Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларға онлайн-тренинг жүргізу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаларға ОНЛАЙН ТРЕНИНГ жүргізу.
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз-өзіне қызмет ету дағдыларын меңгеруі - өнегелі, жігерлі, дербестік және табандылық сияқты қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.
Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, жетілдіруде психологиялық-педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір қисынға келтіруге болады:
-- Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу барысы деңгейінің өлшемдері, оқу бағдарламасындағы оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарымен байланысты болып табылады;
-- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
-- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
-- Балаларды мектептегі оқуға және жағдайларға бейімдеуде, педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық іс-әрекеттері, бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
-- Мектепке жетілдірудегі педагогтар мен психологтардың психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың мектептегі оқуға бейімделуі, сынып ұжымы немесе балалар жайлы психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың қолданылу бөлігін анықтайды. Балаларға психодиагностикалық зерттеулер жүргізгенде, мынандай моральді-этикалық сипаттамасы бар талаптар қойылады, олардың ең негізгілері:
1. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері балаларға зиянын келтірмеуі керек.
2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың өздерінің және олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс. Балалар мектепке баратын кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының психологиялық зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан білуге болады, сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз балаларының психологиясына тиісті білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
4. Психодиагностикалық зерттеудің нәтижесінде анықталған басқа факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі мен тәрбие мүмкіндігін, ата-аналар мен психолог-педагогтардың пікірінсіз шешілмеуі тиіс.
5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер мен мұғалімдермен бірге тығыз байланыста болып атқаруы қажет.
Психодиагностикада балалардың мектептегі оқуға қабілеттілігіне байланысты жүргізілетін эксперименттердің қиыншылығының ең бір негізгі себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде, осы тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты болмайды, сонымен бірге, мотивацияға, мектептегі оқуға бейімделіп, қалыптасуына және дағдыларына байланысты.
Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде ғылыми-зерттеу жұмыстарына барлық әдістерді қолдануға болады. Бірақ, кейбіреулері өте күрделі және арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де кездеседі. Сондықтан практикада салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды талдауды және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.
Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін ескеру қажет. Көптеген жеке тесттерде, баланың жеке қасиеттерін анықтау үшін қарастырылып зерттелген. Жаңа шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі бір жасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды. Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу мәселелеріне байланысты психологтар мен педагогтардың көп жағдайларда ынтымақтастығы көрінеді, әсіресе мектеп практикасында психологиялық міндеттерді шешу маңызды жағдайда болады.
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру; диагноз қою;
-- дамыту жолдарын белгілеу - қысқа мерзімдік диагностикалық шара болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын үнемі жаңа ізденістермен жетілдіріп отыру - теорияның жемісі. Сондықтан да мектепке психологиялық даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым, тәжірибелік іс-әрекет ретінде қарастырады.
-- мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
-- мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық процестерінің денгейлерінің диагностикасы.
-- баланы мектепке дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданудың психологиялық мүнкіндіктерін айқындау.
Зерттеу әдістері-танымдық процестерді зерттеуге арналған стандартты әдістер комплексі:
-- түрлі әңгіме әдістерін қолдану.
-- шағын тестік тапсырмалар
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организімнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар тканьдар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылуы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формалары игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Егер сөйлеу, ойлау, қабылдау процестерінің дамуы қалыпты жағдайда жүрмесе баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, өз бетімен әрекет жасап үйрене алмайды, олардың дамуында жол көрсететін, өмірге бейімделуіне жағдай жасайтын адам болу керек. Қандай адамзат баласы болмасын баланың әлеуметтік жағдайына бейімдейтін, үйрететін ата-анасы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамыту үшін өткізілген эксперементалдық жұмыс
Балалардын ойлауын сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі балалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Осы зерттеуде балалардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің ара қатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған.
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы -- мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр.
Ендігі жерде мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ананың үлесіне тиеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту
Бала бақша мен мектептің өзара байланысы және балалар мен оқушылардың бейімделу үрдісі
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция
Оқырмандар ұйымдастырған кітап көрмесі
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бастауыш мектептің бағдарламасы және оқыту әдістемесі
6- жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау
Функционалдық сауаттылықтың сипаттамалық белгілері
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын жетілдіретін тренингті ұйымдастыру
Пәндер