ТІЛДЕГІ ПАРАДИГМАТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
ЫСҚАҚ ӘСЕЛ
ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛДЕГІ ПАРАДИГМАТИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Парадигма сөзі грек тілінен аударғанда мысал, үлгі деген мағынаны білдіреді. Парадигма терминін ғылымға алғаш рет енгізген - американ ғалымы Томас Кун болып табылады. Томас Кун Ғылыми революциялар еңбегінде ғалым парадигма ұғымына мынадай анықтама береді: Вводя этот термин, я имел в виду, что некоторые общепринятые примеры фактической практики научных исследований -- примеры, которые включают закон, теорию, их практическое применение и необходимое оборудование, -- всё в совокупности дают нам модели, из которых возникают конкретные традиции научного исследования[1;22].
Томас Кунның анықтауы бойынша, әлем картинасында ғылым дамуының мынандай маңызды компоненттері бар: ол - парадигма, ғылымның қалыпты дамуы және ғылыми революция. Яғни, Томас Кунның пікірі бойынша парадигма дегеніміз, тексерілетін ғылыми гипотеза енгізген жорамалдардың жалпы жиынтығын белгілеу үшін қолданылатын ұғым. Ал, ғылымның қалыпты дамуы - шынайылығына күмән туғызбайтын ұсыныстарды пайдалана отырып, ғылым проблемаларымен жұмыс істеу кезеңі. Ғылыми революция болса, ғылыми зерттеулер барысынды оның кейбір мәселелерін пайымдау нәтижесінде,жалпы жиынтығын өзгерту қажеттілік туындайтын кезең.
Бір парадигмадан еінші парадигмаға өтуі ғалым Томас Кунның сипаттамасы бойынша секірулер арқылы жүзеге асады. Білімнің өсуі жекелеген бір парадигманың ішінде жүзеге асады және бір парадигмадан екіншісіне өтуге қатысы болмайды.
Парадигма ұғымынын мағынасын көрсетуде зор еңбек сіңірген ғалымның бірі - В.З.Демьянков. Ол парадигманың мынандай басты белгілерін көрсетеді:
жалпы көпшіліктің сұранысын өтей алуы қажет;
әр парадигманы жақтаушылар белгілі бір ережеге сүйенуі қажет;
бір парадигма аясындағы міндеттер өзіне дейінгі жетістіктерге сүйену керек;
бір парадигма көлемінде зерттеу жүргізген ғалымдар көзқарасында байланыс болуы қажет [3;26].
Алғаш кезде парадигма термині философияда саласында ғана қолданылды. Бірақ, кейіннен ол басқа ғылымдар да қолданыс таба бастады: гуманистік парадигма, әлеуметтік парадигма, психологиялық парадигма, білім беру парадигмасы, тарихи парадигма, құрылымдық парадигма, және лингвистикалық парадигма.
Бақытжан Хасанов өзінің Тілдік жүйе атты мақаласында тіл екі қалыпта жүйеленген. Бірі - тілдік тұлғалар қатынасының тік қалыпта жүйеленген ережелері мен заңдары ( парадигматика), екіншісі - тілдік тұлғалар қатынасының көлденең байланысты қалыптасқан жүйесі (синтагматика)-деп тіл жүйесін зерттеудегі екі аспектіні көрсеткен [2].
Тіл біліміндегі жүйе, құрылым категориясын зерттеу Ф. Де Соссюрден бастау алады. Ф.де Соссюр де, тілдік бірлік үнемі бір-бірімен байланыса отырып, тілдік жүйе құрайтындығын айта келе, тіл бірліктерінің қатынасын екі топқа: парадигматикалық және синтагматикалық деп бөледі. Бірақ автор бұл екі қатынастың біреуі (ассоциациялық байланыс) тіл элементтеріне тиісті болса, синтагма сөйлеу (речь) элементтеріне тиісті деп есептейді [5;107]. Тіл білімінде Ф. де Соссюрдың ассоциациялық байланыс деген терминінің орнына парадигмалық байланыс термині қолданылып жүр де, синтагма де Соссюр қолданылған мағынада өзгертілмей қолданылып жүр. Ғалымның көрсетуінше адам ойында өзара белгілі бір байланысы бар сөздер топ-топ болып сақталынады. Сөйлеу кезінде адамдар осы мағына жағынан байланысты сездердің ішінен біреуін таңдап алып (айтушының мақсатына байланысты) қолданады. Осы әр адамның ойында сақталған, өзара ұштасып жатқан мағыналары бойынша топ-топ болып жатқан сөздердің өзара байланысын ассоциациялық байланыс (біздіңше парадигмалық байланыс) деп атайды. Ал осы байланыс негізінде анықталатын мағыналық элементті біз парадигмалық мағына (не мағыналық элемент) деп атаймыз. Парадигматикалық қатынас тіл біліміндегі барлық салаға тән. Мысалы, фонетикадағы дауысты жуан-жіңішке дыбыстар қатары, лексикадағы антонимдік,синонимдік қатар, синтаксистегі сөйлемдер өзгерісі, сөзжасамдағы құрылымдық бірліктер және парадигма ұғымы өте жиі қолданылатын сала морфологиядағы категориялар. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік парадигмалар атты ұжымдық оқулықта парадигма ұғымы генетикалық жағынан морфологияға тән, морфологияда парадигма грамматикалық категория ұғымымен байланыстырылады-делінген[5;8].
Сөздердің мағына компоненттері құрамындағы парадигма мен тіл элементтері арасындағы парадигмалық қатынас аралығында тікелей байланыс бар. Сондай-ақ сөздердің мағына компоненттеріндегі синтагмалық элементтер мен тіл элементтері арасындағы синтагмалық қатынас арасында да байланыс бар. Мысалы, тілдік семантика тілдік заңдылықтың негізінде туып, сөз мағынасының қалыптасуына себепші болып келсе, сол мағынаның анық көрінуі және берілген информацияға қосқан үлесі сөздердің тіркесінде, сөйлем құрамында қолданылуында анық көрінеді. Сондықтан да синоним, антоним сияқты тілдік категорияларды талдағанда олардың (кемінде екі сөздің) семаларын салыстырып, сәйкес келетін семаларымен сәйкес келмейтін семаларын анықтаумен бірге олардың белгілі бір контексте бірінің орнына екіншісінің қолданылу мүмкіндігін де көрсеткен болатын.
Лингвистикалық еңбектерде парадигма, синтагма терминдері бұрыннан қолданылып келе жатқандығы, оның лексиканы системалы құбылыс деп түсінумен байланысты қолданылатындығы туралы анықтама бар. Сондықтан да тіл білімінде парадигма, синтагмалық мағына терминдерімен бірге парадигмалық байланыс, синтагмалық байланыс терминдері де қолданылады. Бұлардың арасында байланыс болса да, олар екі түрлі түсінікпен байланысты ғылыми термин екендігін естен шығаруға мүлде болмайды. Сол үшін де парадигмалық, синтагмалық және иерархиялық байланыс тілдік системаға байланысты сөз болады.
Тіл элементтері арасындағы байланыс парадигмалы және синтагмалық қатынас негізінде болады деп екіге бөліп көрсету Ф. де Соссюрден басталатындығын жоғарыда айтқан болатынбын. Тіл білімінің қазіргі даму сатысында сөздер арасындағы байланыстың екі түрі барлығын көпшілік ғалымдар мойындайды. В. М. Солнцев Тілді таңба деп алушылар да, оның таңбалық қасиетін мойындамаушылар да тілді жүйелік құбылыс деп есептейді, - деп дұрыс көрсеткен (4;14). Бірақ , жүйені тілшілер түрліше түсіндіретіндігін де мойындаған жөн. А. А. Реформатский Жүйе - өзара байланысқан біртекті заттардың байланысы, - деп анықтама берсе (Реформатский Термин как член лингвистической системы языка) , ал ғалым Г. С. Щур Белгілі бір заттың белгілерінің жиынтығы структура деп аталынады. Ал осы структураның элементтері арасындағы байланыс жүйе деп аталынады, -- дейді. Бұл типтес әртектес пікірлер шет ел тілшілерінің еңбектерінде де біршама кездеседі. Дегенмен де, тілді жүйе деп атау үшін олардың бірнеше элементтерден құралатындығын, элементтер арасында өзара бір заңдылыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz