ҚР Білім туралы заңынан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін сипаттау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тапсырмалар:

1. ҚР «Білім туралы» заңынан білім беру жүйесінің негізгі міндеттерін

сипаттаңыз.

2. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру

тұжырымдамасын талдаңыздар.

3. Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламаларымен танысу. Бір оқу

пәніне арналған бағдарламаны талдау.

2-тарау. Білім беру жүйесі

6-бап. Білім беру жүйесі ұғымы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:
1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беретін оқу бағдарламалары және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының;
2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;
3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.

7-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері
1. Білім беру жүйесінің міндеттері:
1) жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
2) жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы интеллектіні байыту;
3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
5) отандық және дүниежүзілік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру;
6) педагог қызметкерлердің жоғары әлеуметтік мәртебесін қамтамасыз ету;
7) білім беру ұйымдарының еркіндігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;
8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін жұмыс істеуі;
9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне кәсіптік білім беру бағдарламаларының тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;
10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша және еңбек нарығының қажеттері арасындағы оқытудың өзара байланысын қамтамасыз ететін және әркімге білімге негізделген өзінің жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;
11) білімді, ғылымды және өндірісті интеграциялау;
12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;
13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.

8-бап. Білім беру деңгейлері
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;
2) бастауыш білім беруді;
3) негізгі орта білім беруді;
4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді) ;
5) орта білімнен кейінгі білім беруді;
6) жоғары білім беруді;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.

Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру

тұжырымдамасын талдаңыздар.

12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тəрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бəсекелік қабілеті мол тұлға тəрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.

12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты - дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті жəне бəсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық білім беру ерекшелігі - білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.

Жалпы орта білімнің құрылымы балалардың психологиялық-физиологиялық тұлғалық ерекшеліктеріне сəйкес болуы қажет. ТМД жəне шетел ғалымдарының пікірінше де (физиологтар, психологтар, педагогтар), 12 жылдық білім берудің құрылымы оқыту жəне жас ерекшелігінің дамуына сəйкестігін ескеру қажет деп қолдап отыр.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:

  1. -саты - жалпы бастауыш білім беру ( 1-4-сыныптар - бастауыш мектеп) . Оқуды бастау жасы - 6 жас.

Оқу мерзімі - 4 жыл.

Негізгі міндеті - баланың жеке басының қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етіп, оның өз бетінше білім алуы жəне оларды танымдық есептерді шығаруда пайдалану қабілеттері, коммуникативтік іскерліктері дамытылады, оқуға құштарлық, оқу іскерліктері мен мақамдары қалыптастырылады.

  1. -саты - негізгі орта білім беру (5-10-сыныптар - негізгі мектеп) . Оқу мерзімі - 6 жыл.

Негізгі міндеті - адамдар арасындағы жəне этносаралық қатынастар мəдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, теориялық ойлау тəсілдері мен ғылыми таным əдістерін игеруіне ықпал ететін оқу əрекетін ұйымдастыру. Бейіналды оқыту енгізіледі.

  1. -саты - жалпы орта білім беру (11-12-сыныптар - жоғарғы мектеп) . Оқыту ұзақтығы - 2 жыл. Негізгі міндет - бейінді оқыту

Бейінді оқыту - жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке жəне өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сəйкес əлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау [1] .

Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мəселелерге аса көңіл аударылып отыр:

  1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сəйкестігі.
  2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын əдіс-тəсілдерінің оқушылармен жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы.
  3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын əрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу əрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі.
  4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау.
  5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дəстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі.
  6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тəжірибе əдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі.
  7. Сабақ мерзімінің 30-35 мин аспауы.
  8. Мұғалімнің оқу-əдістемелік кешендерді пайдалану жəне оған талдау жасау шеберлігі.
  9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі.

3. Жаңартылған бастауыш білім беру бағдарламасымен танысу. Бір оқу пәніне арналған бағдарламаны талдау.

Жаңартылған бағдарлама - оқушылардың шынайы өмір жағдаятында функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.

Бастауыш сыныпта математика пәні бойынша оқушылардың білім сапасын арттыруда қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалардың маңыздылығы

  • А. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санауды анықтаудағы эксперименттік тапсырмалар
  • В. 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санауды анықтаудағы деңгейлік тапсырмалар

Математика» пәні бастауыш білім берудің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады. Математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастырады. Математиканың бастапқы курсын оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұратын оқу курсының негізгі мақсаты - оқушылардың математикалық таным негіздерін меңгеруіне және тиісті дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік жасау. Бұл оқу пәні математиканы қоршаған ортаны бейнелеу мен түсіну тәсілі ретінде қабылдауды дамытуға бағытталған және оқушылардың қабылдауы мен танымын кеңейтуді, математика ғылымына қызығушылығын талап етеді. Бастапқы математикалық білімнің негізгі мақсаттарына сәйкес, оқу пәні бірқатар міндеттерді айқындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТТІК МЕНЕДЖМЕНТ: ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Үлес және бөлшек
Педагогикалық құндылықтар туралы түсінік
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Салық жүйесіндегі жер салығы қызметін дамыту жолдары
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары
Білім саласындағы зерттеулердің бағыттары
Аналиттикалық әдіс
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Менеджер болуы керек..
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz