ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ МЕН ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ


ӘОЖ 541. 124
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ МЕН ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Чалматаева М. Б, ғылыми-педагогикалық бағыт, физика білім беру бағдарламасының 2-курс магистранты
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Талдықорған қ.
E-mail: Chalmataeva_97@mail. ru
Аннотация : Мақалада жалпы білім беретін орта мектептерде білім алатын мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен дамуында ауытқушылығы жоқ оқушыларға физика пәнін оқытуда туындайтын проблемалар туралы қарастырылған. Сондай-ақ, ол проблемалардан шығу жолдары да көрсетілген. Қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі балалар мен дамуында ауытқушылығы жоқ балалардың көпшілігі білім алу барысында, яғни физика пәнін оқу барысында үлкен қиындықтарды бастан кешіп жатады. Мақалада мұндай қиындықтан шығу жолдарындағы дефектолгтардың атқаратын қызметтері жайлы көрсетілген. Дефектолг пен физика пәнінің мұғалімдері атқаратын қызметтерінің ерекшелітері де толықтай қарастырылған.
Тірек сөздер: дефектолг, мүмкіндігі шектеулі балалар, білім беру, инклюзивті білім беру, физика.
Аннотация : В статье рассмотрены проблемы, возникающие при изучении физики в общеобразовательных школах учащимися с ограниченными возможностями здоровья и учащимися без отклонений в развитии. А также указывает пути выхода из проблемы. В настоящее время большинство детей с ограниченными возможностями и детей не имеющих отклонений в развитии, испытывают большие трудности в процессе обучения, то есть в процессе изучения физики. В статье рассказывается о функциях, которые выполняют дефектологи на путях выхода из такой трудности. Также подробно рассмотрены особенности деятельности учителя физики и дефектолога.
Ключевые слова: дефектолг, дети с ограниченными возможностями, образование, Инклюзивное образование, физика.
Annotation : The article deals with the problems that arise in the study of physics in general education schools by students with disabilities and students without developmental disabilities. And also indicates ways out of the problem. Currently, most children with disabilities and children without developmental disabilities experience great difficulties in the learning process, that is, in the process of studying physics. The article describes the functions that defectologists perform on the way out of such a difficulty. The features of the activity of a physics teacher and a defectologist are also considered in detail.
Key words: defectologist, children with disabilities, education, Inclusive education, physics.
2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепте инклюзивті білім беру жүйесін жетілдірудің басты міндеттерінің бірі болып тіркелді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру еліміздің алдыға қойған негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. ҚР заңнамасында білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты еңгізілді [1] . Осы қағидаттарға байланысты инклюзивті білім беру кезінде физика жеке пән ретінде келесі ерекшеліктерге ие болды: эксперименттік негізге, теориялық ойлауға және арнайы терминологиялық аппаратқа сүйенуге. Осылайша, 7-9 сыныптарда "оқушы-физиктің" негізгі пәндік біліктіліктерін келесідей қалыптастырды:
1) эксперименттік және зерттеу жұмыстарын орындау;
2) физикалық есептерді шешу барысында интеллектуалды операцияларды қалыптастыру үшін - танысу, түсіну, қолдану, талдау, синтездеу, бағалау;
3) физикалық терминдерді меңгере білулері.
Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жалпы білім беру бағдарламасы бойынша физика пәнін игерулері үшін ерекше жағдайлар жасалуы керек. Біріншіден, біз оқыту тәсілдерін даралау туралы, оқытуды ұйымдастырудың шарттарын талдауымыз керек, сол арқылы тапсырмаларды орындаудың жеке формалары мен нәтижелерін бағалаудағы сапалы тәсілдерін қарастырамыз.
Соңғы жылдары білім беру жүйесі жаңартылып, қоғамның мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қарым-қатынастары мен оларды болашақта оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру шарттарының мәселелері заңды түрде қарастырылды. Қазіргі таңда мектептерде оқытылатын физика пәнінің басты проблемасы болып отырған мәселе, ол теориялық заңдылықтарды қолдана білу жалпы орта білім беретін оқу орындарының оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту барысында олардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандартты талаптарының бірі болып саналады. Сонымен қатар, проблемаларды шешу барысында оқушылардың теориялық материалдарды меңгеру сапасы бақылаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылып отыр. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындау тізбегін құруды білмейтін болса, онда олар тапсырманы дұрыс орындаудың тізбегін білген жағдайда ғана физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды, берілген тапсырмалардың шарттары мен оларға қажетті формулаларды дұрыс қолданып, физикалық шамаларды дұрыс жаза отырып, берілген тапсырманы қатесіз орындай алады. Берілген тапсырманы толық түсінбегендік, есептің шарты мен оған қолданылатын формулаларды қате жазуға әкеліп соғады. Кейбір оқушылар қажетті физикалық шамалардың орнына дұрыс емес физикалық шамаларды жазып қояды, сөйтіп есептің жауабын қате шығарады. Осыған байланысты, жалпы білім беру бағдарламасындағы инклюзивті білім беруді іске асыру үшін қажетті өзгерістер мен жағдайлар қамтылуда, атап айтар болсақ: әрбір жеке оқушының даралығын анықтау және әрбір баланың ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогтар оқытудың тиімді нысандарын, модельдерін, тәсілдерін, шарттарын құрастырады. Сол арқылы мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың оқу белсенділігін дамыту проблемасы, оқытудың маңызды элементтерін ұғынуды талап етеді. Теориялық талдау, педагогикалық тәжірибе арқылы білім беруде психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, мүмкіндігі шектеулі балалардың белсенділігін арттыру арқылы, өзін оқу қызметінің негізгі субъектісі ретінде сезініп, өздерін толыққанды көрсете алуларына мүмкіндік береді [2] .
Қазірге кезде оқу процесінде алгоритмді қолдану жаңалық емес. Әдістемелік әдебиеттердің кейбір басылымдарында есептерді шешудің дайын алгоритмдері бар. Бірақ оларды қолдану оң нәтиже бермейді. Балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, проблемаларды шешудің қолданыстағы алгоритмін бейімдеу қажеттілігі туындайды. Бұл алгоритмнің шартты түрде сандық есептерді шешудің негізгі төрт процесін бөліктерге жіктеп қарастырсақ болады:
- берілген тапсырманы оқу және шарттарды талдау;
- шарттардың қысқаша жазбасы және өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару;
- мәселені жалпы түрде шешу;
- сандық мәндерді жұмыс формуласына ауыстыру арқылы қажетті шаманы есептеу.
Қандай да бір формуланы алып, жоғарыда көрсетілген сандық есептерді шешудің алгоритіміне мысал келтірсек болады:
I. Берілген тапсырманы оқу және шарттарды талдау;
1. Берілген тапсырманың шартын мұқият оқып шыққаннан кейін төменде көрсетілген шарттарды орындау керек:
а) тапсырмада қандай физикалық дене туралы айтылды;
б) берілген тапсырмада қандай жағдайда сипатталады: мысалы, дененің сипаттамасы немесе онымен жүретін процесс туралы ;
в) егер берілген тапсырмада қандай да бір процесс сипатталатын болса, онда оны қандай физикалық құбылысқа жатқызуға болатынын анықтау керек.
2. Берілген тапсырмадан физикалық шамаларды білдіретін сөздерді табыңыз.
3. Тапсырма шартында сипатталған жағдайға қатысты қандай физикалық заңдар дұрыс екенін анықтаңыз.
II. Шарттардың қысқаша жазбасы және өлшем бірліктерін СИ жүйесіне аудару.
1. Белгіленген мәндер қандай әріптермен белгіленетінін есіңізде сақтаңыз.
2. Қандай шамалар белгілі және қайсысын есептеп шығару керек екенін анықтаңыз.
3. Әр мәнді қажетті әріппен белгілеп, префикстарды ашып жазу керек.
III. Мәселені жалпы түрде шешу.
1. Берілген тапсырмада қандай құбылыс немесе дене сипаттамасы сипатталғанын жазыңыз.
2. Қажет болса, суретін салыңыз.
3. Белгісіз шаманы есептеуге қажет формуланы жазыңыз.
4. Егер дайын формула болмаса:
а) белгісіз шаманы қамтитын формуланы жазыңыз;
5. Формуладағы барлық шамалардың белгілі екенін тексеріңіз. Белгісіз болса формаланы түрлендіру арқылы, белгісіз шамаларды анықтап алыңыз.
6. Егер қажетті шамалардың барлығы белгілі болса, онда дайын, қорытылған формуланы қолдану арқылы есептің белгісіз шамасын есептеп шығаруға болады.
Мәселені шешу осындай тармақтармен ерекшеленеді [3] . Мидың интегративті белсенділігінің жеткіліксіздігіне байланысты дамуында ауытқушылығы бар балаларға ерекше ұсынылған заттар мен қажетті ақпаратты тану қиынға соғады. Дамудың осы ерекшелігін ескере отырып, алгоритмді дәл осы бағытта бейімдеуге болады. Алгоритмнің тармағы көп болған сайын, балалар не істеп жатқанын түсіне алмайды. Сол себепті бұл қызмет аясында әр бөлім қадамдық нұсқаулықтардың көмегімен нақтылануы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz