Тренинг жасау


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті « Философия және саясаттану»
Кафедрасы « Жалпы және қолданбалы психология»
СӨЖ
Тақырыбы: Тренинг жасау
Орындаған:Иманбай Салтанат
Тексерген: Калымбетова Эльмира Кенесовна, психол. ғ. к., доцент
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: Мен әлеммен біргемін.
Мақсаты: Бұл тренинг адамның жеке тұлға болып қалыптасуына апаратын жол табу. Адамдардың қоршаған ортамен қарым - қатынасты қалай жасау керектігін, оны қалай жасау керектігін, сонымен қатар оны қалай құрметтеп ұстау керектігіне бағытталған. Тренинг жаттығулары адамдар арасындағы қарым - қатынасты жақсартуға, өзін өзі жетілдіруге ұжымда демократиялық деңгейді көтеруге көмектеседі.
Қатысушылар: жастар, белсенділер
Құрал жабдықтар: интернет, компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер
Тренинг барысы:
Кіріспе сөз. Тренинг тақырыбын, мақсатын, жоспарын, міндетін айтып кету.
Міндеттері
Топта жағымды психологиялық климат қалыптастыру;
Топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту;
Адамдар арасында коммуникативтік біліктілігін арттыру.
Тренинг жүргізуші тренингті ашу барысы: Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі тренингте тынығуға, ойнауға, өзімізді, бір-бірімізді жете тануға мүмкіндік болады.
Жоспары
- Ережелермен түсіндіру
- Қыздыру жаттығуы « өзін өзі бағалау»
- сенімді құлау жаттығуы
- Өзін-өзі тану жаттығуы «Сіз қандай адамсыз?»
- Қатысушылармен кері байланыс
Тренингке қатысу ережелері :
Ынтымақтастық болу
Жауапкершілікті сезіне алу
Шынайы болу
Және белсенділік таныту
Кіріспе сөз
Адам баласы өмірге бір - ақ рет келеді. Бұл жалған ешкімге мәңгілік, тұрақты емес. Әркім жарық дүниеде еркіндік пен бостандықта өмір сүргісі келеді. Әрине, адам жалғыз өмір кеше алмайды, қоғамдасып өмір сүреді, қоғамның белсенді субъектісі. Адам қоғамдық құрылымда, оның бірлігінде, институттарында, ұйымдарында, әрекет ететін шешуші тұлға. Сөйтіп, адам біртұтас, әлеуметтік жүйеге яғни, қоғамға бірігіп өмір сүреді. Алайда, қоғам деген құпиясы терең, күрделі материя. Қоғам деген түсінікті нақтылай түссек, қоғам деп бірігіп еңбек ететін жеке адамдардың жиынтығын және олардың арасындағы екі жақты қатынасты айтамыз. Нақты айтқанда қоғам адамаралық қатынастарды реттей отырып, адамның өмір сүруі мен дамуына материалдық жағдай жасайды, әрі рухани - мәдени құндылықтарды жасаудағы өзара байланыстарды реттейді. Қоғамдық қатынас өте күрделі әрі ерекшеліктерге толы. Ол - адам өміріндегі экономикалық әлеуметтік, саяси, мәдени салаларын реттейді, қоғамдық қатынас түрлерін жасайды. Қоғамдағы субъект топтық сипатты иеленеді әрі адам сол қоғамға енгісі келе ме, жоқ па? Соған қарамай өмір сүреді. Бұл ерекшеліктерсіз қоғам өмір сүру мүмкін емес. Жаратылыс әлем де, яғни табиғат және хайуанаттарда мен өсімдіктер де өмір сүріп олар да өз қағидаттарымен өмір кешуде. Олардың да өмір сүру заңдылықтары бар. Өмір сүру үшін талас - тартыстары жетерлік. Мысалы, биік ағаштар күн сәулесін өзі жұтып, пәстеріне жұтқызбайды, күшті хайуандар әлсіздеріне зорлық көрсетеді, т. т. Сол секілді адамдар да егер қоғамдасып, тәртіп орнатпаса, солар секілді, тіпті олардан да асып түсетіні шындық.
Қоғам дегеніміз адамдар арасындағы тарихи қалыптасқан саяси-әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың тұрақты жүйесі. Адамзат баласы пайда болғалы топтасып өмір сүріп келе жатқаны тарихтан белгілі. Сонымен, қоғам белгілі бір өмірлік қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру үшін бірігіп еңбек ететін адамдардан құралады. Қоғамның ең кішкентай бөлшегі - отбасы. Философия және социология тарихының тұжырымдары бойынша адамның қоғамда, бірлікте өмір сүруі ұзақ тарихи дамуды басынан кешірген.
Қыздыру жаттығуы «Өзін-өзі бағалау».
Мақсаты: шаршағандықты басу, психологиялық және коммуникативтік жайлылықты жасау, әріптестеріне деген қызығушылығын ояту.
Қатысушылар шеңберге тұрады.
Тапсырма.
Сіздің басым эмоциялық күйіңіз айналадағылармен жағымды қатынасқа түсуге көмектеседі деп ойласаңыз - шапалақтаңыз,
Егер сіз айналадан қандай дыбыстар шықса да, тек жақсы сөздерді еститін болсаңыз - көршіңізге күлімсіреңіз;
Егер сіз әр адамның жеке өзіндік эмоциясын білдіру стилі болатынына сенімді болсаңыз - мұрныңыздың ұшына қол тигізіңіз;
Егер сіз дүкенде сатушы күлімсіремеді деп, ұсынылған киімді киіп көруден бас тартсаңыз - басыңызды шайқаңыз;
Адамдармен келіспеушілік болған жағдайда, сіз дауласудан бас тарта алмасаңыз - аяқпен тарсылдатыңыз;
Егер сіз ашуыңызды жұдырықпен ұрып білдіретін болсаңыз өзіңізді айналыңыз;
Егер сіз таныстарыңызды өзгеше әрекетпен таңғалдыратын болсаңыз - қолыңызды бұлғаңыз;
Егер сіз кейде өзіңізге тиесілі жақсының барлығын кейде алмайтын болсаңыз - аузыңызды қолыңызбен басыңыз;
Егер сіздің басыңыздан өткеріп жатқан теріс эмоциялар тек жағымсыз әсер көрсететін болса - басыңызды изеңіз;
Оқушыларыңыздың эмоциясы сіздің эмоцияңызға байланысына сенімді болсаңыз «иә» деп айтыңыз.
«Сенімді құлау» жаттығуы
Мақсаты: топ мүшелерін жақындастыру, өзара сенімді қарым-қатынас орнату.
Тапсырма: қатысушылар шеңберге тұрады. Ортаға екі қатысушы шығады. Бір қатысушы шығып көзін жұмады да арқасымен екінші қатысушыға құлау тиіс . Топтың әрбір мүшесі кезекпен орындайды.
Жаттығуды талқылау сұрақтары:
Нені жасау оңай болды, құлаған адамды тосу ма, әлде өзіңіз құлау ма?
Қандай сезімде болдыңыз?
Шынайы өмірде осындай жағдайларды қай кезде басыңыздан өткердіңіз?
Қатысушылар тапсырманы орындауда ненің көмектескенін немесе не кедергі болғаны туралы ой бөліседі.
Өзін-өзі тану жаттығуы «Сіз қандай адамсыз?»
Психолог: - Өзіңізге беймағұлым өз ішкі жан әлеміңіздегі құпияларды психологиялық сынақ арқылы анықтаңыз. Әр сұрақтың жауабын есіңізге сақтап отырыңыз немесе жазып алыңыз. Жазба соңында жауаптарымен салыстырасыз. Өзіңізді ыңғайлы, қалыпты ұстап, көзіңізді жұмыңыз. Мен сіздерден естігеніңізді ойша елестетіп, естіп, сезінулеріңізді сұраймын.
Орманды аралап келе жатқаныңызда, алдыңыздан бір күркеше кезікті дейік:
1. Сізше күркешенің есігі қалай тұр? (Жабық не ашық)
2. Үйдің ішіне кіргенде бір үстел көзіңізге шалынды, сізше үстелдің формасы қандай? (Дөңгелек, сопақша, квадрат формалы, тік төртбұріш формалы, үшбұрыш формалы)
3. Үстелдің үстіне бір гүл құмырасы қойылған, бұл құмырада су бар, сізше бұл құмыраға қаншалықты су құйылған? (Толтырылған, орта, су жоқ)
4. Сізше бұл құмыра қандай материалдан жасалған? (Әйнектен, фарфордан, балшықтан, метәл, пластик)
5. Сәлден кейін бір сарқырамаға келесіз, сол арада жарқ-жұрқ еткен бір затты көрдіңіз, ол затты иіліп алсаңыз бір топ кілт тағылған кілтілгіш екен. Сізше онда қанша кілт бар? (Бірден онға дейін) .
6. Бұл жерден өтіп, тағы да жолға шықтыңыз, жолдың сорабын іздеп жүргеніңізде алдыңыздан қала қорғаны көзіңізге шалынды, сізше бұл қандай қорған? (Ескі қорған, жаңа қорған)
7. Қала қорғанынң ішіне кіріп жүріп келе жатқаныңызда алдыңыздан бір ластанған көлшік кезігеді, кенет былғанған көлшік бетінен жалт-жұлт етіпеткен асыл тастарды байқайсыз, сіз бұл асыл тасты қайтесіз? (Аламын, алмаймын)
8. Ластанған көлшіктің қасында тағы бір көлшік бар, бұл көлшіктің суы мөп-мөлдір, бетінде ақша қалқып жүр, оны сіз теріп аласызба? (Аламын, алмаймын)
9. Қала қорғанының енді бір басында шығатын есік бар, сіз осы есік арқылы қала қорғанынан шығып кеттіңіз. Одан шыққаныңызда үлкен гүл бақшасын көрдіңіз, бақшадан бір сандық көзіңізге түсті. Сізше сандықтың үлкендігі қандай? (Кішкене, орташа, үлкен)
10. Сандық қандай материалдан жасалған? (Қатты қағаздан, ағаштан, металдан)
11. Сандыққа жақын жердегі гүл бақшаның ішінен көпір көрінеді. Сіздің ойыңызша оны неден салған? (Металдан, ағаштан, өсімдік сабағынан)
12. Көпірдің қасына келгеніңізде бір арғымақты көрдіңіз, сізше арғымақтың түсі қандай? (Ақбоз, күрең, қара)
13. Арғымақ не істеп тұр? (Тыныш мүлгіп тұр, жайылып тұр, шапқылап жүр)
14. Арғымаққа жақындау жерде қатты құйын соғып кетті, сіз не істейсіз?
Жүгіріп барып сандыққа тығыламын.
Жүгіріп барып көпірдің астына тығыламын.
Арғымаққа міне қашамын.
Жауап:
1. Есік.
Ашық есік: сіздің қандай іс болса да басқалар мен ортақ игіліктенуді қалайтын адам екеніңізді бейнелейді.
Жабық есік: қандай іске тап болсаңыз да жалғыз өзіңіз шешуді жөн санайтын адам екеніңізді бейнелейді.
2. Үстел.
Дөңгелек, сопақша формадағылар: сізге серік болатын бірнеше достарыңыз бар, сіз оларға өте сенім артасыз.
Квадрат, тік төртбұріш формалылар: сіз дос талғайсыз, тек жақсы танитын адамдарыңызбен ғана дос бола аласыз.
Үшбұріш формалылар: сіз өте қазымыр адамсыз, сондықтан досыңыз көп емес.
3. Құмырадағы су.
Құрғақ: сіз көз алдағы тұрмысыңызға риза емессіз.
Орташа су: сіздің тұрмысыңыз сіз армандаған тұрмысқа жартылай болса да жақын.
Толы су: сіз қазіргі тұрмысыңызға өте ризасыз.
4. Құмыраның материалы.
Әйнек, фарфор, балшық: сіздің тұрмыста дәрменсіз, басқалардың көмегіне мұқтаж екеніңді бейнелейді.
Метал, пластик: сіздің тұрмыста мықты адам екеніңізді бейнелейді.
5. Кілт.
Тек бір ғана: сіздің тек жалғыз досыңыз ғана бар.
Бірден беске дейін: сіздің бірнеше досыңыз бар.
Алтыдан онға дейін: көптеген достарыңыз бар.
6. Қала қорғаны.
Ескі қорған: сіздің өткен өміріңізде араласқан достарыңыз жайлі көңілсіз, еске алуға татымайтын істер болған.
Жаңа қорған: сіздің өткендегі достарыңызбен болған тамаша қарым-қатынас сезіміңіз жүрегіңіздің түпкірінде сақталған.
7. Лас көлшіктегі асыл тас.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz