Тақырып: XX ғ. басындағы қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Тақырып: XX ғ. басындағы қазақ өлкесіндегі жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Оразханов Нұржас Тобы: Аук 20-14
Тексерген: аға оқытушы Саргизова Г. Б.
«» 2020__ж.
(бағасы) (қолы)
Кіріспе
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан жұмысшыларының жағдайын қозғамай жатып, алдымен сол заманның өзі қандай болғанын еске алсақ жөн болар.
ХІХ ғасырдың соңында Ресей Империясының төзгісіне шыдамаған қазақтардың ішінде басқа елге көшудіде жөн көргендеры көп болды.
Оған мысалы: Төрғай облысында 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147, 8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205, 2 мың, ал 1917 жылы- 3615, 1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6, 8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81, 7 пайыздан 1917 жылғы 59, 8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі.
Қоныс аудару жүйесінің басты жаман жағы ол арине Столыпиннің реформасы. Оның нәтижесінде қазақтар шұрайлы жерлерінен айырылып, ол жерлерге шеттен келген басқа ұлт өкілдері иеленген болатын. Ал қазақтар болса тек қана сырт жақа сырылумен болды. Егер 1893 жылы мен 1905 жыл аралығында, яғни 12 жылда Россиядан қоныс аударғандар үшін қазақтардан 4, 074170 десятина жер алынса, одан кейінгі жеті жылда (1906-1912 жж. ) 17 миллионнан астам десятина жер тартып алынды. Қоныс аударудың басыбайлылық әдісі шаруаларды қатты күйзеліске ұшыратты. 1917 жылға дейін Қазақстанның 45 миллион десятина жеріне ие болған көшіп келгендердің саны 1, 5 миллионға жетті. Өлке халқынаң үштен бірі Россияның орталық аудандарынан, Еділ бойынан, Украинадан келгендердің басым көпшілігі орыстар мен украиндар болды.
Сөйтіп, патша өкіметінің қоныс аудару саясаты Қазақстанда жер мәселесінде қайшылақтердың шиеленісуіне, еңбекші қазақ бұқарасының жерсіз қалып күйзелуіне әкеп соқты. Қоныс аудару нәтижесінде жергілікті қазақ халқының Қазақстандағы үлесі айтарлықтай кемеді.
Облыстардағы қазақстардың үлесі:
Ақмола облысы-36, 6%
Семей облысы-73%
Жетісу облысы-60, 5%
Сырдария облысы-63, 3%
Төрғай облысы-58, 7%
Орал облысы - 56, 9%
Бұл көрсеткіштер облыстардағы қазақ халқының кеміп бастағанын дәлелдейді.
Әрине бұл көрсеткіш бүгін ертең ел болам, әне міні дегенше тәуелсіздік алам деген елдің иісінде шығармады . . .
Ал әрі қарай жағдай тек қана ушыға берді . . .
Өнеркәсіп пен темір жолдың дамуы, және ондағы қазақ жұмысшыларының орны.
XX ғасырдың басында патшалық Ресей Қазақстанның тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар аударды. Олар мұнда тау-кен өнеркәсібін және ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын, күміс, түсті металл, көмір өндіретін кәсіпорындар көбейді. Осы тұста мұнай өнеркәсібі де пайда болды.
Тау-кен өнеркәсібі негізінен Орталық және Шығыс Қазақстанда дамыды.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір теміржолы салынды. Бұл темір жолдың 178 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында Орал-Рязань темір жолы салынды. Оның 194 шақырымы Қазақстан жерінде төселді.
1906 жылы ұзындығы 1656 шақырым болатын Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған экономикалық аудардарымен байланыстыруда маңызы зор болды.
Өндіріс орындары және жұмысшылар.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының саны 8887-ге, ондағы жұмысшылар саны 25393-ге жетті.
XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі ең ірі өнеркәсіп орындары: Қарағанды көмір шахтасы, Успен кеніші, Спасск мыс заводы, Риддер металлургия комбинаты. Осы өнеркәсіп орындарының әрқайсысында 300-400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір жол құрылысында 3-ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылардың, әсересе жергілікті қазақ жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Жұмыс күні 14-16 сағатқа созылды. Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да өте-мөте ауыр еді, еңбек құралдары сүймен, қайла және күрек болатын. Апатты өқиғалар жиі болып тұрды.
Қазақстанда жұмысшылардың бас көтерулері Россиядағы революциялық процестің құрамдас бөлігі ретінде 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың бірінші жартасында кеңінен өрістеді. Өлкеде жұмысшы қозғалысының дамуына Россияның орталық губерниялары мен Сібірден келген орыс жұмысшылары мен жер аударылған саяси қылмыскерлер елеулі ықпал жасады. Олар өндірістегі қазақтарға өздерінің күрес тәжірибелерін үйретіп, жұмыс қозғалысына сапалылық пен ұйымшылдық элементтерін енгізіді.
XX ғасыр басында ұлттық аймақтарда отаршылдық езгі күшейді, елдегі таптық және ұлттық қайшылықтар шиеленісе түсті. Патша өкіметі бір халықты екінші халыққа айдап салып, кескілестіріп отырды, ұлт мәдениетін тұншықтарды.
Негізгі бөлім
Ендіше тақырыпты ары қарай тереңдеп түсіне бастайық. Ол үшін әрине жауабын білуміз керек сұрақтарды тізіп алсақ. Себебі тақырып өте күрделі.
Ендіше:
- ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың көшбасшысы кім болды?
- Бірінші дүние жүзілік соғыс және қатар жүрген көтерілістер қалай әсер етті?
- Ақпан револютциясының жұмысшылар табына тигізген әсері қандай?
ХХ ғасырдың басы туралы сөз қозғайтын болсақ онда әрине сол заманның арыстандарының бірі, «Алаш» қозғалысың жетекшісі Әлихан Бөкейханов туралы бастасақ жөн болар.
Әлихан Нұрмұхаммедұлы Бөкейхан (1866 -1937) мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және «Алаш» қозғалысының жетекшісі. Ол аудармашы, публицист, ғалым ретінде өз кезінде де белгілі болды.
Ол 1866 жылы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының Қызыларай мекенінде (қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) дүниеге келген. Оның әкесі Нұрмұхаммед Шыңғыс тұқымы Бөкейден тараған, ал Бөкей қазақ даласындағы атақты сұлтан Көкжал Барақтың ұрпағы. Бөкей Орта жүздің ресми түрде сайланған соңғы ханы.
Бөкейден -Батыр - Мырзатай - Нұрмұхаммед - Әлихан. Нұрмұхаммед дала тұрғындары арасында беделді де өте білімді адам еді. Ол барлық қаржы-қаражатын балаларын оқытуға жұмсады. Етікшілік кәсібімен шұғылданды, диірмені мен малы, орташа дәулеті болды. Аңшылықпен айналысты, қыран құстар мен алғыр тазы ұстады.
Әлихан отбасындағы алты баланың тұңғышы еді. Ол қайратты, батыл да жігерлі болатын. Өз құрдастарынан ақылымен, қызықты әңгімелер айта білуімен, тапқырлығымен және өткірлігімен ерекшеленетін.
Оқуды Қарқаралы медресесінен бастайды, кейін қаладағы төрт сыныптық бастауыш орыс-қазақ мектебіне ауысады. 1886-1890 жылдары Сібір теміржолына мамандар дайындайтын Омбыдағы
техникалық училищеде оқыды. Осы училище директорының кеңесімен 1890 жылы Санкт-Петербургтегі Орман институтына түседі. Институтпен қатар Әлихан Санкт-Петербург университетіне өз бетінше емтихан тапсырып, заң факультетін бітіріп шығады. 1894 жылы екі - орманшы-ғалым және заңгер дипломын алады.
1897 жылы Қазақстанның бірқатар далалық уездерін зерттейтін Ф. Щербина экспедициясы жұмысына қатысады. Экспедиция барысында ол өз жерлестерінің жер көлемін мүмкіндігінше ұлғайтуға тырысты. Алайда кейін патша үкіметі тарапынан қазақ халқына тиесілі жер көлемі қысқартылды. Қазақ жері қоныс аударушы шаруаларға беріле бастады.
Әлихан Бөкейхан Сібір темiржолы аймағындағы мал шаруа-шылығын статистикалық-экономикалық тұрғыда зерттеумен айналысатын С. П. Швецовтің экспедициясында да еңбек етті.
1904 жылы қоныс аударту басқармасына шенеуніктік қызметке тұрады.
Әлихан қоғамдық-саяси қызметпен белсенді түрде айналысты. Оның отаршыл патша үкіметінің саясатына көзқарасы өзгерді. Сонымен қатар ол дәстүрлі қазақ қоғамындағы: пайдакүнемдік, болыс лауазымы үшін талас-тартыс сияқты жағымсыз көріністерді де сынға алды. Өз халқының жарқын болашағын алдын ала болжады: «Қазақ даласы . . . табиғатынан ақылды және қабілетті қазақ халқы болашақта, өркениет жолында іргелі жетістіктерге жетеді», - деген пікір білдірді.
1905 жылы Мәскеуде өткен Ресей земствосы және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде жоғарғы мінберден қазақ тарихында тұңғыш рет туған халқының жоғын жоқтап, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қазақ халқының дін, тіл, сайлау т. б. бостандықтары жөнінде мәселе көтерді: «Мен қырғыз (қазақ) ұлтының өкілі саналамын . . . Бізде қазақ тілінде оқытатын мектептер қуғынға ұшырауда . . . Шаруалар бастығы (көбісі бұрынғы ротмистрлер) істі қазақ тілінде қарастыруға рұқсат етпейді . . . »
Ол осы жылы кадеттер (конституциялық-демократиялық) партиясы мүшелігіне енді, Қарқаралы петициясын құрастыруға қатысты. 1906 жылы Семей облысы қазақтары атынан Ресейдің I Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды. 1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлымен бірге жалпыұлттық «Қазақ» газетін ұйымдастырды. Газет редакциясына қазақ халқының озық ойлы, парасатты зиялылары топтасты.
Әлихан Бөкейхан қазақ халқының ежелгі ата-баба қонысынан айырылуына үзілді-кесілді қарсы шықты. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару саясатын ашық түрде әшкереледі. Жергілікті тұрғындарды христиан дініне көшіру әрекетін батыл айыптады. Ұлт-азаттық қозғалыстың жолында көшбасшыға айналды. Бұл туралы отаршыл билік өкілдері былай деп жазды: « Қоныс аударту басқармасының шенеунігі Бөкейхан қырғыз (қазақ) даласына зор ықпалын тигізіп отыр».
Омбы жандармдық басқармасы бастығының айтуынша: «Ол даладағы . . . қырғыздардың (қазақтардың) діни-саяси қозғалысының жетекшісі . . . үкіметке қарсы барлық митингілер мен үндеулер, петициялардың белсенді ұйымдастырушысы».
Сондықтан ол патша үкіметінің қуғындауына ұшырап, жер аударылды. 1917 жылға дейін үш рет (1902, 1906, 1908 жылдары) тұтқынға алынып, түрмеге қамалды, ал 1909 - 1917 жылдары Самарада айдауда болды. Кеңес өкіметі кезінде де қуғындалды, «қызыл террор» жылдары жазықсыз айыпталып, ату жазасына кесілді. Ресей империясы полициясының бақылауына сонау 1897 жылынан бастап алынған.
Қазақ халқы ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Ә. Бөкейхан Қазақ хандығының Ресей империясының бодандығына түсу себептерін анықтау үшін ұлт тарихын терең зерделеді. Ол қазақтардың өз тәуелсіздігінен айырылуының басты себебі: бұрынғы ел билеушілерінің қоластындағы ру-тайпалар мен жүздерді біріктіріп, сыртқы отаршылдық қауіпке қарсы жұмылдыра алмауында деген тұжырымға келді. Ол 1913 жылы былай деп жазды: «Бұрынғы ел билеушілердің басым көпшілігі уақыты мен күшін өзара қастандыққа, күш көрсету мен зорлық-зомбылық, алауыздыққа жұмсады».
Ол хандық билікті қалпына келтірудің нәтижесіздігін түсінді. Ұлт тәуелсіздігіне тек белсенді саяси күрес арқылы ғана жетуге болатынын айтты. Осы мақсатпен кадеттер партиясына мүшелікке өтті. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын дамытудың эволюциялық жолымен қазақ мемлекеттігін жаңғырта аламыз деген пікір ұстанды.
Ол сауатты, өте білімді, парасатты, өз заманының озық ойлы азаматы болды. Дала тұрғындарының ғана емес, өзге ұлттардың да құрметіне бөленді. Өз ұлтының ата тарихын жетік меңгеріп, мәдениеті мен әдет-ғұрпы, салт-дәстүріне құрмет көрсетудің, туған халқына адал қызмет етудің үлгісін көрсетті. Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін үздіксіз күрес жүргізді.
Әлихан Бөкейхан халықтың көшбасшысы қандай тұлға болу керектігін өз үлгісімен айқындап берді. «Алаш» көшбасшысы Ә. Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орнына Алаштың келесі ірі тұлғасы, қайраткер, ғалым Қошке Кемеңгеров «Қазақ тарихынан» еңбегінде мына тұрғыда баға берді: « Биліктің қуғындау мен қудалау жылдарында түрмеге қамалып, жер аударылса да бірқатар батыл да ержүрек азаматтар өз халқының болашағы үшін күресті жалғастыра берді. Бұл топтың жетекшісі, тәрбиешісі де Әлихан Бөкейхан еді. Ол елінің болашағы үшін қиыншылықтан қорықпайтын ұлтжанды азаматтарды күрескерлік рухта баулып, әдеби тіл нормасының орнығуы мен діни фанатизмнен арылуға зор үлес қосты. Нәтижесінде қазақ ұлты қалыптасты. Әлихан Бөкейханның қазақ тарихындағы алар орны, міне, осында жатыр ».
Әлихан Бөкейхан миллиондаған халықты «Алаш» қозғалысы идеясы төңірегіне топтастырды. Ол қазақтың зиялы азаматтарын өз Отаны мен халқына адал қызмет етуге шақырды. Өзінің: « Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін» , - деген ұстанымына адал болып өтті. Қазіргі жастар Әлиханнан үлгі алып, өз Отанына адал және аянбай еңбек ету керек.
2) Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды. Оған 38 мемлекет тартылды.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.
Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді:
1. 40899244 пут мақта
2. 38 мың шаршы аршын киіз
3. 3 млн. пут мақта майы
4. 229 мың пут сабын
5. 300 мың пут ет
6. 473928 пут балық
7. 70 мың жылқы
8. 12797 түйе алынды
9. 14 мың киіз үй салынды
Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.
Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы - 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы - 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 2 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық - саяси жағдайына әсер етті.
Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты) ;
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә. Жангелдин, Ә. Иманов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ж. Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл - демократияшыл зиялылар өкілдері:
1. Жетісуда - Т. Рысқулов, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ұ. Саурықов, К. Мәмбетов, А. Қосаков.
2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А. Иманов.
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында - С. Мендешев, Ә. Әйтиев.
4. Маңғыстауда - Ж. Мыңбаев.
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Жетісудағы көтеріліс.
1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.
Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:
1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті.
2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып - жаныштады.
3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.
Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.
Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады. Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.
Революцияның ірі ошағы- қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.
Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.
Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.
Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.
Зардаптары: 1) Жеісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2) мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.
Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz