Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістерге теориялық шолу жасау және өзіндік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі тәрбиеге ерекше мән беруді талап етір отыр. Болашақ мамандарға мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгертуде аталған пәннің маңызы зор. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәні мамандыққа байланысты негізгі пән болып табылады. Бағдарлама талаптарына сай әртүрлі жас топтарында оқытудың мазмұны мен формалары, балалардың математикалық даму үрдісін көрсету, осыған орай өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінде мектеп жасына дейінгі балаларды мектептегі іргелі пәндердің бірі- математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер етеді. Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп, элементар математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми оқыту саласы болып табылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдісетемесі баланың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру процесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді, сонымен қатар, әдістеменің алға қойған мақсат-міндеттері айқын.Математика қазіргі кезде ғылымда, техникада, бейнелеу өнері, музыка мен экономикада және т.б. адам қызметінің барлық салаларында да жан - жақты қолдау тапқан. Математика өзінің даму тарихын ықылым заманнан бастап, өркениеттің табыстарын паш етіп қана қоймай, оның өркендеуіне де мол үлес қосып келе жатқан ғылым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Осы елбасымыздың биылғы 25 - қаңтарда жолдаған жолдауында айтылған мәселелердің бәрі еліміздің көркеюіне, дамуына жасалып отырғанын білеміз. Республикамыздың Білім туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы ұлттық азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, білімін бекітуге бағытталған. Сонымен қатар, жеке адамды қалыптастыруға қажетті жағдайлар жасау керек екендігі жайлы айтылған. Балалардың математикалық білімін қалыптастыру - балаларда сатылап жүретін күрделі процесс. Яғни, бұл тақырыпта мектеп алды даярлық тобындағы балаларға арифметикалық есептерді құрастыра білуі. Мен бұл тақырыпты таңдаған себебім балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесін толық түрде зерттеп, зерделкей келе сол зерттелегн біліммім мен біліктілігімді іс жүзінде жүзеге асыра отырып, балалардың математикаға деген қызығушылықтарын ояту. Сонымен қатар, балалардың математика жөнінде білімін кеңейте отырып, оларды математика саласында біраз хабардар ету. Және де қарапайым математикалық түсініктерінің жоғары дәрежеде қалыптастыра білуін басшылыққа алдым. Біздің болашағымыз өсіп келе жатқан жас жеткіншектер екенін білеміз. Математиканы балаларға үйретпестен бұрын оларға математикалық маңыздылықты түсіндіруіміз қажет. Және математика тарихын білуіміз қажет. Сол себепті математиканы зерттеген адамдардан бастау алған жөн. Сандар мен санау жүйесін ерте бастан - ақ зерттеген болатын. Соларды айтатын болсам; Аристотель, Магницкий, Грубе, Евтушевский, Тихеева т.б. ғалымдардың қосқан үлестері зор. Дәл осындай зерттеулерге байланысты математика ғылымдарын толығымен қарастыра отырып, зерттеу жұмысымның барысында осы жайттарды толығымен қарастырамын.
Зерттеудің мақсаты: Бұл қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер атты тақырып бойынша балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдіс - тәсілдер жүйесін анықтау және айқындай отырып, математикаға деген қызығушылығын қалыптастыру. Мектепке дейінгі балаларға әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда әр түрлі әдістерді пайдалану оларды ұйымдастыру түрлері осы жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу пәні: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Зерттеу объектісі: Балабақшадағы мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде : Балалардың мектепке дейінгі мекемеде қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудағы әдістер бойынша теориялық материалдарды зерттеу, қарастыру.
Екінші кезеңде: Осы тақырыпқа байланысты жинақталған материалдарды пайдалана отырып, әдістеме бойынша жүмыс жүргізіліп, ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін жүзеге асыру.
Үшінші кезеңде: Алынған теориялық мәліметтер бойынша ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізуе тәжірибелік - эксперимент жұмысын жүргізіп, оларға талдау жасау.
Міндеттері:
1.Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жолдарын айқындау;
2. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданудағы ерекшеліктер;

3.Математикалық түсініктерді қалыптастырудағы әдістерді анықтап, ұйымдастыру түрлерін қарастыру
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістерге теориялық шолу жасау. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда қолданылатын әдістердің өзіндік ерекшеліктері

Жас баланы сан ұғымымен алғаш таныстырып отырған тәрбиеші үшін бұл ұғымның дамуының ұзақ жолын білу тек қызықты ғана емес, ол қажетте. Бұл болса, осы ұғымды игеруде балалардың қандай қиыншылықтарды жеңуге тура келгенін тәрбиешінің түсініп алуына көмектеседі. Біздің өте ертедегі ата - бабаларымыз сандарды білмеген. Қай халықта алғашқы математикалық түсініктердің қашан пайда болғаны белгісіз. Бірақ санау, әр түрлі жиындарды салыстыру адам қоғамы дамуының алғашқы кездерінен бастап- ақ қажет болды. Егер де белгілі бір машинаны, ғылымдағы қандай да бір теорияны ойлап тапқан адам туралы айта алатын болсақ, ал санауды, өлшеуді кім ойлап тапқанын айта аламыз.Әр халық қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында өз әдістерін жасаған. Мыңдаған жылдарға созылған тәжірибе негізінде адамдар белгілі бір тұжырымдар жасап, оларда ұғымдар қалыптасқан. Сол ұғымдарды барлық адамзат меңгере бастаған. Ең алғаш адамдар сан есім сөздерді білмейтін, ол дерексіз сан ұғымын әлі де меңгере қоймағанды. Алайда өздерінің тіршілігі үшін керекті жиындарды іс жүзінде айыра алатын. Осы тақырып бойынша яғни балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың бірден - бір әдісі сан ұғымын қалыптастыру арқылы оны санау мен игеру болып табылады. Соның бірі қолмен санау әдісін атауға болады. Қоғамның ілгері қарай дамуына байланысты адамның жиынтықтарды қабылдап қана қоймай, оларды оларды жасап отыруына тура келген. Осы қажеттіліктің әсерінен қолмен санау деп аталатын әдіс пайда болды. Кез келген жиынтықтың элементтерін адам қолы мен аяғының саусақтарымен, тіпті кейбір дене мүшелерімен сәйкестейтін болды. Мәселен, этнографтардың жазуы бойынша, полинезиялықтар қол - аяғының саусақтарымен қоса, денесінің басқа мүшелерін белгілі бір тәртіппен пайдаланған екен. Санауды сол қолының шынашағынан бастап, білегіне, шынтағына, иығына қарай жылжытып, жалғастыра береді екен. Ежелгі заманда қандай оқыту методтары пайдаланылғаны дәл анық емес, алайда ол кездегі методтар догмадтық, дәлелсіз болды деген жорамалдың негізі бар. Мысалы, египеттіктердің қолжазбаларында Мұны былай істе немесе Қалай қабылданған болса, солай істе деген нұсқаулар бар. Ертедегі Индия қолжазбаларында осыған ұқсас ұсыныстар беріледі.
Біздің қазіргі кездегі түсінігімізде оқулықтар ерте кезде болмаған, ал кездесіп қалатын арифметикалық жинақтарда қандай да бір арифметикалық есептеулер қалай жүргізілетіндігі көрсетеді.
Россияда 18-19 ғасырларда балаларға математиканы қалай оқытты ? Математиканы оқыту методтары туралы кейбір түсініктерді біз Леонтий Филиппович Магницкийдің 1703 жылы жазылып, тұңғыш басылған орыс Арифметикасын аламыз. Бұл кітап оьандық математиканың даму дәуірін жасады. Л.Ф.Магницкий өзінің білімі жағынан да, математикалық білімі жағынан да Россияда Петрдің кезіндегі көрнекті адамдардың бірі болды. Магницкий математикаға мынадай анықтама берді. Арифметика немесе санау дегеніміз таза, тәуелсіз және бәрінеде түсінуге қолайлы, көп жағынан пайдалы , әр кезде өмір сүрген математиктер ойлап тауып, баян текен көркемдік өнер. Магницкийдің Арифметикасы бойынша 50 жылдан аса оқытылды. Мектепте де негізгі метод жаттау болды.
Бастауыш орыс мектептерінде арифметиканы оқытуды жақсарту 19 ғасырдың екінші жартысында басталды. 1872 жылы Евтушевскийдің мұғалімдер институттарына , мұғалімдер семинарларына, орта білім оқу орындары кластарының мұғалімдеріне және ата-аналарға арналған Арифметика методикасы деп аталатын кітап жарық көрді.
Евтушевскии өз методының негізін неміс методисі Грубе мен швейцар педагогы Песталоциидің бастапқы қағидаларын алды. Балаларды қарапайым есептеулерге жаттықтырғанда нақты заттарды немесе аз мөлшерде олардың бейнелерін пайдалану қажет, олардың арифметика негіздерін тиянақты түрде меңгеруге тиіс, себебі бұл алдағы уақытта оларды қате жіберуден, жаңылысудан сақтайды. Песталоциидің идеяларын неміс педагогы Грубе 1842 жылы жарық көрген Эвристикалық методқа негізделген қарапайым мектепте есптеуге, оқытуға басшылық деген кітабында пайдаланды. 19 ғасырдың 60-жылдарында бұл құрал Пауьлсонның Грубе әдісі бойынша методика деп аталатын кітабы арқылы Россияға белгілі бола бастады. Грубе методы бұл кезде, Европа мен Америкада кең тарады. Грубе 1-ден 100-ге дейінгі барлық сан тікелей пайымдауға қолайлы , сондықтан бұл сандарды және оларды құрайтын барлық бөліктерді айқын елестете білу керек-деп есептеді. 100-ден жоғары сандарды есептеудің барлығы да 100-ге дейінгі сандарға ұқсас болғандықтан, Грубе осы сандардың барлық құрамын айқын елестетудің маңызы зор деп есептейді. Сондықтан, ол әрбір жаңа сан өзінің алдындағы барлық санмен олардың арасындағы айырым мен еселік қатынастарды салыстыра отырып, 1-ден 100-ге дейінгі сандарды біріздікпен оқып үйренуді , яғни Грубе айтқандай, санды өзінің алдындағы сандармен өлшеп отыруды ұсынды. Санды оқып үйренудің мұндай методы, яғни санды сипаттайтын метод монографиялық метод деп аталды. Сонан соң үйретіліп отырған екі санымен де осылай салыстырылады, осылай жаттығудың әр бір тобынан кейін амалдар жасалынады.Грубенің монографиялық методы Евтушевский оқылатын санды мысалы 6 санын тең қосылғыштарға бөлуден бастауды ұсынды. Евтушевский бала мектепке дейін көптеген нақты білімдер алады, алайда олар кездейсоқ, жүйеленбеген, тиянақты емес деп есептейді. Сондықтан оларды жүйеге келтіру керек, ал барлық система - логикалы. Міне сондықтан, алдымен оқушыны осы логиканың бастамасына үйрету керек. Автордың айтуы болйынша математика кімге болса да түсчінуге оңай. Монографиялық методты сынау тек бізде , Россияда ғана емес, сонымен бірге оның отанында - Германияда да болғанын атап өткен жөн. Алайда кейбір методистер осы методқа берілген күйлерінде қалып қойды. 90-жылдары оны Германияда неміс дидактигі әрі психологі В.А.Лай біраз өзгертті. Лайдың Дидактикалық тәжірибелердің негізіне негізделген арифметиканы бастап оқытуға басшылық деген кітабын орыс тілінде Волковский аударды. Лай қазіргі қоғамда екі және үш нәрседен тұратын топты балаларға өте ерте-ақ білгізуге болады деп есептеді, Сонымен бірге бір-бірден есептеуге көшпестен , бірден жиынтық күйінде, тұтастай қабылдау қабілетін одан әрі жетілдіруге жәрдемдесетін құралдарды іздестірді. Лай бойынша оқыту қалай жүргізілді? Балаларға сандық фигура көрсетіледі.Олар оны қарап шығады. Сонан соң көзін жұмып, нүктенің орнын суреттеп айтып береді. Мысалы: фигура төртеу, бір дөңгелек, -сол жақ жоғары бұрышта, және бір дөңгелек оң жақ бұрышта, біреуі төмен бұрышта. Лай затты бақылау неғұрлым айқын, анық және жандырақ болса, онда бейнеленген сандық елестер де айқын, анық және анығырақ болады - деп есептейді. Көріп отырғанымыздай Лайда монографичлық метод тек қана сандық фигурамен ғана жабдықталған. Орыс мұғалімдері бұл методты пайдаланбады. Мектепте монографиялық методтың орнына амалдарды оқып үйрену методы келді. Арифметиканы оқытудың негізіне төрт арифметикалық амалды орындау тәсілдерін оқып үйрену алынды. Сан мұндай жағдайда арифметикалық амалдар мен есептеулер әдістерін оқып үйренудің материалы ғана болып табылады. Балалар есептей білуді және есепті түсіне білуі тиіс. Методытң мәні де сонда, яғни олар амалдардың мәні мен ерекшеліктерін және ондық есебінің негізін түсінуі тиіс. Есептен шығару методында оқыту ондық топ бойынша жүргізіледі. Әрбір топтың ішінде жекесан емес, санау мен амалдар үйретіледі. Біз 20-шы және тіпті 30-шы жылдары баслып шыққан мектепке дейінгі әдебиетте даму мен тәрбиелеудің арасындағы өзара қарым-қатынасына идеалиситік көзқарастармен кездесеміз. Шлегер өзінің жеті жастағы балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері деген кітабында былай деді. Балалар бақшасының мақсаты - балаға дайын білімді беріп қана қою емес, оның бойында бұл білімді қоршаған өмірден өзі ала білу қабілетін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математикалық түсініктерін қалыптастырудың дидактикалық принциптері
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ісі білім беріп ескерліктермен дағдыларды қалыптастырып ғана қоймай ақыл - ой қабілтеттерін танып білуге, қызығушылығын дамыту жөні де яғни баланың жеке басын дамытуды да ескеріп отыр. Математикалық білімдерді оқыту методикасының негізінде жалпы дидактикалық принциптер жатыр. Дамыта оқыту принципі ғылымның және өмірмен байланыс принципі оқытудың ашық болу принципі білімнің жүйлелі бірізді және берік игеру принципі жеке ықпал принципі балалардың білімді саналы түрде және белсенді түрде игеру принципі. Элементтер математикалық білімдерге оқытуда бұл принциптер қалайша нақтыланады. Дамыта оқыту принципі оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
3-7 жас аралығындағы балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру ерекшеліктері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда анимацияларды пайдалану
Балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің тарихы
Мектепке жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдануға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын қалыптастыру
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің теориялық негізі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Уақытты сағатпен анықтауға үйрету әдістемесі
Пәндер