Француз Ағарту философиясындағы Вольтер мен Руссоның қоғам және адам мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СОӨЖ №6

1 . Француз Ағарту философиясындағы Вольтер мен Руссоның қоғам және адам мәселесі.

Француз ағартушылары философияның деңгейін өте биік дәрежеге көтерді. Адамзатты тебірендіретін барлық мәселелер философиялық зерде тұрғысынан шешілуі қажет, бұл - олардың негізгі қағидасы. Ой еріктігі бұрын-соңды болмаған дәрежеге көтерілді: дін, табиғатты түсіну, қоғам, мемлекеттің құрылымы мен басқарылуы - бәрі де үзілді-кесілді сыннан өтті, бүкіл бұрынғы қалыптасқан көзқарастардың көпшілігі теріске шығарылып, Дүниеге деген жаңа таным қалыптаса бастады. Француз ағартушы-философы Ф. Вольтердің (1694-1778 жж. ) негізгі еңбектері: «Философиялық хаттар», «Метафизикалық трактат», «Тарих философиясы». Оқымыстының дүниетанымдық көзқарастарының негізінде тарихи дәуірде кең таралымын тапқан деистік материализм жатыр. Ф. Вольтер ғылымға «Тарих философиясы» ұғымын енгізді. Тарих барысын идеялардың өзгеруімен байланыстырды. Ф. Вольтер дүниедегі сан алуан материалдық заттар мен құбылыстар жөніндегі деректерді біз сезімдік тану арқылы аламыз деп санады. Ол Демокрит пен Эпикурдың атомистік көзқарасын қолдап: «Дүние элементтері материалдық . . . субстанция», - деген пікір білдіріп. И. Ньютонның тартылыс заңын қолдап, оны «материяның негізгі қасиеттерінің бірі және табиғаттың әлі ашылмаған сан алуан қасиеттері бар» - деген тұжырымға келеді. Ойшыл сол кездегі жаратылыстану деректеріне сүйеніп, адамның түйсіктері мен жүйкесі, жан-дүние құбылыстарының мимен байланысты екенін көрсетеді. Жануарлардың да адамның дене құрылысына ұқсас мүшелері бар, демек, олар да дүниені сезініп, бұлдыр болса да дүниені тани алады деген ой қорытындысына келеді. Ф. Вольтер дүниетанымының, философиялық көзқарасының құрамдас бөлігі еркін
ойшылдық пен жауынгерлік атеизм болды. Ол Құдайдың бар екенін тек қана қарапайым халықты қорқыту үшін үстем тап өкілдерінің ойдан шығарған идеясы деп көрсетті. Вольтер шіркеуді білім мен ғылымның жауы деп санап, оны - «жексұрынды жаншуға» шақырды. Өзінің шығармаларында Вольтер адам мәселесіне де көп көңіл бөлген. Адам - әлеуметтік пенде. Ол өзінің ұлылығын дүниетану жэне оны қайта өзгерту жолында айқын көрсетеді. «Адамның табиғатындағы «өзін сақтау», «өзін сүю» т. с. с. олар адамдарды бір-бірінен алыстатпай, керісінше, бір-біріне жақындатып, іштесіп, сүюге әкелетін инстинктер. Адам жалғыздан-жалғыз өмір сүре алмайды. Табиғи түрде пайда болатын еркек пен әйелдің ара-сындағы байланыстар жас ұрпақтарды дүниеге әкеліп, қоғамды біріктіреді», - дейді Вольтер. Қоғам өзінің ішінде миллиондаған адамдарды біріктіргеннен кейің, олардың моральдық жіне құқтық қарым-қатынастары саяси заңдар мен ережелер арқылы ретке келтіріледі. Оларды адамдардың өзі тудырады. Оған Құдайдың еш қатынасы жоқ. Моральдық табиғи заң - ол «өзіңе не қаласаң, басқаларға да Соны жаса» - бүкіл адамзатқа тән нәрсе. «Сиамнан бастап Мексикаға дейін шындық, қайырымдылық, достықты сыйламайтын халық жоқ». Құдай болмаса, адамдар ойларына не келсе, соны істейді, тізгінсіз кетеді деген осы уақытқа дейін кең тараған пікірге қарсы шығып, Вольтер ондай адамдарды қоғамның өзі-ақ неше түрлі заңдар арқылы ауыздықтай алады деген пікірге келеді. Екіншіден, халықтың өзі-ақ ондай адамдарға теріс қарайды, бұның өзі - ондай адамдарға ең күшті тізгін. Олай болса, әр адам жетіле келе, қоғам өмірінде өзін таза ұстау керектігін, өзінің басқа адамдар алдындағы борышын бұлжытпай орындау қажеттігін түсініп орындайды, - деп қорытады Вольтер. Ж. -Ж. Руссо (1712-1778 жж. ) - философ, педагог. Басты еңбектері: «Қоғамдық келісім немесе құқық принциптері туралы», «Тәрбие», «Эмиль немесе тәрбие туралы». Философияда деизмді, яғни құдайға сенумен қатар жанның мәңгілігін мойындады. Ол материя мен рухты екі негіз деп санады (дуализм) . Таным теориясында сенсуалистік көзқараста болды. «Қоғамдық келісім немесе құқық принциптері туралы» еңбегінде мемлекет қоғамдық шартқа негізделуі қажет деді. Қоғамды түсінуде радикалды позицияда, яғни феодалды сословиені сынап, мүлік теңсіздігін, жеке меншіктің керек еместігін айтты. Ж. -Ж. Руссо бойынша теңсіздіктің қайнар көзі өркениет болып табылады. Ол жатсыну феноменін дамытты. Оның бірнеше түрін көрсетті: 1) саяси жатсыну - өкмет басшылары мен қол астындағы азаматтар арасындағы жатсыну; 2) әлеуметтік-экономикалық жатсыну - әлеуметтік теңсіздікті тудырушы жеке меншік; 3) моральдық жатсыну - жақсы өмір сүру үшін адамдардың адамгершіліктері азаяды; 4) психологиялық жатсыну - қоғамның дамуына байланысты адамдарды жалғыздық сезімі билейді; 5) жалпымәдениеттік жатсыну - өнер мен ғылым адамдарының арақатынасында жалған мен екі жүзділіктің енуі. Тәрбие теориясында жаңа туған сәбилерде ешқандай теріс мінез-құлықтар болмайтындығын айтып, олардың жақсы мұраттарын қоғам жаншып тастамас үшін (өйткені қоғамда теңсіздік үстемдік етеді), сәбилерді табиғатта тәрбиелеу керек деді. Руссо адамның табиғатынан екі алғашқы өзімен бірге туатын нәрсені байқайды. Олардың біреуі «бізді өзімізді сақтап, жақсы өмір сүруге ынталандырса», екіншісі - әрбір сезімдік жанның зардап шегуін, өліп-құруын көргенде табиғи тітіркенушілікті тудырады. Егер Т. Гоббс адамның өзін сақтауға бағытталған табиғи инстинктінен өзімшілдікті (эгоизм) тудырса, Руссо оның өмірге келуіне дейін көп уақыттың өткенін көрсетеді. Руссоның ойынша, адамның өзін сүю сезімі басқалардың зардабын көргенде оларды аяу сезімімен теңеледі, көбінесе соңғы сезім басым болып, басқалардың қайғы-қасіретіне ортақ болуға әкеледі. Өзінің табиғи жағынан алсақ, адам - ізгілікке ұмтылатын пенде. Егер адам

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні бойынша оқу әдістемелік кешені
Шарль Луи Монтескьенің мемлекет және құқық туралы ілімдері
Ағартушылық ғасыры және француз материализмі
Ж. -Ж. Руссоның қысқаша өміртарихы және шығармашылық мұрасы
Жаңа Дәуір философиясының қалыптасуы мен мазмұны
Франциядағы XVIII – XIX ғасырдың басындағы ағартушылық ілімдер
Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет
XVIII ғасырдағы философия
ХVІІІ ғасырдағы Француз материализмі
Социология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz