Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы


Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
ШЖҚ «Жоғары медициналық колледж» МКК
Реферат.
Дайындаған:Алимарданова А. Б
Қабылдаған:Майжанова Г. Т
Топ:121м/і. І-топ
Нұр-Сұлтан 2020.
Өкпе қабының қуысына сұйықтық жиналу синдромы. Плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы синдромы деп плевра жапырақшаларының зақымдануы немесе организмдегі су-электролиттердің алмасуының жалпы бұзылыстары нәтижесінде плевра қуысында сұйықтық жиналғандықтан пайда болған клинико-рентгенологиялық және лабораториялық симптомдар жиынтығын атаймыз. Плевра қуысында 5-6 литрге дейін сұйықтық жиналуы мүмкін. Егер сүйықтың көлемі 100 мл аспаса, ол клиникалық әдістер арқылы анықталмайды, 100 мл-ден артық сұйықтық рентгенограммада көрінеді, әсіресе лапароскопия жасағанда. Алдымен сұйықтық диафрагма үстінен анықталады, кейін қабырғалық-диафрагмалды синуста жиналады, бұл кезде 1500 мл-ге дейін сүйықтық жиналуы мүмкін. Плевралды сұйықтық көп жиналса, ол тыныс алу мен қан айналу қызметгерін нашарлатады. Плевриттер басым көпшілік жағдайда біріншілік ауру емес. Олар өкпенің, кеуде клеткасының, аралықтың, диафрагманың, диафрагма асты кеңістігінің зақымдануында жүйелі аурулардың асқынуы нөтижесінде пайда болуы мүмкін.
Клиникалық белгілері. Өкпе қабы қуысында сұйықтығы бар науқастардын ең негізгі шағымдарына ентігу жатады, науқас кеуде клеткасының ауырған жағына ауыр салмақ түскендей сезім сезеді. Науқасты жалпы қарап көріп тексергенде, оның кеуде тұлғасының жоғарғы бөлігін көтеріп мәжбүр қалде отырғаны өзіне назар аударт-қызады. Ауру адам сұйықтың жиналған жағына қарай жатады. Егерде сүйықтық өкпе қабы қуысында үлкен көлемде жиналса, онда дамыған тыныс алу қызметінің жетіспеушілігінің нәтижесінде тері жабындыларының және көзге көрінетін шырыш қабықтарының көгеруі анықталады. Егер ол медиостеналдық бөлігінде орналасып қалталанса, ол ауруларда дисфагия (тамақты жұту және өңеш арқылы өтудің бұзылуы), беттің, мойынның ісінуі, дауыстың қырылдауы анықталуы мүмкін. Бұл кезде мойынның көк тамырлары білеуленіп тұрады. Өкпе қабында сұйықтық жиналған жақта дем алуға байланысты қимыл көлемі шектеледі. Жүдеу, бұлшық еттері нашар дамыған науқастарда қабырға аралықтары тегістеліп, тіпті түгел бұлтиып шығып тұрады. Мұндай науқастың қабырға аралықтары кеңейген. Науқастарды қарап тексерген кезде : ауру жақ өсіңкі және тыныс алғанда қалыңқы болады.
Эксудатты (ылғалды) плеврит - плевра қабынып, қуысына сары судың жиналуымен сипатталатын сырқат. Өкпеқабтың арасына сары судың жиналуы нақты түрде демалу дәрісінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сырқаттың ағымы жиналған сары судың мөлшеріне, құрамына байланысты болады. Егер сары суда лейкоциттер жиналса, онда эксудат іріңді болады. Бұл жағдайда сырқат дем алу дәрісінің бұзылуымен қатар уыттану белгілерімен сипатталынады. Ал плевраның қуысына қан құйылса, оны геморрагиялық экссудат дейді. Геморрагиялық экссудат көбінесе қатерлі ісікте, сепсисте, туберкулезде кездеседі. Плевриттің ағымы ұзақ мезгілге созылып кетсе, плевра қабықшаларының беттері қосылып бір - біріне жабысып дәнекерленеді. Әрине, бұл патологиялық жағдай дем алу дәрісін айқын түрде бұзады. Экссудативтік плевритте плевра қуысына 3 литрге дейін сары су жиналуы мүмкін. Бұл кезде өкпе тіні қысылып, кеуде қуысындағы ағзаларды орнынан жылжытып, атқару қызметтеріне зияның келтіреді.
... жалғасыКлиникалық бейнесі . Сырқат жедел немесе біртіндеп басталуы мүмкін. Басында уыттану белгілерімен білінеді, науқас әлсізденіп басы аурады, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйқысы бұзылады. Кейіннен «плевралық» белгілерде байқалады. Дем алғанда кеуде қуысы қозғалыспен байланысты ауырсынады, сырқат ентігеді, жөтеледі, дене қызуы көтеріледі. Кеуде қуысы науқас жөтелген сайын, қозғалған сайын, түшкірген сайын ауырсына түседі. Плевра қуысына сары су жиналғанда ауырсыну сәл басылғандай болады. Дем алуы 30 - 40 рет минутына жиілейді, ауырсынуға байланысты науқастың демі беткей.
Науқастарды қарап тексерген кезде: бет әлпеті боз, қабырға арасы тегіс немесе домбығып тұрады, дем алғанда зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, зақымданған қырымен жатады (кеуде қозғалысын азайту үшін) . Перкуссия арқылы: сары су жиналған жерде өкпе дыбысы топастанған болып келеді. Оның жоғарғы шекарасы дөңес, ең жоғарғы шеті - жаурынның және артқы қолтық сызықтың арасы болып саналады (Дамуазо сызығы) . Аускультацияда тыныс дыбысы зақымданған аймақта жәй сезіледі. Егерде сары су көп мөлшерде жиналса, онда жүрек оң жаққа қарай жылжиды, тахикардия білінеді, қан қысымы сәл көтеріледі. Рентген тексерісінде - сары су жиналған жерде өкпенің гомогендік қараюы білінеді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз білінеді, ЭТЖ артады (30 - 60 мм сағатына) .
Плевра пункциясы деп плевра қуысында сұйықтық бар жоқтығын анықтау үшін, ол сұйықтық түрін (транссудат не экссудат) анықтау үшін және ем жасау үшін плевра қуысын тесуді айтады.
Плевра пункциясының техникасы. Алдын ала жауырын не артқы қолтық сызықтары бойынша нағыз тынық дыбыс бар жерді анықтайды. Дәрігер қолын тазалағаннан кейін (иод және спирт), тесетін жердің терісін тазалайды Одан кейін қабырғасын жансыздандырады. Пункцияны алдын ала залалсыздандырудан өткен ине және шприцпен жасайды. Ол үшін ұзындығы 8-10 см, көлденең қимасы 1 мм ине және 20 грамдық шприц қолданылады. Әдетте пункцияны 8-ші не 9-шы қабырға аралығында төменгі жатқан қабырғаның жоғары шетін ала жасайды. Ине қабырға аралық тканьдарды өткенде кедергі кездестіреді, одан кейін иненің бос кеңістікке тән болғаны сезіледі. Алынған сұйықтықтың түрін анықтау үшін оның тығыздық салмағын (жеке меншік салмағын), құрамындағы белоктің мөлшерін, Ривальт реакциясын анықтап және пунктат тұнбасын микроскопия жасау керек. Плевра қуысынан алынған әр түрлі сұйықтықтардың ерекшеліктері:
Өкпе қабыньң қуысына ауа жиналу синдромы
Пиевмоторакс деп висцералды және париеталды плевра жапырақшалары арасында ауаның жиналуын атаймыз. Пневмоторакс біржақтылық немесе екіжақтылық, ал газ көлеміне байланысты ол жарым-жартылай немесе толық (тотальдық) болуы мүмкін. Бұл кезде өкпе жарым-жартылай немесе толық бүрісіп сығылады (коллапсқа ұшырайды) . Егерде ауа жұтқанда атмосфералық ауа өкпе қабы қуысына бос кірсе, ал дем шығарғанда қуысынан шығып тұрса пневмоторакс ашық деп аталады.
Егерде ауа әрбір жұтқан сайын өкпе қабы қуысына кіріп - дем шығарғанда кері шықпай қалса, өкпе қабы қуысы ішіндегі қысым көтеріле берсе, оны клапандық немесе вентильді пневмоторакс деп атайды.
Егерде өкпе қабы қуысына ауа кіретін тесік бітеліп, жиналған ауа кері шықпаса, пневмоторакс жабық деп аталынады.
Клиникада спонтандық пневмоторакс кездесіп тұрады. Спонтанды пневмоторакстың себебіне абсцесс, өкпе гангренасы, өкпе рагы нәтижесінде өкпе тінінің ыдырауы (деструкция) ; туберкулездік немесе бронхоэктатикалық кавернаның, карциноманың, өңеш дивертикулының, диафрагма астылық абсцестің жарылуы, өкпе эмфиземасының булласының, өкпе немесе өкпе қабы кистасының туа біткен немесе жүре пайда болған конституциялық кемістігі барлығынан жарылуы, т. б. болуы мүмкін.
Өкпе қабы қуысына ауаның кіруі өкпе қабы қысымын едәуір көтереді де, соның нөтижесінде өкпе тінінің сығылуы (коллапс), одан кейін газ алмасуы және өкпелік кызметінің жетіспеушілігі пайда болады. Альвеоларлық гипоксия нәтижесінде кіші қан айналым шеңберінде өкпелік гипертензия дамиды, ол оң жақ қарынша жүктемесін көтереді. Кеуде аралығы ағзаларының сау жаққа ығысуы, ірі қан тамырлардың қысылуына немесе оларды иіп жіберуіне әкеліп соғады. Осы айтылғандар өкпелік гипертензияға, жүректің оң жақ қарыншасы қызметінің жіті жетіспеушілігіне себепкер болады.
Клиникалық белгілер: Сырқат кейде аяқ астынан ауыруы мүмкін. Науқастардың негізгі шағымдары кеудедегі шаншу, ентігу, құрғақ жөтел, жүректің тарсылдап соғуы. Шаншу мойынға, қолға, төс шеміршегі астына беріпуі мүмкін. Ентігу деңгейі өкпе қабы қуысындағы ауаның көлеміне, өкпенің бүрісуіне (коллапс), аралық ағзалардың ығысуьна тікелей байланысты болады.
Науқастарды қарап тексерген кезде : ауру жақ өсіңкі көрінеді және оның демалу қимылы азаяды. Пальпция арқылы: дауыс дірілі анықталмайды.
Перкуссия арқылы: дабыл дыбысын және өкпе
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz