Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты
Мемлекеттік тіл тәуелсіздік ұғымымен тікелей байланысты, яғни бабалардан аманат болып келе жатқан күмбезді тілімізді саф күйінде келер ұрпаққа жеткізу біздің заманымыздың үлесінде. Тілдің тағдыры - елдің тағдыры, ол тек мемлекеттің саясатымен, мемлекеттік мекеменің ісімен шешілмейді. Мемлекеттік тілдің дамуы жолында қазақ халқының әр перзентінің атқаратын қызметі мен қосатын үлесі зор. Өйткені, тіл мәселесі өте маңызды мәселе, біріншіден, тіл - өзімізді ұлт ретінде сақтаудың қорғаны, екіншіден, барлық қазақ-стандықтарды біріктіруші ортақ байлығымыз.
Қазіргі таңдағы біздің міндетіміз - мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, қоғамымыздың жетекші салаларындағы тілдік қолданысты арттыру. Біріншісі - мемлекеттік тілді ұлт бірлігінің басты факторы ретінде нығайту, екіншісі - мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату, үшіншісі - дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ соңғы мақсат - Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.
Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Ш.Шаяхметов атындағы Тіл-қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдас - тыруымен Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі атты тақырыпта республикалық Тіл форумы өтті. Мұндай мазмұндағы тұңғыш жиынның басты мақсаты - тілдік мұраны сақтау және қоғамдық өмірдің барлық саласында оның қолданылуын қамтамасыз ету.
Жаңа төл әліпбиімізді дайындау және соған көшу - мәдени өміріміздегі қазақ тілінің өміршеңдігін арттыратын реформа екеніне дау жоқ. Бұл бағытта пікір ортақ. Сол себепті Форумда негізгі әңгіме осы мәселе төңірегінде болғаны белгілі. Дегенмен, бұл - реформа медальдің екі бетіндей үдеріс болғаннан кейін, тіл турасында бұрын айтыла бермейтін ойлар да жұрт назарына ұсынылды. Бұл белгілі дәрежеде бүгінгі зиялы қауымның саяси және әлеуметтік деңгейін де анықтауға мүмкіндік берді десек, артық айта қоймаспыз. Шынына келгенде, қазақ тілі бұл үдерістің басты мәселесі, егер медальмен салыстырсақ, бұл жұртқа жарқырап көрінетін медаль - дің бірінші беті екенін естен шығармаған жөн. Сол себепті де алдымен ана тіліміздің күрделі мәселесінің шешілуі латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін ойдағыдай жүзеге асыру жұмысымызға игі ықпал етеді. Қазақ тілінің шынайы мемлекеттік мәртебеге ие болуы латын әліпбиінің тіл тазалығын сақтауда толыққанды жұмыс істей алуына әсер мол. Сонда ғана тұтас қазақ 55 пайызы латын әліпбиін пайдаланып отырған түркі әлемімен байланысын нығайтады. Бұл халқымыздың ағылшын тілін меңгеруін оңтайландыра түсетіні шындық. Осы жағдайда ана тіліміз әлемдегі 50-ге жуық әліпбиі бар елдердің 36-сы латынға жүгінген елдерге қосылып, халықаралық дәрежеге көтеріледі. Басты мәселе өзіміздің төл әліпбиіміз болады. Бұл үшін тағы да қайталағымыз келеді. Қазақ тілі, Амангелді Айталы айтқандай, негізі - нен ке - дейлердің, орташалардың ғана тілі болмай, мемлекеттік деңгейде мемле - кет - тік мәртебеге толыққанды ие болуы керек. Осындай себептермен бүгінгі күні - латын әліпбиі реформасына жалпыхалықтық сипат берумен шектелу тіпті де жетімсіз, қазақ тілінің жалпыұлттық сипат алуы өзекті мәселе дегіміз келеді. Мәселенің түйіні осында болып отыр. Сол себепті Ш.Шаяхметов атын - - дағы Тіл-қазына ұлттық ғы - лыми-практикалық орталығының бас ди - ректоры Әлібек Асқардың Форумды ашардағы сөзінде Бұлқынсақ, шамамыз жетпей, айғайласақ дауысымыз жетпей, булыққан мәселеміз қазақ тілімізді өзінің мемлекеттік тұғырына қондыра алмай келеміз дегенімен келіспеу қиын. Сондай-ақ Сенат депутаты С.Әбдірахмановтың Мемлекет мем - лекеттік тілімізге мемлекеттік деңгейде сұраныс туғыза алған жоқ деген сөзі де бүгінгі шындығымыз. Енді осы жағдайлардан шығар жол қайсы? Өткен жолымыз тым бұралаң және дұрыс жолды сан ғасырлық құлдық сананың салдарынан өзіміз таңдай алмай келеміз. Мұның үстіне кешегі патшалық Ресейдің, соның саяси жалғасындай болған кеңестік қыспақтан езіліп, сан жылдар құлдық сананың иесі болған халқымызға ұлттық рух бұйырмай тұр. Осындай себептерден Алаш көсемдерінің бұл бағыттағы сөздерін әзір көзге іле алатын емеспіз. Әйтпесе, Мұстафа Шоқайдың: Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсiздiгi болуы мүмкiн бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, бiлмейдi де. Ұлт азаттығы - ұлттық рухтың нәтижесi. Ал ұлттық рухтың өзi ұлт азаттығы мен тәуелсiздiгi аясында өсiп-дамиды, жемiс бередi деген ақыл-кеңесінің елімізге жеткеніне де ширек ғасырдан асты. Ал рухы күшті елдер ұлттық тілдерін төрге шығарып, биік ұстап отыр. Мысалы, демографиялық жағдайларға қарамай, Балтық жағалауындағы елдер, кешегі посткеңестік республикалар тәуелсіздік алысымен түгел дерлік мемлекеттік тіл - туралы заңдарын қабылдап алды. Рас, Тәуелсіздіктің елең-алаңында, яғни 1989 жылғы қыркүйектің 22-күні Тілдер туралы заң қабылданып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Әрине, аса қиындықтармен. Бұл арада халқымыздың ұлтшыл азаматтарының шешуші рөл атқарғанын айта кеткен артық болмас. Мен ұлтшыл деген сөзді Алаш жетекшілерінің өзінің халқын шынайы сүйетіндерге қолданатынын ескеріп отырмын. Ал біздер бүгін осы ұлтшылдан қорқып, жолдан тапқан ұлтжанды деген сөзді пайдаланып жүрміз. Енді өздеріңіз қазақтың ертеден келе жатқан әйелжанды, қатынжанды дегенді қалай қабылдайтынын, қалай түсінетінін ойланып көріңіздерші. Бір айта кететін мәселе - біз ресми сөздерде әлі ұлтшыл дегенді кеңестік түсінікпен айтып жүрміз. Шынайы ұлтшылдықтан қорықпау керек, ал әсіре ұлтшылдық шовинизмнен басқа ештеңе де емес. Бұл - менің түсінігім, келіспейтіндер болса, тыңдауға дайынмын. Осы арада аса маңызды бір мәселеге назарларыңызды аудара кетсем деймін. Кешегі тәуелсіздіктің елең-алаңында көтерілген ұлттық рухты, халықтың азатшыл көңіл күйін, аңсаған арманы үшін күресін тәуелсіздікке қол жеткеннен соң жаңа жағдайда жалғастыра алмадық.Тіліміздің қағаз жүзіндегі мемлекеттік мәртебеге ие болғанына мәз болып, өкінішке қарай кері шегініп шыға келдік. Осы сәтте Форумда айтылған мына бір аса маңызды ойды тағы да еске сала кетейін. Ол - талантты ақынымыз, қазіргі Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің орыс тілін шет тілі ретінде оқытуымыз қажет деген ойы. Қай жағынан ойласаң да орынды-ақ пікір. Біз Тәуелсіздік деген керемет ұғымды әлі толыққанды түсініп жүргеніміз жоқ. Рас, Мәскеуден тікелей билік жағынан азат болғандаймыз. Ал тіл жағынан жабысып, қалатын емеспіз. Мені дұрыс түсініңіздер. Мен әсте орыс тіліне қарсы жандар қатарына жатпаймын. Бүгінгі әлемдік өркениетке ұмтылысымыз үшін, ең бірінші орыс тіліне қарыздармыз. Мәселе орыс тілін қай уақытта, қалай оқытуда болып отыр. Бүгінгі оны балабақшадан, мектептің бірінші сыныбынан бастап оқытқанды қолдай қоймаймын. Әр ұлттың өкілі ең бірінші өзінің ана тілін, өзі өмір сүріп отырған мемлекеттегі құқықтық жағына үстем қойылған тілді оқуы, білуі қажет. Неге басқа тілдерді ұсынушылар қазақ тілі еліміздегі мемлекеттік мәртебеге ие болған жалғыз тіл екенімен санасқылары келмейді. Кезінде қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлы орта мектепті бес жылдық етейік, қазақ тілін үш жыл оқытып, орыс тілін төртінші сыныптан оқытайық деп тегіннен-тегін айтқан жоқ еді. Ол кезде қоғамдағы ана тілінің ортасы тіптен бөлек болатын. Соның өзінде ұлы ғалымның бұлай ұсынуы негізсіз емес еді. Ал біз халқымыз бүгін түгелдей мемлекеттік мәртебесін мойындамай отырған қазақ тілімізді дербес оқытудың орнына, орыс тілінің үстіне ағылшын тілін қостық. Тіліміздің тәуелсіздігі қайда? Шындығына келгенде, тілі азаттық ала алмаған халық еш уақытта еркін ел деп саналмайды. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өткен ғасырдың басында, Алаш қозғалысының алғашқы қадамын ана тіліміздің азаттығынан бастауы жайдан-жай емес еді. Ал біз тәуелсіздігімізге ширек ғасырдан асса да, орыс тілін мемлекеттік тілден артық, жоғары қойып келеміз. Мұның барлығы ең бірінші ана тіліміздің еліміздегі құқықтық жағдайы - мен, заң жүзіндегі деңгейімен тікелей байланысты. - Енді осы мәселені қозғап көрейік. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесі 1993 және 1995 жылдардағы Конституциялардан тиісті орын алып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп айқын жазылды. Мұны мен ерекше атағым келіп тұр. Бұл - тәуелсіздіктің арқасы. Мұның қадіріне жете білуіміз керек. Бірақ жете алмай келеміз. Қоғамдағы саяси сананың, ұлттық рухтың жетіспеушілігінен еліміздегі ең жоғары құқықтық күші бар басты құжат - 1995 жылғы Ата Заңның 7-бабындағы бұл құқықтық норма жеткілікті деңгейде жұмыс істемей отыр. Оның мынандай қағидатты себебі бар. Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы еліміздегі демографиялық жағдайдан, халық татулығын ойлағандықтан Конституциямыздың 7-бабының екінші тармағында Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деген норма жазылды. Біріншіден, бұл тұрақты норма болып қалды. Екіншіден, оның орындалуын қатаң бақылаудың болмауынан және сан жылдар қордаланған қиыншылықтан әлсіз күйге түскен қазақ тілі көлеңкеде қалып, қоғамда, әсіресе мемлекеттік мекемелерде кешегі кеңестік кезеңдегі орыс тілі мемлекеттік мәртебесі жалғасып келеді. Ал Ата Заңымыздың 93-бабында Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті деген қағидамен байланысты - қабылданған 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Тіл (шын мәнісінде, тілдер туралы еді, бұл заң орыс тілінде О языках делінген) - туралы Заңда, шындығына келгенде, тек ұйымдастырушылық және техникалық шаралар ғана қарастырылды. Батыл құқықтық әрекетке бармадық. - Шынтуайтына келгенде, ғасырлар қордаланған ана тілдік кеңістіктегі мәселелер бұл шаралармен тіпті шешілмейтін еді. Мұны бұрын да, қазір де тиісті мемлекеттік мекемелер ойлап отырған жоқ. Мұны кеше өткен Форум да көрсетті. Ал Тіл туралы Заңның Мемлекеттің тіл жөніндегі қамқорлығы деген арнаулы 6-бабында Қазақстан Республикасының азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар деумен, Тілді құқықтық қорғау атты 23-бабында Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл және барлық басқа тілдер мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттік - органдар бұл тілдердің қолданылуы мен дамуына - қажетті жағдай жасайды деген жай сөздермен шектелдік. Осындай әлсіз, қуатсыз сөздермен жазылғандықтан, 1997 жылы Қазақстан Республикасындағы Тiл туралы Заңдағы Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi деген құқықтық норма ең - алдымен мемлекеттік мекемелерде жеткілікті жұмыс істемейді. Басқа билік тармақтарына қарағанда ұлттық сипаты - - басым болуға тиісті Парламентте де - алдымен үкіметтен түскен орыс тіліндегі заңдармен жұмыс жасап, сонан соң барып екінші кезектегі қазақ тіліндегісін қарайды. Бұл, негізінен, 2000 жылдың басындағы жағдай болатын, қазір күрт өзгеріп кете қоймаған шығар. Мемлекеттік тілдің басымдығын қамтамасыз етуді құқықтық қағидалармен шешудің орнына Тіл туралы Заңның 23-бабының екінші бөлігінде: Тілдің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz