Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны


(интернет)
Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны
Аудиттің пайда болуы және оның даму кезеңдері
Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында - ғылыми, білім мен практикалық қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда аудитор сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті информацияны тексеруші тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - «тыңдаушы» дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңғы жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде информация есеп беруін артық санаған. өйткені кез келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген.
Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастан арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс деп табылған.
АҚШ-тағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерртеу қорытындысында: «бұл аудит» қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді - деп жазған. Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ та олар қоғам бухгалтері, Англияда - ревизор, Францияда - бухгалтер-эксперт немесе шоттар комиссары, Германияда - шаруашылық басқарушысы және т. б. деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.
Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмысын шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп - атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды береді. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдасьыру туралы салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.
Аудит жұмысының тағы бір ерекшелігі ол шаруашылық субъектілеріне, өндіріс процесіне байланысты, өнімді сату процесіне, маркетинг проблемаларына қатысты түсініктемелер, кеңес берумен шұғылдануында. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.
(Кітаптан) Аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен жүргізілетін тексеру қызметі.
Аудит заты ретінде шаруашылық субъектінің қызметі туралы ақпараттың толықтығы, дәлдігі мен нақтылығын бағалау мақсатында келісім негізінде қаржылық есептілікті талдау мен тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру танылады, сонымен қатар кәсіпорнның қаржылық болжау деңгейі, ішкі бақылау жүйесінің жағдайы мен ұйымның қабылданған есеп саясатының қолданыстағы заңдық және нормативтік құжаттарға сәйкестігі туралы ақпарат дайындау да аудиторлық қызметтің заты болып табылады.
Аудит нысаны ретінде нарықтық экономикадағы шаруашылық субъектілері танылады.
Кіріспе 1. 3
(орысшадан перевод) Аудиттің ұзақ тарихы бар. Алғашқы тәуелсіз аудиторлар 19 ғасырда пайда болды. Еуропадағы акционерлік қоғамдарда.
Аудит - бұл экономикалық субъектінің (дербес құрылымдық бөлімшенің) жұмыс істеуі мен ұстанымына қатысты фактілерді жинауға және бағалауға немесе осындай лауазым мен қызмет туралы ақпаратқа қатысты және оны құзыретті тәуелсіз тұлға жүзеге асыратын қызмет түрі. белгіленген критерийлерге сүйене отырып, осы жұмыс істеу сапасына қорытынды жасайды. Демек, аудит деп кәсіпорынның қаржылық есебіне тәуелсіз тексеру және пікір білдіру түсініледі. Аудиттің негізгі мақсаты - тексеру субъектісінің қаржылық есептілігінің сенімділігі мен растығын анықтау, сондай-ақ клиенттің кәсіпкерлік заңдар мен нормативтік құқықтық актілерді және салық заңнамасын сақтауын бақылау.
Аудитордың қызметіне қажеттілік кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысатындардың (әкімшілік, менеджерлер), оның қызметіне ақша салатындардың (меншік иелері, акционерлер, инвесторлар) мүдделерінің бөлінуіне байланысты туындады. мемлекет ретінде кәсіпорындар қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты тұтынушы ретінде.
Сенімді ақпараттың болуы капитал нарығының жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және экономикалық шешімдер қабылдаудың салдарын бағалауға және болжауға мүмкіндік береді.
(орысшадан перевод) Аудит пен аудит қызметінің мәні. Аудиттің пайда болуы және қажеттілігі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz