Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамытудың жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамытудың жолдары.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын.

Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.

Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген; ''

Сонымен мектепке дейінгі кезең - баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл - ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді.

Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалану керек.

Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.

Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі таным процестері балабақшаға кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды. Мектеп жасына дейінгі ойлануға келсек, осының қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар.

Л. С. Выготскийдің пікірі бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқүға кіргеннен соң ойымен интеллектысы үлкен өзгеріске ұшырайды, яғны натуральдық ойдан, мәдени ойлауға көшеді.

Ой операциясының түрлері балалардың оқу әрекетінде әр түрлі тереңдікте кездеседі. Төменгі топтағылар нақты затқа, не солардың үлгісіне негізделе отырып, тапсырманы орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы орындау қыйынға түседі.

Ортанғы жоғары топтағылар бірте-бірте заттың жеке қасиеттеріне әсіресе негізгі белгілеріне есінде қалдырады, соларды мүмкіндігінше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі жоқ кезіндеде тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қарай өзінің ойын құрбылары арасында дәлелдеуге үйрене бастайды.

Ол не болса соған көнбейді, өзгелердің дәлел келтіруін талап етеді. Ал оны дәлелдеу үшін бала тиісті жуйелерге яғны логика негіздеріне сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген жауабына сынмен қарап:пікірі не ісіне өзгелердің бағыты тұрғысына қарай алуға үйренеді.

Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды рефлексияның қарапайым түрі деп аталады. Рефлекцияға не болу ойлаудың шарты және оның жемісі бола тұрып, оқұ үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса бастайды дәу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына дәлел бола алады.

Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шандыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы.

Қазіргі Қазақстан балабақшаларында білім беру және тәрбиелеу теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға барынша мұқият қарап бүгінгі күн талабына сай талдап оның ишінен пайдалы ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі.

Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.

Бүгінгі күн талабы - баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.

Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі - білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Бала және балабақша журналы. 2011ж

2. Мұқанов М Ақыл-ой өрісі-Алматы, 1980 ж.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық ойлауын дамыту
Мектепалды даярлық балалардың бейнелеу өнері арқылы ақыл - ойын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау
Баланың логикалық ойын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларың креативті ойлауын дамыту ерекшеліктері
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz