Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсына кіріспе, кезеңделуі мен хронологиялық шеңберін құру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ № 1. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы курсына кіріспе

№1 тапсырма

Курстың негізгі мақсат- міндеттерін анықтаңыз :

« Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек » - деп, ҚР-ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, келешекке көз тастамастан бұрын, әуелі өткенге, яғни, тарихқа көз жүгірту керек.

Елімізде тарих ғылымы қоғамдық - саяси жағынан жоғары қатарға көтерілді. Себебі, Отан тарихы ұлттық сананың іргетасы болып табылады. Әр адамзат баласы өзінің қандай ата-баба рухынан және қандай ұрпақтан тарағанын білу арқылы өзінің туған жеріне патриоттық сезімін ұлғайтады. Яғни, арғы тегін құрметтеп, өз Отанының тарихын болашақ ұрпаққа ұлықтайтын болады. Бұл Қазақстан тарихын пән ретінде оқудың басты бір себебі. Қазақстан тарихын оқытудың басты мақсаттарына келер болсақ : әрбір оқушыға өзінің кіндік қаны тамып, тууылған жерінің сонау ерте заманнан осы күнге дейінгі жүріп өткен асыл дара тарихи жолын, ата-баба қалдырған мәдени құндылықтарды оқыту; бұрынғы ұрпақтың жігерлі еңбегін, тарихи тәжірибені және көне дәстүрлерді құрметтейтін, үлгі тұтатын болашақ ұрпақтың ұстанымын қалыптастыру. Ал негізгі міндеттері : ұлттық сананы дамыту, ұлттық идеяны қалыптастыру, отаншылдыққа тәрбиелеу. Курстың мазмұны теориялық-методологиялық тұжырымдарға негізделген.

Қорытындылай келе, курстың негізгі міндеттері мен мақсаты : халықтың тарихи жадын жаңғырту, ұлттық сананы және азаматтық бірлікті насихаттау, жастарды отансүйгіштік пен толеранттық рухта тәрбиелеу болып табылады.

№2 тапсырма

Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының кезеңделуі мен хронологиялық шеңберін құру.

Кезең:
Қамтыған кезең:
№: 1
Кезең:: Тарихқа дейінгі кезең:
Қамтыған кезең:: 2, 5 млн - б. д. д. VIII ғасырға дейін;
: Тас ғасыры, қола дәуірі.
№: 2
Кезең:: Ежелгі кезең:
Қамтыған кезең:: б. д. д. VIII ғасырдан б. д. VI ғ;
: Сақ, ғұн, үйсін, қаңлы.
№: 3
Кезең:: Орта ғасырлар кезеңі:
Қамтыған кезең::

Қазақстанда Түркі қағанатының құрылуынан басталып, XVI ғ

аяғына дейін;

: Алтын Орда, Ақ орда, қазақ хандығы.
№: 4
Кезең:: Жаңа дәуір кезеңі:
Қамтыған кезең:: XVII ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейін;
: Қазақ хандығының қалыптасуы.
№: 5
Кезең:: Қазақстан Кеңес дәуірі кезінде :
Қамтыған кезең:: 1917 жылдан басталып, 1991 жылға дейінгі уақыт;
: Патша үкіметінің отарлауы .
№: 6
Кезең:: Егеменді Қазақстан кезең:
Қамтыған кезең:: 1991 жылдан осы күнге дейінгі тұрақты түрде дамып келе жатқан кезеңмен аяқталады;
: Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуы.

-Отандық тарихшылар тарихи фактілерге сүйене отырып, саяси оқиғаларға негізделген Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлуді анықтады:

№3 тапсырма

"ҚР тарихи санасының қалыптасу тұжырымдамасы" (1995 ж. ) жазбаша құжатына талдау жасау.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылдың шілде айында «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасы» атты жазбаша құжатты бекітті. Бұл жерде тарих пәнін оқытудың маңыздылығы атап көрсетіліп, тарихи білімнің басты принциптері талқыланып және басты басымдықтары қаралып анықталды. 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялануы еліміздің тарихқа ден қойғанын көрсетеді.

Біздің тарих көне заманнан бастау алады. Оған Шоқан Уәлихановтың « қазақ халқының шежірелік мұрасын тұтас мәдениет», - деп көрсетуін мысал ретінде келтіруге болады. Көптеген жылдар бұрын қазақтардың өз тарихы, мәдениті жоқ деген пікірлерде көп болды. Кейіннен Ш. Уәлиханов көшпелі халықтардың тарихын, отырықшы қоғаммен салыстыру дұрыс емес екенін көрсете білді. Ол өзінің зерттеулерінде халықтың тарихи санасына қатысты сұрақтарды талдау жұмыстарын жүргізді.

Қорытындылай келе, қазақ халқы Ресей үкіметінің құрамында болған кезінде тарихымыз сол әдіснамаға сай жазылып, зерттелді. Кейін осы қателіктің орнын толтыру еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана мүмкін болды. Ұлтты қайта зерделеп, объективті түрде жаңа заман тұрғысынан зерттеуде мемлекеттік қолдаудың қосқан үлесі орасан зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтай-Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)
«түрік дәуірінің кезеңделуі»
Орыс, қазақ ғалымдарының қазақ этногинезін зерттеу тарихы
Құлажорға мәдениеті
Қазақстан қола дәуірінде
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштерінің тарихы мен сақталу мәселелері
Орталық Азия жеріндегі түркілердің ғұрыптық ескерткіштері, тас мүсіндері бар жерлеу орындарының зерттелу тарихы
Қола дәуірі тайпаларының шаруашылығы
Алтай – Тарбағатай аралығындағы ертесақ ескерткіштері
Ерте темір дәуірі отрядын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz