Ә. Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі
Баяндама
Тақырыбы:Ә.Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Орындаған:Болатбекова Айғаным
Жетекшісі:Калкенова Эльмира
Ә.Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Қазақ азаттық қозғалысының ең салмақты және күрделі кезеңі өткен ғасырдың алғашқы ширегінде дүниеге келді. ХХ ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқармен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл - қазақтың тарихи зердесіндегі ұлт зиялыларының отарлық езгіге түскен халықтың бостандығы мен ұлттық рухын қалпына келтіруге тырысқан қоғамдық - саяси іс-әрекеттері болатын. Осы ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей зиялылар тобын баулыған - Ә. Бөкейхан еді. Ә. Бөкейхан баулыған ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары қай жерде жүрсе де, қай салада еңбек етсе де туған халқының тағдыры туралы ойлануды бір сәт те ұмытқан жоқ.
Ұлттық мемлекет құру Әлихан Бөкейхан және сонынан ерген буржуазиялық-демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Ә.Бөкейхан ұлт мәселелерінің жоқтаушысы ғана емес, бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде осы күрес жолындағы көш бастаушысы да болды. Оқуын бітіріп,Омбыға оралғанда Ә.Бөкейхан Ресей империясыныңқазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. Народная свобода (Халық бостандығы) партиясыныңқатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуынаОмбыдағыкүндері ерекше ықпал етеді. Әсіресе ұлт көсемінің Омбы бөліміндегі қызметі туралы тоқтап кетуге болады. ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанға буржуазиялық қатынастардың енуі, ұлттық буржуазия мен интелегенцияңың қалыптаса бастауы, жалпыхалықтық ояну жағдайында ұлттық-мемлекеттік бірлік мәселесі күн тәртібінде қайтадан қойылды. Мемлекеттік билік қажеттігін бүкіл елдік көлемде түсіну, есею жолындағы барлық халық басынан кешіретін тарихи кезең екендігі мәлім. Осы тарихи кезеңдегі ұлттық саяси элитаның мемлекет туралы ұғым-түсінігін, бағыт-бағдарын Ә. Бөкейхан Ұлттық еркіндік пен дамудың алғышарты ұлттық мемлекеттің болуы деп түсінді.
Ә. Бөкейханның саяси өмірбаянында 1916-жылдың дүрбелеңі және майдандағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарына көрсеткен азаматтық қызметі ерекше орын алады. Қазақ халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісіне Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының Қазақ газеті арқылы үзілді-кесілді қарсы шығуы да ұлтты жаппай қырғыннан аман алып қалудың саяси бейбіт жолын ұсынуынан еді.
Ә. Бөкейхан Ақпан төңкерісіненүлкен үміт күтеді. Осы кезден бастап Ә.Бөкейхан Уақытша үкіметтің саяси өміріне белсене араласа бастайды. Бірақ ол үміті ақталмайды.Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Мен кадет партиясынан неге шықтым? деген Қазақ газетіне берген мақаласында: Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді, - дей келе: Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық,-дейді.Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша,1917 ж. желтоқсанындабүкіл қазақтардың құрылтайындаАлаш автономиясыжариялады. Қазақ газеті өзінің бас мақаласында партияның атын Алаш қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде Қазақ басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын Алаш деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.Өз кезегінде Ә.Бөкейхан үшін кадет партиясынан шығып, ұлттық Алаш партиясын құру мемлекеттік егемендікке жету жолында жасалған келесі саяси қадам еді.
1917 жылғы 20 - 21 шілдеде Орынборда өткен І Бүкілқазақ съезде қалыптасты. Орынбор қаласында өткен Жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: Қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд партияға сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізі демократиялық федеративтік парламенттік республикаға құрылмақ.... Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Ә.Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен қазанның 12 - 20 аралығында партияның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей облыстық партия комитетінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге қолайлы жағдайдың болмауынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйытқысы саналды.
Алаш орда үкіметінің құрылуына тікелей түрткі болған, 1917 жылғы 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда өткен Қазақ мемлекеттілігі туралы мәселе қаралған ІІ Жалпықазақ - қырғыз съезінің ұйымдастырушылар - Ә. Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М. Дулатов болған. Съезге қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан - 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан - 8 делегат және арнайы шақырумен - 15 адам, ұйымдастыру комитеті съезге келген делегаттардың тізімін алып барлығы барлық жиын - терісі 81 делегат тіркейді. Әр уезден 2 ақсақал, әр облыстық қазақ комитеттерінен 2 өкіл және арнайы шақырылған 30 адам: олардың қатарында Ғұмар Қарашұлы, Қайырша Ахметжанұлы, Ғабдолла Ешмұхамбетұлы, Ахметжан және Қожахмет Оразайұлдары, Құрманбет Бірімжанұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұстафа Шоқай, Уәлихан Танашев, Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар, Бақтыкерей Құлманов, Шәңгерей Бөкейұлы, Есенғұл Маманұлы, Мұхаметжан Тынышпаев, Салық Қарпықұлы, т.б. болды. Ендігі мәселе Алашорданың (Алаштың ордасы және өкіметінің) төрағасын балама негізде сайлау басталады:
Үкімет төрағасына 3 қайраткердің - Ә. Бөкейханның, Б.Құлмановтың және А.Тұрлыбаевтың кандидатуралары ұсынылды. Жасырын дауыс нәтижесінде Әлихан Бөкейхан - 40 дауыс, Айдархан Тұрлыбаев - 20, Бақтыгерей Құлманов - 19 дауыс алды. Көп дауыс алған Ә. Бөкейхан Алаш автономиясының өкіметі - Алаш орданың төрағасы болып сайланды. Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейхан жасап, ол жөнінде: Алашорда бүгіннен бастап қазақ - қырғыз халқының билігін өз қолына алады-деп қаулы қабылдады.Әлихан Бөкейханның бес ұстанымы болды. Ең бірінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz