Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері

Ғылыми жетекшісі: Есембекова Ш.Т., аға
оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі

Шет тілі: екі шетел тілі 4курс студенті
Ердәулет Бауыржан

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
Қызылорда, Қазақстан

Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі - қазіргі заманның қажеттілігі.
Н.Ә. Назарбаев
Кіріспе:

Дәйексөз: ұсынылған зерттеу жұмысында ағылшын тілін үйрету барысында ауызша сөйлеу дағдыларын тиімді әдіс-тәсілдермен дамытып оқыту ұсынылған. Шет тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктеріне, тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістеріне тоқталғанмын. Тілді, оның ішінде оқушылардың шет тілін оқыту барысында диалогтік оқыту технологиясына түсіндірме беріледі. Орта мектептерді шет тілін оқыту барысында мынандай мәселелерді: а) оқуға үйрету; ә) жазуға машықтандыру; б) сөйлеу мәнерін қалыптастыру мәселелерін қамтиды. Оқушыларды ағылшын тілінде сөйлету үшін түрлі әдістер арқылы ықпал ету жолдары; Тілдік жаттығулар арқылы оқушылардың лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тұрғыда дами түсетіндігі туралы; Шет тілі пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру жолдары
Ғасырлар бойы шет тілінде сөйлеу қабілеті адамның зеректілігі мен интеллектуалдылығының негізін қалап келеді. Бүгінгі білім беру жүйесінің мақсаты - жоғары бәсекеге қабілетті білім мен тиімді практикалық дағдыларға ие интеллектуалды мамандарды даярлау. Лингвистикалық мағынада студенттер жаһандану нарығына тілдік шектеулерсіз немесе аз ене алу үшін тамаша коммуникативтік дағдыларды меңгеруі керек.
Ағылшын тілі бүгінде халықаралық қатынастың тиімді құралы болумен қатар оқыту құралына айналуда. Ағылшын тілінің маңызы өте зор. Ағылшын тілі - бұл тек Англияның ғана емес, сонымен қатар Британ империясымен байланысты кең колониялардың тілі және бұл АҚШ-тың тілі. 200 миллионға жуық адам сөйлейді, бұл оны білетіндердің қатарында оксидентальды тілдердің ішіндегі ең үлкені. Ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар әлем халқының шамамен оннан бірін құрайды.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі-шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай үш тілді жетік меңгерген, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып-тәрбиелеу деп атап көрсетті. Бұл жерде негізгі рольді білім беру жүйесі алып отыр.
Сондықтан да Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан азаматтарын үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге шақырды. Үш тілді білу біз үшін стандартты тәжірибеге айналуы керек. Біз балаларымызды (бірінші сыныптан) бастап оқытып жатырмыз. , ол айтты. Ол Қазақстанда 3500 шетелдік компания жұмыс істейтінін және жергілікті азаматтар олармен сөйлесу және елге әкелетін жабдықты пайдалану үшін ағылшын тіліне мұқтаж екенін айтты.
Дүниежүзілік ақпараттық білім беру кеңістігінің құрылуымен, әлемдік ғаламдану процесінің жеделдеуімен байланысты егеменді еліміздің білім беру жүйесін модернизациялау бағытында ауқымды іс-шаралар жүргізіле бастады. Заман өзгерісіне қарай мектептерге қойылатын талап та ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс-тәсілдері де өзгерді.
Сөйлеу - тиімді қарым-қатынас құралы ретінде дамытылатын және жетілдірілетін маңызды дағдылардың бірі. Мектептер үшін коммуникативті құзыреттілікті қалай арттыруға болады деген сұрақ ең маңызды болып келді және солай болып қалады.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану басты талап. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе - тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда айтар болсақ, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық - коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады.
Қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдары, бұқаралық коммуникация және интернет әлемі ағылшын тілін, әсіресе сөйлеу ағылшын тілін жақсы білуді талап етеді. Осыған қарамастан, оқушылардың көпшілігі көптеген себептермен ағылшын тілінде еркін сөйлесе алмайды. Бұл зерттеу қазіргі оқушылардың сөйлеу дағдылары мәселесін зерттеуге және бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын арттырудың қолданыстағы әдістеріне арналған.
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан - салалағына қарамастан, әр технологияның элементтері өзара бір - бірімен байланысып кірігеді. Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары - телефон, телевизор, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген табыстарымызды сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?
Оқыту тілі өзге тілде жүргізілетін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталуды жөн деп санап, осы тақырыпта жинақтаған іс - тәжірибемді ортаға салмақпын.
Ақпараттық технология - ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек, - деген. Расында да, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең маңызды міндеті-білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу. Олай болса, ескі сүрлеуден арылып, жаңа жолдан іс бастайтын сәт ұстаздар қауымына туған тәрізді. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.
Олай болса, бұл ретте шетел тілі сабағында диалогтік оқытуды, оның ішінде Мернерлің зерттеушілік әңгіме түрін тиімді пайдалану, олардан қажетті мәліметтер алып, білімділік, дамушылық мақсаттарға қол жеткізу, оқушыны сол арқылы жан-жақты тәрбиелеу, менің ойымша, заман талабы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.
Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектепте ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдыларын тиімді пайдалану, оның қажеттілігі мен маңыздылығына көз жеткізу.
Зерттеу жұмысының пәні - жалпы орта білім беретін мектепте шетел тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді меңгерту әдістемесі.

Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат -- шет тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі -- қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолданылуда.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр.
Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижелер беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды,оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым - қатынас жасауға мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады.
Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады - деген К.Ушинскийдің даналығында. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.

2. Әдебиеттерге шолу
Қолданыстағы әдебиеттер үш негізгі тақырыпты қарастырады: қазіргі оқушылардың сөйлеу дағдылары, оқушылардың сөйлеу дағдыларын арттырудың қолданыстағы әдістері және тілдік тосқауылдан шығу жолдары.
2.1. Бүгінгі оқушылардың сөйлеу шеберлігі
Көптеген зерттеулерге сәйкес сөйлеу кез-келген тілде тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті төрт макробіліктің бірі болып саналады, әсіресе сөйлеушілер ана тілін қолданбайтын кезде. Ағылшын тілі коммуникация құралы ретінде, әсіресе Интернетте әмбебап қолданылатын болғандықтан, ағылшын тілінде сөйлеу дағдылары басқа дағдылармен бірге дамытылуы керек, сонда бұл интеграцияланған дағдылар қарым-қатынас құзыреттілігін арттырады.
Қазақстанда, көптеген басқа елдер сияқты, сөйлеу дағдылары проблемасы шешуші болып табылады. Бірқатар зерттеушілер осы саланы зерттеп, оқушылардың сөйлеу қабілеттерінің төмендігі және олардың сенімді және еркін сөйлей алмауы туралы қорытындыға келді.
Жақында MacIntyre (2007) мүмкіндігі пайда болған кезде оқушының тілді ерікті түрде сөйлету туралы шешіміне назар аударды, тіпті негізгі тілдік дағдылар қалыптасқан кезде. Соған қарамастан, қазіргі тілдік педагогикада қарым-қатынасқа баса назар аударылғандығына және оқушылардың білім алу үшін сөйлеу практикасын талап ететіндігі туралы дұрыс қабылданған көзқарасқа қарамастан (MacIntyre, 2003), кейбір тіл үйренушілер әдеттегідей үндемеуді жөн көреді.
Жалпы, оқушылардың сөйлеуді үйренуге байланысты мәселелерін төрт негізгі топқа бөлуге болады:
1. Оқушылар қателесуден қорқатындықтан, ағылшын тілінде сөйлеуді ұялтады. Әдетте бұл бастапқы деңгейде көрінеді, өйткені олар мұғалімдер мен басқа студенттердің сынына ұшыраудан қорқады.
2. Жұпта (немесе топта) жұмыс жасай отырып, студенттер көбінесе ана тілін қолдана бастайды.
3. Студенттерде ана тілінде де талқыланатын тақырыптар бойынша ақпарат жеткіліксіз.
4. Студенттер берілген тапсырманы шешу үшін лингвистикалық және вербальды ресурстардың жетіспеушілігін сезінеді. Бұл жағдайда мұғалім ынтымақтастықта достық атмосфераны құруы керек, сонда оқушылар өз қателіктерін мойындаудан қорықпайды және сынды қабылдайды.
Сөйлеу дағдылары тақырыбын талдай отырып, оқушылардың көпшілігінің сөйлеу дағдылары жеткіліксіз дамығандығы белгілі болады. Бұл мектептегі нақты мәселе және оны сөйлеу дағдыларын арттырудың әртүрлі әдістерін қолдану арқылы шешу керек.
2.2. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын арттырудың қолданыстағы әдістері
Әр мұғалім оқушылардың сөйлеу дағдыларын арттырудың белгілі бір жиынтығын таңдайды. Қазіргі кезде дәстүрлі және заманауи технологияларды жеке-жеке немесе интеграциялау арқылы қолдануға болады. Интернеттегі байланыс құралдары білім беруде, әсіресе ағылшын тілін оқытуда қолданыла бастады. Жаңа технологиялар ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі әдістерін толықтыруда.
Адамдарға қиындықсыз және жағымды түрде оқуға көмектесетін көптеген ақпарат көздерінің көмегімен ағылшын тілін үйрену бұрынғыдан да оңай болды. Интернетке негізделген оқыту - бұл білім берудің қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктер мен педагогикадағы жаңа жетістіктер электронды оқытудың жақсы жобаланған, білім алушыларға бағытталған, интерактивті, қол жетімді, тиімді және икемді орталарын құруға мүмкіндік береді (Хан, 2005). Осы себепті интернет-серфинг ағылшын тілін үйренудің балама әдісі деп айтуға болады. Интернетке негізделген технологиялар мен пайдалы интернет сайттар мұғалімдер мен оқушылар үшін әр түрлі жаңа мүмкіндіктер мен жаңа үрдістерді ұсынады. Бүгінгі күні Skype, электрондық пошта, блогтар, чаттар және мобильді құрылғылар сияқты құралдардың көмегімен сөйлеу дағдыларын арттыру мүмкін болды.
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де тікелей байланысты. Осы саладағы пәннің негізгі мақсаты мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге жету үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра білуі керек. Оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады?
Сабақты баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау керек. Ол әдістің бірі - диалог. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог - сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым - қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей сөйлесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдалану тиімді. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескенде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдырып алып, балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп - тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу - жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:

І кезең: диалогпен танысу;
ІІ кезең: диалогты жаттау;
ІІІ кезең: диалогты қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әрекетін қойылым іс - әрекетімен ұштастыру
Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.
Күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдерді пайдалануға болады:
- сөздік арқылы тіл дамыту;
- мәтінге байланысты тіл дамыту;
- көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;
- үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тіл дамыту.
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады. Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы - тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты, жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапқа сай жүргізілуіне байланысты.
Лексиканы меңгерту. Лексиканы меңгерту үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн.
Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз - сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру.
Сөздің мағынасын түсіндіру үшін қолданылатын контекстке мынадай талаптар қолданылады. Контексттерге грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөзге аударылады.
Тіл көрнекілігінің тиімділігі сөздердің мағынасын сабақта тек шетел тілінде түсіндіріледі де жаңа сөзбен оның мағынасы арасында байланыс жасалады.

Сөйтіп сабақта шетел тілі атмосферасы жасалады. Бірақ бұл тәсілдің кемшілігі - оқушылар жаңа сөздің мағынасы ана тілінде оған балама тапқандай түсінеді, яғни оны бәрібір ана тілінде аударады. Мысалы, ағылшын тілі сабағында 7 - 11 сыныптар үшін арнайы электронды әдістемелік құралдың құрылымы мынадай: оқушы мектеп бағдарламасындағы Саяхат, Білім, Денсаулық, Қоршаған орта, Жастар және уақыт деген негізгі тараулармен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Әрбір тараудан оқушы мынадай мәліметтерді жеңіл және шұғыл түрде таба алады.
Тақырыпқа байланысты мәтіндер
Тақырыпқа қатысты суреттер мен сызбалар және компьютерлік анимация элементтері
Сөздік қорды толықтыруға жаттығулар
Грамматикалық тестер
Бұл оқулықтармен оқушылар белсенді жеке жұмыс атқарады. Мұғалім олардың өздік жұмысына бағыт беріп, оны бақылаушы, технологиялық аппаратты басқарушы болады да, оқушы белсенділігі артады. Уақытты пайдалануда тиімді.
Ана тілін сабақта аластату мүмкін болғанымен оны оқушының сана - сезімінен аластату мүмкін емес,- деп ғалым Л. В. Щерба өте дұрыс айтқан.
Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т. б.
Жазуды оқыту.
Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс - әрекетті бір уақытта біріктіреді.
Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық - грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио - визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді.

Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей:

1. Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;
2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;
3. Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру;
4. Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;
5. Шағын көріністер даярлату;
6. Мәтінмен жұмыс жүргізу.

Осының ішінен ең басты орын алатыны - мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі - берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл бір сарынды болып келіп, оқушыларды жалықтырады және пәнге деген қызығуын төмендетеді.
Ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:
-Мәтінді өзгертіп баяндату.Мысалы: "Менің ойымша", "Мен өз тәжірбиеме сүйеніп айтып отырмын", сияқты сөз тіркестерін қолдану.
-Мәтіннен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтату. Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.
-Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.
-Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді орын, орнына қою арқылы әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән - мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
- Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.
1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету.
2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу.
3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.
4. Мәтін бойынша сурет cалғызу.
Мысалы: 8 - сыныпта "Great Britain" тақырыбын өткенде оқушылар мәтінді төмендегі сатылай кешенді талдау арқылы әңгімелей алады.
Great Britain
1. Country Great Britain
2. Population 57 million
3. Capital. London
4. The area of UK 244.100 square kilometres
5. Parts England. Scotland. Wales. Northern. Ireland.
6. Islands 5500 islands
7. Climate Mild climate
8. Rivers the Thamesthe Seven
9. Weather often rains in England

Pupil1: What do you like to read?
Pupils 2: I like to read the detective stories.
Pupil 1: What is your favorite author?
Pupil 2: My favorite author is Agatha Christie. But what about you?
Pupil 1: ...

a) Listen the stories and find the difference.
b) Listen the text and remember for life how to be the safe in the road.
c) Read and compare these school uniforms with your school uniform.

a) Complete the text.
b) Interview your classmate about hisher hobby (favourite subjects).
c) Write a plan of a holiday. Advertise the programme. Whose programme and advertisement are the best?

Ex. Make up exclamatory sentences according to the model.
Model: competent advice -- What competent advice! good question -- What a good question!
1.original advice great idea
2.beautiful nature difficult character
3.fashionable furniture big refrigerator
4.modern equipment ancient fortress
5.unexpected money great fortune
6.wonderful music sentimental tune

Сөйлеу жұмыстары:
Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады.

Тиімді коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру үшін студенттер:
1. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лингвомәдени құзыреттілікті қалыптастыру компоненттері
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ЕРКІН СӨЙЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Диалогтық сөйлеуді оқыту әдістері
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды дамыту мақсатында ойын техналогиясын қолдану
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету
Ағылшын тілі сабағында оқу - танымдық құзыреттілікті қалыптастыру тәсілдері мен түрлерін ашу
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
Пәндер