ҚР Қарулы күштерінің техникасы мен жабдықталуы

Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

Касангалиев Н. М.

«ҚР ҚК техникасыны мен жабдықталуы»

Мазмұны

Кіріспе4

I тарау. Қазақстан армиясы9

1. 1 Әскери доктрина10

1. 2. Қазақстан Республикасының Әскери Докторинасы13

II- тарау Ұлы отан соғысы кезіндегі әскери техникасы30

2. 1 Әскери Техника Өзімізде Өндіріле38

2. 2 Бронетанктік техниканың базалық машиналарын қолдану және жөндеу39

2. 3 Ағымдық қару-жарағы40

III-тарау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері42

3. 1 Міндеттері44

3. 2 Өңірлік қолбасшылықтар45

IV-тарау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ішкі

қызмет жарғысы47

4. 1 Әскери қызметшілердің әскери әдептілігі мен мінез құлқы50

4. 2Командирлер (бастықтар) мен бағыныштылар.
Аға және кіші шенділер52

Қорытынды59

Пайдаланылған әдебиеттер 61

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі.

2003 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің құры­лы­мын әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» Елбасының Жарлығына байланысты Әс­кери-теңіз күштері Қарулы Күш­тер­дің жеке түрі мәртебесіне ие болып, даму жолына түсті. Бүгінде Әскери-теңіз күштері Қарулы Күштердің ең жас түрі болып есептеледі. Себебі, онда қызмет етушілердің орташа жасы - жиырма бес.

Өзінің жастығына қа­ра­мастан әскери теңізшілер бірнеше жо­рық­тарды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күш­­тері құрылған кезден бастап, (1993-1999-2003 жылдан бү­гінге дейін) жеке құ­рам халықаралық келісімдерге сәйкес басқа мемлекеттерден жауынгерлік кемелерді елімізге теңіз арқылы жеткізуге байланысты бірқатар ірі мемлекеттік тапсырмаларды орындады. Мәселен, 1996 жылы - Астраханнан (РФ) су ығыстырғыштығы 70 тонналық ша­ғын төрт күзет кеме, 1999 жылы - Гель­чук портынан (Түркия) Мәрмәр теңізі ар­қылы су ығыстырғыштығы 170 тонна­лық шағын күзет кемесі, 2001 жылы - Пендик портынан (Түркия) Мәрмәр теңізі арқылы су ығыстырғыштығы 170 тонна­лық шағын күзет кемесі, 2006 жылы - Чине портынан (Корея Республикасы) Пен­дик порты мен (Түркия) Мәрмәр те­ңізі ар­қылы су ығыстырғыштығы 150 тон­на­лық кемелер Ақтау портына әкелінді. Аталған тапсырмалар қысқа мерзімде Мәрмәр, Азов, Каспий теңізі, Босфор, Керч бұ­ғаз­дары, Дон, Волга өзендері, Цимлян су қой­масы, 18 шлюзі бар су кемелері өтетін каналдармен Эрели, Синоп порты (Түр­кия), Азов (Ук­раина), Темрюк, Дондағы Ростов, Аст­рахань (РФ) бағыты бойынша орындалды. Жүзу кезінде кеме эки­паж­дарының жеке құрамы батылдық пен ба­тыр­лықтың ерен үлгісін танытса, басқа мемлекеттер алдында Қарулы Күштері­міздің беделін арттырды.

2010 жылғы ақпан айында Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштері Әскери-те­ңіз күштерінің бас қолбасшысына Жауын­гер­лік Ту табыс етті.

Біздің әскери теңізшілер үшін был­тыр­ғы қыркүйек айында Ресей Федер­а­циясының Каспий флотилиясымен бір­ле­сіп өткізген «Орталық-2011» стра­те­гия­лық жаттығулары жемісті болды. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі теңіздегі жауынгерлік іс-қимылдар жүргізудің оша­ғына айналды. Осы жерде теңіздегі ұрыс, тактикалық теңіз десантын түсіру сияқты бірқатар элементтер жүзеге асты. Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресейдің 43 әс­кери кемесі жұмыс істеді.

Әскери-теңіз күштерінің әскери қыз­мет­шілері жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, Каспий теңізінің қазақ­стандық бөлігіндегі су асты және су үсті жағдайын ұдайы қадағалап отырады. Орал­дағы отандық «Зенит» зауытында зымы­ран­ды-артиллериялық кеме құры­лы­сы аяқ­талуға жақын. 2012 жылы аталған кеме Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құра­мы­на кіретін болады. Сонымен қатар, неғұрлым қуатты, заманауи қару-жарақ­пен жарақтанған жауынгерлік кемелерді өндіру де осы зауытта басталып кетті.

Зерттеу мақсаты:

Әскери-теңіз күштері жыл сайын отан­дық және шетелдік оқу орын­дары­ның түлектерімен толықтырылуда. Әс­кери теңізшілер Ресей, Германия, Түркия, Корея, Әзербайжан, Пәкстанда оқиды. Бүгінде Әскери-теңіз күштері одан әрі даму үстінде.

Әскери-теңіз күштерінің негізгі мақ­саттары Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мем­лекеттік шекарасын, аумақтық тұ­тас­тығын, егемендігі мен экономикалық мүд­де­лерін қорғау; агрессордың шап­қын­шы­лығына лайықты тойтарыс беру, қару­лы қақтығыстарды оқшаулау және алдын алуға ат салысу; аймақты, мұнай табу нысандары орналастырылған жасанды аралдар және платформаларды қоса алғанда сулы аудандарды қорғау және күзету; құрлықтағы әскерлердің қимылын теңіз­ден қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінде Жоғарғы Бас қолбасшы тарапынан жасалып отырған тұрақты қамқор­лықтың арқасында теңіздегі жауынгерлік әзірліктің тиімділігі артты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері үдемелі түрде шешілуде, әскери қызмет­шілердің ақшалай үлесі өсті. Демек, бізде құрылған және ойдағы­дай заманауи да­мы­ған, ұрысқа қабілетті Қарулы Күш­тердің бар екендігін нық сеніммен айтуға болады.

Зерттеу обьектісі - жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні

- Мақсат - соғысты жүргізу емес, болдырмау

2007 жылғы наурызда қабылданған Әс­кери доктрина Қазақстанның өзінде болған сапалық өзгерістерге және оның геосаяси ортасына, сонымен бірге ел қауіпсіздігіне қатер төндіретін терроризм, сепаратизм мен экстремизм әрекеттерін есепке алумен әзір­ленген еді. Қазіргі таң­да қауіпсіздікті қам­та­масыз ету әскери-саяси, экономикалық, ақпараттық және басқа да шаралардың жиын­тығы болып саналады. Бүгін Ар­мия­мыз­дың алдында бәсекеге қабілеттілікті жүйелі жетілдіру және дамыту мақсаты тұр. Негізінен қа­зір­гі заманғы жағдайда со­ғысқа даяр және ұрысқа жарамды Қарулы Күштер соғысты жүргізу үшін емес, оны бол­дырмаудың ең маңызды құралы ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес Әскери доктринада белгіленгендей, Қарулы Күш­тер сапалық көрсеткіштерін жақсартуға көңіл бөлінуі қажет. Осы сатыда Ар­мия­ның даярлау жүйесін толығымен қазіргі заманға сай ұрыс шартына барынша жа­қындату жүзеге асырылуда.

Зерттеудің болжамы Бүгінде Қарулы Күштер заманауи жат­ты­ғу кешендерімен жеткілікті түрде қам­тамасыз етілуде. Әрбір бригадада тұрақ­ты жауынгерлік даярлық өткізуге арнал­ған «Профи» ату-жаттығу құралы бар. Оқу орталықтарында авиациялық, артил­лериялық, әуе-десанттық жаттығу кешен­дері бар, жаяу әскер жауынгерлік маши­на­ларының механик-жүргізушілер мен танк экипажы да жаттығу құралдарымен мін­детті түрде жаттығады. Жоспарлы және тиімді ұйымдасқан жауынгерлік даярлық жеке құрамды тәр­биелеудің қуатты құра­лы болып табылады. Себебі, әскери оқы­ту үрдісіне қатысу әскери қызметшілерді тәр­биелеуге, отан сүйгіштікке және өз елін мақтан тұтуға үйретеді.

Зерттеу міндеттері:

Дос сүйініп, дұшпан күйінген оқу-жаттығулары

Бес мемлекеттің басшысы «бес» деген баға берген «Өзара іс-қимыл-2009» бір­лескен стратегиялық-командалық жат­ты­ғу­лары «Мәтібұлақ» әскери полигонында өт­ті. Оған 15 мыңнан астам әскер, 1500 брон­ды техника және жүзшақты әскери ұшақ пен тікұшақ қатысты. Бұл сияқты әскери жаттығулар бұрын-соңды Кеңес одағы тұ­сын­да ғана өткізілгенін ескерсек, тастың түс­кен жеріне ауырлығын байқау оңай.

Жетекші идея: Қазан айының ортасында Қазақстан әлемнің назарын өзіне аударды. Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттердің жедел ден қою күштері жауынгер ұлттың ұландарымен үзеңгі қа­ғыстырды. Білгенін ортаға салды, тәжі­ри­бе алмасты. Бес мемлекеттің прези­дент­терінің алдында ширақ қимыл, сауатты шешім қабылдай алды. Осы жолы ұжым­дық күштерге ортақ арнайы киімнің тұ­сауы кесілді десе де болады. Сапалы матадан Ресейде тігілген далалық киім үл­гі­сі көңілден шықты. Оны жатты­ғуларды бақылаған мемлекет басшылары да киді.

Жедел ден қоятын ұжымдық күштерді құру жөніндегі Келісімге 2009 жылғы 14 маусымда Мәскеуде қол қойылған болатын. Ұжымдық күштердің алғашқы оқу-жаттығуларын Қазақстанда өткізу туралы шешім сол жерде қабылданды. Сол жолы ұйымға мүше мемлекеттердің жетекші­лері Қазақстанды бекер таңдаған жоқ еді. Оған Қазақстанның кең көлемді халық­ара­лық жаттығуларды өткізуге қолайлы материалдық базасы мен заманауи техникамен жабдықталған Қарулы Күштері себеп болғаны айғақ.

Зерттеу көздері:

Қазақстан өз алдына миллиондық ау­қымды әскер құруды мақсат тұтпайды, қазақстандық әскер ықшам әрі ұтқыр болуға тиіс. Жоғарғы Бас қолбасшы мем­лекетіміз­дің қорғанында білікті мамандар мен ұлты­на шын берілген азаматтар тұруға тиістігін нықтады: «ХХІ ғасырда Қарулы күштер мамандардан, патриоттардан және ары таза азаматтарымыздан құралуға тиіс!» деп міндеттеді Елбасы. Әскерден қашанда темірдей тәртіп, заманауи техниканы мінсіз меңгеру және ұдайы ұрысқа дайын болу талап етіледі. Мемлекет басшысы айтқанындай, жері­міз­дің шекарасын айнала достас елдер қоныс­танғанымен, әлемде бас көтеріп жатқан жаңа қатерлерге ел әзір отыруы, тойтаруға қабілетті болуы қажет.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері:

Біз армиямызды әскери-техникалық жарақтандыруды және отандық әскери-өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын ны­ғай­туды жалғастырамыз. Ұйым­дастыру­шылық-штабтық іс-шаралар санын қыс­қарту керек. Олардан тек мем­лекет қара­жаттарын қажетсіз шығындаудан басқа пайда жоқ, - деді Мемлекет басшысы. Кеңес кезінде Елбасы Н. Назарбаев елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға бағыт­тал­ған басқа да нақты тапсырмалар берді.

Зерттеу кезеңдері:

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді.
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Тәуелсіз республиканың заңдық құқықтарының негіздеріне және де Тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты 1992 жылдың 7-мамырында Президенттің Жарлығы шықты.

Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын Қорғаныс министрі болды.

Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі болып генерал-полковник С. Нұрмағанбетов тағайындалды.
Сөйтіп, Елбасы Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылғанын 7-мамырда 1992 жылы заңды түрде бекітті. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешті.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

Дипломның құрылымы. Диплом кіріспеден, ІІІ тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, көкейтестілігі, мақсаты, объектісі, пәні, болжамы, міндеттері, кезеңдері, базасы туралы әдіснамалық және теориялық негіздері, кезеңдері, базасы туралы сипаттама беріліп, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі баяндалады.

Қорытынды бөлімінде жалпы тұжырымдар жаслып, әскери патриоттық оқу тәрбие үрдісінде мектеп оқушыларына қазақ батырларының бейнесі арқылы отансүйгіштік тәрбие берудің тиімділігін арттыруға, жетілдіруге байланысты ұсыныстар айқындалды.

I-тарау Қазақстан армиясы

2003 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің құры­лы­мын әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» Елбасының Жарлығына байланысты Әс­кери-теңіз күштері Қарулы Күш­тер­дің жеке түрі мәртебесіне ие болып, даму жолына түсті. Бүгінде Әскери-теңіз күштері Қарулы Күштердің ең жас түрі болып есептеледі. Себебі, онда қызмет етушілердің орташа жасы - жиырма бес.

2003 жылғы 7 мамырдағы «Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің құры­лы­мын әрі қарай жетілдіру шаралары туралы» Елбасының Жарлығына байланысты Әс­кери-теңіз күштері Қарулы Күш­тер­дің жеке түрі мәртебесіне ие болып, даму жолына түсті. Бүгінде Әскери-теңіз күштері Қарулы Күштердің ең жас түрі болып есептеледі. Себебі, онда қызмет етушілердің орташа жасы - жиырма бес.

Өзінің жастығына қа­ра­мастан әскери теңізшілер бірнеше жо­рық­тарды жүзеге асырды. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күш­­тері құрылған кезден бастап, (1993-1999-2003 жылдан бү­гінге дейін) жеке құ­рам халықаралық келісімдерге сәйкес басқа мемлекеттерден жауынгерлік кемелерді елімізге теңіз арқылы жеткізуге байланысты бірқатар ірі мемлекеттік тапсырмаларды орындады. Мәселен, 1996 жылы - Астраханнан (РФ) су ығыстырғыштығы 70 тонналық ша­ғын төрт күзет кеме, 1999 жылы - Гель­чук портынан (Түркия) Мәрмәр теңізі ар­қылы су ығыстырғыштығы 170 тонна­лық шағын күзет кемесі, 2001 жылы - Пендик портынан (Түркия) Мәрмәр теңізі арқылы су ығыстырғыштығы 170 тонна­лық шағын күзет кемесі, 2006 жылы - Чине портынан (Корея Республикасы) Пен­дик порты мен (Түркия) Мәрмәр те­ңізі ар­қылы су ығыстырғыштығы 150 тон­на­лық кемелер Ақтау портына әкелінді. Аталған тапсырмалар қысқа мерзімде Мәрмәр, Азов, Каспий теңізі, Босфор, Керч бұ­ғаз­дары, Дон, Волга өзендері, Цимлян су қой­масы, 18 шлюзі бар су кемелері өтетін каналдармен Эрели, Синоп порты (Түр­кия), Азов (Ук­раина), Темрюк, Дондағы Ростов, Аст­рахань (РФ) бағыты бойынша орындалды. Жүзу кезінде кеме эки­паж­дарының жеке құрамы батылдық пен ба­тыр­лықтың ерен үлгісін танытса, басқа мемлекеттер алдында Қарулы Күштері­міздің беделін арттырды.

2010 жылғы ақпан айында Елбасы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күш­терінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұр­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Рес­публикасы Қарулы Күштері Әскери-те­ңіз күштерінің бас қолбасшысына Жауын­гер­лік Ту табыс етті.

Біздің әскери теңізшілер үшін был­тыр­ғы қыркүйек айында Ресей Федер­а­циясының Каспий флотилиясымен бір­ле­сіп өткізген «Орталық-2011» стра­те­гия­лық жаттығулары жемісті болды. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі теңіздегі жауынгерлік іс-қимылдар жүргізудің оша­ғына айналды. Осы жерде теңіздегі ұрыс, тактикалық теңіз десантын түсіру сияқты бірқатар элементтер жүзеге асты. Каспий теңізінде Қазақстан мен Ресейдің 43 әс­кери кемесі жұмыс істеді.

Әскери-теңіз күштерінің әскери қыз­мет­шілері жауынгерлік тапсырмаларды орындай отырып, Каспий теңізінің қазақ­стандық бөлігіндегі су асты және су үсті жағдайын ұдайы қадағалап отырады. Орал­дағы отандық «Зенит» зауытында зымы­ран­ды-артиллериялық кеме құры­лы­сы аяқ­талуға жақын. 2012 жылы аталған кеме Қазақстанның Әскери-теңіз күштері құра­мы­на кіретін болады. Сонымен қатар, неғұрлым қуатты, заманауи қару-жарақ­пен жарақтанған жауынгерлік кемелерді өндіру де осы зауытта басталып кетті.

Әскери-теңіз күштері жыл сайын отан­дық және шетелдік оқу орын­дары­ның түлектерімен толықтырылуда. Әс­кери теңізшілер Ресей, Германия, Түркия, Корея, Әзербайжан, Пәкстанда оқиды. Бүгінде Әскери-теңіз күштері одан әрі даму үстінде.

Әскери-теңіз күштерінің негізгі мақ­саттары Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мем­лекеттік шекарасын, аумақтық тұ­тас­тығын, егемендігі мен экономикалық мүд­де­лерін қорғау; агрессордың шап­қын­шы­лығына лайықты тойтарыс беру, қару­лы қақтығыстарды оқшаулау және алдын алуға ат салысу; аймақты, мұнай табу нысандары орналастырылған жасанды аралдар және платформаларды қоса алғанда сулы аудандарды қорғау және күзету; құрлықтағы әскерлердің қимылын теңіз­ден қамтамасыз ету болып табылады.

Бүгінде Жоғарғы Бас қолбасшы тарапынан жасалып отырған тұрақты қамқор­лықтың арқасында теңіздегі жауынгерлік әзірліктің тиімділігі артты, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелері үдемелі түрде шешілуде, әскери қызмет­шілердің ақшалай үлесі өсті. Демек, бізде құрылған және ойдағы­дай заманауи да­мы­ған, ұрысқа қабілетті Қарулы Күш­тердің бар екендігін нық сеніммен айтуға болады.

1. 1 Әскери доктрина

2011 жылғы 11 қазанда Елбасының Жар­лығымен Қазақстан Респуб­лика­сы­ның жаңа Әскери доктринасы бекітілді. Бұл Қазақстан Тәуелсіздік алған уақыт­тан бергі қабылданып отырған төртінші доктрина (алғашқысы - 1993 жылы, екін­шісі - 2000 жылы және үшіншісі 2007 жылы қабылданған болатын) . Жаңа ре­дакцияға «Әскери қауіпсіздік сала­сын­да­ғы ағымдағы жағдайды талдау» тарауы қо­сыл­ған. Онда әскери қауіпсіздік сала­сын­дағы елі­міздің әскери мекемесі қызметінің қо­ры­тындылары, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту үрдісі және нәтижелері баяндалған. «Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әскери-саяси негізі» тарауында халықара­лық ынтымақтастық және бітімгерлік мә­се­лелері қамтылған. Доктрина ереже­лерін­де әлемдегі және аймақтағы заманауи әс­кери-саяси ахуал ескеріліп, әскер­лердің қауіп-қатерлерге қарсы тұрарлық бағы­тын барынша дамыту айқындалған.

Доктринада қол жеткізген жетістіктер негізіндегі мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыруды, Қазақстан әскерінің құрылы­мын жетілдіруді, оларды қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен қамтамасыз етуді, ақпараттық қарсы тұру жүйесін құруды, идеологиялық жұмысты жандандыруды және қорғаныс өнеркәсібі базасын дамытуды одан әрі нығайтуға барынша мән берілген.

Бүгінде Қазақстан бірегей мемлекет­тік әскери-техникалық саясатты жүзеге асыруда. Соның негізінде отандық қорға­ныс өнеркәсібі кешенін, халықаралық әскери-техникалық интеграцияны дамыту шараларын үйлестіру, сондай-ақ қолда бар техникаларға сай заманауи техникаларды жеткізу қолға алынды. Жуық уа­қытқа дейін Қазақстан армиясының техника жағынан жетілдірілуі сыртқа тәуелді болып келді. Жағдай Қорғаныс министр­лігіне «Казахстан инжиниринг» ұлттық компаниясы біріккен қорғаныс өнеркәсіп кешені кәсіпорындары басқармасы беріл­геннен бастап өзгерді. Бүгінде басты назар авиация мен жоғары дәлдікті қару­ларға, әуе шабуылына қарсы радиоэлектронды күрес құралдарына және басқа да жоғары тех­нологиялық жүйелерге аударылып отыр.

Осыған байланысты Халықаралық «KAZAK­HSTAN DEFENCE EXPO - 2010» қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік көрмесін өткізу маңыз­ды қадамдардың бірі болды. Енді басқа да Экспо орталықтармен бірге жаңа ха­лық­аралық аренаға қару-жарағымен, әс­кери техника мен байланыс және әскери мүл­кі­мен Қазақ­стан да танылды. Мемлекет­ара­лық серік­тес­тікті нығайту мақсатында, зияткерлікті, әскери өндірісті, техниканы және технологияны танытуға, әскери құрал-жабдық пен техника шығаратын қорғаныс өндірісінің әлеуетін арттыруға тамаша алаң жасалды. Қорғаныс өнер­кәсібінің әлемдегі жетекші мамандары ғылыми және инженерлік-конс­труктор­лық ойларын, жаңа иннова­ция­лық жұмыстарын көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
Ішкі істер органдарының арнайы күзет қызметі туралы
Техносфералық қауіпсіздігінің ұйымдастыру және теоретикалық негіздері
ҚР Қарулы Күштері Отан күзетінде
Қазақстан Республикасы Президентінің құзыреті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бастапқы әскери дайындық пәнінің оқу-материалдық базасы және материалдық қамтамсыз етілуі»
ЖҮК ТАСЫМАЛДАРЫНЫҢ САҚТАЛЫМЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Азаматтардың қорғанысы туралы және қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
Пәндер

Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz