ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Нұрдәулет Жігер
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан)

ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ
ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ
Қазақ жері жылқыны алғаш қолға үйретушілердің отаны екені ғылмда дәлелденгеніп әлем жұртшылығына белгілі болғанымен, жергілікті халықтың рухымен жылқының үндестігі толыққанды зерттелген жоқ. Тарихта хан-сұлтандардың, батыр-билердің ел үшін еткен ерлігі мен еңбегі еленіп, қал-қадірінше бағаланып жатады. Бірақ, отрықшы халық емес, әсіресе көшпелілердің өмір-тарихында еңіреген ердің бәрі өзінің астындағы тұлпарына қарыздар. Қай батыр болмасын көзімізге жаяу елестете алмаймыз. Көшпелі халықтың сан ғасырлар бойы Еуразия төрінде алшаң басып, сайранды салса, ол да қанатты пырақтарының арқасы.
Мақала Қабдеш Жұмәділовтың Дарабоз роман-диалогиясы негізінде халық санасында терең орын алған ежелгі фольклорлық мұралар мен белгілі көркем шығармалар арқылы жылқы образы салыстырылып, ғылми-танымдық тұжырымдамалар жасалды. Мыңдаған жылдар бойы ажырамас серігі, сән-салтанатының көрігі, байлық пен берекенің ұйытқысы болған жылқы мен қазақ халқы арасындағы сүйіспеншілік пен құпия сырлардың түпкі санасындағы алар орны роман негізінде жан-жақты талданды.
Көркем шығармалардағы жылқы орбазын жан-жақты талдау-ұмыт болған архетиптік ұғымдарды жаңғыртып, халық мәдениетіндегі жоғалтқан құндылықтарымызды қалпына келтіруде маңызды рөл атқарады.
Кілт сөздер: Жылқы образы, түпкі сана, архетип.

ОБРАЗ ЛОШАДИ В РОМАН-ДИАЛОГЕ КАБДЕША ЖУМАДИЛОВА ДАРАБОЗ

Несмотря на то, что казахстанская земля была научно доказана как родина первых дрессировщиков лошадей и известна этим мировому сообществу, но давнишняя гармония между лошади с духом местного населения до конца не изучена. В истории героизм и подвиги ханов, султанов и героев страны изуячаются и ценятся. Однако не оседлые люди, особенно все мужчины в истории кочевого образа жизни, являются "в долгах" своим лошадям. Мы не можем представить себе героя, пешего. На протяжении веков кочевые люди кочевали по Евразии и это благодаря своим лошадям.
Статья основана на романе-диалоге Кабдеша Жумадилова Дарабоз и сравнивает образ лошади с помощью древнего фольклора и известных произведений, глубоко укоренившихся в сознании людей, и развивает научные концепции. На основе романа анализируется исконная любовь и взаимоотношения к лошадьям, которые на протяжении тысячелетий были неразлучными спутниками кочевого народа, символом красоты и роскоши, источником богатства и благополучия.
Всесторонний анализ конского образа в произведениях искусства играет важную роль в возрождении забытых архетипических концепций и восстановлении утраченных ценностей в народной культуре.
Ключевые слова: образ лошади, подсознание, архетип.

HORSE IMAGE IN THE NOVEL-DIALOGUE "DARABOZ" BY KABDESH ZHUMADILOV

Despite the fact that the Kazakh land has been scientifically proven as the birthplace of the first horse trainers and is known to this world community, the long-standing harmony between the horse and the spirit of the local population is not fully understood. In history, the heroism and deeds of the khans, sultans and heroes of the country are studied and appreciated. However, non-sedentary people, especially all men in nomadic history, are "in debt" to their horses. We cannot imagine a hero walking on foot. For centuries, nomadic people roamed Eurasia, thanks to their horses.
The article is based on the dialogue novel Daraboz by Kabdesh Zhumadilov and compares the image of a horse with the help of ancient folklore and famous works deeply rooted in the minds of people, and develops scientific concepts. On the basis of the novel, the author analyzes the primordial love and relationship to horses, which for thousands of years have been inseparable companions of the nomadic people, a symbol of beauty and luxury, a source of wealth and prosperity. Comprehensive analysis of the horse image in works of art plays an important role in the revival of forgotten archetypal concepts and the restoration of lost values ​​in folk culture.
Key words: horse image, subconsciousness, archetype.

KABDESH ZHUMADILOV "DARABOZ" YENİ DİYALOJİSİNDE
AT GÖRÜNTÜ

Толарсақтан қан кешіп, халқы үшін жанын пида етіп, ел тәуелсіздігі үшін күрескен қайраткерлеріміздің ерен ерлігі өшпес із қалдырды. Халық осынау әз тұлғалардың есімін ардақтап жүрегінің терең түкпіріне сақтады. Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақ Жәнібек сияқты батырларымыздың аттары аталғанда арқасы қозып, жауынгерлік рухы жаңғырып аруақтанып қалатын. Бірақ, отарлаушы өкіметтің жүйелі саясатының нәтижесі өз жемісін бермей қоймады. Тарихта болған хан-сұлтан, батыр-би, игі-жақсылардың қайсысын мақтап, қайсысын даттау да отаршылдардың өз еркінде болды. Бодандыққа бой ұсынып, құлдыққа құлдық ұрған жандайшап, сатқындарды әспеттеп, елім деп еңіреген ерлерді халық санасынан өшіруге барын салды. Қазақтың өз алдына дербес ел болғаны, ғасырлар бойы еркін билік құрып тұрғаны есепке алынбады. Бұратана жұрттар өздерін бодан еткені үшін отаршыларға рақмет айтуға тиіс, қазақтың жұрт қатарлы адам болып, жер басып жүргенін отаршылардың арқасы деген қағида үстемдік құрды. Өзінің хандарын, би-батырларын мақтан тұтқан адамдар жаңа заманға қарсы ескілікті көксеуші ретінде жауапқа тартылды. Сол дәуірде Кейін қазақ қауымы сендердің еңбектеріңді еске алып, алғыс айтпақ түгіл аттарыңды атап құран бағыштауға да қорқатын болады[1,165б] десе, сол ұлы тұлғалар сенер ме еді? Керісінше, батыр - барымташы, есер, би - қанаушы, әділетсіз, ханның сойылын соғушылар, бай-манаптың бәрі үстем-тап өкілі саналып, халықты соған сендірді. Шындық бұрмаланып көрсетіліп, ұмыттыру мақсатында тарихи зерттеулерден айналып өтіп, оқулықтардан мүлдем шеттетілді. Қоғамның дамуы мен тарихына таптық көзқарас тұрғысынан қарап, тарихи тұлғалардың рөлі төмендетілді. Совет дәуірінде өсіп, ер жеткен жастар өз тарихынан ұялып, өзін қорсынып, орыстың тұлғаларын малданып, орысша сөйлеп, орысша ойлағанды мақтан тұтты. Міне, осында ғой, көкірегі даңғыл ақын Ғафу Қайырбеков Өзге жұрттың хандары жақсы болып, біздің хандар қалайша жаман болған?(1,192б) дейтіні.
Тәуелсідіктің алғашқы жылдары тарихи тақырыпқа арналған романдар көптеп жарық көре бастады. Кеңес дәуірінде бұра тартып, шырғалаған шындықтар тарихи көркем шығармалар арқылы көрініс тапты. Қазақ жазушыларында тархи тақырыптардың алғашқы үлгілері М.Дулатов, С.Торайғыров, Ж. Аймауытов, І.Жансүгіровтармен басталып, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиндермен дәуірледі. Десе де, бұл тұстағы қаламгерлер тарихи тақырыптағы шығармаларды кең көсіліп жаза алмады. Цензураның сыны мен үш әріп бақылаушыларынан именіп тынысы ашылмады. Ал, І. Есенберлин, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Р.Тоқтаров, Қ.Жұмаділов сынды жазушылардың сойы бөлек еді. Халықтың ыстық ықыласына ие болып, құрметіне бөлеген қаламгерлердің ішінде Қабдеш Жұмәділовті ерекеше атауға болады. Қазақ әдебиетінің қоржынынаСаржайлау, Көкейкесті, Тағдыр, Атамекен, Соңғы көш, Прометей алауы, Қылкөпір, Дарабоз роман-диалогиясы тағы басқа көлемді шығармаларымен олжа салды. Туған тарихымыздың өткеніне назар аударып, XVIII ғасырдағы қазақ-қалмақ қарым-қатынасына көремдік таным тұрғысына қалам тартып, елдің көңіл көкжиегін кеңейтті. Қаламгердің еңбегі тың серпін танытып, бұған дейінгі жазушылардың шығармаларына жеріне жетпей қалған, жете қазылмаған, ашылмаған ақиқаттарды бұқпантайламай, жасқанбай бар дауысымен, ашық айтуымен құнды. Бұл ретте алдымен ауызға алынатын шығармаларының бірі Қабдеш Жұмәділовтың Дарабозы. Романда ежелден еркіндік аңсаған, бұғауға көнбеген қазақ халқының азат болмысы, ел басына күн туғанда етігімен су кешіп еңіреген Ер Қабанбайдың қаһармандық, батырлық бейнесін сомдайды. Көркем шындықпен оқырманды еш күмәнсыз сендіре баяндалған шығарма жазушының қажырлы еңбегімен келді. Шаң басқан архивтердің шаңын қағып, бұрмалаған тарихи фактілерді орын-орнымен қойып елім деп еңірегенде жүрегі атша тулаған кейіпкердің бейнесін шебер сомдаған. Кейіпкер бір ауылдың не рудың ғана батыры емес, алты Алаштың қамын жеген, тұтас қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен халық батыры. Қазақ жерінің бір пұшпаған жау табанына бастырмау үшін он бес жасар кезінен бастап аттан түспейді. Қазақтың ұлан-ғайыр байтақ мекенінің шекарасын тұлпарының тұяғымен мөрлеп, небір ерліктің ерен үлгілерін көрсетеді. Дарабоз романындағы Қабанбайдың бейнесі халық жырларындағы Күлтегін-Тоныкөк, Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Ер Сайын, Ер Едіге, Ер Қосай, Ер Көкше сынды батырлармен үндес. Батырлар жырында елді жаудан азат етер, еңсесін көтеріп, есесін қайтарар ерді аңсағанда болған тарихи оқиғалардың негізінде қиялымен көркемдеп небір жырлар шығарған. Туысынан-ақ ерекшеленіп айналасын таң қалдырып түрлі ерлік сындарынан аброймен өтіп, ел-жұртын бақытқа жеткізеді немесе сол ізгі арман жолында ерлкіпен жан тапсырады. Ал, Қабанбай бейнесі де аңыздардан құр алақан емес. Бірақ, кейіпкер тарихта болған нақты оқиғалардың негізінде, шаңға көмілген архивтердің көмегімен шовинистік пікірмен бұрмаланған тарихи оқиғаларды қалпына келтіру негізінде жазылған. Халық батыры Қабанбай бейнесі Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғындардан еш кем емес. Елінің кеткен есесін қайтарып, туған жердің топырағын жаттың қолынан азат ету жолында аңызға бергісіз ерліктер жасайды. Әрине, тарихта хан-сұлтандардың, батыр-билердің ел үшін еткен ерлігі мен еңбегі еленіп, қал-қадірінше бағаланып жатады. Ол орынды да. Бірақ, отрықшы халық емес, әсіресе көшпелілердің өмір-тарихында еңіреген ердің бәрі өзінің астындағы тұлпарына қарыздар. Тарихта өткен қай батыр болмасын көзімізге жаяу елестете алмаймыз. Көшпелі халықтың сан ғасырлар бойы Еуразия төрінде алшаң басып, сайранды салса, ол да қанатты пырақтарының арқасы. Сондықтан, ат - ер қанаты деп білетін түрік халқы ат қадірін жақсы біледі. Мысалы, қазақ халқының ерлік пен қаһармандық жырларының алғашқы үлгісі атақты Күлтегін жырында түн ұйқтамай, күндіз отырмай, дамыл таппастан қанды шайқастарды басынан өткерген Күлтегіннің ең сенімді серігі астындағы аты болып суреттеледі. Күлтегін де өзінің жеңіске жетуінің себепшісі астындағы тұлпары екенін біліп, ат таңдап мінуге ерекше көңіл бөледі. Шайқастарға түрлі сәйгүліктер мінеді, бірақ көбі алып күш иесі баһәдүрдің мінісіне шыдамай өліп кетеді. Жырда батырдың қарсыластары да қаншалықты мықты болған сайын, астындағы тұлпардың да құдіретін асырып суреттейді. Күлтегін жиырма бір жасында дұшпанының ең мықты бәһәдүрі, атақты Тадықын чурдың боз атына мінген Чача Сеңүңмен жекпе-жекке шығады.
Жирма бір жасында,
Чача Сеңүңмен айқастық.
Ең ілкі Тадақын чурдың,
Боз атын мініп шапты[2,147б].
Батыр қай шайқасқа шықпасын ең атақты тұлпарларды ғана таңдап мініп шығып, бәрінде де жеңіспен оралады. Себебі, батырдың асып-тасқан күш-қайраты, амал-айласымен астындағы арғымағы сәйкесіп отырады. Осынау Күлтегін жырындағы тұлпардың иесінің ыңғайын бағып сәйкесетін сәттері мен Дарабоз романындағы Қубастың әрекетімен салыстыруға болады. Шығыстағы қалмақтарды туған жерден түре қып келе жатқанда Қабанбаймен қалмақтың атақты батыры Қаскелең шығады. Қубастың осы жекпе-жектегі қимыл-әрекеті Күлтегіннің Боз атынан, Алпамыстың Байшұбарынан, Қобыландының Тайбурылынан еш кем емес. Иесінің ыңғайын сезген Қубас тақым қағыстағы батырдың ымдарын қалт жібермейді. Екі-үш найза сілтестен қалмақтың тегеурінінің ауыр екенін шамалап, тәжікелесіп жүре берсең, оқыста мерт қылудан тайынбатынын сезген Қабанбай, ат екпінімен ұзап барып, найзасын қалқан ілген сол қолына ауыстырып, оң қолына манадан тақымында жүрген шойын шоқпарды алып, қайта шүйілді. Қубасты онша қысамай, орта шабыспен келіп, қас жауына шылбыр бойы қалғанда тақым қысып, тізгін тартқан. Дағдылы жануар қосаяқтап тік шапшығанда, Қаскелең оң қапталында, әжептәуір төменде қалып еді. Дәл осы сәтте үзеңгіге шіреніп тұрып, зілдей шойын шоқпарды басынан айналдыра үйірді де, қарақұстың тұсы осы-ay деп, періп кеп жіберді. Соңғы байқағаны -- ламаның шоқпарға қарап жыпылықтаған қос жанары ғана...[3,34б]
Атының айбарлы мінезі мен арындаған шабысы, алып тұлғасы, айқаста алдырмас айласы, қанша шапса да мұқалмас күш-қуаты, бәрі-бәрі де батырдың бойына ерекше күш-қуат беріп, аруағын асырып отырады.
Күлтегін Азман ағын мініп,
Шапты, талқандады.
Әскерін жеңдік, елін алдық.[2,148б]
Үзінді жыр үлілерінің өзінен байқап отырғанымыздай батырдың жорыққа мінетін сәйгүліктерінің болмысы қаһармандардың ерлкітерінен кем жырланбады. Түрік халқының бас жыршысы Йоллоғтегін Күлтегін мінген Боз ат, Торы ат, Алып шалшы мен Азман сынды арғымақтарды сүйсіне жырлайды. Түрік қағанатының әскери қолбасшысы мінген сан түрлі сайгүліктер тралы оқи отырып, қазақтың батырлық жырларындағы әр аяғы келідей, он екі құлаш шұбар тұлпарды, бір өзі он екі биені еміп өскен ат -Ғиратты, бір төбенің шаңын, бір төбеге қосатын Тайбурылды, бір күн апса айылық жол алатын Байшұбарды еске түсіреміз(4, 284б).
Тарихта, батырлық жырларда болмасын қай батыр болмасын астындағы тұлпарынсыз ауызға алынбайды. Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ер Тарғынның Қарақасқасы, Қамбардың Сары аты, Бөген батырдың Шұбар аты, Абылайдың Нарқызылы, Алшаңбозы, Құлаша аты, Райымбектің Көкойнағы, Жанқожаның Ақ моншағы, Ешкібасы, Наурызбайдың Ақазуы, Ер Жәнібектің Көкдөнені, Исатайдың Ақтабанысияқты әйгілі тұлғалардың тұлпарларын айтып тауысу қиын.
Дарабоз романында батырдың серігі Қубас аттың болмысын, тұлпарға тән қасиеттерін түгел қамтуға тырысқан. Қубастай тұлпарға батырдың қолы бірден жетпейді. Оған дейін тақымын толтырған бірнеше сәйгүлігі болады. Бірақ, жүрісте жайлы болғанымен, ұрыста батырды шыдап көтер алмай майданда талайы мертігеді. Ел болып Алты Алаштың сайын даласынан батырға лайық тұлпар іздейді. Не керек, қашан Қубасқа қолы жеткенше аттың зарын талай тартады. Жарамды, жақсы аттар болмады емес, болды. Бірақ солардың біразы оққа ұшып, кейбіреуі мертігіп, әйтеуір, құтаймады. Әсіресе, шын тұлпардың керек болатын жері -- жекпе-жекте. Қайратың қанша тасып тұрғанмен, атың әлсіз болса, жігерің құм болып, жау қолында қалдым дей бер. Жаман ат жауға қалдырады, жаман қатын дауға қалдырады дегенді бұрынғылар тегін айтпаған. Міне, сөздің шындығына батырдың өмірінде талай рет көзі жетеді.
Жекпе-жекке де қалмақтың өзіне-өзі сенген, не қазаққа әбден қаны қарайып, кегі кеткен мықтысы шығады. Жаудың есі-дерті -- сені найзамен іліп тастау, не шоқпармен ұрып миыңды бырқырату, не болмаса қылышпен шауып, дулығалы басыңды допша домалату. Сенің де ойлайтының -- сол(3,89). Міне, сол сәтте төніп келе жатқан өлімнен жақсы ат қана құтқарады. Иесіне не керек екенін тақым қысуынан-ақ сезінеді есті жылқылар! Қарсы келе жатқан соққыдан жалтару, иесіне найза дарытпай тікесінен тік шапшу -- осының бәрі дағдыға айналған машықтан туады. Мәселен, екі жақтан ағызып келген екі дәу бір-біріне найза шанышып, қат-қабат құрыш көбені, не шарайналы бадана сауытты қақырата бұзып өте алмай, қан түкіре қасарысқан кезде, мұндай теке тіреске аттың аты ғана төтеп береді. Ал азамат ердің күшіне шыдамаған анау-мынау жылқы тілерсегі майысып, тізесі бүгіліп, жата кетеді.
Романдағы осындай бір оқиғағаға назар аударсақ: Басқа емес, сондай бір масқараны осыдан біраз жыл бұрын Қабанбайдың да басынан кешкені бар. Алакөл бойындағы атақты ұрыстың қарсаңы. Үш жүздің әскеріне қолбасы болып бекіген Әбілқайыр Балқаштың шығысына ту тігіп, қол жинап жатқан-ды. Уәделі орынға уақытында жету үшін Қабанбай бір түмен қолмен Ұлытаудан шығып, солай қарай суыт жүріп келе жатты. Бірақ үлкен қосынға күншілік жер қалғанда, ойламаған жерден ойраттың қалың қолына ұшыраса кеткені. Жалтарып кетуге жағдай жоқ,- дейді. Бұндай шақта жаугершілік замандағы қазақ-қалмақтың ежелгі салты бойынша жекпе-жек басталады. Ұзын саныбелгісіз қаптаған жаудың ортасынан сурылып шығып, құйрық-жалы төілген нардай қаракөкті ойқастатқан дәу біреу шіреніп тұрып Қабанбай батырды жекпе-жекке шақырады.
-- Бұдан бұрын жеті рет жекпе-жекке шығып, қазақтың жеті батырының басын жұтқан, асыл текті Арқауыл батыр мен боламын! Естуімше, араларыңда Қаракерей Қабанбай бар дейді ғой. Сол немеге көптен қаным қайнап жүруші еді. Сенің де ажал сағатың жеткен екен. Қатын болмасаң, кәне, шық былай! -- деп айғай салды(3,90б). Аты аталған соң кемеліне келіп жаусырап тұрған батыр намысқа шаппай тұрсын ба? Кертөбел атына қамшыны басып жіберіп, қалмақ батырымен жекпе-жекке шығады. Айдары тоқпақтай, ердің үстіне екі бүктеліп зорға сиып отырған, қырықтың ішіндегі қырқылжыңның өзіАрқауыл батыр құйрық жалы төгілген қаракөгіне қамшыны басып-басып жіберіп, жер бетіндегі жалғыз дұшпаны алдында тұрғандай Қабанбай батырға өлермендене ұмтылады. Көбінесе екі реттен кезектесіп найза сілтескен батырлар үшіншіде қарманып қалуға тырысады. Батыр өз кезегінде көздеген жерінен найзаны құлаштай сермеп шіренгенде екпініне шыдамай Кертөбел ат жата кетеді. Әдетте бұндай сәтте батырды тек өлім күтеді. Қарсыласы төбесіне төніп шоқпармен миын шаша сала ма, қылышпен басын допша домала та ма? ар жағы өз еркінде. Бірақ, қайраты артық туған Қабанбай батыр назаны сілтеген жерден айнымай бар күшімен түйреп көкке қарай көтере береді. Әйтеуір, құдай қолдап, аруағы асып, қалмақ батырын қан құстырады.
Дәл осы сәтте аты мертігіп, екіұдай болып тұрған Қабанбайға арт жақтан келе қалған Шанышқылы Бердіқожа батыр өзінің әйгілі ақбоз атын мұның алдына көлденең тартады. Сол атты батыр көпке дейін жолдас қылады. Тұлпардың сипаты нар түйедей, қанша ұзақ жүріс болса да белі бір босамайтын текті
жылқы. Қазақ баласы бұндай асыл текті тұлпарларды жоғары бағалайды. Баспа бас қызға да, үйірлі жылқыға да айырбастамай, көзінің қарашығындай сақтап жанына балайды. Мінеки, осындай тұлпарын асып туған Қабанбай батырды қасиеттеп, көзі қиып сыйға тартуы үлкен жомарттық болтын. Бұл шақ қазақ жақсыларының кесек мінезі ұсақталмаған шақ еді ғой. Оны автор да сүйсіне бағалап Шіркін, Бердіқожалар нағыз ер еді ғой! Ол содан кейін де жанына балаған ақбозын бұдан қайтып алған жоқ. Ұрыс аяқталған соң Қабанбай рақмет айтып, атын өзіне қайырмақ болғанда, Бердіқожа:
-- Жоқ, Қабеке, мен енді сізден бұл атты алмаймын. Мен бірдеңе білсем, ақбоз нағыз иесін жаңа тапқан секілді. Алыс жол, алапат жорықта сізге серік болсын! -- деп шылбырын зорлағандай мұнын қолына қайта ұстатқан(3,93б),-дейді. Жорықта абройын асырып, мерейін үстем ететін де, жаныңды күйдіріп қор қылатын да астыңдағы атыңа байланысты. Сол Бердіқожа сыйлаған Боз ат Қабанбай батырдың Дарабоз аталуына себепші болады.
Неше күн бойы алдырмаған жау бекінісіне қарсы қалың қолды бастап тұра шапқанда, ақбозбен оқ бойы алға шығып кеткенін батырдың өзі де аңғармаған. Сонда шақта төбе басында ту ұстап, ұрыс алаңын көзбен шолып тұрған Абылай:
-- Ay, мына дара бозыңкім? Өзі тым алға шығып кетті ғой... Көзсіз батыр мерт болмаса игіеді!, -- деп әрі сүйсініп, әрі қатты алаңдаған екен. Ойрат қолын ойсырата жеңіп,соғыс аяқталған соң ақбозға мініп дара шапқан батырдың Қабанбай екенін біліп, Абылай қатты разы болған екен. -- Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын!(3,95б), -- деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жауыпты. Дуалы ауздан шыққан сөз ақиқатқа айналып, Қабанбай аты хан ұранына айналып, Алаш жұртының жүрегіне Дарабоз деген есіммен мәңгіге орнап қалады. Көңіліңе қанат бітіріп, жаныңа желік бітіретін қанатты тұлпар талай ердің тағдырына себепші болған ғой! Осындай бір оқиға романда Елшібек батырдың да басынан өтеді. Қалмақтармен кезіккен бір тұста Елшібек батырға кезек келеді. Қас жекпе-жекте азаматтың ғана емес, аттың да күші сыналатын шақ қой! Алма-кезек найзаласуда Елшібектің найзасы діттеген жеріне тиеді. Нағыз білек ұйтысып, тіресіп, бірін-бірі алыса алмай шайнасып тұра қалысады. Қалмақтың астындағы құла жирен тым арынды, әрі талай жекпе-жекте тәсіл алған жылқы екен. Алдыңғы екі аяқты көкке көтере тік шапшып, омырауменкеліп соққан кезде, Елшібектің Қаракері екпінге шыдамай, шөке түсіп жата кетеді. Қолбасы Қабанбай батыр аһ ұрып, Қап, есіл Елшібек-ай, қор болдың-ау! деп қиналады. Бірақ, осы сәтте күтпеген жағдай болады. Өзінің ертауыл мыңдығымен ең маңдайда тұрған Еспембеттің ақжал атпен жұлдыздай ағып барып, қолында сала құлаш қайқы қылыш пен қалқаннан басқа ештеңе жоқ. Барған бойда Елшібектің ту сыртынан төніп қалған Намжыл-Шеріктің қас қаққанша басын қиып түсіреді. Жоңғар бодандығында қалып арғымақтар тұқымынан ажырап қалған Елшібек батырдың көкірегі қары айрылып өзінің баяғы Алашқа аян Керқұласын сағынады. Осы аяулы сәтті автор былай келтіреді. Бұл осыдан жиырма жылдай бұрын әскер арасында кең тараған әңгіме еді. Іле бойындағы бір қысаңда қалмақ мергені ұрымтал жерге жайғасып алып, қазақ жасағын асудан өткізбей, таяп барған адамды білтелі мылтықпен түсіре беріпті. Сонда осы Елшібекке бір ой келіп, астындағы атын ойнақтата, сәнмен бастырып, әлгі мергенге әдейі жақындарты... Ал керқұла атқа пенде баласынын қызықпауы мүмкін емес-ті. Жаңағы қалмақ мергені де сүліктей сұлу сәйгүлікті қолға түсіргісі келіп, дәл қасына таяғанша күтіп отыра беріпті. Сол күні ауа бұлыңғыр болса керек. Сөйтіп отырғанда мылтық білтесі дым тартып, от алмай қалады да, Елшібек қайта оқтауға үлгіртпей, қалмақты шауып өлтіреді...[3,110б].
Ал, өзінің төл тұлпары Қубас атты табуы да ерекше. Халқымыздың қарт тарихына құлақ түрсек еліне қорған болған сүйікті ерлерінің төл тұлпарлары эпос-жыр, аңыз-әпсаналарында тарихи кейіпкер ретінде көрінеді. Алпамыстың Байшұбары, Қобыландының Тайбурылы, Ер Тарғынның Тарланы, Қамбардың Қарақасқасы, Арқалықтың Көкжалы, Шораның Таспакері халық санасында әбден орныққан. Ол батыр-бәһәдүрлерді төл тұлпарларынсыз елестету мүмкін емес. Халықтық жырлардағы ұстанатын басты қағида, қалыптасқан, өзгермейтін заңдылық батыр өзіне лайық тұлпарын таппай нағыз кемеліне келген батыр болып жырланбайды. Жауға аттанбас бұрын тұлпарын табады. Содан кейін ғана бәһәдүрлік дәуірі басталады. Дарабоз романында Қабанбай батырдың нағыз даңықты шақтары өзіне сай тұлпар тапқанда басталады. Дарабоз, Ханбатыр атақтары да астындағы атымен тікелей байланысты.
Қабанбайдың ел мен ел, ұлыстарды қалдырмай аралап, асыл сүйекті текті тұлпармен жолығуы аңызға айналған.
Батырға серік болар бір тұлпар табылар деп, жалғыз Бәйжігіт қана емес, исі Қаракерей ат іздеп сабылды. Бірақ жай сәнге мінетін бұт артар көлік болмаса, көңілдегі жылқы табылмады.Сөйтіп жүргенде, Қабанбай қасына бір топ адам ертіп, ел ішінің әлдебір шаруасымен Қаракерейдің Мұрын бұтағына жататын Боранбай бидің ауылына барады. Мұрын -- бес Байыстың бірі, исі Бәйжігітке нағашы саналады. Басшысы Боранбайдың өзі болып, бүкіл ел Қабанбайды құрақ ұшып қарсы алды. Дастарқан басында әңгіме атқа ұласып ақыры Боранбай би арнайы ауылына келгенде батырға лайық ат тауып бермеуді өзіне сын көреді. Қосынан қазанаттар тұқымы үзілмеген немере інісі Құланбайға хат жаздырады. Боранбай би қара қылды қақ жарған әділдігі, ауздыға сөз, аяқтыға жол бермес шешендігімен қоса, өз өлкесінде алдына қара салдырмас атақты ат сыншысы да еді. Сайын даланы еркін жайлап, саф ауаны таңдап жұтып, балдай сары қымызын сапыра ішіп, шашасына шаң жұқтырмайтын тұлпарды таңдап мініп, бір тәңірден басқаға бас имеген көшпелілердің атбегілік өнері өнердің шыңына жетіп еді. Сандаған толассыз ғасырларда Ат ердің қанаты деп түсінетін көшпелі тұрмыста жылқыны баптап-бағудың ерекше мектебі қалыптасқан. Нағыз тұлпардың сыны мен сипатының сынын біліп, қажетіне жаратудың озық үлгісі көшпелілердің атадан балаға сіңген генетикалық жадындағы баға жетпес құндылығы. Боранбай ат сынындағы көрегенділігі мен сыншылдығы өзіне дейінгі мектептен толық хабардар етеді. Хатта: Биіктігі өзіндей болсын, местігі өзімдей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
Қабдеш Жұмаділов және қазіргі роман жанры
Қабдеш Жұмаділов
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі
Тарихи романдардың басты идеялық-көркемдік ерекшелігі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҒҰМЫРНАМА ЖАНРЫ ТУРАЛЫ
Көркем шығармадағы психологизм
Қабдеш әңгімелеріндегі қазақы тәрбие мәселесі
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Пәндер