Қ. -Ж. Тоқаевтың Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан атты мақаласы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ағылшын және неміс тілдері факультеті
«Ұлттық руханият» пәні бойынша ОСӨЖ №1
Тақырыбы: «Қ. -Ж. Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы»
Орындаған: «шет тілі: екі шетел тілі » мамандығының І курс студентті
Әмзе Қарақат Артурқызы
Ақтөбе, 2020-2021 оқу жылы
2020 жылдың 9 ақпанында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарық көрді. Мақала турасында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жаңғырудың өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу еместігін, оның ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс екендігін айтып өтеді. Және бұл жаңғырудың Абайдай ұлы ойшылмен тығыз байланыстылығын жақсы түсіндіріп өтеді.
Мақала «ұлттық болмыстың үлгісі», «жаңа қоғамның жанашыры», «әлемдік мәдениеттің тұлғасы», «мемлекет ісінің мүдделесі», «торқалы тойдың тағылымы» атты бірнеше тақырыпшаларға бөлінген.
Мақалада «білім беру», «педагог мәртебесі», «тіл үйрену», «әділетті қоғам құру идеясы», «жаңа қоғам», «толық адам», «әлемдік мәдениет» секілді өзекті мәселелер де көрініс тапқан. Соған сәйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл мәселелердің шешімін Абайдан, Абай шығармаларынан табуға тырысқан. Әрі тапқан да. Мәселелер әртүрлі болған сайын, Абай атамыздың жан-жақтылығы мен бірнеше саладағы пікірлері, көзқарасы сұрақ шешімдерін табуға үлкен мүмкіндік береді.
Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.
Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы - парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн. Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды - қазағын, халқын төрге жетелеуді мақсат тұтты.
Абайдың мол мұрасы қазақ ұлтының жаңа сапасын қалыптастыруға қызмет етеді. Оның шығармаларындағы ой-тұжырымдар әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан хакім Абай еңбектерінің нәрін өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және өмірлік азығына айналдыру - ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі.
Ұлы Абайдың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиеті қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп те жүрміз. Ал біздің міндетіміз - осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Олар той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек.
Абай мұрасы - біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз.
Абай арманы - халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды биіктерге жетелейді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz