Буындардың биомеханикасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Әдеби шолу
Тақырыбы:Буындардың биомеханикасы
Мақсаты:Буындардың биомеханикасын түсіну
Міндеті:Буындардың биомеханикасын ұғу
Аты-жөні: Айтқұл Гүлфайруз Нұрғалиқызы
Топ: 1104,1-курс
Факультеті: Жалпы медицина
Ғылыми жетекші: Мекебаева Алма Нургалиевна , анатомия кафедрасының оқытушысы
Буын дегеніміз -екі немесе одан да көп бірнеше сүйектің қозғалмалы ,қуысты,үзілісті түрде қосылып бірігуі немесе буындасы. Әрбір буында бір-бірімен буындасатын сүйектердің негізгі элементтері: буын беттері, буын капсуласы және капсуланың ішінде сүйекаралық буын қуысы және қосалқы элементтері:жалғамдар,диск,мениск,б уын ішілік шеміршектер,буын еріндері,синовиальды бүрлер,сесама сүйектері мен синовиальды қапшықтары болады.
1.Буын беттері (facies articulares) гиалинді, кейде талшықты буын шеміршегімен (cartilago articularis) жабылған. Буын шеміршегі ұдайы үйкелудің салдарынан буын беттерінің сырғанауын жеңілдететін жылтыраққа ие болып, серпінділігінен соққыны жұмсартады да буфер қызметін атқарады. Буын беттері ұзын түтік тәрізді сүйектердің эпифиздерінде ,қысқа түтік тәрізді сүйектердің басы мен негізінде орналасады.Әдетте буын беттерінің пішіндері азды-көпті бір-біріне сәйкес келеді. Бір сүйектің буын беті дөңес болса екінші сүйектің буын беті тиісінше ойыс болады. Оны конгруэнттілік деп атаймыз.
2.Буын капсуласы (capsula articularis)буын қуысын саңылаусыз қоршап,буынды құрайтын сүйектерге олардың буын беттерінің жиегіне немесе олардан сәл кейіндеу өсіп бекиді. Ол сыртқы фиброзды мембрана(membrana fibroza) мен ішкі синовиальды мембранадан (membrana sinovialis)тұрады. Синовиальды мембрана буын бетіне қараған жағында эндотелий клеткалары қабатымен жабылған, тегіс және жылтыр болады. Синовиальды мембранадан буын қуысына жабысқақ мөлдір синовиальды бүрлер(vili synovialis) түзіледі.Сонымен қатар буын капсуласының осы қабатынан буын ішіне енетін ірілі-ұсақты синовиальды қатпарлар (plicae synoviales) түзеді. Кейде синовиальды қатпарлардың сыртында біршама мөлшерде май жиналады, ондай жағдайда май қатпарлары (plicae adiposae) пайда болады, оған мысалы ретінде тізе буынының май қатарлары (plicae alares) бола алады.
Капсуланың жұқарған жерлерінде қапшық сияқты буынға жақын бұлшықеттердің астында жатқан синовиальды мембрананың айналаларында - синовильды қалталар (bursae synoviales) түзіледі. Олар қозғалыс кезінде сіңірлер мен бұлшықеттердің үйкелісін азайтады.
3.Буын қуысы (cavitas articularis) буын беттерімен және синовиальды мембранамен шектелген саңылаусыз,берік жабылған саңылау пішінді кеңістік болып табылады. Бұл қуыстың іші қалыпты жағдайда ол бос қуыс болмайды ,ішінде буын беттерін ылғалдандырып ,майлап тұратын және олардың арасындағы үйкелісті азайтатын синовильды сұйықтық толы болады.Буын қуысының көлемі мен пішіні буын беттерінің пішіні мен капсула құрылысына тәуелді.
Тірі адам организмінде буындар аса маңызды 3 түрлі қызмет атқарады.Олар:
Буындар дененің қалыпты деңгейде сақталып тұруына көмектеседі ;
Қимыл қозғалыс жасап,дене бөліктерінің орын ауыстыруында маңызды қызмет атқарады ;
Организмнің кеңістіктегі локомациясы ;
Буындардың организмді қимыл-қозғалыспен қамтамасыз етуі 3 білік бойынша жүзеге асады.Және осы 3 біліктің бойнда мынадай қозғалыс түрлері ажыратылады.
1.Сагитталды білікті айнала әкету (abductio) және әкелу (adductio)
2.Фронтальды білік бойымен айнала қозғалу арқылы буын түзетін сүйектердің арасындағы бұрышты кішірейту - бүгілу (flexio),және буын түзетін сүйектердің арасындағы бұрыштың ұлғаюы-жазылу(extensio).
3.Вертикальды ось бойымен ішке(pronatio) және сыртқа(supinatio) бағытталып айналу.
4.Шеңбер бойымен қозғалу(circumductio) біліктер арасында бір-бірінен ауысу нәтижесінде сүйектің бір жақ шеті арқылы шеңбер сызылады,ал сүйектің барлық шеттері қосылып конустық фигураны сызады.
Осы аталған негізгі қимылдармен қатар құрама буындарда дәлірек айтқанда омыртқааралық буындарда серпімді түрде қысқанда және созылғанда буын беттерінің жақындасуы мен алыстауы ,бұрылу қимылдары жүзеге асады.
Буындардағы қимыл-қозғалыстың көлемі мен сипаты буынды түзетін буын беттерінің пішініне тікелей тәуелі болады.Сонымен қатар буын беттерінің арасындағы айырманың мәні неғұрлым жоғары болса соғұрлым қимыл-қозғалыс жасау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам анатомиясы
Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары Симс қалпы, Фаулер қалпы
Буындағы қозғалысты модельдеу
Бет бөлімінің сүйектері
Адам сүйектерінің ерекшеліктері
Бас қаңқасының топографиясы
PNF терапия
Адам буындарының биомеханикасы
Адамның-қимыл аппаратының биомеханикасы
Қаңқа мен сүйек
Пәндер