаевтың, Ә.Сәрсенбаевтың, Ж.Нәжімеденовтің, М.Мақатаевтың, Қадыр Мырза Әлінің, М.Шахановтың жекелеген шығармалары баллада үлгісінде жазылған. Кеңес дәуіріндегі қазақ балладасы бойында қалыптасқан жанр белгілерін (сюжет, композиция) сақтап келді. Аталмыш жанрдың шарықтау шегі XX ғасырдың 30-60жылдарына сәйкес келеді. Оны қоғамдағы түрлі өзгерістермен байланысты деуге болады (төңкеріс, колхоздастыру, Ұлы Отан соғысы, тың игеру, т.б.). Балладаның ендігі бір көп жазылған кезеңі - Ұлы Отан соғысы жылдары. 1941-1945 жылдардағы алапат соғыс жалпы қазақ әдебиетінде кең өріс тапты. Қазақ балладасының даму кезеңдерін былайша бөлуге болады: І. Балладаның балаң кезеңі. ХІІ ғ. (М.Қашқари еңбектері). ІІ. Балладаның жанр болып қалыптасуы. ХІХ-ХХ ғ. басы (1880-1930 жж.). Абай, Сәкен, Мағжан, т.б. ІІІ. Жаңа баллада. ХХ ғ. (1940-2000 жж.).Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, Қ.Жармағамбетов, Ж.Нәжімеденов, М.Шаханов, т.б. 1970-1990 жылдар аралығы баллада жанрының биікке көтеріліп, арнасы кеңіген шағы
3.
Абай жолында ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының тыныс-тіршілігі, салт-санасы кеңінен қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалған. Халқымыздың этнографиялық, діни, рухани, мәдени дәстүрлері: жаз жайлауға, қыс қыстауға көшу, құдалыққа бару, той атқару, ас беру, түрлі сайлау, дау-шарлар, сондай-ақ жеті ағайынды жұт, аң, құс аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі-бәрі көркем көрініс тапқан. Қазақ байтағындағы жылдың төрт мезгілі қалай әсем суреттелген десеңізші! Романдағы басты тұлға - ақын Абай. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан дала данышпанының бейнесі тұтас бір халықтың рухани, адами символы, келбеті болып көрініс береді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Ғ. Мүсірепов
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар жайлы
Сын көркем әдебиеттің құрамдас бір бөлігі деген пікірді Қазіргі әдеби сын
Ана туралы әңгімелер циклі
Ғабит Мүсреповтің «Қазақ солдаты» романының жазылу тарихы
Ғабит Мүсіреповтің Қазақ солдаты романына талдау
Мұхтар Әуезовтың өмірі туралы
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Пәндер