Қазақтану жобасы біраз мәлімет


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

1 Зерттеу бөлімі

1. 1 Тақырыптың өзектілігі

Ақпараттың алтын ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Ғаламтордың шығуы мемлекеттер арасындағы шекараны жойды. Жаһандану дәуірі жаңа көзқарастардың пайда болуына жол ашты. Құндылықтар өзгерген. Әлем елдері ұлттық болмысы мен дәстүрін сақтап қалу үшін барын салуда. Ұлы көштен біз де тысқары қалмадық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қабылдап, ата дәстүрімізді заманға сай жаңғыртуды қолға алдық. Елбасымыздың ұсынысымен «Қазақтану» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл жобаның көздегені не? Ол қалай жүзеге асады және қазаққа не береді? Саралап көрсек…

«Қазақтанудың» көздегені не?

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Елбасымыз керемет бастама көтеріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қазақтану» тұжырымдамасын қабылдауды ұсынды.

Бұл жоба еліміздегі түрлі этнос өкілдеріне қазақтың тамыры тереңге жайылған тарихын, дәстүрін және адамгершілік қасиетін дәріптейді. Сонымен қатар, қазақстандықтардың ортақ мәдени коды - біртұтас құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи сана негізінде халықтың бірлігін нығайтуды көздейді.

Қазақстан жүздеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің құтты қонысына айналғалы қай заман. Халқымыз адамды діні, ділі, ұлтына қарап емес, адами қасиетіне сай бағалап, бауырға тартқан. Қазақ елінің дархандығы ұлттардың арасындағы байланыстың алтын көпіріне айнала білді. Ана сүтімен бойымызға дарыған осы бір асыл мінезді көздің қарашығындай қорғап, заман талабына сай кәдеге асыра білсек, ұлттық болмысымызды да сақтап қаламыз. Мұны Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында да баса айтқан болатын.

«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай. Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни, болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», - деді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

«Қазақтану» жобасы ұлт пен ұлыс өкілдерін мемлекет құраушы қазақ ұлтының айналасына топтастырады. Қазақ жерінің асты-үсті бағалы қазынаға толы. Сол байлыққа қызыққан күштер ел тыныштығын ұрлауды, алауыздық отын жағуды аңсайды. Бұған тойтарыс беретін бірден-бір күш - ел бірлігі.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемге береке-бірлігі жарасқан мемлекет ретінде таныла білді. Алып империя ыдырап, жүздеген ұлт өкілдері тұратын жас мемлекет отау тіккенде болашағымызға күмәнмен қараған жандар көп болды. Бірақ, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында татулық пен тұрақтылықты сақтай білдік. Әлемде баламасы жоқ институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ол елдегі татулық пен тұрақтылықты сақтап, аз ұлттарға туған халқының тілін, мәдениетін жаңғырту мүмкіндігін ұсына білді.

- «Қазақтану» - бұл қазақ мәдениеті, философиясы, тарихы, қазақ халқының орасан зор мұрасы. Қазақ халқы өз жағдайларының мүшкіл болуына қарамастан, қуғын көрген ұлыс өкілдерін бауырына басты. Үкімет «халық жауы» атанғандарға көмек көрсетуге тыйым салған болатын. Бірақ, қазақтар басын қатерге тіге отырып, көмек қолын созды. Елбасы айтқан «Ұлттық код» деген сол.

«Қазақтану» жобасы жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін жетілдіре түсуді көздейді. Осылайша, қазақ ұлты мен этнос өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды насихаттау, бабалар мұрасын жаңғыртуға ерекше көңіл бөлінген.

«Қазақтану» жобасының идеясы ең алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының отырысында айтылған болатын. Одан соң аталмыш жоба қоғамнан қызу қолдауға ие болды. Осы орайда бұл жоба еліміздегі барша ұлттардың арасында жергілікті ұлт қазақтардың салт-дәстүрін, адамгершілік принциптерін, менталитетін, ұлттық құндылықтарын, қазақи артықшылықтарын дәріптеуге арналғаны барша жұртқа аян. Бүгінде «Қазақтану» жобасы аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Яғни «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Қазақтануға» арналған іс-шаралар барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының, ортақ тарихи санасының негізінде жалпы халықтың бірлігін нығайтуды көздейді.

Әйтсе де «Қазақтану» жобасының ауқымын кеңейтіп, әр қырынан ашуға ­тырысу байқалады. Жалпы «Рухани жаңғыру» арқылы бүгінде ұлтымыздың рухани құндылықтарын, ұмытылып бара жатқан тарихи айшықтарын қайта жаңғыртып, сананы жаңғырту міндеті тұрса, «Қазақтану» арқылы қазақ халқының ұлт ретіндегі ұлттық менталитетін, бүгінгі ұлттар бірлігін сақтаудағы рөлін ашып көрсету басты мақсат болып отыр. Жаһандану заманында рухты жаңғырту арқылы, заманауи үрдістерге жұтылып кетпей, ұлттық, рухани артықшылықтарымызды сақтап қалу әрекеті бүгінде қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Өткенімізге үңіліп, жоғымызды түгендеп, ұлттық рухты дүр сілкінтуге бағытталған бұл шаралардың қайсысы болмасын еліміз үшін қымбат.

Рахима Ахметова, «Қоғамдық келісім» МКМ директорының орынбасары:

-Келіншек өзінің күбісімен келіп, осы жерде қымызды қалай пісетініне дейін көрсетіп жатыр. Аналарымыз қазақтың бұйымдарын қалай дайындайтынын, бәрінің әдісін көрсетіп жатыр. Оның бәрі үлкен еңбек, елімізге, ұлтымызға, Отанға деген үлкен құрмет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Қазақ халқының тарихы мен өмірі
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕСІ
Болмысы бөлек Өзағаң
Ақселеу шығармалары негізінде ғылыми-танымдық публицистиканы зерделеу
Қазіргі кезеңдегі Қазақ-Қытай қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz