Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәнінен мәліметтер


- «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері. Н. Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты жұмысындағы ұлтық тарихқа стратегиялық көзқарас.
Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.
Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары. Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады. Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды. Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т. б. мәселелер қамтылады. «Ұлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің «Тарих толқынында» кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында «Мәдени мұра» атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты тарихи Жолдауында тарқата түсті. Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз ха лықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, «Халық тарих толқынында» атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады. Бағдарламаның мақсаттарына байланысты ұлттық тарихтың жаңа кезеңінде Тұңғыш Президенттің рөлін зерттеу айрықша ғылыми және тарихи мағынаға ие. Бұл тұрғыда оның еңбек және саяси мансабы жолында болашақ саясаткер мен әлемдік деңгейдегі мемлекет қайраткерінің қалыптасуы тарихын зерттеу ерекше қадамды қажеттілік етеді. Ғылыми іздестіру жұ мыстары мен Н. Ә. Назарбаевтың қызметтестерінен жиналған деректердің негізінде Тарихи-мәдени орталықта болашақ Президенттің Орталық Қазақстанды дамыту бойынша қызметінің бағытында фото, дыбыс және бейне материалдарынан құралған көп құжат жинақталды. ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдарында Теміртау қаласы мен Қарағанды облысында болған экономикалық және әлеуметтік үдерістерді жан-жақты әрі шынайы баяндау, сондай-ақ осы жетістіктерде жас Нұрсұлтан Назарбаевтың салмақты үлесін мойындау «Халық тарих толқынында» бағдарламасын қалыптастыруда негізгі бағыттардың бірі болуы тиіс», -деп атап өтілген мақалада .
2. Қазақстан тарихының кезеңделуі. ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір, қазіргі заман.
Ежелгі Қазақстан (б. з. V ғ. дейін) . Ғылыми зерттеулер нəтижесінде жер бетіндегі адам баласы осыдан 2-2, 5 миллион жыл бұрын пайда болған. Жер жүзінде еңбек етуге қабілетті болған ең ежелгі өмір сүрген адам хомохабилис - шебер адам (презинджантроп) болып есептелінеді. Адамның эволюциясындағы одан кейінгі қадам хомо эректус - тік жүретін адам сатысына байланысты. Бұл тұрпаттың өкілдері тас дəуірінің Шелль-ашель мəдениетінің иелері питекантроп пен синантроп болды. Тік жүретін адамның екінші бір түрі синантроп болды; ол бірінші рет 1927 жылы Чжоу - коу - дянь үнгірінен табылды. Синантроптың сыртқы бейнесінен дамудың неғұрлым процестік белгілері байқалады. Бұл белгілір: мый қабығының көлемі үлкен (1075 см3) , мандайының тайқылығы азырақ, қабағы жатық, иегі ықшам. Питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Ол бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрді. Питекантроп Хомо хабилиспен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Мый көлемі үлкейді (950 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейді, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерді. Тас дəуірі. Палеолит, мезолит, неолит дəуірлері. Ежелгі адам өз дамуында бірінен кейін бірі келетін бірнеше кезеңдерден өтті. Археологияда қабылданған кезеңдерге сəйкес адамзат тарихы тас, қола жəне темір дəуірлеріне бөлінеді. Тас дəуірінің кезеңдері: 1. Палеолит (ежелгі тас дəуірі) А. Ерте палеолит Ə. Орта палеолит Б. Кейінгі палеолит 2. Мезолит (орта тас ғасыры) 3. Неолит (жаңа тас ғасыры) Ежелгі палеолит - ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б. з. б. 2, 6 млн жыл-800 мың жыл) ; Ашель (б. з. б. 800-140 мың жыл) ; Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең тас ғасыры деп аталған. Табиғаты. Оңтүстіктегі Үнді мухиты жағынан жылы ауа Қазақстан жеріне келіп турған. Сондықтан Казақстанда субтропиктік ормандар болған. Адамдары. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б. з. б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген. Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Орта палеолит. (б. з. б. 140-40 мың жылдықтар) . Орта палеолит дəуірі ертедегі адамның дамуымен, мəдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолит дəуірінің адамдары - неандертальдықтар. Антропологиялық келбеті: қысқа мойынды, аса ірі тісі бар, сөйлеу қабілеті дұрыс қалыптаспаған. Негізгі кəсібі: аң аулау, терімшілік. Аңды қауым болып бірігіп, топпен аулаған. Еңбек құралдары жəне археологиялық ескерткіштер. Тасты өңдеу əдісі жетілді. Еңбек құралдары негізінен, нуклеуістен (тастан) жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өңдеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Соңғы палеолит. Соңғы палеолит б. з. б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Рулық қауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты əйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық - матриархаттық дəуір деп аталды. Мезолит дəуірі (б. з. б. 12-5 мың жылдықтар) . Кейінгі палеолит дəуірінен кейін орта тас дəуірі (грекше мезос - орта деген сөзден шыққын) мезолит дəуірі келді. Бұл дəуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дəуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дəуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тəрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дəуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дəнді дақылдар өсіру. Неолит дəуірі: (б. з. б. 5-3 мың жылдықтар) . Неолит дəуірі тас дəуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дəуірі болып саналады. Неолит дəуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Қола дəуірі. (б. з. б. 2-1 мың жылдықтар) . Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тəсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дəірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. Қола дəуірінің басты үш ерекшілігі болды. 1. Қола металлургиясы, 2. Бақташылық, мал шаруашылығы. 3. Егіншілік. Егіншілік орташа дəрежеде дамыды. Орта ғасырлардағы Қазақстан (VI - XVII ғғ. ) . 1. Қазақстан аумағындағы ерте орта ғасырдағы мемлекеттер (VI-IX ғғ) . Түрік қағанаты. Түрік этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі жəне ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған. 542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік жəне орталық бөліктерін мекендеген жəне бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам əскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тəуелділікте болған түріктер енді олардың бəсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін Ел қаған деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж. ) . Өз ішінде де саяси билік үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс жəне шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс түрік қағанаты (603-704 жж. ) . Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы жəне қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, əскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде қара бұдындар деп аталған. Түргеш қағанаты (704-756 жж. ) . Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж. ) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде əлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай іштей əлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары əсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нəтижесінде тəуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына түргеш қағандығы пайда болады (704 ж. ) . Олардың билеуші əулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж. ) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын. Сонымен 756 жылы түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады.
2. Дамыған ортағасырлық мемлекеттер (X-XIII ғғ. ) . Қарахан мемлекеті (942-1210 жж. ) . Қарахан мемлекетінің құрылуы. Жазба деректерге қарағанда, Қарахан мемлекетінің құрылып, оның дамуының алғашқы кезенің саяси тарихында, қарлұқ тайпалар бірлестігінің орны ерекше болған. Мəселен: Қараханид мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Бограхан (915-955 жж. ), Қарлұқ қағаны Білге Қыдырханның немересі. Сатұқ Бограхан Таразды билеуші Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандайды, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырады; 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялайды. Жаңа билік иелерінің басшысы өзін қара қаған немесе қара хан деп атады. Осыдан келіп тарихта бұл əулет қарахандықтар əулеті деп аталды. Шынына келгенде, Қарахан мемлекетінің тарихы осы уақыттан басталды. Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т. б түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл жəне Яғма тайпалары негізгі роль атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған. Қыпшақ хандығы (XI ғ басы-1219 ж. ) . Қыпшақ жəне олардың қоныстануы. Қыпшақ атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ. ) жылнамалық жинағында ұшырасады. 656 жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының Солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едəуір мол топтары кимектердің басшылығы мен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы VIII ғасырдың соңында оларды кимек мемлекетінің құрамынан бөлініп, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тəуелсіздікке жете алмайды, олар VIII-X ғғ. кимек мемлекетінің құрамында болып, қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі. Қыпшақ этникасының қазақ территориясында құрылуы аса ұзақ процесс болған, ол үш кезеңге бөлінді: 1. VII-VIII ғғ. Kимек қағанатының құрамындағы қыпшақтар; 2. VIII-IX ғғ. Алтай тауларынан батыстағы Еділ өзеніне дейінгі террторияға қоныстанып, саяси үстемдік алған қыпшақтарXI-XIII ғғ. Шығыс ұлыстағы айбынды қыпшақтар. Жаңа замандағы Қазақстан (XVII - XIX ғғ. ) . Қазақстанның жоңғар шапқыншылығы қарсаңындағы ішкі саяси жағдайы. XVII ғасырдың аяғында жəне XVIII ғасырдың басында қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте-мөте баяу дамыды, өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық - феодалдық калпында еді. Көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялық күштеріне байланысты болды. Феодалдыққа негізделген тəуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді.
Қазіргі замандағы Қазақстан (XX ғ. ) . Қазақстан егемендігінің қалыптасуы мен ерекшеліктері. Қазіргі Қазақстан немесе Қазақстан Республикасы дегенде, ең алдымен қазақ халқының тәуелсіз егеменді ұлттық мемлекеттігінің қалыптасуын ұғыну керек. Қандай болмасын ұлттың мемлекеттіксіз өмір сүре алмайтыны тарихтан белгілі. Демократияның негізгі бір принципіне де мемлекеттік құрылымның ұлттық сипатын сақтап қалу, жан-жақты дамыту саясаты жатады. Бұл принцип жүзеге аспаған жағдайда ұлттың құрып кетуі кезектегі мәселе. Бұл - бір. Екіншіден, қазақ халқының ұлттық-саяси дамуының тамыры кешегі кеңес дәуірінен де әрі тереңде жатқанын ұғынуы қажетті. 400 жылдан астам шексіз шығын қасірет, құрбандықтармен өткен саяси күресте дүниеге келген алғашқы тәуелсіз қазақ мемлекеттігі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияғға қосылуы аяқталған соң мүлде жоғалып, оның орнына отаршылық саясаттың әскери-әкімшілік жүйесі орнады. 1917 жылы ақпан революциясынан кейін, Қазан революциясы кезінде ескі саяси жүйенің ыдырауына байланысты бүкіл Россия көлемінде етек алған бұқаралық-халықтық қозғалыс, жалпы қоғамдық үрдіс заңды түрде қазақтың ұлттық автономиясын, тәуелсіз мемлекетін құру идеясын тудырды. Осы кезеңде Алаш партиясы құрылып, оның басшылары « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конститутциялық Заң қабылданды. Осы заң бойынша Қазақстан Республикасының өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізетіндігі белгіленді. Аталған заң республиканың жаңа Конституциясын әзірлеуге негіз болды.
Қазақстан республикасының мемлекеттік-саяси құрылымы. Жас еегеменді Қазақстан мемлекеттік-саяси құрылымы тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысында қалыптасты. 1993 жылы қабылданған Конституция бойынша мемлекеттік өкімет билік заңдық, атқару және сот билігі болып бөлінеді. Атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқаратын мемлекет басшысы ретінде президенттік билік орнады. Қазақстан Республикасы-демократиялық, зиялы және біртұтас (унитарлық) мемлекеттік сипатын алды. Егеменді мемлекеттің күшті президенттік республика құру бағытында дамуы басты стратегиялық мақсатқа айналды. Президенттік билікке көшу объективтік заңдылық. Саяси жүйенің бұл түрдегі ерекшелігі-президент қоғамнан, партиялардан, парламенттен және барлық билік институттарынан жоғары тұрып, олардың жұмысын үйлестріп, бағыттап отырады. Қоғам өмірінің өткелең, төтенше кезеңдерінде ол конституцияның бірден-бір кепіліне және мемлекеттік егемендіктің нақты көрінісіне айналды. Дүние жүзіндегі көптеген демоктариялы елдердің тарихи тәжірбиесі көрсеткендей бұл ел басқару түрінің бірден-бір пәрменді түр екендігі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде ерекше дәлелденді. Осы тоқсаныншы жылдардың басында кешегі Одақтың көптеген аймақтарында саяси тұрақтылық бұзылып, азаматтық және ұлттық тартыс-қақтығыстар бел алған тұста Қазақстан экономикалық құз шатқалға құлап кетудің аз-ақ алдында тұрды. Мемлекетті осы апттан жедел алып шығу президенттік биліктің басты мәселесі болды. Бұл үшін экономикалық реформаны саяси тұрғыдан қорғау, ел ішінде саяси тұрақтылықты сақтау, жас мемлекеттің қорғаныс және қауіпсіздік жүйесін құру, Қазақстанның геосаяси жағдайына сәйкес дербес сыртқы саясат жүргізу стратегиялық өткір мәелелерге айналды. Осымен қатар Қазақстанды дүние жүзіне танытып, әлемдік қоғамдастық құрметтейтін дәрежеге көтеру, ядролық қарусыздану процесінде тарихи мәселелерді жедел шешу керек болды .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz