Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі


Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
ЭССЕ
«Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі»
Орындаған: Нигмет Айдана
ҚР бірінші Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жолдауында да ҚР мемлекеттік саясатының негізгі мақсаты - бала қызығушылығындағы Қазақстан халқына балалардың физикалық, зияткерлік, рухани және өнегелі дамуы, олардың бойында отансүйгіштік, азаматтық және бейбіт сүйгіштікті қалыптастыру басты мақсат болып табылады деп айтылған. Мінеки, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың айтқан толымды ойы мен жанға жағымды сөздері жадымда сақталып қалды. Қазіргі таңда әлемдегі күрделі дағдарыстық ахуалынан балаға тиісті әлеуметтік психологиялық көмек, қажетті білім беретін процесті жасау арқылы, оларды қолайсыз шарттардан арашалау өлшеусіз маңызды. Яғни, бұл мемлекеттік ұйымдар мен отандық заңдарды, оның ішінде «ҚР бала құқықтары туралы» Заңы аясында жұмыс жасауға бағыттайды. Қазіргі таңда, бала өмір сүруге, жеке бас бостандығын, өз қадір - қасиетін қорғауға құқылы. Балалар құқығы туралы Конвенциясында бала ұғымын он сегіз жасқа дейін кәмелеттік жасқа толмаған адам деген ұғыммен атайды. Бүгінгі жазып отырған эссемнің тақырыбы балалардың яғни, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі жайлы болмақ.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері прокурорлық, кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс жасайтын құзырлы органдардың қадағалауының басты және басым бағыттарының бірі болып табылады.
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы істер қылмыстық істердің ерекше санатын білдіреді.
Бүгінде кәмелетке толмағандардың қылмыстылығы ерекше алаңдаушылық туғызуда. Сонымен қатар, қылмыс жасаған қылмыскерлердің үштен екі бөлігі жасөспірім жасында алғашқы қылмыс жасағанын, тәжірибе көрсетіп отыр. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мәселесі бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Көптеген жағдайда, көбінесе 16-17 жасқа толған кәмелетке толмағандар қылмыс жасайды, 14-15 жастағы жасөспірімдер де қылмыс жасайды деген болжам баршылық. Кәмелетке толмағандар жол берген барлық заң бұзушылықтардың ішінен қылмыстық қылмыстар аса қауіпті болып табылады. ҚР ҚК-нің 78-бабына сәйкес, қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған, бірақ он сегіз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың суық және атыс қаруын қолдану, ақталмаған қатыгездік жағдайлары жиілегенін, тіпті жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасау фактілерін айта кеткен артық болмас. Кәмелеттік жасқа толмағандардың екі түрлі заңды жауапкершілігі, бірі әкімшілік, екіншісі, қылмыстық жауапкершілігі бар. Оның ең маңыздысы - қылмыстық жауапкершілік болып табылады. Қазірде ең көп таралған қылмыстар бөтеннің мүлкін ұрлау, қорқытып алу, тонау, сондай-ақ денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық болып табылады. Егер отбасында ата-аналар тарапынан өз балаларын тәрбиелеумен айналыспай, назар аудармайтын жағдайлар болып жатса, осы арқылы немқұрайлылық жағдай туындап, кәмелетке толмаған жасөспірімнің қауіпті жолға қалыптасуына зор ықпал етеді. Негізінен, қылмыскерлердің жоғары пайызы қолайсыз отбасыларға тиесілі. Мұндай отбасыларда кәмелетке толмағандар жүйелі түрде құқық бұзушылықтар жиі жасайды, олар әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғады, яғни кәмелетке толмағандар оқудан жалтарса, сабақ уақытында, жүйелі түрде үйден кетеді. ҚР қолданыстағы Қылмыстық кодексінде кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның келесі түрлері қарастырылған: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру. Сонымен қатар, ҚР ҚК-нің 81-бабына сәйкес, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін алғаш рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзетуге қылмыстық жауапкершілікке тартпай, тәрбиелік Ықпал етудің мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткізу мүмкін деп танылса, сот жазадан босатуы мүмкін, айта кететін жәйт, ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру, келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу, бос уақытын шектеу және кәмелетке толмағанның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу, кәмелетке толмағандарға арналған арнайы тәрбиелеу немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесіне орналастыру. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары көбінесе топтық сипатта екенін атап өту қажет. Соңғы уақытта кіші жастағы жасөспірімдер арасында жасы бойынша кіші балаларды бағындыруға тырыса отырып, белгілі бір тәртіптерді белгілейтін үлкен жастағы көшбасшылар пайда болады. 14-15 жас аралығында, жасөспірімде әлі дүниетаным қалыптаспаған және ол айналадағыларға әсер етеді. Демек, бала осы шағында ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
- отбасымен күрделі қарым-қатынас және жанжал;
- әлеуметтік-психологиялық ахуал;
- тұлғааралық қатынастар;
- балалардың қолайсыз отбасылық жағдайы;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz