Қазақтардың 1930 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы көтерілісі


Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы
Ғ. Ж. Дәукеев атыындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы
№2 Семестрлік жұмыс
«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні
Тақырыбы : Қазақтардың 1930 жылдардағы ұжымдастыруға қарсы көтерілісі
Мамандығы :6В06102- «Ақпараттық жүйелер»
Орындаған: Қуанышбеков Азамат Тобы:ИСк20-2
Тексерген: Кабдушев Болат Жоламанович
«» 2020ж (бағасы) (қолы)
Алматы 2020
Кеңес үкіметінің негізгі мақсаты жеке меншіктегі ұсақ шаруашылықтардың басын қосып, қоғамдасқан ортақ шаруашылық құру еді. Басқаша айтқанда, шаруаларды кооперациялау болып табылады. Осы кезге дейін партияның ХV сьезі (1927 жылдың желтоқсаны) ауыл шаруашылығын ұжымдастыру сьезі, деревняны ұжымдастыруға бағыт сілтеген сьезд аталып келді. Ал, шындығында сьезд тек ұжымдастыруға ғана емес, кооперацияның барлық түрлерін қалыптастыра дамыту керек деп нұсқаған. Кулакты тап ретінде жою мәселесінде де сьезд: бұл іс бірте˗бірте жүргізіліп, онда да кулак шаруашылығы зорлықпен емес, керісінше, экономикалық әдістермен жойылатын болсын деген. Осының бәрін сьезд жалпы әлеуметтік ˗ экономикалық өзгерістер шеңберінде тындырылатын көп міндеттің бірі ретінде атап көрсеткен. Бірақ сьезден кейін партия, үкімет басшылары ұжымдастыру мәселесін даралап алға шығара бергені шындық. Ұжымдастыру Қазақстанда өте тез қарқынмен жүргізілді. 1929 жылдың 1 қазанынан 1930 жылдың 1 қаңтары аралығында 100 мың кедей және орташалардың шаруашылықтары ұжымдастырылды. Саяси және экономикалық сипаттағы ұжымдастыру науқанын тез арада жүргізу үшін шаруашылықтарды жаппай ірілендіру басталды. Кулактар мен байларды тап ретінде жерлерінен қуып, ұсақ шаруалар шаруашылықтарын бір-біріне қосып, ірілендіріп, ұжымдастырды және егіндік жерлердің мөлшерін кеңейтті.
Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың тез қарқынмен жүруі шаруалардың өз еркімен болмай, күштеу, зорлау, жазалау әдістері арқылы жүзеге асырылып отырды. Ауқаттының малын еріксіз ортаға алып, енді жекешенің күн көрісіне жарап отырған азын ˗ аулақ малды да сыпыра бастады. Сол тұста «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын», «Қайдан тапсаң одан тап ˗ қаптың түбін мықтап қақ» деген ұрандар тарады. Зорлаумен ортаға түскен мал күтімсіздіктің салдарынан жаппай қырыла бастады. 1929 жылы 1 қаңтардағы архив құжаттарындағы мәлімет бойынша 47 миллионға жуық мал болса, 1934 жылы 1 қаңтарда не бары 4, 5 миллионы қалды . Жаппай ұжымдастыру саясатын жүргізу Қазақстан шаруашылығы үшін орны толмас қайғылы оқиғаларға алып келді. Оның шаруашылығының қалыптасқан құрылысын бұзды, елдің әлеуметтік ˗ демографиялық дамуына өзгерістер әкелді. Көшпелілердің рухани - мәдени дамуына бөгет жасады. Басшылық көбінесе әкімшілік әдістермен жүргізілді. Ұжымдастыру принципін өрескел бұзушылық жаппай сипат алды.
1930 жылы 5 қаңтарда БК(б) П Орталық Комитеті «Ұжымдастыру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулы қабылдады. Қаулыда Орталық комитет жаппай ұжымдастыруды жүзеге асыру үшін елдің аудандарын үш топқа бөлді: Бірінші топқа осы ұжымдастыруға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудандар жатты. Оларға Орта және төменгі Волга, Солтүстік Кавказ аудандары кірді. Ол аудандардашаруа қожалықтарын социалистік жолмен қайта құруды 1931 жылдың көктемінде аяқтау белгіленді; Екінші топқаелдің Украина, Орталық қара топырақты облыстар, Сібір, Орал, Қазақстанның астықты аудандары жатты. Бұл аудандарда ұжымдастыруды аяқтау мерзімі бір жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1932 жылдың көктемінде аяқтау қажет болды; Елдің бүкіл басқа өлкелері мен облыстары үшінші топқа енді. Бұл жерлерде шаруа қожалықтарын ұжымдастыруды 1933 жылдың көктемінде, яғни бірінші бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жоспарланды. Көшпелі қазақ ауылдары осы үшінші топқа жатқызылды.
Алайда Қазақстанда ұжымдастыру елдің басқа аймақтарымен салыстырғандабаяу жүргізілуі тиіс деген пікірге Ф. И. Голощекин мүлде қосылмады. Ол Қазақстанның кенже дамыған аймақ екеніне қарамай, ұжымдастырудың жоғары қарқынын мақтаныш етті. Голощекин Жер халық комиссариатының комиссары Яковлевке (ол Бүкілодақтық ауылшаруашылық ұжымдары кеңесінің төрағасы) және РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жіберген жеделхатында 1929-1930 жылдары республикада ұжымдастыруды күшейту үшін жоспардың қайта қаралғанын, сөйтіп 1930 жылдың күзіне қарай ұжымдастырумен 350 мың шаруашылықтың қамтылатынын көрсетті. Осыған байланысты бүкіл республикадағы ұжымдастыру жоспары қайта қаралды.
Қазақстанда 1928 жылы шаруа қожалықтарының тек 2 проценті ғана ұжымдастырылса, 1930 жылы50 проценті, 1931 жылдың қазанында 65 проценті ұжымдастырылды, яғни ұжымдастыру қарқыны жеделдетілді. 1931 жылы республикадағы 122 ауданның 78 ауданында ұжымдастырумен 70˗тен 100 процентке дейін шаруа қожалықтары қамтылды.
Алайда ұжымдастыруды жүзеге асыру барысында жіберілген зорлық˗зомбылықтар Орталық Комитеттің 1930 жылы 14 наурызда қабылдаған «Колхоз қозғалысындағы партия бағытын бұрмалаушылықпен күрес туралы» қаулысында партия бағытын бұрмалаудеп қана бағаланды. Большевиктік орталық билік ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан шаралардың бәрін дұрыс деп есептеп, кемшіліктерді жіберіп отырғандармен күресу қажет деді. Ол кемшіліктердің жалпы жүргізіп отырылған саясаттың қателігінен екендігі, яғни үкіметтің шешімдері мен солақай нұсқаулары нәтижесінде болып жатқаны мойындалмады.
Күштеп ұжымдастыру науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді. КСРО ОАК мен ХКК˗нің 1930 жылы 1 ақпанда қабылдаған «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және кулактармен күрес шаралары туралы» қаулысы негізінде ауқатты шаруа қожалықтарына қарсы ашық террор басталды. Шаруа қожалықтарынан бай˗кулактарды бөліп алып, оларды тап ретінде жою жүзеге асырылды. Бай˗кулактарды үш топқа бөліп жазалады. Бірінші топқа контрреволюцияшыл белсенділер жатқызылды. Ондай топқа енген шаруалар бірден тұтқындалып, олардың ісі сотқа берілді. Екінші топқа ірі кулактар жатқызылды. Бұл топқа енген шаруаларды да бірден ұстап, солтүстікке немесе жаппай ұжымдастыру аудандарынан алыс аудандарға жер аударды. Ал, үшінші топқа кулактар отбасылары жатты. Оларды сол ұжымдастыру аудандарындағы колхоздар бөлген жерлерге қоныстандырды.
Енді осы шаралардың жүзеге асырылуы барысында жазалануға белгіленген топтармен қатар сол үкім шығарылып, жазаға тартылғандар арасында орташалар, тіптен кедейлер деболған. 1928-1929 жылдарда бай˗кулактар есебіне алынып жазаға тартылғандар, яғни қудаланғандар есебі 54 625 болды. 1931 жылы 5500 шаруабай˗кулак ретінде аласталды. Ал енді 1928 жылғы тәркілеу кезіндегі қазақ қоғамындағы бай˗феодалдар саны тек 696 ғана болғанын ескерсек, бұлардың да кімдер екені белгілі. Бұл сандарды нақты деп айту қиын, себебі жауапқа тартатын органдардың саны өте көп болды. Мысалы, 1932 жылы Юстиция Халық Комиссары өзінің өте құпия хатында барлық жауапқа тартылғандардың бар болғаны 37, 3 проценті кулактар екенін, ал қалғаны қатардағы еңбекшілер екенін мойындаған.
Қазақ байларын тәркілеу Қазақстандағы күшпен ұжымдастыру саясатының беташары іспетті болды. Қазақ байларының малдарын тәркілеуден материалдық жағынан да, рухани жағынан да кедейлер еш нәрсе ұтпады. Бұл науқан қазақ даласындағы дәстүрлі мал шаруашылығын күйретуге әкелді. Дәстүрлі мал шаруашылығының табиғи ортаға бейімделген түрі ˗ ірі байлар қожалықтарын күйрету Қазақстандағы мал шаруашылығының даму қарқынының тежелуіне, тауарлылығының күрт төмендеуіне негіз жасады.
Күштеп ұжымдастыру саясаты халықтың наразылығын тудырды. Сол жылдары өлке басшыларының Сталинге жазған хаттары қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметі басшыларының хабардар болғанын көрсетеді. Бір ғана 1929 жылдың өзінде Қазақстанда 30˗дан астам үлкенді˗кішілі халық наразылығы болды. Олардың ішінде өте кең көлемде болған көтерілістерге Тақтакөпір, Бостандық, Батпаққара көтерілістері жатады. 1929˗1930 жылдар аралығындағы қыс айларында наразылық өте күшті өршіді. Ол туралы Ф. Голощекин Сталинге хабарлауға мәжбүр болды. 1929-1931 жж. өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевиктер бұл наразылықтардың негізгі себебін байлар мен дін басыларының кеңес үкіметіне қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес үкіметі бұл көтерілістерді әскери күшпен басып жаншыды .
Сондай˗ ақ, отырықшыландыру науқаны да жаппай ұжымдастыру науқанымен қатар жүргізілді. Отырықшыландыру барысында жеделдету мақсаты қойылып, қазақ ауылының ерекшеліктері ескерілмей, екі жолмен жүргізілді. Оның біреуі ˗ жүздеген шаруашылықты бір жерге иіріп әкеліп, шоғырландыра орналастырып, малын өнім дайындау қорына өткізу. Екіншісі ˗әлгіндей көп халықтың киіз үйлерін қар үстіне көше секілдендіріп тігіп, поселкелер құру, бұлардан ұжымшар жасау. Осылайша Ресей секілді егіншілік өңірлердің ұжымдасу формасы малшы өңірге күштеп таңылды. Көшпелілер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа сталиндік күштеп көшіру саясаты қазақ этносының тіршілік ету жүйесін мықтап бұзды. Отырықшыландырудың алғашқы жылының қорытындылары бұл бағыттың қате екендігін көрсетіп берді. Бірде ˗ бір бағдар бойынша міндеттер мен жоспарлар орындалмады. Салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазаққа өз қаржысымен отырықшыландыру оларды босқынға ұшыратты.
Большевиктер жүргізген күштеп ұжымдастыру мен солақай отырықшыландыру саясаты қазақ ауылына үлкен соққы болды. Әсіресе, мал шаруашылығы қатты күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Сонымен қатар, малдың көп бөлігі үкіметтің ет салығын орындауға жұмсалды. О. Исаев Қазақстан өлкелік комитетінің VІ Пленумында1929 жылы Қазақстанда 40 млн. бас мал болғанын, содан 1933 жылы 4млн. ғана мал қалғанын мойындауға мәжбүр болды .
Сонымен, ұжымдастырудың айқын тарихы ˗ «тәжірибе жасау мен қателіктердің», аяусыз да ымырасыз идеологиялық айқастың, саяси, оның ішінде қарулы қақтығыстардың тарихы. Қазақ даласында ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылықтың дәстүрлі мәдениетін күйреткен ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ˗Қазақстан тарихының күрделі беттерінің бірі. Осы «ақтаңдақ» беттердің ақиқатын ашуға Қазақстан Орталық Комитеті мен Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1928 жылғы 27-тамыздағы «Бай шаруашылықтарын тәркілеу туралы», 1928 жылғы 13-қыркүйектегі «Аса ірі және жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық туралы» және 1930 жылғы 19-ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта құруды нығайту жөніндегі және кулактар мен байларға қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөніндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы комиссиясының қорытындылары және «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын анықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жол ашып берді.
Сонымен, осы жылдарда Қазақстанда жүзеге асырылған әлеуметтік-экономикалық процестер қазақ халқының дәстүрлі даму жолын талқандап қана қоймай, ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының халықтық салт - дәстүрлерін аяқ асты етті. Нәтижесінде адамзат өркениетінде өзіндік орны бар, бірегей қазақ ұлтының өзінің рухани тамырларынан қол үзу, өзінен үлкен ұлттың жетегінде кету процесі белең алды.
Сондықтан шаруалар арасында Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.
Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз ату жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұткындалғандарды кіттті калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады. Бұл фактілер Қазакстандағы Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы қылмыстарын ең қорқынышты, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстармен қатар қоюға болатынын дәлелдеді. Бүтіндей алғанда қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясатын геноцид деп есептеуге болады. Онымен бір мезгілде билік органдары казақтардан «босаған» жерлерге КСРО- ның басқа аймақтарынан қуғын-сүргінге ұшыраған, мал-мүлкінен айырылған кулактарды әкеле бастады.
Жаппай бой көрсету тұрғындардың ұжымдастыру саясатына қарсы жауабы болды. Басшылыктың пікірінше Қазақстанда болып өткен көтерілістер таптық күрестің шиеленісуінің салдары, өз қызметін баяғыда тоқтатқан «Алаш» партиясы әрекетінің нәтижесі болды.
1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.
Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы1929-1931 жылдары Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Ірі көлемде шаруалар қозғалысы өткен жерлер:
1929 жылы 29 қыркүйек - Бостандық,
1929 жылы 1 қараша - Батпаққара (Қостанай),
1930 жылы 2 ақпан - Созақ,
1930 жылы 25 ақпан - Ырғыз,
1930 жылы 26 наурыз - Сарқанда және тағы да басқа.
Шаруалар қарсылығының түрлері:көтеріліске шығу; шолақ белсенділерді, партия қызметкерлерін өлтіру; шетелге көшу; қалалы жерге кету т. б.
1930 жылы мамырда Семей округінің Өскемен, Самар, Катонқарағай аудандарында халықтың ірі толқулары өтті.
Торғайдағы батпаққара көтерілісін орталық бандиттік басмашылар қозғалысы деп атады.
Қарақұм көтерілісіне қатысқандар саны 5000-ға дейін жетті. Бұл көтеріліс күшпен басылды.
1930 жылы Созақта ұжымдастыру саясатына қарсы Қазақстандағы ең ірі шаруалар көтерілісі өтті. Көтерілісшілер аудан басшылары мен шолақ белсенділерді өлтірді. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті) . Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.
Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшін Ташкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.
Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.
Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.
Қарақұмға Ө. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынадай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз төркіленген малды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілерді істеріне өкіметтің араласпауы; төркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың санына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмда ерекше әкімшілік аудан құру. Осы шарттар орындалған жағдайда көтерілісшілер қаруларын тастауға келісімін берді. 30 сәуірде сарбаздар қаруларын өткізе бастады. Өкімет орындары өз уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң, ОГПУ органдары көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларын тұтқындай бастады. Ауылдар жаппай ұжымдастыру науқаны қызу жүріп жатқан бұрынғы орындарына қайтарылды.
Өкімет орындарының саясатына наразылық Шығыс Қазақстанда да қарулы көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Алтай аудандарының бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер «Кеңес өкіметі жойылсын, ерікті еңбек жасасын!» деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге әрекеттенді. 1930 жылы көктемде «Кіші Қазан» саясаты мен ұжымдастыру саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар Қытайға жаппай қоныс аудара бастады.
1929 жылғы қарашаның басында Қостанай округі Батпаққара ауданының бірқатар ауылдарының тұрғындары көтерілді. Көтерілістің шығуына дайындаушы органдар билігі басындағылардың бассыздығы тікелей себеп болды. Әсіресе, салық инспекторларының қаталдығы шектен шықты. Солардың ұсыныстары бойынша 1928 жылғы тамыз бен 1929 жылғы қыркүйек аралытында салық төлеуден жалтарды және тәркілеуге қарсылық көрсетті деген айыппен 188 адам тұтқындалды. КазОАК-нің бұрынғы хатшысы, кейін Қостанай округі ауыл шаруашылығы кооперативтерін алғашқы ұйымдастырушыларының бірі болған Б. Қаралдин, бұрынғы мұғалім, кейіннен халық судьясы А. Дулатов (М. Дулатовтың атасы), белгілі діни қайраткер М. Сатыбалдин және басқалары тұтқындалды. Тұтқындалғандардың едәуір бөлігі сотталды, ал Б. Каралдин, К. Алдияров және басқалары Семей облысына жер аударылды. Міне, осының бәрі наразылықтың ушытуына, қарашаның басында екінші және бесінші ауылдар шаруаларының жақын мандаты елді мекендер тұрғындарын (барлығы 400-ге жуық) ұйымдастырып, аудан орталығына қарай жылжуына, оны басып алып, апта бойы ұстап тұруына әкеп соқтырды. Сөйтіп, көтерілісшілер заңсыз тұтқындалғандарды босатты, әкімшілік ғимаратын өртеді, партия-кеңес органдарының, прокуратураның, соттың, милицияның құжаттарын өртеп жіберді. Көтерілісті бастаушылар тіпті сарбаздар отрядын ұйымдастыруға талап жасады. Бір ғажабы, көтерілісшілердің негізгі тобын 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушылар құраған еді.
Батпаққарадағы көтеріліс дүмпуі Наурызым, Жетіқара, Торғай және басқа көршілес аудандарға жетті, жер-жерде жекелеген көтерілісші топтар құрылды. Алайда көтерілісті басу үшін Қостанайдан, Ақтөбеден, Торғайдан, Троицк пен Ақмоладан жіберілген әскери отрядтар Батпаққарадағы көтерілісшілерді қолдағысы келген бас көтерудің бәрінің жолын кесті және бүлік ошағы қоршалып, кейін мүлдем тұншықтырылды. Батпаққара ауданында халықтың жаппай наразылығын тудырған нақты себептер партия және кеңес органдарына жақсы таныс еді және оның үстіне олар мұны елемеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz