Балабақша- тәрбиенің алтын бесігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Балабақша- тәрбиенің алтын бесігі
Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,
Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз.
Н.Ә. Назарбаев
Қазақ халқымыз сәбиді ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбиелеп, жақсы азамат болса екен деп тілеген. Бала тәрбиесі- сәби дүниеге келген сәттен бастап бастау алған. Сондықтан да жас ұрпақ негізгі тәрбиені өз отбасында алады.
Халқымыздың ұлы ақыны Абай атамыз: Баланың өмірі танып білуіне, оның бойында қалыптасар барлық қасиеттеріне бір жауапты адам ата-ана,- дей келе, Балаға, көбінесе, үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі- ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі құрбысынан,- деген болатын. Бала біріншіден тәрбиені отбасында алса, оны ары қарай балабақша жалғастырады. Сондықтан, баланың балабақшада алатын тәрбиесінің орны ерекше зор.
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс-тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша- баланың жүйелі түрде білім, тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Баланың дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның Мені қаланатын кезеңі- балабақшада. Ары қарай өмірдің өсу сатысында білім мен тәрбие ұйымдарында қалыптасқан бір ізділік жүйе арқылы өз көзқарастарын қалыптастырып, Мені- танылып, жеке тұлға ретінде қоршаған ортада өз орындарын табады. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ, кімнің пікірімен бөліссек те бақшаға барған баламен, бақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылығы жер мен көктей.
Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Баланың болашаққа қадам алып,
жан-жағымен, қоршаған ортасымен танысып, ең бірінші білім, тәрбие сусындайтын орны- балабақша.
Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, тәрбиешілерге байланысты.
Балабақшадағы оқу іс-әрекеттері негізінде бала тілін дамытып, қарым-қатынасқа икемдейді, математика әлемі арқылы танымдары кеңейіп, жапсыру, мүсіндеу арқылы шығармашылғы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, байсалдылыққа үйренеді. Сонымен бірге шынығып, шымыр да сымбатты болып өсуі жолында балабақша жұмсының берер жемісі аз емес.
Кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ
Экология тәрбие берудің жолдары
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлар әлемімен таныстыру
Бала өміріндегі балабақша рөлі
Табиғаттың адам өміріндегі маңызы
Отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен балабақшаның ролі
Отбасымен балабақшаның педагогикалық байланысы
Пәндер