ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ


БАКТЫБАЕВА ДАНАГҮЛ АРКАБАЕВНА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы қаласы № 201 мектеп -гимназия
ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ
Халқының қалауымен мемлекет тізгінін қолына алып, туған елі үшін ерен еңбек сіңірген Нұрсұлтан Әбішұлы бүгінде Елбасы деген асқақ абырой, биік беделдің төріне шықты. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде «Қымбатты отандастар! 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи, тағдырлы күн болды. Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне, беріктігі мен кемел келешекке сенімін танытты. Мәңгілік Елдің мызғымас ұстынымдарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау - жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы! Бірлігін береке ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы! Өзінің, ұрпағының болашағын қасиетті Отанымыз - Қазақстанмен бірге көретін әрбір азаматтың ерік- жігері! [3], - деп халқының білдірген қолдауын аса бағалайтын айтты.
Президент ел сенімін ақтауды аса мәртебе, құрмет және үлкен бақыт деп «Өмірін халқының бақыты жолына арнаған жанға бұдан зор құрмет болмайды. Мен үшін ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де дайынмын[2], -деп халқының ақ батасымен Қазақстанды ең қуаты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсаттарды іске асырды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналыққа толы дара саясатының арқасында елімізді жер жүзінің бәрі таниды. Елбасының есімі ғана емес, оның саясаты да тарихи жетістіктерімізбен қатар, қоғам мен мемлекеттің болашағын айқындайды. Тәуелсіздік орнығуының ең қиын жылдарында халықтың кемелдігі мен елдің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігі нәтижесінде Қазақстанда этносаралық жанжал мен қоғамның бөлінуіне жол берілген жоқ . Өткен ғасырларда ата-бабаларымыз осы жерлерді көз алыртқан басқыншылықтардан ат үстінде жүріп, небір шайқастарда найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап қалғаны тарихтан белгілі.
Енді сол аманаттыкөздің қарашығындай қорғау бүгінгі ұрпақ пен келешек ұрпаққа бұйырып отыр. Президент атап өткендей, Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. [3] Тұңғыш Президентіміз Қазақстандағы ең ірі әскери сынақ полигонын жауып, әлем елдері арасында бірінші болып ядролық қарудан бас тартуға шешім қабылдады. Астананы салу - Елбасының ерлігі мен өрлігі. Мұны бүкіл қазақ елі біледі. Астанадай алып қала тұрғызу үшін алып жүрек керек. Олай болса, қазақ анасы туған алып жүректі ұл, ол - Президент, ұлт Көшбасшысы .
Дүниежүзінде 194 мемлекет болса, сол мемлекеттердің ортасында Қазақстан өзіне лайықты орнын алып отыр. Елбасы, ұлт КөшбасшысыНұрсұлтан Әбішұлы ел тізгінін дер кезінде қолына алып, елімізді алға қарай алып келе жатыр.
Біз жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын «Нұрлы жолға » айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел «Нұрлы жолда» бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан - 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры. Жаңа қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік ел !
Ең бастысы, тату-тәтті, ынтымағы жарасқан көпұлтты халқымыз бар. Ел дегенде, жер дегенде білегін сыбанып, іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлар бойы теперішті көрсе де, жайсаң жанын, әсем әнін, күмбір күйін, әдемі әдет-ғұрпын, таза тілін сақтаған ұлтымыз бар. Міне, біздің басты байлығымыз.
Елбасының әлемдің деңгейдегі қабілет-қарымына, саяси іс-қимылына, экономиканы алға жылжыту жолындағы тиімді саясатыны, уақыт талабына қарай ойластырылған әдіс-тәсілдеріне, стратегиялық ұстанымдарына қапысыз сенген қазақстандықтар өзінің тұңғыш Президентіне, тізгін ұстаған Елбасына әрқашан қолдау білдірді, білдіріп те келе жатыр.
Елі сүйген, елі сүйген Елбасы- өз халқының бар қадір-қасиетін, тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының сенімін ақтап келе жатқан өз елінің адал перзенті.
Пайдаланылған әдебиеттер
1 . Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзі . https://www. akorda. kz/kz/speeches///elbasy-nenazarbaevtyn-kazakstan-respublikasynyn-prezidenti-lauazymyna-kirisu-resiminde-soilegen-sozi
2. «Егеменді Қазақстан» 30 сәуір 2015
3. «Егеменді Қазақстан» 1 наурыз 2014
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz