ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІҢ ЕСЕБІ


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ» КАФЕДРАСЫ

6В01504 - «ХИМИЯ» МАМАНДЫҒЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ

ХИМ 19-1 тобының күндізгі бөлімінде білім алушы ( бакалавриат ,

магистратура, докторантура) 2 курс студенті

Тилектесова Жансая Нурбекқызы

Университет тарапынан

практика жетекшісі:

Мустапаева Г. Т.

Ақтау 2021 ж

Мазмұны:

1. Практиканттың пассивті тәжірибеден өту барысындағы жоспар-кестесі . . . 3

2. Пән бойынша оқу және аудиториядан тыс жұмыстардың анализі . . . 4

3. Практиканттың педагогикалық жұмысының өзіндік есебі . . . 4

3. 1. 08. 02. 2021-28. 02. 2021 аралығында іс-тәжірибеден өткен күндер есебі . . . 4-11

4. Іс-тәжірибе бойынша қорытынды жасау . . . 12

5. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 13

1. Практиканттың пассивті тәжірибеден өту барысындағы жоспар-кестесі

мерзімі
Орындалған жұмыс/сипаттау
Ескерту
мерзімі: 08. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау:

Педагогикалық тәжірибе жоспарымен танысу

Тәжірибе жетекшісінен кеңес алу.

Кәсіпорыннан тәжірибе жетекшісімен танысу.

Ескерту:
мерзімі: 10. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: «Химия» пәні бойынша 7-сыныптардың сабағына қатысу. Тақырыбы: «Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы».
Ескерту:
мерзімі: 12. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: «Химия» пәні бойынша 8-сыныптардың онлайн формaтағы сабағына қатысу. Тақырыбы: «Иондық байланыс».
Ескерту:
мерзімі: 16. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: «Химия» пәні бойынша 8-сыныптардың онлайн форматтағы сабағына қатысу. Тақырыбы: «Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері».
Ескерту:
мерзімі: 19. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: Онлайн форматта университеттен тәжірибе жетекшісімен жиналыс.
Ескерту:
мерзімі: 22. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: «Химия» пәні бойынша 9-сыныптардың сабағына қатысу. Тақырыбы: «Фосфор және оның қосылыстары».
Ескерту:
мерзімі: 24. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: «Химия» пәні бойынша 7Г сыныбына, онлайн форматта сабақ өткізу. Тақырыбы: «Салыстырмалы атомдық масса».
Ескерту:
мерзімі: 25. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: «Химия» пәні бойынша 9-сыныптардың сабағына қатысу.
Ескерту:
мерзімі: 27. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: Есепті тапсыруға дайындық.
Ескерту:
мерзімі: 28. 02. 2021
Орындалған жұмыс/сипаттау: Есепті қорғау.
Ескерту:

Орындаған: Тилектесова Жансая Нурбекқызы, тобы ХИМ -19-1, 2 курс студенті

Тәжірибе жетекшісі: аға оқытушы Мустапаева Г. Т.

  1. Пән бойынша оқу және аудиториядан тыс жұмыстардың анализі

Біз 2021 жылдың 8 - 28-ші ақпан аралығында, Ақтау қаласындағы «№28 жалпы білім беру орта мектебінен» онлайн және оффлайн түрде педагогикалық тәжірибеден өттік. Бүгінгі таңда мектепте тек қана бітіруші сыныптарға оффлайн режимде сабақ болғандықтан, біз практикаға 9-сыныптарға ғана барған болатынбыз. Ал қалған сыныптармен, яғни 7-8 сынып оқушыларымен сабақ бізде онлайн түрде «Zoom» және «Google Meet» платформаларында өтті. Тәжірибеден бұрын студенттер санына және де еліміздегі карантин режиміне байланысты студенттер шағын 5 топқа бөлінген болатын. Мен 5-топта болдым. Біз мектепке жиналғанда, оффлайн тәжірибеге барған кезде барлық карантин талаптарына сай бағындық.

Оффлайн сабақтардан тыс, онлайн сабақтарды ұйымдастыру формаларымен таныстым, сабаққа қалай дайындалу керек екендігін, материалдарды онлайн үйретудің әдiс-тәсілдерін үйрендім. Оқушылармен тез тіл табысып, ойымды ашық әрі түсінікті, нақты жеткізуге дайындалып, жаттықтым. Бұл іс-тәжірибе болашақ мұғалімдік қызметіміздің бастамасы болса да, соңғысы емес деп ойлаймын.

№28 жалпы білім беру орта мектебі" : Мектеп тарихы

Сурет 1. «№28 жалпы білім беру орта мектебі»

2. Практиканттың педагогикалық жұмысының өзіндік есебі

08. 02. 2021 Педагогикалық тәжірибенің жетекшісінен кеңес алдық.

Университет тарапынан аға оқытушы Мустапаева Гульнар Турановна бізге тәжірибе жетекшісі ретінде бекітілді. Ол бізге тәжірибе жүргізілу бағытын, мерзімін, қай мекемеде іс-тәжірибеден өтетінімізді, мекеменің жетекшісімен таныстырды. Пандемияға байланысты мектептің санитарлық ережелері туралы да түсіндіріп өтіп кетті. Мектепке тек 9, 11 сынып оқушылары келетін болғандықтан, қалған 7-8 сыныптарда сабақ онлайн түрде өтті. Бізде педагогикалық іс-тәжірибе пассивті түрде жүзеге асты.

10. 02. 2021 Бізде іс-тәжірибенің 3-күні. Қазіргі 7-сыныптардың онлайн сабақ режиміне байланысты 7А сыныбының «Химия» сабағына Google Meet платформасы арқылы сағат 9:30 пен 10:10 аралығында қатыстық. Сабақтың тақырыбы: «Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы».

Химиялық элементтердің периодтық жүйесі - Элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.

1869. ж орыс химигі Д. И. Менделеев орыстардың химия қоғамына химиялық элементтердің периодтық заңын ұсынды. Осы жылы бірінші «химия негізі» атты оқулығы жарыққа шықты.

1871. ж қорытынды «химиялық элементтердің периодтық заңы» мақаласында Менделлев периодтық заңға келесідей тұжырымдама берді: «элементтердің қасиеті, одан кейін олардың түзетін жай және күрделі қосылыстарының қасиеті атомдық массасынан периодтты түрде тәуелді». Сол кезде Менделеев қазіргі классикалық периодтық кестені берді.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/0/0e/%D0%94%D0%BC%D0%B8%D1%82%D1%80%D0%B8%D0%B9_%D0%98%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87_%D0%9C%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B5%D0%B2_1.jpg

Сурет 2. Д. И. Менделеев кестесі Сурет 3. Д. И. Менделеев

12. 02. 2021 «Химия» пәні бойынша 8А сыныбының онлайн режимдегі сабағына қатыстық. Тақырыбы: «Иондық байланыс». Сабақ сағат 10:20 мен 11:00 аралығында өтті. Мұғалім оқушыларды жұптастыру арқылы сабақ өтті. Тақырып бойынша слайд, қысқаша видеороликтер көрсетілді, және ауызша түсіндірулер жүргізді.

Химиялық байланыс түзілуіне қарай төртке бөлінеді:

-иондық

-ковалентті

-металдық

-сутектік болып.

Иондық байланыстың бірінші теориясын 1916 ж. неміс ғалымы Коссель ұсынды. Коссель теориясы бойынша иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылысуынан болады.

Иондық байланыс катиондар мен аниондардың арасында электро-статикалық тартылу күшінің нәтижесінде пайда болады. Химиялық әрекеттескен атомдар 8 электронды тұрақты октет қабатқа ие болып, катион мен анионға айналу үшін олар күшті металдар мен бейметалдарға жатуы тиіс.

Иондық байланысқан қатты заттар иондық кристалдық торға ие болады. Сондықтан олар қатты, берік, қиын балқитын заттарға жатады. Иондық байланыс көбіне нағыз типтік металдардың оксидтері мен гидроксидтеріне және барлық тұздарға тән.

Иондық байланыс электр терістілігі бойынша айырмашылығы үлкен металл мен бейметалл атомдары арасында түзіледі. Иондар түзілу арқылы жүзеге асатын байланыстарды иондық байланыс, қосылыстың өзін иондық қосылыс деп атайды. Иондық қосылыстардың қайнау, балқу температурасы жоғары, қызуға тұрақты, олар полюстік еріткіштерде тез ериді, ерітінділері электр тогын жақсы өткізеді.

Осылайша, керемет сабақпен тәжірибемізді өткіздік. Оқушылардың химия пәніне қызығатыны көрініп, мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, белсенді болып отырды.

Сурет 4. Магний ионының түзілуі.

16. 02. 2021 Бұл күні іс-тәжірибеміз онлайн түрде өтті, сабақ режиміне байланысты 8А сыныбының «Химия» сабағына Google Meet платформасы арқылы, сағат 10:20 пен 11:00 аралығында. Сабақтың тақырыбы «Кристалдық тор түрлері, байланыс типтері». Сабақ барысында мұғалім өткен тақырыптардан сұрақ қойып, оқушыларды сергітіп алды. Мұғалім оқушыларға есептер берді. Есепті шығаруға 10 минут уақыт берілді. Оқушылар есепті өте жоғары деңгейде орындап, сабақты өте жақсы бағаға қорғап шықты.

Кез келген затты қатты күйіне айналдыруға болады. Ал қатты заттар кристалдық торларының болуымен сипатталады. Кристалдық торлар деп - түйіндеріндегі бөлшектер белгілі бір ара қашықтықтан кейін жүйелі қайталанатын ретті құрылымды айтамыз. Егер заттың құрамында құрылыс бірліктері ретсіз орналасса, зат аморфты болады. Кристалдық торлар түйіндеріндегі бөлшектердің табиғатына қарай жіктеледі.

Олардың төрт түрі белгілі:

1. Атомдық;

2. Молекулалық;

3. Иондық;

4. Металдық;

Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды.

https://ds05.infourok.ru/uploads/ex/11e6/000618dd-46e655b0/hello_html_m5066c466.png

Сурет 5. Металдық химиялық байланыстың түзілу сызбанұсқасы

19. 02. 2021 Университеттен жетекшіміз аға оқытушы Мустапаева Гульнар апайымызбен Google Meet желісі арқылы жиналыс өткіздік. Жиналыста іс-тәжірибе қалай жүргізіліп және өткізіліп жатқаны жайлы сұрады. Және іс-тәжірибе аяқталуына аз уақыт қалғандығы ескертілді. Осыған байланысты Педагогикалық іс-тәжірибе есебі, күнделігі, мінездеме жазу үлгілерімен таныстырды. Және де осы мінездеме туралы, іс-тәжірибе есебінің қалай толтырылуы екендігі, күнделікті толтырғанда барлығын мұқият, ешқандай қатесіз жасауымызды сұрады.

22. 02. 2021 Бұл күні студенттер болып мектепке жиналдық. Маскалық режимді сақтадық. Тәжірибе басында шағын топтарға бөлінген студенттермен топ бойынша бөлініп, кезекпен келдік. Жетекшіміз Көзжан апайдың 9Г сыныбына өткізген сабағына қатыстық. Сабақ тақырыбы «Фосфор және оның қосылыстары». Сабақ 09:30 пен 10:10 аралығында. Біз уақытынан 20 минут ерте барып, мектеп өмірі қалай өтіп жатқанын, оқушыларды сырттай бақыладык. Мұғалім және де біз сыныпқа кіргеннен-ақ оқушылар тұрып амандасты. Бізді оқушыларға таныстырды, және күндегідей сабаққа белсенді қатысуын сұрады. Сабақ интерактивті тақта арқылы, әртүрлі қызықты тапсырмалар беру арқылы сәтті өтті. Оқушылар сабақты постер арқылы да қорғады. Байқағаным бұл сыныпта ұл балалар белсенді болды. Оқушылардың өздері де қызығып, әртүрлі осы «Химия» пәні жөнінде қызықты фактілер айтып отырды. Тіпті бізде осы сабаққа қызығып, бақылап, өте мұқият тыңдап отырдық. Сабақ өте жоғары деңгейде әрі қызықты өтті.

Фосфор туралы қысқаша мәлімет

Фосфор П-элементтердің периодтық жүйесінің В тобындағы химиялық элемент, реттік нөмірі - 15, атомдық массасы 30, 97. Бірнеше түрі бар: ақ фосфор - тығыздығы 1, 828 г/см 3 ; балқу температурасы - 44, 14°С; қызыл фосфор - тығыздығы 2, 31 г/см 3 ; балқу температурасы - 593°С.

Ақ фосфор
Қызыл фосфор
Ақ фосфор:
  1. Ақ түсті кристалл зат, тығыздығы 1, 83 г/см3.
  2. Қараңғыда жарқырайды.
  3. Кәдімгі жағдайда 30 - 40°С температурада ауадағы оттекпен тотығады.
  4. От алғыш кауіптілігіне байланысты су астында сақтайды.
  5. Суда ерімейді, күкірткөміртектеериді.
  6. Өте қауіпті, улы!
  7. 44°С-та балқиды, 280°С-та қайнайды
Қызыл фосфор:
  1. Аморфты зат, кристалды емес, тығыздығы 2, 20 г/см3.
  2. Қараңғыда жарқырамайды.
  3. Ауада оттекпен 260°С-та тотығады.
  4. Отқа қауіпті емес. Қыздырғанда оталады.
  5. Суда да, күкірткөміртекте де ерімейді.
  6. Улы емес.
  7. 400°С-та балқиды.

Сабақтан кейін тәжірибе жетекшімізбен жиналып, сабақ жоспары жайында сөйлесіп, кеңестік. Және де бізге Көзжан апай 7-8 сыныптарға онлайн сабақ өткізу туралы ұсыныс білдірді. Біз әрине қарсы болмай, бірден келістік. Одан кейін бізді бөлінген топтарған байланысты сыныптарға бөлді. Бізге қажетті материалдарды, кітаптарды берді.

Сурет 6. 9-«Г» сынып оқушылары. Мұғалімнің «Фосфор» жайлы сабақ түсіндіруі.

24. 02. 2021 Бұл күні өз тобымыз болып 7А сыныбына ZOOM платформасы арқылы сабақ өткіздік. Тақырыбы: «Химиялық элементтердің салыстырмалы атомдық массасы». Сабаққа 15 оқушы қатысты. Сабақты Prezi презентациясымен өткіздік. Оқушылар бізбен үнемi кері байланыста отырды, сабақта өздерін өте белсенді көрсетті. Тапсырмаларды дер кезінде берілген уақытта орындап отырды. Түсінбеген нәрселерін қысылмай сұрап, өз ойларын ашық айтып, пікірталасып отырды. Сабақты өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып қорытынды жасадық. Үй жұмыстарын беріп, сабағымызды аяқтадық.

Сабақта берілген мәліметтер:

Атомдардың массасын граммен не килограммен өлшеуге бола ма?

Атомдардың массасы өте кіші болғанымен олардың сандық мәні дәлдікпен анықталған. Мысалы ең жеңіл атом атом сутегінің атомдық массасы:

mа (H) =1. 66*10-24 г немесе 1, 66*10-27кг Оттегінің массасы одан 16 есе ауыр:

mа (O) =2. 66*10-23г немесе 2, 66*10-26 кг-ға тең.

Мынадай сандарды пайдалану ыңғайсыз. Сондықтан атомдық массаны өлшеу үшін арнайы өлшем бірлігі, массаның атомдық бірлігі(м. а. б) қолданылады. ьМассаның атомдық бірлігі (м. а. б. ) бұл көміртегінің 1/12 атомдық массасына тең. Салыстырмалы атомдық масса дегеніміз атом массасының 1 м. а. б-нен неше рет үлкендігін көрсететің сан. Бұны Ar деп белгілейді.

Көміртегі атомның массасы:

2, 0*10-26г немесе2, 0*10-26кг, ал мұның 1/12 бөлігі

20*10-26kг =1. 66*10-27кг =1, 66*10-24г.

https://melimde.com/penni-ou-edistemelik-kesheni-jalpi-jene-bejorganikali-himiyani/1086_html_d9b5ded.gif Салыстырмалы атом массасын есептеу формуласы:

Сурет 7. Үй тапсырмасына қосымша сұрақтар.

Сурет 8. 9Г сыныбы.

25. 02. 2021 Бұл күні біз мектепте әдеттегідей жиналдық, жетекшіміздің 9А сыныбына сабағына қатыстық. Сабақ 10. 20 мен 11:00 аралығында болды. Сабақтың тақырыбы: «Минералды тыңайтқыштар». Мұғалім оқушыларды топтарға бөліп тастады. Әдеттегідей бізде сырттай бақылап отырдық. Сабақтың басында интерактивті тақта арқылы тақырыпқа презентация көрсетілді. Презентацияда осы тақырыпқа байланысты қызықты, әрі өмірге керекті мәліметтер көрсетіліп, айтылды. Оқушылар сол мәліметтерді ықыласпен, мұқият әрі қызығып тыңдап отырды. Және де мұғалім тақтаға бірнеше есептердің шығарылу жолын көрсетті. Одан кейін оқушыларға шығаруға есеп беріліп, алғашқы болып есебін көрсеткен 3-4 оқушыға балл қоямын деп ескерткен болатын. Бірақ оған қарамастан көп оқушылар есепті жылдам шығаруға кірісіп кетті. Ұл балалар да, қыз балаларда сабаққа белсенді қатысып отырды. Сабақ аяқталмастан бұрын мұғалім оқушылардан сабақ не түйіндегендері жайлы сұрап шықты. Сабақты аяқталған соң, балаларды орындаған тапсырмаларына қарай барынша бағалап, үй тапсырмасына есептер берілді.

Минералды тыңайтқыштар туралы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибе базасымен танысу
СТУДЕНТТІҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕ КЕЗІНДЕГІ БАҚЫЛАУ-ТІРКЕУ КІТАПШАСЫ
СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Біліктілігі және лауазымы бойынша штаттық жұмыс орнындағы жұмыстарды қайталау
Педагогикалық тәжірибе бойынша есеп
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері
Практикалық және лекциялық дәрістерді өткізу және оған дайындық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz