ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары және салдары
Имамагзам Нурдаулет
Тақырып 5.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары және салдары.
1. Қазақстан соғыстан кейінгі жалдарда. Қазақстанның халық шаруашылығындағы мәселелер және қиындықтар.
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер, инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады. Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді. Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және 350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта бейімделді.
2. И.В. Сталин жеке басқа табыну кезеңінің сыны. Н.С. Хрущев реформалары.
Сталиннің қысқаша өмір баяны. Сталин, шын аты Джугашвили Иосиф Виссарионович, 1879 жылы 12 желтоқсанда Тифлис маңындағы ауылда етікші Виссарионның отбасында дүниеге келген. Саяси қайраткер, Кеңестер Одағының батыры, генералиссимусы, маршылы, Лениннің үміт артқан үзеңгілестерінің бірі. Сталин 3 рет Ленин орденімен, 2 рет Жеңіс орденімен, Социалистік Еңбек Ері (1939) және Кеңес Одағының Батыры (1945) атағымен марапатталған. 1894 жылы Тибилиссидегі провославиялық діни семинарияға оқуға түскен. Онда оқи жүріп, құпия үйірменің жұмысына ат салысып, Месамедаси атты грузин социал - демократиялық ұйымына мүше болып кірді. 1899 жылы саяси қызметі үшін семинариядан шығарылып, біржола төңкерісшілдік жолға түсті. 1901 жылы РСДЖП - ға мүшелікке өтті. Коба деген лақап атты иленеді. Астыртын қызмет барысында бірнеше рет тұтқынға алынып, Шығыс Сібірге жер аударылды. 1912 жылдан РСДЖП - ның ОК - не мүшелікке сайланды. 1912 - 13 жылдары Санкт - Петербургте жұмыс істей жүріп, Звезда және Правдагазеттерінің жұмысына белсене ат салысты. Осы кезде Марксизм және ұлт мәселесі деген еңбегін жазды. 1913 жылы ақпанда тағы да тұтқындалып, Турухан өлкесіне жер аударылды. Айдаудан 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін оралып, РСДЖП - ның ОК бюросының құрамына және Правда редакциясына енді. Қазан төңкерісін әзірлеуге және оны жүргізеге ат салысты. Кеңестердің бүкілресейлік 1917 жылы қарашаның 8-де болған 2-ші съезінде Ұлт істері халкомы ретінде алғашқы кеңес өкіметінің құрамына сайланды. 1919 жылмен 1922 жылдары Мемлекеттік бақылау халкомы міндетін қоса атқарды. 1918 - 20 жылдардағы Азамат соғысы кезінде Оңтүстік, Батыс және Оңтүстік - Батыс майдандарының рев. әскери комитетінің мүшесі болды. 1922 жылы сәуірде РК(б)П ОК Пленумы Сталинді ОК - нің Бас хатшысы етіп сайлады. Осы қызметте 31 жыл 1953 жылға дейін отырды. КСРО - ны құруға белсене қатысты. . Алғашқы кезде автономияландыру, яғни бүкіл республикалардың РКФСР - ге автономия құқығына енгізу жобасын ұсынды. Ленин өмірінің соңғы жылдарында бар билікті қолына тапсыртуға талпынған Сталиннің жеке басына сенімсіздік танытты. Ол Кеңестердің Бүкілодақтық 1922 жыл желтоқсанда болған 1-ші съезіне жолдаған хатында Сталинді орнынан ауыстыру жөнінде ойластыруды ұсынды. Алайда РК(б)П - ның 1924 жыл мамырда болған 13 - съезі Сталинді Бас хатшы етіп қалдыруды ұйғарды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылық туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістетуіне алып келді. Сталин елде қуғын - сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін халық жауы ретінде қуғындауды күшейтті. Халық жауы жазасын өтейтін лагерлердің санын арттырды. Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремельге тәуелді етті.
3. Л.И. Брежневтің тоқырау кезеңі. КОКП ішкі саясаты.
Шартты түрде тоқырау жылдары деп аталып жүрген кезең 1960 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың ортасына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл кезеңде Кеңес Одағының ықпалы бұрынғыға қарағанда әлсіреп кетті. КОКП-ның халықаралық аренадағы беделі түсіп, дүниежүзілік арандатушы фактор түрінде көріне бастады. КСРО-дан іргесін аулақтатып əкеткен мемлекеттер: Югославия, Египет, КХДР, ҚХР. Дамудың жаңа бағытына құлшыныс 1968 жылғы Чехословакияда болған оқиғалардан айқын көрініс берді. 1970 жылдардың 2-жартысында социализмнің кеңестік нұсқасынан бас тарту, демократиялық қоғам орнату жолындағы күрес Польшада революциялық қайта құрулар жүргізуге ұласты. "Ынтымақ" қоғамдық ұйымы Польшаның 1980 жылдардағы дамуына ықпал етті.1970 жылдардың соңында Қытай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталып, ел экономикасының тұтастай оңды дамуына алып келді. Ал КСРО-да Ішкі істер министрлігінің, МҚК-нің және әскердің күшіне сүйенген компартия кез келген бөгде пікірге жол бермеуді қатты қадағалап отырды. Новочеркассскідегі, Грузиядағы, Балтық республикаларындағы оқиғаларға қатысқандар қатал жазаланды. Қалыптасқан режімге наразылық түрі - диссиденттік етек ала бастады.1960 жылдардың 2-жартысында КСРО-да коммунизм құрудың негіз үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды. Социализм жүйесі елдерінде социализмді бірте-бірте жетілдіру идеясы туындады. 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған салтанатты мəжілісте Л.И.Брежнев "кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады" деп мəлімдеді. Бұл партия теорияшыларына коммунистік болашақты белгісіз мерзімге сырғыта салу мүмкіндігін ашып берді.Кеңес қоғамының даму үдерісіндегі бітіспес қайшылықтардың бірі КСРО-ның 1977 жылғы 7 қазанда қабылданған Конституциясынан көрініс тапты. "Кеңес қоғамының басты жəне бағыт беруші күші, оның саяси жүйесінің ұйытқысы КОКП" екендігі айтылды. Компартия билігі конституциялық күшке ие болды.1978 жылғы наурызда Қазақ КСР Конституциясының жаңа жобасы бүкілхалықтық талқылауға түсті. Небәрі бір жарым ай ішінде талқылау жүргізілген болды. 1978 жылғы 20 сəуірде Қазақстан Компартиясының мақұлдауымен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясында қабылдану рәсімінен өтті. Республикадағы ең жоғарғы заңды билік органы - Жоғарғы Кеңес те, атқарушы билік - Министрлер Кеңесі де толық партиялық бақылау аясында жұмыс істеді.Республика партия ұйымының басшысы - мемлекеттің басшысы міндетін атқарды. Республика партия ұйымының бірінші хатшысы болып 1960 жылдан Д.А.Қонаев сайланды. 1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарды. 1964 жылдан бастап қайтадан бірінші хатшы болып, 1986 жылдың желтоқсанына дейін қызмет атқарды.
4. КСРО өндірісінің дамуына қосқан Қазақстанның үлесі. Экономикадағы дағдарыс құбылыстарының өршуі.
Қазақстанды жаңғыртудың кеңестік үлгісі ХХ ғасырдың 30-жылдарының ортасына қарай, кең ауқымды индустрияландыру үрдісін жүргізудің нәтижесінде республиканың өнеркәсіптік келбетінде орын алған түбірлі өзгерістерге байланысты өнеркәсіп пен көлік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz