Қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі. Тіл және ұлттық мінез құлық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ысқақ Әсел ҚТӘ-31

7-СЕМИНАР ТАҚЫРЫБЫ: ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

СҰРАҚТАР:

  1. Қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі
  2. Тіл және ұлттық мінез құлық

«Мәдениет» терминінің түсіндермесінде XVII ғасырда неміс заңгері Самуель Пуфендорфтің рөлі ерекше, ол «О праве естественном» еңбегінде цицерондық қолданыстан алшақтап, тұңғыш рет мәдениетті адамды мерейлендіретін жаңа мінездерінің жиынтығы, сыртқы және ішкі табиғатын байытатын адамның өз қызметінің нәтижесі ретінде сипаттады. Мәдениет ұғымы барлық Еуразия, соның ішінде қазақ тілінде осы мәнінде қолданылады. Ғылым қазiргi мәдениет терминінiң көп анықтауларының негiзгiлерін атап өтуге мүмкiндiк бередi. Мәдениет бұл - адамның қоршаған ортаны өзгерту қабілетімен байланысып, осы өзгертулер барысында пайда болатын заттардың жасанды әлемі, символдар, адам арасындағы қарым-қатынас адамның тағдыр характеристикасы болып табылады. Адам арқылы жасалынған және оған байланысты болатын барлық заттар мәдениетке тікелей қатысты болып келеді. Мәдениетаралық қарым - қатынас тұжырымдамасы ғылыми әдебиеттерде бірнеше синонимдерге ие: мәдениетаралық қарым-қатынас, этносаралық қарым-қатынас, мәдениетаралық интеракция. Мамандардың көп қауымы мәдениетаралық коммуникация туралы талқылауды, адамдар әртүрлі мәдениет өкілдерін өз мәдениетіне мүлде жат екендігін қабылдағанда ғана жүзеге асыруға болады дейді. Қазіргі коммуникативтік кеңістік күрделі жүйеден тұрады, онда негізгі орындардың бірі коммуникацияның әр түрлеріне тиесілі. Себебі адам өзін әр түрлі жағдайларда түрліше ұстайды, нәтижесінде әрбір жеке жағдайда басқа адамдармен ерекше қатынас орнатады. Сонымен қатар коммуникацияның сипаты мен ерекшеліктері ақпарат беру құралдарымен, тәсілдерімен, коммуникация субъектілерімен, мақсаттарымен және басқа көптеген себептермен анықталады. Мұның өзі коммуникацияның мынадай түрлерін ажыратуға мүмкіндік береді: этникааралық, іскерлік, әлеуметтік, халықаралық, тұлғааралық, бұқаралық, мәдениетаралық және тағыда басқалары.

Бір де бір мәдениет оқшауланған түрде өмір сүрмейді. Өзінің өмір тәртібіне сәйкес ол әрқашан да өзінің бірде өткен тәжірибесіне бірде басқа мәдениеттердің тәжірибесіне бет бұрады. Басқа мәдениеттердің тәжірибесіне қарау қылығы «мәдениеттердің қарым-қатынасы» деп аталады. Халықаралық қатынастардың ұлғаюынан және әр түрлі мәдениеттердің қарым-қатынасынан, олардың зерттеулері өздеріне көп назар аударады.

«Мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі ұлттар мен мәдениет өкілдері арасындағы өзара түсінушілік». Толық анықтаманы атақты лингвист ғалым И. И. Халеева береді: «мәдениетаралық қарым-қатынас - әртүрлі тілдер мен мәдениетке жататын адамдар іс-әрекетінің ерекше жемісі. Бұл тек қана әртүрлі мәдениет пен тілге жататын адамдар арасындағы іс-әрекет емес, сонымен қатар олардың бір-бірін «жат» ретінде қабылдайтындықтарынан да байқалады» [2] .

Мәдениетаралық қарым-қатынастағы маңызды айырмашылықтардың қатарына тіл, вербальды емес кодтар, дүниетаным, рольдік өзара қатынастар, ойлау моделі секілді параметрлер кіреді. Мәдениетаралық қарым -қатынас өзара түсінушілік пен қарым-қатынастың, кейбір сөйлеу амалдарының (жөнсіз, орынсыз, кешірілмейтін) қиындықтарының себептері мен факторларын, аудармашылардың тіл ерекшеліктерін, сондай-ақ қарым-қатынастың вербальды және вербальды емес құралдарына дейінгі меселелерді де қамтиды.

Вербалды коммуникация адам өміріндегі қызметтiң кез келген облысында басшылық ететiн сипатын алады. Сөзді дұрыс қолдану әр бір мамандықта жетiстiкке жетуінің айырылмас бір бөлігі болса, вербалды емес сөйлесу, дене күйі және дене қимылы тілі болып саналады, өзіне сөздерге тіреспейтін адамның өздік айту белгілерін қосады. Психологтар ауызша емес сигналдардың оқуы тиiмдi қарым-қатынастың ең маңызды шарты болып табылғанын санайды. Неліктен вербалды емес сигналдар қарым-қатынаста сондай маңызды болады?

• адам 70% мәлiметтерді (визуалды) көру каналы бойынша қабылдайды;

• вербалды емес сигналдар шын сезiмдерді және әңгiмелесушi ойын түсiнуге мүмкiндiк бередi;

• әңгiмелесушiге деген бiздiң пікіріміз бiрiншi көрініс ықпалымен жиi қалыптасады, ол, өз кезегiнде, вербалды емес факторлар әсерінің нәтижесi болып саналады - жүрiс, бет әлпетi, көзқарас, киiмнiң стилi және тағы басқалар. Осыған орай әр түрлі халықтардағы вербалды емес ым-ишара айырмашылықтарына бірнеше мысал келтіре кетейік. Мәселен, италяндық пен француз бір идеяны ақымақтық деп санаса, айналасындағыларға анық қылып басын тоқылдатады екен; неміс шапалақпен өз маңдайын ұру арқылы: «Сен есіңнен адасқаннан саумысың», - дегенді ишарат етеді екен; ал британдық немесе испандық дәл осы ымды көрсету арқылы өз-өзіне қаншалықты риза екенін білдіретіні көрінеді. Неміс таң қалғандығын білдіру үшін қабағын көтерсе, дәл осы ишарат ағылшындарда шүбәланып қарауды көрсетсе керек. Ал француз бір нәрсеге қайран қалғанда, үш саусағының ұшын түйістіріп, оны ерніне тигізе, иегін сәл көтеріп, назды сүйісті ауаға ұшырып жібереді екен. Егер де ол сұқ саусағымен мұрнын уқаласа, демек сізге «бұл жерде шикілік бар», «абай болыңыз», «бұл адамдарға сенуге болмайды» деген белгі беріп жатыр деп біліңіз.

Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаров көзқарасы бойынша екі ұлт өкілінің қарым-қатынас жасау барысында өзара түсінісуі мәдениетаралық қарым-қатынас болып табылады. Түрлі халық өкілдерімен қарым-қатынаста пайда болатын тілдік қиындықтардың сан алуан себептері кездеседі. Соның ішінде көп таралғандары: сол елге тән реалиден хабарсыз болу, бейвербалды түрде сөйлеу (мимикамен, дене қимылымен) ; сол мәдениетінің қабылданған белгілі бір нормалары мен этикет ережелерін қабылдамау; сол мәдениеттің терең құндылықтарын жан-жақты білімнің жетіспеушілігінен түсінбеу. Мәселен, екі мәдениет өкілі арасында белгілі бір дәрежеде қиындықтар туындауы мүмкін. Мысалы: Италяндық жанұя чернобылдық баланы асырап алады. Түнде Римдегі Украина елшілігіне телефон соғылады. Телефондағы әйел көмек сұрайды. Ол баланың ұйықтамай жатқанын, айқайлап көршілердің мазасын алып жатқанын айтып, тезірек келіп көмектесулерін сұрайды. Оқиға орнына аудармашымен елшілік машинасы келеді. Аудармашыға байғұс бала ұйқысының келіп тұрғанын және олар оған көйлек кигізіп қойғанын айтады. Ұйқыға жату бала үшін «шешіну» дегенді білдіреді. Себебі оның мәдениетінде «ұйқыға жатарда киетін көйлек» деген болмаған. Осындай мәдениетаралық сәйкессіздік екі ұлт өкілінің арасындағы түсініспеушілікке әкеледі. «Тіпті адамдар бір тілде сөйлесіп жүріп, әрқашан бір-бірін дұрыс түсіне бермейді, оған себеп мәдениет сәйкессідігі» деп көрсетеді Е. М. Верещагин. Дәл осындай мәселелердің салдарынан қарым-қатынасқа түсетін әртүрлі мәдениет иелері арасында немесе кейбір жағдайларда серіктестің іс-әрекеті салдарынан пайда болатын түсініспеушілік, қақтығыстық жағдайға дейін алып келуі ғажап емес.

Қазақ ұлтын басқалардан өзгешелендіріп тұратын өзіндік этностық басты белгісі - тілі екені ақиқат. Ал тіл болса, барша құндылықтың негізі. Профессор Ә. С. Әлметова: «Мәдениеттер сұхбатында зерттеушілер екі үлкен мәселеге ерекше назар аударады. Ол: ұлттық мінез-құлық және ұлттық діл. Ұлттық мінез-құлық адамдардың психикасындағы ұлттың өмір сүруіне қажет өзіндік шарттарды бойына жинақтаған ерекшелік, әрбір ұлтқа тән психологиялық айырмашылықтар мен қасиеттердің жиынтығы. Бұл мінез-құлық - белгілі бір ұлтты басқа ұлт өкілдерінен айырып көрсететін сол ұлт өкілдерінің басым көпшілігінің бойынан табылатын қасиеттер» [3; 109], - дейді. Демек, ұлттық мінез-құлық ұлттық ділден шығатын болса, ұлттық діл ұлттық тілмен шарттасады. Екеуінің өзара арақатынасы - өте күрделі.

Т. Қоңыров жоғарыда аталған еңбегінде ұлттық таным-түсінік пен атаулар арасындағы байланысты былайша тұжырымдайды: «Адам өзін қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, сол ортадағы заттарды, құбылыстарды және процестерді, олардың өмір сүруінің ішкі-сыртқы заңдылықтарын және олардың пайда болуы мен дамуын танып біледі. Адам санасында осы танып білген заттары, құбылыстары және процестері жөнінде сезімдер, қиялдар, байымдаулар, ұғымдар, ой қорытындылары пайда болады» [4; 55] . Осы қағидатты басшылыққа алсақ, адам алғаш көрген нәрсесіне ат қоярда оны жан-жақты зерттеп-зерделеп, өзінің өмір бойы жинақтаған дүниетанымдық біліміндегі мәліметтер негізінде санасында бейнелейді. Сосын барып ат қояды. Бұл - тіл білімінде қазіргі уақытта әлемнің тілдік бейнесі деп аталып жүр. Мәселен, ата-бабамыз ағылшын тілінде «ostrch», ал орыс тілінде «страус» деп аталатын құсты тұңғыш көргенде оның ең әуелі құс екеніне көңіл аударғаны анық және құс болғанда орасан үлкен екеніне мән берген. Өзінің танып-білген өміріндегі ең үлкен жануар түйе болған соң, соған ұқсатып, екеуінің бейнесін астастырып (ассосатциялап), «түйеқұс» деп атаған. «Түйетауық (күрке-тауық) », «түйетабан (өсім. ) », «түйежапырақ (өсім. ) » сияқты т. б. сөздердің де атауында осындай ұлттық таным жатыр

Ұлттық мінез этнологтар мен социологияның ойынша, ежелден бері қалыптасатын психологиялық сипаттамалардың тұрақты бірлігі, жиыны болып табылады. Олар әдеттегі әрекет-қылыққа, еңбекке, қарым-қатынасқа, қоршаған ортаға, т. б. этникалық жиынтықтарға деген қатынасынан көрінетін белгілі бір ұлт өкілдерінің әрекеттері.

Ұлттық мінез сипатына консерваттылықты, нәсілділікті, оптимизмді, пессимизмді жатқызуға болады. Бұл қасиеттер өмірге деген қатынас жағынан көрініс береді.

Еңбекке деген қатынаста ұлттық мінез жауапты, ұйымдастырушы, кешікпеушілік, ұқыпты, тәжірибелі, пассивтілік, ұйымдастыра алмаушылық сияқты қасиеттерінен көрінеді. Дүниежүзілік ұлттарға тән еңбекқорлық әр ұлттарға тән еңбекқорлық әр ұлттарда әр түрлі көрініс береді. Жапондықтардың еңбекқорлығына - төзімділік, қырсықтық, табынушылық, шапшаңдылық, ұқыптылық, нақтылық, тәртіптіліктен, ал американдықтардікі - энергияға толықтықтары, азарттылықтары, инициативтіліктері, қауіптен қорықпайтындығынан, рационалдылығынан көре аламыз.

Ұлттық ақыл-ой (склад ума) - философтар мен социологтардың ойынша, белгілі бір ұлт өкілдерінің ойлау, ойлай алу ерекшеліктері. Ойлау механизмі әр түрлі ұлт өкілдерінде бірдей, бірақ ол бір заңдылықтарға бағынып, ежелгі әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталатын спецификасы бір болып табылады. Немістер абстрактілі ойлайды, ағылшындар тәжірибелі, француздар ақылды, ойлау қабілеттері жақсы дамыған келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясының міндеттері
Тіл және мәдениет туралы
Шет тілі оқуының бір бөлігі ретінде шет тіл мәдениетін оқыту
Мәдениетаралық қарым-қатынас
Тіларалық коммуникация
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Аударма аумағындағы концепцияның аудармашының тілдік тұлғасы
Қостілділіктің шетел тілін оқытуда мәні мен мазмұны
ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫНДА МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕНІ ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘНІ
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОЕЛТАНУЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz