Қазақстандағы индустриялдандыру: Жетістіктері мен қателіктері, Индустриялдандыру мәселесі бойынша қазақ мемлекеттік қайраткерлердің ұстанымдары


25. Қазақстандағы индустриялдандыру: Жетістіктері мен қателіктері, Индустриялдандыру мәселесі бойынша қазақ мемлекеттік қайраткерлердің ұстанымдары.
Бүкіл КСРО мемлекеттері бойынша 1920 жылдары орын алған басты ерекшеліктердің бірі индустриялдандыру өнеркәсіп дағдарыстары болып табылады. Алайда Мәскеуде удерісті іс жүзіне асырудың жолдары мен әдістеріне қатысты айтыс- тартыстар өршіді. Халык шаруашылығының Бүкілодақтық кеңесінің төрағасы Ф. Э. Дзержинский тез кірістер алып, шаруаларды халык тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету үшін, біpінші кезекте жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. Оның орынбасары Пятаков ауыр өнеркәсіпті жеделдете дамыту туралы ұсыныс жасады. Оны Троцкий, Преображенский мен Сталин де колдады. Өндірісті жаңғыртып, жаңа кәсіпорындар салу үшін қажетті қаражатты жеке сектордан, яғни салық салу, тең емес тауар айырбасы және ұжымдастыру арқылы шаруалардан «өндіріп алу» туралы мәселе талқыланды. Сөйтіп, ел жедел индустриялануға бағыт ұстап, 1925 жылдың желтоқсанында БК(б) П-ның XIV съезінде қаулы қабылдады. Ауыр индустрия техникалық-экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Тиiсінше, ауыл шаруашылығы мен шаруалар үшін болашағы айқын емес өнеркәсіптік кәсіпорындарды дамыту да жоспарланды. Индустрияландырусыз елдің корғаныс кабілетін нығайту мүмкін болмайтыны да маңызсыз емес, өйткені оны халықаралық жағдай талап етеді. Сонымен қатар БК(б) П-ның XIV съезінде бейбіт кұрылыстың заманы туғаны, бірақ социализм мен капитализм арасындағы қарама- кайшылықтардың артып отырғаны айтылды. Қазақстанда индустрияландыру үдерісі әлеуметтік-экономикалык Тұрғыда артта калудан туған бірқатар қиыншылықтарға тап келді. Индустриялландыру ауыр өнеркәсіп пен өндіруші салаларда жүргізілді және жинақ ақша қоры күрт өсіп кетті. А секторына барлық салымдардың 93 пайзы ал В секторына 7 пайзы тиесілі. Ең маңызды құрылыс нысаны Түркісіб болды. Оны салу жайындағы шешім 1926 жылы 3 жлтоқсан күні қабылданды. 1932-1937 ЖЫЛДАР АРАСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ 120 ДАН астам ірі өнеркәсіп орталықтары дамыған.
Жалпы индустриялданыдру жылдарында халықтың өмір сүру деңгейің әлде қайла төмендеткен болатын. Бес жылдың ішінде елеули инфиляция байқалды, ақша жиыны 180 пайзға арттыү өнеркәсіп тауарлар саны 250-300 пайзга өсті.
26. Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру, ұжымдастыру әдістері мен қарқыны.
Бай - кулактар қатарына темір шатырлы үйі немесе 2 аты болғандар да енгізілді. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай - кулактары тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай - кулактарды тәркілеуден басталды.
· Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
· 1927 жылы желтоқсанда болып өткен партияның XV съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісінің аяқталуы 1932 жылға жоспарланды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы - ауыл шаруашылық артелі, ал мал шаруашылығы аудандарда жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.
· 1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС - тер құрылып жатты.
· Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықты отырықшылыққа көшіруді 1933 жылы аяқтау көзделді.
· Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 «жиырма бес мыңдықшылар» жіберілді. Олар Россиядағы колхоз жобасын қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
· Ұжымдастыру жылдары кооперативтендіру қозғалысының өз ісін ашуға мүмкіндік беру, материалдық ынта, кооперативтендіруге шаруаның бірте - бірте өтуге, еркіндік ұстамдары бұзылды.
·
Ұжымдастыру кезінде жіберілген қателіктер:
1. Қатаң жаппай қуғындау мен террорға негізделді.
2. Даярлықсыз жергілікті жағдайлар ескерілместен жүргізілді.
3. Әкімшілік - күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді.
4. Шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары аяғына дейін орындалмады.
· Белсенділер отырықшыландыруды жоспарлаған 3 жылдың орнына 3 күнде аяқтап «жалған колхоздар» құра бастады. Нәтижесінде: Абыралы ауданында - 70 %; Жымпиты ауданында - 60 %; Жәнібек ауданында - 95 % шаруашылық ұжымдастырылды. Шаруашылықты ұжымдастыру деңгейі үнемі өсіп отырды. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% - і ұжымдастырылған болса, 1930 жылғы сәуірдің 3 - інде 56, 4 % - і, ал 1931 жылы қазан айына қарай 65 % - дай ұжымдастырылды.
· Азық- түлікпен қамтамасыз етудің қиындауына байланысты 1929 жылы «Әскери коммунизм» саясаты кезіндегі салғырт енгізілді. 1931-1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемлекетке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мыңмалға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт салдарынан 98 мыңы қалды. Торғайлықтар «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан - ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең таралған тәсілдерге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедейлер мен орташалар «бай - кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929 жылы 56, 498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931 жылы 5500 отбасы жер аударылды. 1929 - 1933 жылдары ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі - 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына - 3386 адам, 3-10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға - 13151 адамға үкім шығарды.
· Аштық зардаптары:
· 1930 - 1933 жылдары аштықтан 6, 2 млн. адамның 2, 1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келді.
· Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 - 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.
· Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы.
· 1929 - 1931 жылдары Қазақстан жарінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі - халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 жылғы ақпан - мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті.
· Батпаққара көтерілісі бандиттік - басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы - көтерілісшілер - заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал - мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды.
· Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 - дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2 -10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды.
· Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов) . Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.
· Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты.
· Жазалау шараларының салдары:
1) 1929 - 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 - і атылды.
2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды.
· Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес.
· Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек - «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин. І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті.
1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.
2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.
3. Күштеп қоғамдастырылған мал - мүліктер иелеріне қайтарылды.
4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді.
5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді.
7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді.
8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж. ) босатылды.
· Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Республика егістіктерінде техника көбейді. Бірінші бесжылдықта - 9 мың трактор, екінші бесжылдықта - 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933-1937 жж. ) - 200 - ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында - отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді.
· Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.
27. Сталиндік қуғын сүргін, олардың ауқымы және ауыр салдары. Ұлттық интеллигенцияға қарсы репрессия.
Қазақ зиялылары әрқашанда ұлт мүддесін қорғай білді. Сондықтан да олар сталиндік саяси қуғын - сүргін құрығына жаппай ілікті. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тапқандығы да тарихтан мәлім. Қазақзиялыларының көрген қасіретін, рухани жан азабын жеткізу өте ауыр. Сталиндік саяси қуғын - сүргін қоғам өмірінің барлық саласын қамтығандықтан, тіпті оның құрығына әйелдер мен балалар да ілікті. Осы тұста кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің қазақ әйелдерініңтеңдігі мәселесін мемлекеттік деңгейде көтеріп, оны өз саяси мақсат - мүддесіне орай шешкендігіне де ерекше назар қажет.
Кез-келген мемлекеттің негізгі мақсаты - ұлттық рухы биік тұлғаларды қалыптастыру проблемасы екендігі де шындық. Ұлттық рухы биік жан тұлғалық деңгейге жетіп игілік пен ізгіліктің шапағатын өз айналасына тигізіп қана қоймайды, ұлтын өрге сүйрейді, келер ұрпақтың есті болып жетілуіне өзіндік үлесін қосады. Ұлттық рухы биік түұлғаны қалыптастыру үшін өткен тарих даналығына зер саламыз. Өкініше орай, кеңестік тоталитарлық жүйе дәуірлеп тұрған өз уақытында, КСРО құрамындағы ұлттардың өздік санасын өзінің «идеологиясына» сай қалыптастыруға барлық күшін жұмсады. Соның салдарынан бірнеше ұрпақ этникалық өздік сана жадынан айрылып, «кеңес өкіметінің балалары» санасымен тәрбиеленді. Оның салдары әлі күнге дейін күнделікті өмірден көрініс беріп те жататындығы ешкімге құпия емес.
Қазақстан тарихының өркениетті көзқарас шеңберімен зерделейтін өзекті мәселелері жеткілікті. Кеңестік үлгідегі тоталитарлық тәртіптің ұлт санасына салған «жаралары» жеткілікті. Одан арылу үшін уақыт ғана емес, уақыт ағынымен бірге ұлтшылдық келбетті қалыптастырып үлгеруіміз қажет. Осы мақсатта өткен тарихымыздың өзекті мәселелерін ақылмен пайымдауға да күш саламыз. Соның бірі 1920-1930 жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің ұлттық рухымызды тұншықтырған тұстары. Ұлт еңсесін түсіріп, тексіздікке жол ашқын кеңестік билікті ақылмен зерделеу қазақ тарихының кісілік келбетін дәйектемек.
Тәуелсіздік алғаннан бері Отандық тарих ғылымында кеңестік үлгідегі тоталитарлық қоғам тұсындағы саяси қуғын - сүргін зобалаңы зерттелінуде. Кеңес өкіметінің саяси ұстанымы өз ұлтының мүддесін ойлағандарды «ұлтшылдар», «тап жаулары», «жікшілдер», «оңшылдар», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп бөлшектегені де тарихтан мәлім. 1917 жылғы қазан төңкерісінен басталған ұлт саясатының қудалануы КСРО ыдырағанға дейін жалғасын тауып, жұртын сүйгендердің тағдырын кеңестік биліктің «шешкендігі» де мәлім. Қазақ ұлты өмірінде «ел-жұрт» атты категориямен берілетін даналық бар. Ел-жұрт ұғымымен бірге өскен қазақ баласында елдік түсінігі жоғары болды. Саяси қуғын - сүргін шаралары қазақты елдік санадан айыруға жол ашты. Саяси қуғын-сүргін салдарынан тексіздікке жол ашылғанымен, сталиндік зобалаң ұлт болмысының тамырын қиюға шамасы жетпеді. Оның түп-төркінін қазақ тарихының кісілік келбетінің биіктігінен, рух үндестігінің қуаттылығынан іздейміз. Әрине, бұл өз алдына бөлек зерделенетін іргелі тақырыптардың бірі екендігі де даусыз.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы саяси қуғын - сүргін құқық қорғау органдарының қолымен жасалды. Осы мақсатта ең алдымен қуғындаудың заңдық негізі әзірленді. Оған дәлел ретінде сол жылдары қабылданған заңдарды алға тартамыз. Кеңес мемлекетінің заңдары қазан төңкерісінен бастап -ақ тоталитарлық жүйенің орнығуына жол ашты. Кеңестік құқық «биліктен айырылған қанаушы таптарға» қарсы бағытталғандықтан, адамдар шыққан әлеуметтік тегі үшін жазаланды. Кеңестік заңдар «кеңестік тәртіпті» нығайтуға, социалистік экономиканы құруға, еңбекшілер бостандығы мен демократиялық құқықтарын қамтамасыз етуге, бұқараны коммунистік санамен тәрбиелеуге тиіс болды [1] . Сөз жүзінде заңдардың сипаты демократиялық бағытта болғанымен, іс жүзінде адамдарды жікке бөліп «таптар арасындағы күресті» өмірге әкелді. Бұл адам баласының мәдениетіне, адамзат өркениетіне аса қауіпті еді. Кеңестік тоталитарлық тәртіпті жамандау мақсат емес, алайда оның миллиондаған адам өмірін құрбандыққа қиған саясаты ұлт санасына ізін салып та кетті. Кеңестік жүйеде өмір сүрген халықтардың саяси қуғын - сүргін зобалаңына ұшырамағаны кемде кем.
Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов- Алаш қозғалысының белді, беделді, белсенді тұлғалары. Олардың жаңашыл позициялары, алға қойған қадамдары үлгі алуға тұрарлық. Бірақ, ерекше дарын иелеріне қамшының сабындай ғана өмірді сүру бұйырған екен. Себебі, еліне жау болып танылған барлық қазақтың зиялылары ату жазасына Сталинның бұйрығымен кесілген болатын. Сталин-өте қатыгез, қатал әрі жауыз билеуші болған. Ал, ұлтына пайдасын тигізе білетін жандардың көзін жоюда оның мықты стратегик та болғанын аңғаруға болады. Сталиндік террор, қуғын- сүргін 1937-1939 жылдары жаппай сипат алды. Бар саналы ғұмырын ұлт мүддесіне жұмсаған азаматтар отбасысымен қоса жазықсыз айыпталып, құқығы тапталып, жан түршігерлік қиындықтарды бастан өткерген. Олардың бар «кінәсі» қазақты қазақ билеп, азаттық туы берілсін дегендерінде. Сталинның бұл жоспары өте қасіретті, әділетсіз. Талай жанның өмірін жалмап, болашағын бұзып, баланы ата-анадан, ата-ананы баладан айырған бұл солақай саясат тарихта үлкен апаттардың бірі болып танылады.
28. Қазақ халқын мәжбүрлеп депортациялау.
Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар - сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру - сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3, 2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың төмендегідей түрлері қолданылды:
- этностың белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шекараларды тазалау», «сенімсіз халықтар») .
- әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.
- саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді«еңбек қоныстарындағылар»деп атады. 1944 жылдан бастап«арнайы қоныс аударылғандар»деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеуоблыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып, әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан 20-30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаныкезінде жер аударылған кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т. б. жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып берді. Осы үлгімен мұнда да «халықжауларын» - «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937-1938 жылдары немістердің ұлттықмәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары поляктардың осы бөлігі . Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940-1941 жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы . Поляк-кеңес пактісіне қол қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында өскери қимылдарға қатысты. Андерс армиясына енгісі келмегендердің бір бөлігі Қазақстан аумағында қалды. Соғыстан кейін олардың көпшілігі еліне қайтқанымен, 30-жылдарда депортацияланған бөлігі қалып қойды.
Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілікқоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон «шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден тайынған жоқ.
1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. Негізгі бөлігі жойылып кеткен кеңшарлар мен игерілмеген жерлерге орналасқандықтан, тұрғын үй, жұмыспен, еңбек құралдарымен қамту жағы жетіспеді. Жаппай күшпен қоныс аудару корей халқын өзінің тарихи отаны - Кореядан көп жылдарға қатынасын үзіп, білім, тіл, мәдениет саласында орны толмайтын шығынға үшыратты. 1938 жылы 1 қыркүйекте барлық корей тіліндегі мектептер, Қазақстандағы педагогикалық училище, 1939 жылы Қызылордадағы корей педагогикалық институты жабылды, корей тіліндегі оқулықтар жойылды.
70 корей ұжымшарлары республиканың 8 облысында - Қызылордада, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық кәсіпшілігімен жөне ауыл шаруашылығымен айналысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz